Ұймдастыру-іздестіру
|
- Балалар, мен сендерге өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр.
Шанамен зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
- Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?
- Мына жұмбақты шешіңдерші
Жұмбақ шешу
Қыста жер бетін басады,
Қолы жоқ сурет салады,
Жазда сайға қашады.
Тісі жоқ, тістеп алады.
Көлдің беті көк әйнек,
Сырғанауға тым әйбат.
Суретпен жұмыс
- Тамаша, мына суреттерде нені көріп тұсыңдар?
(Қыста балалардың ойнап жатқан суреттерін көрсету)
Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?
- Қар қандай?
- Қар неге ұқсайды?
- Қыста адамдар қалай киінеді?
Мына суреттердің ішінен қыста киетін киімдерді атаңдар
- Қандай құстар қыстап қалады?
- Қыстап қалған құстарға қалай көмектесеміз?
- Тамаша жауап бердіңдер
Балар, бізге бүгін қонақтар келіпті
Мына жұмбаққа жауап беріңдерші
Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші, сен оны.
- Аққала бізге асығып келе жатып, сендерге көрсетем деген суреттерін шатастырып алыпты
«Дұрысын тап» дилактикалық ойын
Қане, сендер көмектесіңдерші, қыс мезгіліне ғана қатысты суреттерді таңдап алыңдар.
Сөздік жұмысы
Жаңа сөздерді орыс тіліне аудару
- Аққаламен бірге қыс Ханшайымы да келді. Қыс Ханшайымының дайындаған «қар атыспақ» ойыны, соны ойнайық.
(жұмырланған қарды біреуіне лақтырып). Қалт етпей қағып ал аудармасын тауып ал. (Қар, аяз, сырғанақ, шана, шаңғы, мұз, аққала, қыс).
- Керемет, тамаша, шаршадыңдар ма?
Онда сергіту сәтін орындайық.
Сергіту сәті
Ендеше, қыста боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?
- Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз?
- Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?
-Балалар, қыста қандай ойындар ойнады екенбіз?
- Ал, енді қыс туралы тақпақтар айтып беріңдерші
Қыс туралы тақпақтар айту
|
Қыс мезгілі
(қар, Аяз)
(Мұз)
Балалар суретті сипаттайды
Қар жауады, аяз болып, боран соғады.
Ақ, жылтыр, жұмсақ
Қыста киетін киімдерді атайды
(қарға, сауысқан,
суықторғай, сары шымшық, кептер)
Балардың жауабы
Аққала
Шатасқан суреттерді
жинау
қар –снег
аяз – мороз
сырғанақ – каток
шана сани
шаңғы – лыжи
мұз – лед, аққала – снеговик, қыс – зима
( Балалар қолдарын жоғары көтеріп, гуілдейді)
(Қолдарын қусырап, аяқтарын топырлатады)
(Алақай, деп қолдарын көтереді)
Қар атыспақ, сырғанақ, коньки ойнаймыз, аққала соғамыз
Балалар тақпақтарын айтады
|