Қазіргі кездегі мұсылмандық модернизм және қоғамдық ойлар Орындаған: Жақан Ф



бет2/4
Дата20.05.2022
өлшемі69.79 Kb.
#458265
1   2   3   4
эссе шығс түрк

Негізгі бөлім
1. Модернизм бағыты
Модернизм үшін дәстүр маңызды болса, постмодернизм одан бас тартады және мұны басты шарт деп санайды. Постмодернизмнің негізгі ерекшелігі өзіне дейінгі әдебиетті сынға алу, сын көзбен қарау. Акунин деген орыс жазушысы қазір өзіне дейінгі Чехов, Толстойларды мазақ етіп жазып жатыр. Бұл Акуниннің оңбағандығынан не бұзақылығынан емес, постмодернизмнің талабынан. Өйткені постмодернизм өзіне дейінгілердің бәрін сынға алады. Бұл постмодернизмнің жақсылығы да. Өйткені өткенге сынмен қарамайынша, жетістігіңіз бен кемшілігіңізді бағамдай алмайсыз. Постмодернистерді «дәстүр бұзар» деп, жақтырмайды кейбір жазушыларымыз. Олардың жазу стилін ұнатсақ та, ұнатпасақ та олар бізге бәрібір керек. Дәстүрлі бағытта жазбады екен деп постмодернистерді жөнге салудың қажеті жоқ. Дидар Амантайды алып қарайық, мәселен. Дидардың шығармаларынан америкалық жазушы Эрнест Хемингуэйге еліктейтіні байқалып тұрады. Хемингуэй өзі жорналшы болған. Дидар да жорналшы. Жорналшының өзге жазушылардан ерекшелігі нақты әрі қысқа жазады. Эрнэст Хемингуэй телеграфтық стильде жазған. Біреуге телеграмма жазып, мәлімет беріп отырған тәрізді, былайша айтқанда. Сөйлемдері үш-ақ сөзден тұрады. Сөзді үнемдеп қолданады. Дидар Амантай да тура солай жазады. Дидардың еліктеуі саналы түрде емес, Хемингуэйді көп оқып, өзіндегі ұқсастықты түсінгеннен болуы керек. Әйтсе де, Хемингуэйге еліктегенімен, Дидар қазақ екенін дәлелдеп келе жатыр. Оның прозасын интеллектуалдық проза дер едім. Аслан Жақсылықов та постмодернистік бағытта жазады. Асланды түсіну үшін білім керек. Өзі орысша жазады. Сөйлемдері күрделі. «Сны окаянных» романы бүгінгі заманның бейнеленуімен ерекше. Кейіпкерінің тағдыры қай қалада, қай заманда, қандай сағатта өтіп жатыр, оған жазушы бас қатырмайды. Яғни шығармасындағы уақыт пен кеңістік нақты емес (осы жерде бір сөйлем алынып тасталынды). Жазушыға ол да маңызды емес. Өйткені жазушыға кейіпкерінің ішкі сезімдерінің арпалысы маңызды. Дәстүрлі әдебиеттен бойын аулақ салды екен деп, постмодернистерді жатырқаудың қажеті жоқ. Қайта олардағы осындай ерекшеліктерді көре білуіміз қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет