Етістіктен сын атауын жасайтын жұрнақтар
Сын есім атауларының жасалымында етістік негіз сөздер белсенді қызмет атқарады. Етістіктен сын атауларын жасайтын жұрнақтар да бірсыпыра. Олардың өнімділері де, өнімсіздері де, құрамы жағынан жалаң, құрандылары да бар. Сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтарының мағыналары да түрлі-түрлі.
1. Адам сынын білдіретін жұрнақтар
-ық, -ік: қорқак, толық, ашық, бұзық, жасық, жатық, ширақ, пысық
-уық, -уік: жылауық, сөйлеуік, сыбырлауық, калтырауық
-қыш, -кіш: білгіш, тапқыш, күлдіргіш, сенгіш, байқағыш, ашуланғыш. Мысалы, Шапқыш ой ғой ақылдың мағынасы (Шөкәрім).
-мды, -мді: ұстамды, жағымды, шыдамды
-кақ, -кек: асқақ, тоңғақ, ұрысқақ.
-қыр, -гір: білгір, алғыр, өткір
-тал: сезімтал, ұғымтал, жұғымтал
-кы, -кі: жинақы, күлдіргі
-ғын: озғын. Мысалы, Әбіш орыс халқының озғын ойлы кауымына жақын жүргендей (М.Әуезов).
-қалақ, -келек: ұшқалақ, сасқалақ, қозғалақ
-аған, -еген: береген, алаған, көреген
-малы: айнымалы, елірмелі. Мысалы, Елірмелі екі есті шешен болды (Жанақ).
-ынды: жырынды. Мысалы, Жырынды жеңгелері үйреткен (Ж.Аймауытов).
-анақ: сұғанақ
-ғылықты: түрғылықты, тыңғылықты
-мсақ, -мсек: сұрамсақ, тілемсек, жарамсақ
-паз: сезімпаз, келісімпаз, жасампаз
-ал: қатал (адам)
-дақ, -дек: жүрдек. Мысалы, Жегін атты ауыстырып отыру үшін, қасына бес-алты салт атты жүрдек жігіттер ерткен (М.Әуезов).
-мыр: құймыр, қытымыр.
-міт: жеміт
-пы: салпы. Мысалы, Салпы ауыз тағы сөйледі (Ж.Аймауытов).
-көй, -гөй: қаскөй, ақылгөй.
-улы: қатулы, сұраулы.
2. Жансыз заттардың белгісін білдіретін жұрнақ
-ық, -ік: ашық, тұнық, суық, жабық, жарық, қашық, шірік, ілік, жатық, бітік, құрғақ, кесек, дөңгелек
-ыңқы, -іңкі: жатыңқы, салбыраңқы, шығыңқы, көтеріңкі, басыңқы, кебіңкі, бытыраңқы, түсіңкі
-ынды, -інді: құранды (зат), ағынды (су), жаттанды (сөз), жасырынды (іс)
-улы, -улі: жинаулы, оюлы, тыңдаулы, өлшеулі, үюлі, санаулы, құюлы. Мысалы, Ал десем де тәңірге, өлшеулі өмір бітпейді (Қобыланды батыр).
-малы, -мелі: суырмалы, ашпалы, жаппалы, таңдамалы, құбылмалы, бүрмелі, аспалы
-ымды, -імді: ұтымды, ұнамды, жарасымды
-ғақ, -гек: тайғақ, оңғақ, жабысқақ, майысқақ
-ма, -ме: бояма, жалдама, жайылма, құрама, сырма, аспа, көшпе (кұма), көмбе (нан), сілтеме (сөз)
-ыс, -іс: ұқсас, тіркес, алыс, беріс
-кір: өткір (пышақ)
-мыш: жазылмыш (уақыт)
-ғын: тұрғын (жайлар, үйлер)
-анақ: шұқанақ
-кілікті: жеткілікті. Мысалы, Жиған мал-мүлкі жеткілікті
-пек: өкпек (өтпек). Мысалы, Өкпек желі соққанда (Қ.Мұқатаев).
-ын: жатын, жегін. Мысалы, ... жегін атты ауыстырып отыру үшін, бірнеше салт ат алды (М.Әуезов). Жатын орнымыз кәдімгі сәкі.
Достарыңызбен бөлісу: |