Қазіргі поэзиядағы символдық бейнелер Символизмнің қалыптасып, дамуы. Символизм



бет1/3
Дата10.06.2022
өлшемі25.09 Kb.
#459125
  1   2   3
қазақ поэзиясындағы символдық бейнелер


Қазіргі поэзиядағы символдық бейнелер

  1. Символизмнің қалыптасып, дамуы.

Символизм (Symbolism) — ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басы аралығында Еуропада әдебиет пен өнерде өріс алған өте ықпалды шығармашылық ағымы. Символизм объктивтілікті тастап, субъективтілікке талпынады, нақты шындықты тіке бейнелегенге қарағанда оны ұқсамаған тұрғыдан тоғыспалы бейнелеуге тырысады, көп мағыналылыққа мән береді, күрделі де терең символдар арқылы түрлі идеялар мен ұстанымдарды аңғартуға тырысады. Бұл мәдени шығармашылық қозғалысының өкілдері Франциялық Одилон Редон, Гюстав Моро және Пюви де Шаванн, Австриялық Густав Климт, Бельгиялық Фернан Кнопф, Нидерландық Ян Тороп. Жаңа көркемдік бағыттың негізгі әлеуметтік және эстетикалық тұжырымдары мен символизм ұғымын бұдан да нақты қалыптастырған сыншы-декадент А.Волынский болды. «Борьба за идеализм» деген еңбегінде «символизм көркемдік бейнелер әлеміндегі құбылыстардың құдай әлемімен үйлесім табуы», - деп жазды. Ресейдегі символистік қозғалыстың көсемі мен жетекшісі В.Брюсов болды. Ол символистік шығармаларды 3 түрге бөлген:

  1. Тұтас картинаны беретін, алайда сызбасы кемшіл түсініп, бірнеше қажетті белгісі жетпейтіні сезіліп тұратын туындылар. Мысалы, Малларменнің сонеттері сондай.

  2. Тұтас әңгіменің немесе драманың формасы берілген, алайда жекелеген көріністері оқиғаны өрбітуден гөрі оқырманға немесе көрерменге белгілі әсерлерді дамытудан тұратын шығармалар.

  3. Сіздер үшін образдардың мағынасыз тізбегі болып көрінетін поэзиялық туындылар.

Қазақ әдебиетінде символизм дәстүрінің арғы негізі ежелгі Қорқыт ата туралы ертегі-аңыздардан бастау алатыны сөзсіз. Арнайы ағым ретінде ол қазақ әдебиетінде кең өріс алмағанымен, 20 ғасырдың алғашқы ширегінде М. Жұмабаев, Б. Күлеев, С. Дөнентаев және т.б. қаламгерлер шығармаларында символизм лебі айқын байқалды. Қазақ ғалымы С. Негимов символды тек образдың ғана емес, жалпы поэзияның, әдебиеттің ішкі даму факторларының бірі деп дәлелдеп береді. Ол: «Поэзияда тұрақты образдар жүйесі мен символдар қалыптасып, кейінгі әдебиеттің қалыптасуына, шарықтап, кемелденуіне, толысып нығаюнына көмектеседі. Өлең өмір шындығына тамырын
терең жаяды да, өнерлік сипаттарды молынан қамтиды»- дейді. Қазақ поэзиясының арғы-бергі тарихындағы символдық образдар қатарына: дала, тау, теңіз, тұлпар, домбыра, бесік, аспан, аққу т.б. жатады. Символдық образдардың қазіргі әдебиеттегі, өлендегі өміріне тереңірек үңілу поэзия парасатын, жеткен жетістіктерімізді бажайлауға, ең бастысы ұлттық сипат пен мінездің тағы бір қырынан танылуына жағдай жасайды, мүмкіншілік тудырады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет