Қазіргі кездегі мұсылмандық модернизм және қоғамдық ойлар Орындаған: Жақан Ф



бет1/4
Дата20.05.2022
өлшемі69.79 Kb.
#458265
  1   2   3   4
эссе шығс түрк


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



Эссе
Қазіргі кездегі мұсылмандық модернизм және қоғамдық
ойлар

Орындаған: Жақан Ф.
Қабылдаған: Конырова А.
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім 

1. Модернизм бағыты


2. Модернизм термині

Қорытынды


Пайданаылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Модернизм(итал. modernismo, лат. modernus – жаңа, қазіргі) – XX ғасыр басында рухани сана дағдарысы кезінде пайда болған философиялық-эстетикалық ағымдардың жиынтық атауы.
Модернизм қаламгерлердің әлемдік соғысқа, адамзат дамуындағы дағдарыстарға көзқарасын білдірді. Модернизм авангардтық және декаденттік сатылардан өткенімен, олардан айырмашылығы болды.
Модернизмнің негізгі бастауы ретінде

  • А.Бергсонның - интуитивизмі,

  • Э.Гуссерльдің - феноменологиясы,

  • З.Фрейдтің психоталдауы

  • С.Кьеркегор, М.Хайдеггер, К.Ясперс, Н.Бердяев, т.б. - экзистенциализмі танылды.

Модернизм жеке тұлға санасын рухани ауытқулармен байланыста қарады. Модернистер әлемдік деңгейдегі қоғамдық қайшылықтар, санадағы қақтығыстар кезінде адам дүниенің мағынасыз екенін, өзінің фәнидегі жалғыздығын түсінеді деген пікірлерді алға тартты. Мысалы, Г.Марсель мен Ж.П.Сартрдың қоршаған әлемді қатыгез, қарама-қайшылыққа толы дейтін пікірлері. Э.Хемингуэй, У.Фолкнер, Г.Грин, Ф.Мориак А.Миллерге модернизм әсер етсе, М.Пруст, Д.Джойс, Ф.Кафка Р.Музиль, А.Белый П.Валери, Ж.Жироду, Ж.Кокт Ж.Ануй секілді суреткерлер осы ағымдарды ұстанды. Жалғыздық қасіреті, қоршаған ортаны адамның жатсынуы модернизм өкілдерінің Модернизм шығармаларында айрықша көрініс тапты. Алайда модернистік шығармаларда дағдарыс себептері айқындалмады.
Модернизм өнердегі мифологиялық тәсілді жандандыруды көздеді. Мифтік ойлау арқылы қоршаған орта болмысын тану П.Валери, Т.С.Элиот, В.Иванов, В.Хлебников, У.Б.Йитс А.Белый, т.б. шығармаларынан байқалды. Олардың туындыларында мистикалық жүйе қалыптасып, кейіпкерлері нақты тарихи уақытта емес, өткен, келер шақтар түйісіп жататын мифологиялық уақытта өмір сүрді. Оқиға шартты түрде бірнеше сағаттарда немесе бір күнде өтті.
Модернизм ықпалы қазақ әдебиетінде де байқалды. Онда адам табиғатының трагедиялығы, болмыстың адам тіршілігімен үйлесе бермейтін қайшылығы, қатыгездігі жайлы ойлар айтылды. М.Әуезов әңгімелерінде, Ш.Құдайбердіұлы, Ж.Аймауытов шығармаларында трагедиялық бейнелер бой көрсетті. Адамның өмірдегі панасыздығын, қорғансыздығын меңзейтін, табиғатты жатсынуын бейнелейтін шығармалар 1960– 1980 жылдары қазақ әдебиетінде көбірек кездесті. Мысалы, Ә.Кекілбаевтың “Шыңырау”, “Аңыздың ақыры”, Д.Исабековтың “Сүйекші”, “Тіршілік”, О.Бөкейдің “Мұзтау”, “Жетім ботасы”, т.б. шығармалар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет