Тақырыбы: Аңдардың,үй жануарларының қысқы тіршілігі. Мақсаты: Сабақтың мақсаты: а білімдік



Дата02.07.2016
өлшемі7.81 Mb.
#173127
Тақырыбы:Аңдардың ,үй жануарларының қысқы тіршілігі.

Мақсаты: Сабақтың мақсаты:

а) білімдік: Оқушыларға әңгімені түсініп оқыта отырып,негізгі ойды,идеяны ұғындыру.Қысқы табиғат ерекшеліктерімен таныстыра отырып,аңдардың,үй жануарларының қысқы тіршілігі туралы түсініктерін қалыптастыру. Өзіндік жұмыс істеуге,ізденуге үйрету.

ә) тәрбиелік:Экологиялық тәрбие беру,адамдардың жануарларға көрсететін көмегін айта отырып,оқушыларды қайырымдылыққа баулу.

б) дамытушылық:Сын тұрғысынан ойлауын,сөздік қорларын,тіл байлығын,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Әдісі:Сұрақ –жауап, ойын

Көрнекіліктер:Жануарлар бейнеленген слайдттар,суреттер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сүйейік, табиғатты аялайық!

Біз де онан жақсылықты аямайық!

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

Оқушылар бір – біріне тілек тілейді:



2.Жұмбақ шешу.

Шанамен зырғып желдетіп,

Шаңғы, коньки тебемін,

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?(Қыс)

3.Жаңа сабақ

Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы:Аңдардың,үй жануарларының қысқы мекені деп аталады.Аңдардың қысқы тіршілігін бақылау үшін орманға саяхатқа барамыз.Ол үшін біз шанамызға мініп, жолға шығамыз.

-Ал балалар сендер қыста тонасындар ма?

-Иә

-Олай болса жануарларда қыста тонады екен.



4.Слайд орманға саяхат:

Қасқыр,қоян,түлкі қысқа азық қорын дайындамайды.Олар қысқы ұйқыға кетпейді,себебі өздеріне қорек таба алады. Қасқыр-ірі жыртқыш.Ол бұғы,қоян және басқа аңдарды аулайды. Түлкі қар астынан тышқан ұстап жейді.Кейде ол тауыққораға да түсіп,зиян келтіреді.Қоян,бұғы,еліктер қыста ағаш бұтағы,бұтаны және қар астында қурап қалған шөптерді қорек етеді.


5.Жұмбақ шешу.

Ырғып қозғалатын қорқақ,құйрығы бір тұтам,құлағы сала құлаш,киімі екі түрлі.Бұл қандай аң? (Қоян)

Халық қу деп,

Қылығы күлкі,

Айласы көп

Бұл қандай аң? (Түлкі)


Қасқыр не істеп жүр?



-Ал мына сурет туралы не айтуға болады? Түлкі -өте иісшіл,сақ құлақ,қырағы көз аң.

Оқушыларға түсіндіріп өту.




6.Қосымша түсініктер:Ұйқыға кететін жануарлар:аю, бақа, борсық, тышқан, кірпі.

-Жануарлардың ұйқыда болу мерзімі бірдей емес кейбіреуі қыста мезгіл-мезгіл сыртқа шығып қайта келіп жатып жүреді.



- Ал енді балалар бізге үйге қайту керек. Енді шанамызға отырып көзімізді жұмамыз да жолға аттанамыз.

7.Ауылға оралу: (Үй жануарларының суретін көрсету).

-Ал үй жануарлары қалай қыстайды? (оқушылар жауабы)

-Олардың қандай пайдасы бар?
-Балалар бізді үйде үй жануарлары күтіп тұр. Олардың төлдері жоғалып кетіпті. Енді балалар біз оларға көмектесеміз бе?

Оқушыларға жануарлардың суреттері мен олардың төлдерін іліп оларды сызық арқылы тапқызу.


Қыста үй жануарлары ауыл маңында жайылады. Адамдар оларды бағып,күтеді. Үй жануарларына арнайы жылы қора-жай дайындайды. Онда жем-шөп салатын ақыр және су құятын науа қояды. Ауа райы ашық,жылы күні малды далаға,таза ауаға шығарады. Жылқы мен қой қарды теуіп,астындағы шөпті ашып жейді. Көктемге қарай үй жануарлары төлдейді. Сиыр бұзаулайды,бие құлындайды,түйе боталайды,ешкі лақтайды,қой қоздайды.Олар енесінің сүтін еміп өседі.



  • Үй жануарлары немен қоректенеді?

  • Сиырдың адамға қызметі?

  • Жылқының адамға қызметі?

  • Иттің адамға қызметі?

  • Мысықтың адамға қызметі?

8.Сергіту сәті:

Оқушылармен аңдардың қимылдарын қайталап билеу.



9.Дидактикалық ойын:”Қай жануар қайда мекендейді?”Аңдар айтысы.

Дала жануарларын айтқанда секіреміз, үй жануарларын айтқанда қол шапалақтаймыз.

Үй жануары мен аңдардың дауыстарын келтіру.

10.Жұмбақтар.

Қорыққанда желаяқ,


Отырғанда томардай-ақ (қоян)
Қаймықпайды күшті аңнан,
Қорқады тек тышқаннан. (піл)
Иір-иір денесі,
Сахараның кемесі,
Ащы шөптер тамағы,
Шөлге шыдап бағады.(түйе)
Ойын: Егер мен болсам .....

Егер мен болсам.....

Егер мен болсам

11.Қорытындылау:

-Бүгін нелерді бақыладық?

-Қайда шықтық?

-Нелерді көрдік?

-Аңдар өз қорегін қалай табады?

-Саған ұнағаны?



Бағалап, мадақтау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет