Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін "ақпараттық экономикаға" ауысу болып отыр



бет1/3
Дата15.06.2016
өлшемі401.5 Kb.
#138230
  1   2   3

Кіріспе

Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін "ақпараттық экономикаға" ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын" қабылдағанын жатқызуға болады.

Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі.

Ақпараттық жүйе (АЖ) - Экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі.

АЖ - ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық жүйе тұрғызу мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді.

Нарықтық экономиканың функционалды құрылымының ақпарат жүйесіне негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді - бұл экономика бағытындағы қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі. Экономикадағы ақпарат жүйелерінің кіріс құжаттарына ішкі және сыртқы ақпарат жатса, ал шығыс құжаттарына басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат жатады.

Нарықтық қатынасқа көшудегі «зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» механизмдегі қайта құрулар осы Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның ақпараттық жүйе қызметтерінің бөлімдеріне айтарлықтай әсер етті. «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның ақпараттық жүйесін құру принципі осы Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның иерархиялық құрылымын құрудан көрінеді.

Ұсынылып отырған диплом жұмысының мақсаты – «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның қызметін автоматтандыру болып табылады. «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бүкіл Республика көлеміндегі облыстарда және екі қалада (Астана, Алматы) сонымен бірге облыстардағы бүкіл аудандардағы бөлімшелерде халыққа қызмет ету жүйесін автоматтандыру арқылы халыққа қолайлы аталған кәсіпорынның жұмысына тиімді және жеңіл болуын қарастырады.

Диплом жұмысы кіріспеден, теориялық бөлімнен, негізгі бөлімнен, қолданушыға мүмкін болатын облысының ақпараттық жүйесінің деңгейін бағалаудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Қазақстан Республикасының зейнетақы және әлеуметтік салымдарды есепке алудың ақпараттық жүйесін негіздеу бөлімінде пәндік сала, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның сипаттамасы, ақпараттық, программалық, математикалық, техникалық қамтамасыз ету талаптары анықталған және аталған кәсіпорынның концептуалды схемасы көрсетілген.

Негізгі бөлімінде кәсіпорынның бүкіл қызметі, кіріс және шығыс ақпараттар, берілген тапсырманың негізі көрсетілген. Диплом жұмысында қолданылған әдебиеттер тізімі, құжаттардан және программадан тұратын қосымшалар бар.


1. Қазақстан Республикасындағы зейнетақы және әлеуметтік салымдарды есепке алуды негіздеу
1.1 Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы
Азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықгық және әлеуметтік непздерін, мемлекеттік органдардың, меншік нысандарына қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығын іске асыруға қатысуын Қазақстан Республикасының Заңы белгілеп, реттеп отырады.
1.1.1. Орталықтан зейнетақы төлемдерін алу құқығы
Қазақстан Реслубликасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқылы.

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады.

Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік қуқықтық актілерінен тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.


Азаматтарға Заңда белгіленген жағдайлар туған ретте Орталықтан зейнетақы төлемдерін алу құқығына кепілдік берілген.Зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге оларға еңбек сіңірген жылдары үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақыларын қайта тағайындату құқығы беріледі.

Жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты жоқ зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не оны жерлеген адамға жерлеуге арналған біржолғы төлем Орталықган он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді. Ал Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегі болған зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не оны жерлеуді жүзеге асырған жеке немесе заңды түлғаға Орталықтан отыз бес айлық есептік көрсеткіш мелшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.

Орталыктан зейнетақы төлемдерін тағайындау: Орталықтан зейнетақы төлемдері: 2001 жылғы 1 шілдеден бастап—еркектерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда тағайыңдалады.

Төтенше және барынша радиациялық қатерлі өңірлерде 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін кемінде 10 жыл турған азаматтар "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес: еркектер — жалпы жұмыс стажы 25 жылдан кем болмаған жағдайда 50 жасқа жеткенде; әйелдер — жалпы стажы 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жеткенде зейнетақы тағайындалуына құқылы.

5 және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 50 жасқа толғанда жасына байланысты толық көлемде зейнетақы алуға қуқылы, аталған зейнетақы жасы 1998жылғы 1 шілдеден бастап жыл сайын 6 айға өсіп отырады, бірақ түтас алғанда 3 жылдан аслауға тиіс.

Орталықган зейнетақы төлемдері өмір бойына тағайындалады және төленіп отырады.


1.1.2.Орталықтан зейнетақы тағайындауға арналған еңбек стажы
Орталықтан зейнетақы тағайындау үшін еңбек стажын есептеу кезінде мыналар есепке алынады:

1) еңбек шарты (келісім-шарт) бойынша жеке және заңды тұлғалар ақы төлейтін жұмыс;

2) әскери қызмет;

3) қүқық қорғау органдарындағы қызмет;

4) мемлекеттік қызмет;

5) кәсіпкерлік қызмет;

6) бірінші топтағы мүгедекке, екінші топтағы жалғызілікті мүгедекке және өзгенің жәрдем көрсетуіне муқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ 80 жасқа толған қарт адамдарға күтім жасаған уақыт;

7) атом сынақтары, экологиялық апаттар салдарынан зардап шеккен не иммундық тапшылық вирусын жұқтырған не ЖҚТБ-мен ауыратындарға, 16 жасқа дейінгі мүгедекке күтім жасаған уақыт;

8) жұмыс істемейтін ананың жас балаларды бағып-күткен, бірақ әрбір бала 3 жасқа толғаннан аспайтын жалпы жиынтығы 12 жыл шегіндегі уақыт;

9) қылмыстық жауапқа негізсіз тартылған және қуғын-сүргінге ұшыраған, бірақ кейін ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру және жер аудару орындарында жазасын өтеген уақыты;

10) еңбекке жарамды азаматгардың бұрынғы КСРО-ның уақытша оккупацияланған аумағында жане ¥лы Отан соғысы кезеңінде өздері басңа мемлекеттердің аумағына зорлықпен апарылған адамдардың (жасына қарамастан) сонда болған, фашистік концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңінде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда ұсталған уақыты, егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаса;

11) жумыс істемейтін соғыс мугедектері мен оларға теңестірілген мүгедектердің мүгедек болған уақыты;

12) бұрынғы кеңес мекемелерінің, Қазақстан Республикасы мекемелері мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері әйелдерінің (жұбайларының) шетелде тұрған кезеңі, бірақ жалпы алғанда 10 жылдан аспауға тиіс;

13) офицерлік құрамдағы адамдар, прапорщиктер, мичмандар және мерзімінен тыс қызмет атқаратын әскери қызметшілер әйелдердің мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде жұбайларымен бірге тұрған кезеңі, бірақ 10 жылдан аспауға тиіс;

14) Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегі жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, училищелерде, мектептерде және кадрлар даярлау, біліктілігін арттыру және қайта мамандандыру курстарында, аспирантурада, докторантурада және клиникалық ординатурада, сондай-ақ күндізгі жоғары және орта діни оқу орындарында оқу;

15) әскерилендірілген күзетте, арнаулы байланыс органдарында және кен-құтқару бөлімдерінде олардың ведомстволық бағыныстылығына және арнаулы немесе әскери атағының болуына қарамастан;

16) әлеуметтік сақтандыруға қаржы төлеген жағдайда өзге де жұмыс.
Орталықтан зейнетақы тағайындау үшін еңбек стажын жеңілдікпен есептеу кезінде мыналар да есепке алынады:

1) ұрыс қимылдары кезеңінде майдандағы армия құрамындағы, оның ішінде әскери борышын өтеу кезіндегі әскери қызмет, сондай-ақ ұрыс қимылдары кезеңінде партизан отрядтары мен құрамаларында болу, сондай-ақ әскери жарақат салдарынан емдеу мекемелерінде емдеуде болған уақыт - әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы тағайыңдаған кезде осы қызметтің мерзімін есеп үшін белгіленген тәртіппен,

2) әскери бөлімдеріндегі жұмыс, оның ішінде еркін жалдамалы құрам ретіндегі жұмыс және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген әскери қызметтен басқа, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қызмет екі есе мөлшерде;

3) Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941 жылғы 8 қыркүйектен бастап 1944 жылғы 27 қаңтарға дейінгі қоршау кезеңінде Ленинград қаласындағы жұмыс — үш есе мөлшерде;

4)12 жастан бастап және одан үлкен жастағы азаматтардың 1941 жылғы 8 қыркүйектен бастап 1944 жылғы 27 қаңтарға дейінгі қоршау кезеңінде Ленинград қаласында болған уақыты — екі есе мөлшерде;

5) Ұлы Отан соғысы кезінде басқа мемлекеттердің аумағына зорлықпен апарылған адамдардың сонда болған уақыты, сондай-ақ фашистік концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңінде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда) болған уақыты, егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаса — екі есе мөлшерде;

6) заңсыз қылмыстық жауапқа тартылған және қуғын-сүргінге ұшыраған, кейіннен ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру, жер аудару орындарында жазасын өтеу, бас бостандығын шектеу отырып мәжбүрлеп еңбекке тартылған, арнаулы қоныстандыру орындарында ұсталған және психиатрлық мекемелерде мәжбүрлеп емдеуде болған уақыты—үш есе мөлшерде;

7) Семей сынақ полигонына жапсарлас жатқан аудандардағы 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шілдеге дейінгі кезеңде жұмыс істеп, әскери қызмет атқару — үш есе мөлшерде, ал 1963 жылғы 6 шілдеден бастап 1992 жылғы 1 қаңтарға дейінгісі—бір жарым есе мөлшерде;

8) алапеске және обаға қарсы мекемелерде, иммундық тапшылық вирусын жұқтырған немесе ЖҚТБ-мен ауырған адамдарды емдеу жөніндегі жұқпалы аурулар мекемелеріндегі жұмыс—екі есе мөлшерде; сот медициналық сараптама мекемелеріндегі және емдеу мекемелерінің патология-анатомиялық бөлімдеріндегі жұмыс—Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жұмыс тізбесі бойынша бір жарым есе мөлшерде;

9) толық навигациялық кезең ішінде су көлігіндегі жұмыс бір жыл істеген жұмыс үшін есептеледі;

10) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, өнеркәсіптің маусымдық салалар кәсіпорындарындағы толық маусым ішіндегі жұмыс Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізім бойынша бір жылғы жұмыс стажына есептеледі.
Еңбек стажы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге Орталықтан зейнетақы төлемдерін есептеу үшін еңбек стажы еңбек кітапшасымен расталады. Ал еңбек кітапшасы жоқ немесе онда тиісті жазбалар болмаған кезде еңбек стажы жұмыс туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың негізінде не сот шешімінің негізінде анықталады
1.1.3. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу
Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу жұмыста болған үзілістерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлық табыс негізге алына отырып, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады. 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін орташа айлық табыстың мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган анықтайтын тәртіппен белгіленеді. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін қажетті еңбек стажынан тыс жұмыс істеген әрбір толық жыл үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 процентке өсіріледі, бірақ ол зейнетақыны есептеу үшін ескерілетін табыстың 75 процентінен аспауға тиіс.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, әскери қызметшілердің, Қазақсган Республикасының ішкі істер органдарының, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерлерінің және зейнетақы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдардың және көрсеткіштердің № 1 тізімі бойынша және жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері бойынша жеңілдікті шарттарда тағайындалған адамдардың зейнетақы төлемдері мелшерін қоспағанда, 1998жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мелшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 25 еселенген айлық есептік көрсеткіштің 75 процентінен аса алмайды.


Зейнетақы төлемдерін есептеу үшін 3 жылғы жұмыс ішіндегі табыс қатарынан 36 күнтізбелік айдағы жұмыс ішіндегі табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы анықталады. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеуге арналған табыс тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін он бес еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс
Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау

Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы арыз зейнетақы телемдерін есептеу үшін қажетті стажы мен табысын растайтын құжаттармен қоса азаматтың тұрғылықты жері бойынша зейнетақы телемдерін тағайындаушы органға беріледі. Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауды зейнетақы төлемдерін тағайындаушы орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізеді. Зейнетақы төлемдерін тағайындаушы орган зейнетақы тағайындау мәселелері бойынша түсіндірме беруге және азаматтардың тиісті құжаттарды ресімделуіне көмек көрсетуге міндетті.


Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауға арналған құжаттарды қарауды халықты әдеуметтік қорғау органы құжаттар табыс етілген күннен бастап 10 күн мерзімнен кешіктірмей жүзеге асырады. Зейнетақы төлемдерін тағайьшдаушы органы тиісті шешім шығарылғаннан кейін 5 күннен кешіктірмей бұл туралы арыз берушіге хабарлайды. Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тартылған жағдайда зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органы бас тартудың себептерін жазбаша түрде негіздеп, табыс етілген құжаттарды арыз берушіге қайтаруға міндетті.
Орталықтан зейнетақы төлемдері зейнетақы тағайындауға өтініш берілген күннен бастап тағайындалады.
1.1.4. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандыру
Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын осы Заңда белгіленген ставкалар бойынша төлеуге тиіс. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы міндетті зейнетақы жарналарын төлеу үшін бір ғана жинақтаушы зейнетақы қорын таңдап алуға және онымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға міндетті. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысына міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бір мезгілде екі және одан да көп шарт жасасуға, сол сияқты салымшының міндетті зейнетақы жарналарын іс жүзінде екі және одан да көп жинақтаушы зейнетақы қорына енгізуіне, не жарнаны бір қорга төлеп, жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін басқа жинақтаушы зейнетақы қорында сақтауына жол берілмейді.

Зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады. Бірінші жөне екінші топтардагы мүгедектігі бар адамдар, егер мүгедек-тігі мерзімсіз болып белгіленсе, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.

Міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді. Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген өсімпұлдың толық және уақтылы төленуін бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық органдары жүзеге асырады.

2005 жылгы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік жеке коды және



(немесе) салық төлеушінің тіркеу нөмірі және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасқан зейнетақы шарттары жоқ бұрынғы қызметкерлердің (Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты түрғылықты жерге кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тартіппен хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылған) кірістерінен ұсталған міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тартіппен аударылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларына төленуге тиісті міңдетті зейнетақы жарналары қызметкердің зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табысының он проценті мөлшеріңце белгіленеді. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайы-нғы кіріс ең төменгі айлық жалақының жетпіс бес еселенген мелшерінен аспауға тиіс. Адвокаттар, жеке нотариустер мен жеке кәсіпкерлер үшін жинақтаушы зейнетақы қорларына өз пайдасына төлеуге жатқызылған міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген кірістің он проценті мөлшерінде белгіленеді, бірақ ең төменгі айлық жалақының он процентінен кем болмауға және ең төменгі айлық жалақының жетпіс бес еселенген мелшерінен жоғары болмауға тиіс. Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (есептеп қосудың) және аударудыңтәртібі мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Салымшы-жеке тулғалар жинақтаушы зейнетақы қорларына ерікті зейнетақы жарналарын олармен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жағдайда өз пайдасына өз табысы есебінен енпзеді. Алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарының салымшылары оларды салық салынғаннан кейінгі табыс есебінен жүзеге асырған жағдайда жеке және заңды тулғалар болуы мүмкін. Ерікті зейнетақы жарналарының ставкасы, оларды төлеу тәртібі, сондай-ақ зейнетақы телемдерін төлеу тәртібі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді.
Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді кәсіптерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін қызметкердің пайдасына салымшылар өз қаражаты есебінен жүзеге асырады. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының ставкасы ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді, бірақ ол қызметкердің ай сайынғы табысының он процентінен жоғары болмауға тиіс. Бұл орайда ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен анықталады.
Міндетті зейнетақы жарналарының уақтылы ұсталмағаны және аударылмағаны үшін жауапкершілік: Агент уақтылы ұстамаған (есептемеген) және (немесе) аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының сомалары салымшы табысты нақты төлеген және алған жағдайда, оларды салық органдары өндіріп алады немесе оларды агенттер әрбір кешіктірілген күнге (Орталыққа төлейтін күнді қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Үлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде есептелген өсімпұлмен бірге міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына аударуга тиіс. Міндетті зейнетақы жарналары толық және (немесе) уақтылы аударылмаган жағдайда салық органдары міндетті зейнетақы жарналары бойынша жинақталып қалған берешек шегіндегі ақшаны агенттердің банктегі шоттарынан өндіріп алуға құқылы.Міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен агентке жіберілетін хабарлама негізінде жүргізіледі.

Агенттердің банк шоттарынан міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу салықо рганының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.Клиентке қойылатын талаптардың барін қанағаттандыру үшін банк шотында (шоттарында) ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жагдайда банк клиенттің ақшасын алып қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен жүргізеді.

Салық органдарының шешімі бойынша, егер агент міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек пайдасына өндіріліп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімін табыс етпесе және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек болса, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар агент-тердің банк шотындағы (шоттарындағы) барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және міндетті зейнетақы жарналары мен салық берешегін аударуға қатысты нұсқауларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен орындаута міндетті.

Салық органының банк шоты (шоттары) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімнің күшін банк шоты (шоттары) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептері жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешім шығарған салық органы жояды.

Агенттің 6анк шоты болмаған жағдайда, салық органы Қазақстан Рес-публикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен агенттің қолма-қол ақшасынан өндіріп алады.
Жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адамдардың: жасы елу бес жасқа толғанда және жинақталған зейнетакы қаражаты ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес төлемді қамтамасыз ету үшін жеткілікті болғанда; егер мугедектігі мерзімсіз белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектердің; Қазақстан Рвспубликасынан тыс жерлерге тұрақгы тұруға кететін немесе кеткен, кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.

Жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.


Ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдеріне жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты бар мына адамдардың:

  • елу бес жасқа толған адамдардың;

  • мүгедектердің;

  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін

немесе кеткен және кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Реслубликасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен адамдардың қуқығы пайда болады.

Ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.


Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдеріне: елу жасқа толған; Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен және кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен адамдардың құқығы пайда болады.

Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңцарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.


Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражаты бар алушыларға оның жеке басын куәландыратын куәлігі болған жағдайда төленеді.

Алушыға Орталыктан тағайындалған ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің және кесте бойынша төленетін зейнетақы төлемдерінің сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем болмауы керек. Егер Орталықтан төленетін зейнетақы телемдерінің мөлшері ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем болса, кесте бойынаша төленетін зейнетақы төлемдері ең төмен зейнетақы мөлшері мен Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің сомасы арасындағы айырма ретінде жеке зейнетақы шотындағы жинақталған зейнетақы қаражаты таусылғанға дейін есептеледі. Кесте бойынша төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Кесте бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезеңділігі (ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жыл сайынғы) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес белгіленеді.

Міндетті зейнетақы жарналары, жинақтаушы зейнетақы қорларынан ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақгалған зейнетақы қаражатынан зейнетақы төлемдерін төлеуді жүзеге асыру ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақгардан зейнетақы төлемдерін төлеуді жүзеге асырудың тәртібі мен алушы табыс ететін құжаттардың тізбесі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарымен анықталады.


Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері: зейнетақы жарналары, инвестициялық кіріс, өсімпұл және жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыларын шегеріп тастағандағы залалдарды өтеу ретінде түскен қаражат есебінен қалыптасады.

Заңды және жеке тұлғалардың зейнетақы активтеріне құқығы осы Заңмен көзделген заттық құқықтар разрядына жатады.

Салымшының, алушының жинақтаушы зейнетақы қорының, кастодиан-банктің және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздары бойынша зейнетақы активтері осы аталған субъектілер таратылғанда және (немесе) банкротқа ұшырағанда өндіріліп алуға жатпайды.

Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері тек мына мақсаттарға ғана жұмсалуы мүмкін:



  • тізбесін уәкілетті органдар белгілейтін қаржы құралдарына орналастыруға;

  • зейнетақы төлемдерін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыруға;

  • зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына не зейнетақы анну-итеті бойынша Қазақстан Республикасының заңцарында кезделген тәртіппен сақтан-дыру ұйымына аударуға;

  • қате есептелген зейнетақы жарналарын және өзге де қате есептелген ақшаны қайтаруға.

  • Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы төлемдерін телеуді және жинақталған зейнетақы қаражатын аударуды жүзеге асыруға байланысты шығы-старды өтеуге.

Алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не алушыны жерлеген адамға жинақтаушы зейнетақы қорлары жерлегені үшін он бес еселенген айлық есептік керсеткіш шегінде, бірақ жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде біржолы төлем жасайды.
Салымшының жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасатын зейнетақы шарты:

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы арасында міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарға сәйкес жазбаша түрде жасалады.

Міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шартты уәкілетті орган әзірлеп, бекітеді.
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының және өзге де адамдардың жауапкершілігі: Жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің салымшы мен алушының алдындағы міндеттемелері бойынша өз мүлкімен ғана жауапты болады; Салымшылар мен алушылар жинақтаушы зейнетақы қорларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді, дәл сол сияқты жинақтаушы зейнетақы қорлары да салымшылар мен алушылардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді; Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар мен кастодиан банктер жауапкершілігінің талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерімен және шарттармен белгіленеді; Егер жинақталған зейнетақы қаражатын аудару немесе төлеу кезінде жеке зейнетақы шотындағы жинақталган зейнетақы қаражатының сомасы, инфляция деңгейі ескеріле отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерінен аз болып қалса, ал жинақталған зейнетақы қаражатының кемуі жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның және (немесе) кастодиан банктің кінәсінен болса, жинақтаушы зейнетақы қоры инфляция деңгейін ескере отырып, өз капиталы есебінен, жинақталған зейнетақы қаражатының шығынын нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының мөлшеріне дейін қалпына келтіруге міндетті; Жинақталған эейнетақы қаражатын аударуды және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды кешіктіруге кінәлі заңды тұлғалар құқықтары бұзылған адамның пайдасына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 еселенген мөлшерінде есімпұл төлеуге міндетті.

1.1.5. Жинақтаушы зейнетақы қорларын ұйымдастыру
Жинақтаушы зейнетақы қорларының түрлері: ашық және корпоративтік болуы мумкін.

Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары алушының жұмыс істейтін және тұратын жеріне қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады.

Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорлары сол жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары және акционерлері болып табылатын бір немесе бірнеше ашық тұлғалардың алушы-қызметкерлері үшін құрылады.

Жинақгаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғам нысанында құрылады.

Жинақгаушы зейнетақы қорлары уәкілетті органмен келісім бойынша, ол белгілеген тәртіппен филиалдар мен өкілдіктер ашуға құқылы.
Жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлері:

Қазақстан Республикасының резиденттері - заңды және жеке түлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлері бола алады. Рейтинг агенттіктерінің бірінің белгілі бір рейтінгі бар Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғасы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы немесе акционері бола алады. Рейтинг агенттіктерінің тізбесі мен ең төмен рейтинпі уәкілетті орган белгілейді.

Оффшорлық аймақта тіркелген коммерциялық ұйым мәртебесі бар заңды тұлғалар мен жарғылық капиталына оффшорлық аймақга тіркелген заңды түлғалар тікелей немесе аффилиирленген тұлғалар арқылы қатысатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды. Оффшорлық аймақгардың тізбесін уәкілетті орган белгілейді.

Шетел қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының жиынтық жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының барлық ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының жарияланған жиынтық жарғылық капиталының жиырма бес процентінен аспауы керек.

Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлға қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесі мен басқарма мүшелерінің кемінде үштен бірі Қазақстан Республикасының азаматтары болуы керек. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесі мен басқармасының Қазақстан Республикасының резиденттері емес мүшелері қаржы рыногында қызметін жүзеге асырушы ұйымдарда үш жылдан кем емес басшылық жұмыста болған тәжірибесін куәландыратын құжаттарды табыс етуге міндетті.
Жинақтаушы зейнетақы қорларын мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді уәкілетті органның рұқсаты болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әділет органдары жүзеге асырады.

Рұқсат берудің шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган лицензиялайды.

Атқарушы органның басшысы мен оның орынбасарлары, бас бухгалтер мен оның орынбасарлары, филиал мен өкілдіктің бірінші басшысы мен бас бухгалтері жинақтаушы зейнетақы қорларының басшы қызметкерлері болып табылады.

Жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерінің кандидатурасы уәкілетті органның нормативтік қүқықтық актілерімен белгіленген тәртіппен онымен міндетті түрде келісілуге тиіс.
Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құру уәкілетті органның рұқсатымен акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша біріктіру, бөліп шығару, жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративтік түрден ашық түрге өзгерту нысанында жүзеге асырылады. Рұқсат беру талаптары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік қүқықтық актілерімен белгіленеді.

Жинақтаушы зейнетақы қорының қайта құруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішіне мынадай құжаттар қоса тіркеледі:

жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлері жалпы жиналысының оны қайта құру туралы шешімі;

жинақтаушы зейнетақы қорын қайта уйымдастырудың көзделіп отырған шарттарын, нысандарын, тәртібі мен мерзімдерін жазылатын құжаттар;

қайта құру нәтижелерінің қаржылық болжамы, соның ішінде жинақгаушы зейнетақы қорының және жинақтаушы зейнетақы қорын қайта қурудың нәтижесінде құрылатын заңды тұлғалардың оны қайта құрғаннан кейінгі есептік балансы;

Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорын қайта қуруға руқсат алу туралы өтінішті қужаттардың толық топтамасы табыс етілген күннен бастап бір ай ішінде қарауға тиіс.

Қайта ұйымдастырылатын жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органның қайта ұйымдастыруды жүргізуге руқсатын алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде екі баспасөз басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде хабарландыру жариялау арқылы өзінің барлық салымшылары мен алушыларына алдағы өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.

Бөлініп шыққан жинақтаушы зейнетақы қоры (қорлары) бөлініп шығу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметті және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға жаңа лицензия алуға міндетті.

Қайта ұйымдастыру жағдайында мынадай жинақтаушы зейнетақы қорлары:

1) бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде өзінен екі және одан да көп заңды тұлға бөлініп шыққан жинақтаушы зейнетақы қоры;

2) біріктірү нысанында қайта ұйымдастыру кезінде өзіне басқа жинақтаушы зейнетақы қорын қосып алған жинақтаушы зейнетақы қоры лицензиясының негізінде қайта ұйымдастырылған жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметті және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті қолда бар лицензиясы негізінде жүзеге асыруға құқылы.

Жинаңтаушы зейнетақы қорын корпоративтік қордан ашық қор етіп, түрін өзгерткен жағдайда қайта ұйымдастырылған жинақтаушы зейнетақы қоры да жаңа лицензия алуға міндетті.


Уәкілетті органның жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құруға рұқсат беруден мына негіздердің кез келгені:

1) қайта құрылатын жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлері жалпы жиналысының тиісті шешімдері болмауы;

2) көзделіп отырған қайта құрудың нәтижесінде салымшылар мен алушылардың мүдделеріне нұқсан келтірілуі;

3) көзделіп отырған қайта барудың нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңдары талаптарының бұзылуы бойынша бас тартылады.


Жинақтаушы зейнетақы қоры- уәкілетті органның өзі белгілеген тәртіппен берген рұқсаты болған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлері жалпы жиналысының шешімі бойынша; Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда соттың шешімі бойынша таратылуы мүмкін.
Жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде тарату: Жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті түрде таратылуға рұқсат алу туралы өтінішін уәкілетті орган тиісті түрде ресімделген құжаттарды алған күннен бастап бір ай ішінде қарауы тиіс.

Өтінішке мына құжаттар:

1) акционерлердің жалпы жиналысының ерікті түрде тарату туралы шешімі;

2) тарату туралы шешім қабылданған күнге зейнетақы активтерін бағалау;

3) зейнетақы активтерін тапсыру мерзімі мен кезеңдері туралы іс-шаралар жоспары және акционерлердің жалпы жиналысы бекіткен жинақтаушы зейнетақы қорының өзінің қызметін тоқтатуға әзірлік жоспары;

4) жинақтаушы зейнетақы қорының өз міндеттемелері бойынша есеп айырысуы үшін оның қаражатының жеткілікті екенін күәландыратын баланстық есеп;

5) тарату комиссиясының мүшелеріне кандидаттардың, оның ішінде филиалдарда не өкілдіктерде қүрылатын бөлімшелерінің тізімі;

6) басқа да қажетті мәліметтер қоса берілуге тиіс.

Уәкілетті орган ерікті түрде таратуға рұқсат беруден бас тартқан жағдайда өз шешімін негіздеуге және бас тартуды жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлері мен акционерлерінің назарына жеткізуге тиіс.

Үәкілетті органның ерікті түрде таратуға рұқсатын алған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры филиалдар мен өкілдіктерді ескере отырып, тарату комиссиясын құрады.

Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органның таратылуға рұқсатын алған күннен бастап он күн ішінде салымшылар мен алушыларға Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын екі мерзімдік баспасөз басылымында хабарландыру жариялау арқылы жинақтаушы зейнетақы қорының таратылуы туралы хабарлауға міндетті.

Барлық кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін қаражат жеткіліксіз болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры банкроттық негізі бойынша мәжбүрлеп таратылуға жатады.

Жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуды аяқтаудың мүмкін болмауына байланысты уәкілетті орган оны мәжбүрлеп тарату туралы талап-арызбен сотқа шағымдануға құқылы.
Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату:

1) жинақтаушы зейнетақы қорының банкрот болуына;

2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында көзделген негіздер бойынша жинақтаушы зейнетақы қоры лицензияларының кері қайтарылып алынуына;

3) уәкілетті мемлекеттік органдардың, жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген басқа да негіздер бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін тоқтату туралы талап-арызына байланысты жүзеге асырылады.

Жинақтаушы зейнетақы қоры мәжбүрлеп таратылған жағдайда сот он күн ішінде жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы шешімнің көшірмесін уәкілетті органға жібереді.

Сот жинақтаушы зейнетақы қорын лицензияны кері қайтарып алуға байланыссыз негіздер бойынша мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оның лицензиясын кері қайтарып алу туралы мәселені қарайды.

Жинақтаушы зейнетақы қорының лицензиясын қайтарып алу туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган уақытша әкімшілікті тағайындайды.

Жинақтаушы зейнетақы қоры жұмысының, оның уақытша әкімшілігін тағайындаудың тәртібі, сондай-ақ уақытша әкімшіліктің өкілеттіктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.

Жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігі өз қызметін уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындағанға дейінгі кезеңде жүзеге асырады.

Жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы тағайындалғанға дейін уақытша әкімшіліктің қызметіне бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

Жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігінің есебі уәкілетті органға және жинақтаушы зейнетақы қорын тарату туралы шешім қабылдаған сотқа табыс етіледі.

Жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігі атқарған жұмыс туралы есепті сот бекітеді.

Уақытша әкімшілік тарату комиссиясын тағайындау туралы шешім қабылданған күннен бастан он күннен аспайтын мерзімде жинақтаушы зейнетақы қорының құжаттары мен мүлкін тарату комиссиясына береді.

Жинақтаушы зейнетақы қорының құжаттары мен мүлкін уақытша әкімшіліктен тарату комиссиясының төрағасына беру төрт дана етіп жасалатын қабылдау-өткізу актісімен рәсімделеді және оны уәкілетті орган бекітеді. Бекітілген актінің бір данасы іс материалдарына тігу үшін сотқа жіберіледі.

Жинақтаушы зейнетақы қорының төлем қабілетсіздігі мен дәрменсіздігі сотқа ұсынылатын пруденциялық нормативтерді есептеу әдістемесін және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттер, жинақтаушы зейнетақы қоры капиталының мөлшерін ескере отырып уәкілетті органның жасаған қорытындысымен белгіленеді.

Жинақтаушы зейнетақы қоры сот шешімімен белгіленген тәртіп бойынша ғана банкрот деп танылуы мүмкін. Дәрменсіз жинақтаушы зейнетақы қорын оның кредиторларының және жинақтаушы зейнетақы қорының өз шешімі бойынша соттан тыс тарату рәсіміне жол берілмейді. Тараптардың жинақтаушы зейнетақы қорының банкроттығы туралы іс бойынша бітімгершілік келісім жасауына болмайды.


Ерікті және мәжбүрлеп, оның ішінде банкроттық негіз бойынша таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссиясының қызметіне бакылауды жүзеге асыру мақсатында уәкілетті орган:

1) тарату комиссияларынан атқарған жұмысы туралы есепті, қажет болған жағдайда, қосымша ақпаратты алуға;

2) тарату комиссияларының есептерді және қосымша ақпаратты ұсыну нысанын, мерзімін және кезеңділігін белгілеуге,

3) тарату комиссияларының қызметіне тексеру жүрпзуге;

4) тарату комиссияларының қызметінен Қазақстан Республикасының заңдарын, кредиторлардың қүқықтары мен заңды мүдделерін бұзу анықталған жағдайда, бұзушылықтарды жою жөнінде тарату комиссияларының орындауы міндетті жазбаша ұйғарым шығаруға, ұйғарымды орындау мерзімін белгілеуге;

5) тарату комиссиясы белпленген мерзімде жазбаша ұйғарымды орындамаған жағдайда, кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа не прокуратура органдарына жүгінуге құқылы.

Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда, тарату комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
1.1.6.Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталы
Жинақтаушы зейнетақы қорының өз капиталы- құрылтайшылар мен акционерлердің жарғылық капиталға салған салымдары; комиссиялық сыйақылар; Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де көздер есебінен құралады

Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталы — жинақтаушы зейнетақы қоры міндеттемелерінің сомасын шегеріп тастағаннан кейінгі оның активтерінің құны.


Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақысының шекті шамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) инвестициялық кірістің он бес процентінен;

2) айына зейнетақы активтерінің 0,05 процентінен аспайтын шекте белгілейді.

Комиссиялық сыйақының шамасы жылына ең көбі бір рет өзгеруі және күнтізбелік жыл басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын жариялануы мүмкін. Комиссиялық сыйақыны алудың тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Жинақтаушы зейнетақы қорының өз қаражатын пайдаланудан алынған табыстары көлемінде жинақтаушы зейнетақы қорына тиесілі болады.
Зейнетақымен қамсыздандыруда қолданылатын жалпы ережелер

Жоғарыда айтылған Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент (будан әрі —агент) — Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаны қоса алғанда, жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын есептеп шығаратын, ұстап қалатын (есептеп қосатын) және аударатын шетелдік заңды түлғалардыңфилиалдары, өкілдіктері;

осы тулғаның аффилиирленген тұлғасы (аффилиирленген тұлға)—шешім белгілеуге және (немесе) осы тұлға қабылдайтын шешімге, соның ішінде шарт күшіне, ауызша шартты немесе өзге де мәмілені қоса алғанда, ықпал етуге тікелей және (немесе) жанама құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға (өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде осы тұлғаның қызметіне бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда), сондай-ақ осы тұлғаға қатысты осындай құқыққа ие болған кез келген жеке немесе заңды тұлға. Акционерлік қоғамның лауазымды адамдары, оның дауыс беретін акцияларының он және одан да көп процентін халықтық акционерлік қоғамдар үшін бес және одан да көп процентін) иеленуші акционері міндетті түрде аффилиирленген тұлғалары деп танылады;

кастодиан банк— бағалы қағаздар жөніндегі құқыктарды тіркеу мен есепке алу, құжаттамалық бағалы қағаздарды сақтау және клиенттердің ақшасын есепке алу жөніндегі қызметті жүзеге асырушы банк;

ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы— ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебінен алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшысы — ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы— міндетті зейнетақы жарналары есебінеен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан және жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоты бар жеке тұлға;

сатып алу сомасы — зейнетақы аннуитеті шарты мерзімінен бұрын бұзылған кезде сақтанушының (зейнетақы төлемдерін алушының) сактандыру ұйымынан алуға құқығы бар ақша сомасы;

диверсификация—зейнетақы активтерінің жоғалып кету қатерін азайту мақсатында оларды уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес қаржы құралдарына орналастыру;

ерікті зейнетақы жарналары — Қазақстан Республикасының заңдарында және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленетін тәртіппен салымшылардың өз бастамасымен алушының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;

ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары— Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін кәсіптер тізбесі бойынша және Қазақстан Республикасының заңдарында және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген тәртіппен салымшылардың өз бастамасымен қызметкерлердің пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;

зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт — зейнетақы жарналарымен, жинақталған қаражаттарымен және төлемдер алумен байланысты құқықтық қатынастарды белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы, бір жағынан жинақтаушы зейнетақы қоры және екінші жағынан салымшы мен алушы жасасатын шарт (келісім);

зейнетақылық аннуитет шарты — сақтандыру шарты, оған сәйкес сақтанушы (зейнетақы төлемдерін алушы) сақтандыру ұйымына жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын беруге міндеттенеді, ал сақтандыру ұйымы сақтанушының (зейнетақы төлемдерін алушының) пайдасына өмір бойына немесе белгілі бір уақыт кезеңі ішінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға міндеттенеді;

инвестициялық кіріс—жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесінде алынатын ақша;

жеке зейнетақы шоты - салымшының (алушының) жинақгаушы зейнетақы қорындағы жеке атаулы шоты, онда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның міндетті не ерікті зейнетақы жарналары немесе ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары, инвестициялық кірісі, өсімпұл және өзге де түсімдер есепке алынады және содан зейнетақы төлемдері теленеді;

кастодиандық шарт — кастодиан банк пен оның клиенті жасасатын бағалы қағаздар мен ақшаны жауапкершілікпен сақтау және есепке алу туралы шарт;

жинақтаушы зейнетақы қоры—зейнетақы жарналарын тартуды және зейнетақы төлемдері жөніндегі қыззметті, сондай-ақ Қазақстан Реслубликасының заңдарында белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

міндетті зейнетақы жарналары—осы Заңға сәйкес, жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін тәртіппен салынатын ақша;

зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым — жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға;

Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағадындайтын органдар — уәкілетті мемлекеттік органдар;

зейнетақы активтері— зейнетақы төлемдері мен аударымдарын, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларынан аударымдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары;

жинақталған зейнетақы қаражаты — міндетті зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын, инвестициялық кірісті, өсімпұлды және шарттарға, осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де түсімдерді қоса алғанда, салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарында есептелетін ақша;

зейнетақы—Орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы;

баспасөз басылымы — тізбесін уәкілетті орган белгілейтін мерзімді баспасөз басылымдары;

зейнетақы төлемдерін алушы (бұдан әрі— алушы) — Орталықтан зейнетақы төлемдері тағайындалған және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар жеке адам;

пруденциалдық норматив — жинақтаушы зейнетақы қорының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін экономикалық талаптар;

жинақтаушы зейнетақы қорында бөлектеп есеп жүргізу—заңды тұлға ретінде жинақгаушы зейнетақы қорының бухгалтерлік балансына зейнетақы активтерін енгізбеу;

жинақталған зейнетақы қаражатының нақты құны—жинақталған зейнетақы қаражатының Қазақстан Республикасы мемлекеттік статистикасының уәкілетті органы есептен шығаратын тұтыну бағалары индексіне үйлестірілген нақты құны;

әлеуметтік жеке код—азаматқа, сондай-ақ осы Заңға сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру құқығы қолданылатын адамдарға берілетін тұрақты жеке код;

ерікті зейнетақы жарналарының ставкасы—жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленетін төлемнің мөлшері;

ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының ставкасы—жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта және осы Заңда белгіленген төлемнің мөлшері;

міндетті зейнетақы жарналарының ставкасы— салымшының зейнетақы жарналарын есептеу ушін алынатын кірісіне проценттік қатынаспен көрсетілген жинақтаушы зейнетақы қорына төлем мөлшері;

сақтандыру ұйымы (сақтандырушы)—уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде "өмірді сақтандыру" саласында сақтандыру шарттарының жасалуы мен орындалуы жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

уәкілетті ұйым (бұдан әрі Орталық)—осы Заңның талаптарындағы міндеттерді жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілдік берген заңды тұлға;

уәкілетті орган—жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиан банктердің, сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

1.2. Зейнетақы төлеудің мемлекеттік орталығын сипаттау
«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны халықты әлеуметтік қамтамасыз етү жүйесінде 1997 жылғы 20 маусымдағы №136-1 «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қызмет етеді. Оның 16 облыстық, Алматы, Астана қалалық филиалдары, барлық қалалар мен аудандарда бөлімшелері бар. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы жүйесінде бүгінгі күні 2500-нан астам адам еңбек етуде, олар негізінен банктік, қаржы және әлеуметтік салаларда жұмыс істеген, тәжірибиелі, білікті мамандар, көпшілігі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы құрылған күннен бастап жұмыс істейді.

Ай сайын Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы 3,5 млрд. Тенге көлеміндегі зейнетақы мен жәрдемақы сомасын төлеумен қатар, 4,5-5 млрд. Теңге көлемінде 10% міндетті зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуды жүзеге асырады.

Жыл сайынғы айлық есептік көрсеткіштің және төменгі зейнетақы мөлшерінің өзгеруіне байланысты жәрдемақы мен зейнетақы мөлшерін жоғарлатуға негізделген 1,7 млн-ға жуық шешімдердің жобасы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы арқылы дайындалады.

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының жергілікті бөлімшелері мен филиалдары әр түрлі әлеуметтік мәселелер жөнінде күніне 10 мыңға жуық қабылдаулар жасайды. 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап 6 млн. Астам адамдарға әлеуметтік жеке код берілді, ол Қазақстан Республикасы тұрғындарының 40%-ынан астамын құрайды.

Соңғы 1,5 жыл ішінде Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының техникалық базасын жаңарту әрі нығайту және төлемдерді өңдеу, әлеуметтік төлем алушыларға қызмет көрсету барысында жаңа тәсілдерді, технологияларды енгізуде елеулі жұмыстар жүргізілді.

Орталықтандырырған деректер базасы құрылып, жүйелендірілді, 2001 жылдың тамызынан бастап алушылардың таңдауы бойынша екінші деңгейлі банкттердегі есеп шоттарына зейнетақы мен жәрдемақы сомаларын тікелей аудару басталды.

Бүгінгі күні Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге, зейнетақы аударымдарын жинақтауға байланысты деректерді электрондық өңдейтін орталық болып табылады.
Ынтымақтастық жүйе. Бүгінг күні, зейнетақы мен жәрдемақы төлеуді ұйымдастырудың үйлесімді жүйесі құрылған. Зейнетақы және жәрдемақы төлеу кідіріссіз жүзеге асырылуда. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы арқылы 1999 жылдың 1 қаңтарынан- мемлекттік әлеуметтік жәрдемақылар төлеу, 1999 жылдың сәуір айынан- арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, ал 2000 жылдың қаңтар айынан- мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар төлеу жүзеге асырылуда, сол жылдың аяғынан бастап Семей ядролық полигоны аймағының тұрғындарының зейнетақылары мен жәрдемақыларына экологиялық қосымдары бойынша несие қарыздарын өтеу жүзеге асырыла бастады. Әлеуметтік төлемдер алушылар саны 1998 жылғы 1,8 млн. Адамнан қазіргі кезде 3,4 млн. адамға өсті. 2000 жылдың екінші тоқсанынан бастап еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдары Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының аймақтық бөлімшелеріне зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың қолданыстағы зейнетақы істерін тапсырды.

2002 жылдың қаңтар-ақпан айларында 1,7 млн. алушылардың зейнетақы мөлшерін көбейту жөнінде жұмыс жүргізілген болатын. Сонымен қатар, айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты және Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы кейбір заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2002 жылғы 21 наурыздағы №308 Заңына сәйкес, мемлекеттік арнайы жәрдемақы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылардың жәрдемақы мөлшерін қайта есептеу жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі №1464 қаулысына сәйкес, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы Ұлттық банктің лицензиясын алған банктер мен банкттік ұйымдарда есепшоттары бар алушыларға зейнетақылар мен жәрдемақыларды тікелей аудару арқылы төлеуді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Бүгінде, «ТұранАлем» ААҚ, «НаурызБанк» ААҚ, «Казпошта» ААҚ, «ВалютТранзит банкі» ААҚ, «Дана-Банк» ААҚ, «Қазақстан Халық Банкі» ААҚ, және «Альянс банк» ААҚ-мен, «Цесна банкпен» зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөнінде келісімдер жасалды.

Қатаң статистикалық есеп жүргізілуі және қаржы қорларының түсуі мен жұмсалуының ашық түрде болуын қамтамасыз ету Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және Мемлекеттік кіріс министрлігіне күнделікті ақпарат беріп отыруына мүмкіндік береді.



Техникалық жағдайы. 2001 жылы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының мамандары мәліметтерді өңдеу технологияларын жүйелеу және оңтайландыру мақсатында, жинақтаушы зейнетақы қорларына төлемдердің өту жылдамдығын елеулі түрде ұлғайтып, «АИС ЗТМО» бағдарламалық өнімін пысықтаудан өткізді.

Төлемдік тапсырыстарды қайтарудың көлемін азайту мақсатында бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленуде.

Құрал-жабдықтардың негізгі мөлшері 1998 жылы сатып алынған және қажеттіліктің 30%-ын құрайды. Құрал-жабдықтардың бұзылу жағдайлары жиілеп кетті, жөндеу бағасы жаңа техникалық жабдықтардың бағасымен бірдей.

Осыған байланысты, 2001 жылы жасалған келісімшарттарға сәйкес, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы жүйенің жұмыс өнімділігін мейлінше ұлғайтуға және дискілік кеңістікті кеңейтуге мүмкіндік беретін қосымша серверлік жабдықтар сатып алды және осы құралды инсталляциялау өткізілді.

Жалпы, 2001 жылы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының техникалық жарақтандылуы 35%-ға дейін өсті.

2002 жылы жалпы сомасы 222628 мың теңге болатын 585 компьютер және үзбей қамтамасыз ететін 729 ток көздеріне конкурс өткізү, сондай-ақ 2001 жылғы келісімшарттарға сәйкес 297062 мың теңге көлеміндегі соммаға қосымша құралдар сатып алу жоспарланды.

2002 жылы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының тұтас жүйесі қалыптастырылды және соған байланысты жүйені жасауға бюджеттен көп мөлшерде қаражат бөлу біршама азайды.

Даму приоритеті. Даму Концепциясында Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың қызметін кеңейтү, ақпарат жүйесін жетілдіру және дамыту, оның мүмкіндіктерін әлеуметтік сақтандыру жүйесінде пайдалану көзделген. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы арқылы екінші деңгейлі банктердегі салымшылардың есеп шоттарына барлық әлеуметтік төлемдерді аудару жоспарлануда, ол алдағы уақытта әлеуметтік төлемдер жөніндегі есептеу палатасының қызметін орындауға мүикіндік береді, әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыруға бөлінетін Мемлекеттік бюджет шығындарын азайтуға, аумақтарда әлеуметтік тұрақтылықты қолдауға және әлеуметтік төлемдердің мекен-жай бойынша жеткізілуін қамтамасыз етуге жеткізеді.

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының филиалдар желісі:

1 СУРЕТ





Директор



Кадрлар


бөлімі

Статистика және жалпы анализ бөлімі

ӘЖК

беретін


бөлім

Оперативті

есеп беру бөлімі

Жүйелік бөлім


Аудандық


бөлім

Бухгалтерия

СУРЕТ 2. Алматы қаласының «зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ұйымдық құрылымы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет