Қазіргі уақытта жоо-нда өздік жұмыстың бірнеше түрі бар



Дата18.11.2022
өлшемі26.61 Kb.
#465174
Пед семинар 9 апта


Колледж және жоғары оқу орнындағы оқытудың басты міндеті – өз бетімен жұмыс жасау, шешім табу, ойлау іскерліктерін дамыту. Кредиттік жүйе бойынша өзіндік жұмыстарға бөлінетің сағат санының көбеюі, білім алушының танымдық өзбетілігін және олардың әдебиет көздерімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады.
Педагогикалық жүйе ретінде қалыптасқан студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстары олардың танымдық белсенділігін, шығармашылық қабілетін арттырып, оларды тиянақтылыққа, ұстамдылыққа, бастаған істі аяғына дейін жеткізуге тәрбиелейді.
СӨЖ-ді жетілдіру жолдары:
 Білім алушыларды СҒЗЖ-на тарту үшін оқытудың жеке жоспарларын мүмкіндігінше өндіріс тапсырмасын шынайы жобілім алушыу мақсатында ұйымдастыру;
 СӨЖ-ын оқу жоспарына және сабақ кестесіне кафедрада жеке кеңес берулерді ұйымдастырумен бірге ендіру;
 СӨЖ-ын орыдауға қажетті оқу және оқу-әдістемелік құралдар кешенін даярлау;
 кіріктірілген кафедрааралық тапсырмалар жүйесін жасау;
 дәріс курстарының өздік жұмысқа бақытталуы;
 СӨЖ-ын рейтингілік бақылау әдісі;
 оқытушылар мен студенттердің коллегиалдық қарым-қатынастары;
 стандартты емес шешімдерді ұсынатын тапсырмалар жасау;
 оқытушының жеке кеңес беруі және СӨЖ-ді есепке ала отырып оқу жүктемесін қайта қарау;
 дәріс-әңгіме, дәріс-пікірталас түріндегі дәріс сабақтарын өткізу, бұнда оқытушы жүргізуші ролін атқарса, студенттер баяндамашылар болады. Бұндай сабақтар нақты тақырып бойынша оқу құралдарынан алдын-ала өз бетімен даярлықты, оқытушымен жеке кеңесуді және қосымша әдебиеттердің қолданылуын қажет етеді.
СӨЖ-ді ұйымдастыру формалары. Қазіргі уақытта ЖОО-нда өздік жұмыстың бірнеше түрі бар:
1) дәстүрлі, яғни студенттің өзіне ыңғайлы уақытта, әдетте, аудиториядан тыс кезеңде, қажет болған жағдайда шеберханада немесе зертханада өз бетімен орындалатын кәдімгі СӨЖ-сы.
2) ӨЖ-тың тағы бір түрі – оқытушы бақылауымен жүретін аудиториялық ӨЖ. Оның барысында студент оқытушыдан кеңес ала алады, яғни кеңес беру Өздік жұмысы (КӨЖ).
3) Сонымен бірге, бүгінгі таңда СӨЖ-ның үшінші, аралық түрін жасау бағыты байқалады. Бұл түрі студенттерден көбірек өзбеттілікті, тапсырмалардың неғұрлым жекелендірілуін, кеңес беру пункттерінің болуын талап етеді және кеңестер мен бақылаулар сипатына, тапсырмалардың мазмұнына байланысты енгізілетін психологиялық-педагогикалық жаңалықтармен ерекшеленеді.
Бұл тақырыпта оқытушы бақылауымен жүргізілетін СӨЖ-ын ұйымдастырудың кейбір жақтарын қарастыруды жӛн кӛріп отырмыз. Себебі кәдімгі СӨЖ дәстүрлі болып табылғандықтан, ол ӨЖ-тың жаңа формаларына, әсіресе, КӨЖ-на ауысуда, ал үшінші нұсқасы әлі де эксперимент деңгейінде жүріп отыр.
Өзіндік жұмыстың шығармашылық сипаты.
Шығармашылық ойлау – ойлау түрлерінің бірі, субъективтік жаңа өнімнің жасалуымен және оны жасау жөніндегі танымдық іс-әрекеттің өзіндегі жаңа түзілімдермен сипатталады. Өз бетімен білімін жетілдіру – жеке адамның өзі басқаратын мақсатты танымдық іс-әрекеті; қандай да бір саладан (ғылым, мәдениет, техника, саяси өмір және т.б.) жүйелі түрде білім алу.
ӨЖ студент әрекетінде қайта өндіру және шығармашылық үрдістерді қажет етеді. Осыған сәйкес СӨЖ-ның 3 деңгейін ажыратады:
1. Репродуктивті (жаттығу) деңгейі. Жаттығу өзіндік жұмыстары үлгі бойынша орындалады: есеп шығару, кесте толтыру, сызба және т.б. Студенттің танымдық әрекеті танудан, ұғынудан, есте сақтаудан көрінеді. Мақсаты – білімді бекіту, іскерлік, дағдыларды қалыптастыру.
2. Реконструктивті деңгей. Реконструктивті ӨЖ-тарда жоспар құру, тезистер құру, аннотация жазу сынды тапсырмалар беріледі. Бұл деңгейде рефераттар орындалады.
3. Шығармашылық, ізденіс деңгейіндегі тапсырмалар проблемалық ситуацияны талдауды, жаңа ақпарат алуды талдауды қажет етеді. Студент мәселені шешу құралдары мен әдістерін өзі дербес таңдауы тиіс.
Шығармашылық – бұл: шығармашылықпен жұмыстануға деген қажеттілік; шығармашылықпен ойлау қабілеті; белсенділік; өз іс-әрекетін басқару және реттеу іскерлігі; жауапкершілік; ой-пікірдің дербестігі; өзіндік ерекшелік; қиял мен ойдың батылдығы.
Шығармашылық кәсіби мәдениеттің компоненті ретінде өз-өзінен дамытылмайды. Оны дамыту үшін мына жағдайлар қажет:
 жағымды мәдениетті шығармашылық атмосфера;
ынталандырушы орта;
 объективті жағдайлар (әлеуметтік-мәдени шындықтың әсері, ұжымдағы жағымды эмоционалды психологиялық ахуал, ғылыми білімнің даму деңгейі, материалдық-техникалық жабдықталу, уақыттың болуы);
 субъективті жағдайлар (жалпы мәдениеттілік дайындықтың жоғары деңгейі, шығармашылыққа ұмтылу, дамыған ойлау және рефлексия, тәжірибе және интуиция, түрлі ситуацияларда шұғыл
шешім қабылдау іскерлігі, проблемалық көру және ғылыми зерттеудің техникасын меңгеру).
Осылайша, шығармашылық – бұл тұлғаның жеке, психологиялық, интеллектуалдық күш-жігері мен қабілеттерін өз бетімен жүзеге асыру үрдісі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет