«Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана



бет1/2
Дата23.02.2016
өлшемі242.5 Kb.
#5113
  1   2
«Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана

Ақпараттық-библиографиялық бөлім
Сіздердің жаңалықтарды білуге деген

талаптарыңызды қолдаймыз

және көмектесеміз!

Шығыс Қазақстан облысының

Семей аймағында 2014 жылы

аталып өтілетін және еске алынатын

күндер тізбегі










Семей – 2013


Алғы сөз:
Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы мен Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы бірлесе отырып, 1999 жылдан бері «Семей аймағында аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегін» электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде дайындап шығарып келеді. Әдебиеттерді насихаттауда және еліміздегі көрнекті оқиғаларды хабарлауда көрсеткіштің алатын орны ерекше. Мұнда туған өлкеміздің тарихы, экономика және мәдениет саласындағы маңызды оқиғалар туралы, мерейтойлары аталатын белгілі жерлес тұлғаларымыздың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттар мен әдебиеттер тізімі берілген.

Аталып отырған күндер тізбесі айы бойынша реттеліп, қысқаша

анықтамалар мен әдебиеттері берілген даталар жұлдызшамен белгіленген. «Айы мен күні белгісіз даталар» туралы анықтамалар мен әдебиеттері беріліп хронологиялық тәртіппен орналастырылған. Кеңестер Одағының батырларының тізімі хронология тәртібімен анықтамасыз берілген.

Күнтізбе аталып өтілетін есімдердің әріптік көрсеткішімен жабдықталған. Құралды құрастыру жұмысы 2013 жылдың маусым айында аяқталды.

Күнтізбені құрастырушылар: З.Т.Мағауина – Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының ақпараттық-библиография бөлімінің меңгерушісі, С.К.Титова - ақпараттық-библиография бөлімінің библиографы, Л.Қ.Қадырова – Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының (ҚЗТҚО) бөлім меңгерушісі.

Күнтізбе мұғалімдерге, кітапханашыларға, өлкетанушыларға, өз өлкесін танып білгісі келетін оқырмандарға көмекші құрал ретінде арналған.

Күнтізбе туралы ой-пікірлер туындаса, төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады:

071400


Абай көшесі, 86

Абай атындағы әмбебап кітапхана,

Ақпараттық-библиографиялық бөлім

Телефон: 56-10-76

E-mail: semeybib@yandex.ru
071400

Абай көшесі, 86

«Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» КММ

ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімі

e-mail: zdnivko-semey@rambler.ru
Негізгі бөлім
18 ақпан* Жазушы Төкен Смайылұлы Ибрагимовтың

туғанына 75 жыл (1939)


28 ақпан* Невада-Семей қозғалысына – 25 жыл (1989)
28 ақпан* Белгілі журналист қаламгер Дәулет Сейсенұлының

туғанына 65 жыл (1949)

10 наурыз Жазушы Бекежан Тілегеновтің туғанына 80 жыл (1934-1998)
15 наурыз* *Халық ақыны Төлеу Көбдіковтің туғанына 140 жыл (1874-1954)
22 наурыз* Әнші, сазгер, қаламгер Жәнібек Кәрменовтің

туғанына 65 жыл (1949-1992)


12 сәуір Ғалым, академик Қ.И.Сәтбаевтың туғанына115 жыл (1899-1964)
10 мамыр* Абай атындағы қазақ сазды драма театрының

негізі қаланғанына 80 жыл (1934)


20 мамыр* Ақын Қашаф Туғанбаевтың туғанына 90 жыл

(1924-1993)


29 мамыр* Еңбек Ері, педагог Жақия Шайжүнісовтің

туғанына 100 жыл (1914-1983)



30 мамыр* Байланыс музейінің негізі қаланғанына 25 жыл (1989)

10 маусым Жазушы Нұрғазы Шәкеевтің туғанына 85 жыл (1929-2008)


18 маусым Жазушы Төлек Тілеухановтың туғанына 75 жыл (1939)
24 шілде* Өлке зерттеушісі, кітапханашы Н.Я.Коншиннің туғанына

150 жыл (1864-1937)


13 тамыз Тері-мех зауытының іске қосылғанына 85 жыл (1929)
5 қараша* Семей ет комбинатының қосылғанына 80 жыл (1934)
4 желтоқсан* «Семей таңы» газетінің шыға бастағанына 95 жыл (1919)
16 желтоқсан* Әнші, Қазақстанның және КСРО халық артисі,

Социалистік Еңбек Ері

Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың

туғанына 85 жыл (1929 ж.)

20 желтоқсан* Ақын Ақылбек Манабаевтың туғанына 80 жыл (1934-1984)

Айы-күні белгісіз даталар:


*Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әйткеш Толғанбаевтың туғанына 90 жыл (1924-1994)

*Жазушы, драматург Тайыр Жомартбаевтың туғанына 130 жыл (1884-1937)



Ақын Мырзахан Әбжановтың туғанына 85 жыл (1929-1976)

Ақын Қайрылхан Еркебаевтың туғанына 105 жыл (1909-1943)

*Алаш қозғалысының қайраткері, заңгер Райымжан Мәрсековтің туғанына 135 жыл (1879-ө.ж.б.)

*Ұлы Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағының жарыққа шыққанына 105 жыл

(1909 жыл), ал сол Абай мұрасын тұңғыш бастырушы Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаевтың туғанына 145 жыл (1869-1915)

Орыс жазушысы Ф.М.Достоевскийдің Семей қаласына жер аударылғанына 160 жыл

(1854-1859)

*Құнанбай Өскенбайұлының туғанына 210 жыл (1804-1886)



Анықтамалар мен әдебиеттер берілмеген

аталып өтілетін және еске алынатын күндер:

20 сәуір Аякөз қаласының қайта құрылғанына 75 жыл (1939)


Сәуір Ақын Абай Құнанбаев пен жазушы Мұхтар Әуезовтің туған

жерлеріне туристік сапарлардың ұйымдастырылғанына

35 жыл (1979)
15 мамыр Облыстық ерікті қоғамының құрылғанына 55 жыл (1959)
25 мамыр Семей облыстық филармониясына әнші Әміре Қашаубаев

есімі берілгеніне 35 жыл (1979)


Мамыр Семей «Көлік» колледжінің құрылғанына 85 жыл (1929)
23 маусым Ақын, ағартушы Абайдың қайтыс болғанына 110 жыл (1904)
15 тамыз Көзі нашар көретін балалар мектеп-интернатының

ашылғанына 35 жыл (1979)


4 қазан Семей облысының негізі қаланғанына 160 жыл (1854)
16 қазан Семей облыстық ассоциациясының жастар орталығының

ұйымдастырылғанына 25 жыл (1989)


20 қазан Жазушы Күлиман Жүнісованың туғанына 90 жас (1924-1999)
Желтоқсан Қаладағы «Октябрь» (қазіргі «Дастан» мейрамханасы)

кинотеатрының ашылғанына 40 жыл (1974)



Семейлік Кеңес Одағының батырлары:


А.Д.Семенов-100 жыл (1909)

С.Ф.Бурлаченко –100 жыл (1914)

Г.Д.Будник – 90 жыл (1924)

Г.С.Болтаев-95 жыл (1914)

К.Ш.Шәкенов – 90 жыл (1924)

А.Ы.Ыбыраев – 90 жыл (1924)

В.А.Засядко –95 жыл (1919)

Н.Д.Авдеев – 95 жыл (1919)

С.М.Рубусин-85 жыл (1924)

В.А.Колесникова-85 жыл (1924)



18 ақпан Жазушы Төкен Смайылұлы Ибрагимовтың

туғанына 75 жыл (1939 ж.)

Белгілі жазушы, сыншы әдебиет пен өнер зерттеушісі, абайтанушы Төкен Смайылұлы Ибрагимов бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданы «Жаңа несіп» колхозының Кезеңшілік деген жерінде 1939 жылы 15 ақпанда дүниеге келген. 1957 жылы орта мектепті бітірген соң, 1958 жылы Алматыдағы КАЗПИ-дің тарих-филология факультетіне түсіп, оны 1964 жылы ойдағыдай аяқтап шығады. 1971-1975 жылдары аспирантурада оқиды. Болашақ қаламгер өзінің еңбек жолын қарапайым ауыл жұыстарынан бастады.

1964-1969 жылдары Жданов атындағы сегіз жылдық мектепте тәрбиеші, қазақ тілі мен әдебиет және тарих пәндерінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет етті. 1969-1976 жылдары Семей облыстық телевидениесінде әдебиет-драма, музыкалық ақпараттар редакциясының редакторы, аға редакторы қызметтерін атқарды. Алғашқы еңбектері студенттік жылдары «Лениншіл жас», «Екпінді» газеттерінде, «Жұлдыз» журналында жарық көрді.

1976 жылдың 12-сәуірінен күні бүгінге дейін Абай қорық мұражайының шырақшысы. 1996 жылы «Қазақстанға еңбегі сіңген қызметкері» атағы берілді, 1998 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды. Жұртшылыққа ұлы Абай мұрасы, жалпы қазақ поэзиясы, мәдениеті жайлы зерттеу еңбектері арқылы кеңінен танымал қаламгер өзінің «Өлең өрісі» (1979 ж.), 1999 жылы «Оймен оңаша» атты поэзиясы, «Индираға хат», «Толқын толғау» (2001 ж.) монографиясының, «Сағыныш», «Қара бұзау», «Сары құс» әңгімелерінің, «Жаза» операсының либреттосы т.б. екі жүзден астам әдеби-сын, әдеби зерттеу, абайтану еңбектерінің авторы. «Күй әлемі», «Ән өлкесі» атты кітабы халқымыздың кешегі –бүгінгі ән-күй қазынасы мен қазіргі күйшілік, әншілік орындаушылық шеберлік мәселелерін қозғайды.

Жазушы «Толқын толғау» деген кітабында кешегі-бүгінгі ән-күй қазынасы мен қазіргі күйшілік, әншілік-орындаушылық шеберлік мәселелерін қозғайды. Жазушы өзі көп жылдан бері қадағалап, бойына сіңіріп жүрген бірқатар игілігі мен өнер тұлғалары ерекшеліктерін, халықтық қайнар бастаулар ырыздығын жүрек сүзгісінен өткізіп, әсіресе саз бен тыңдаушыны қабылдау, тану табиғатын таразылайтын қызғылықты қыруар көзқарастар қорыта алған. Бұл-ән асылы, күй құдіретін тыңдай білетін жанашыр жан тебіреніс-толғаныстары жайлы аллитерациялық эсселер.
Әдебиеттер:
Ибрагимов Т. Шығармалары. Т. Толқын толғау. Зерттеулер.-Астана: «Фолиант», 2011.-400 б.

Ибрагимов Т. «Жер әңгімеші...».-Семей,2009.-111 б.

Ибрагимов Т. Индираға хат.-Семей, 2002.-304 б.

Ибрагимов Т. Толқын толғау:Аллитреациялық эсселер.-Алматы: «Өнер», 2000.-360 б.

Ибрагимов Т. Оймен оңаша:Өлеңді сөздер.-Семей баспасы,1999.-209 б.

Ибрагимов Т. Көктем әуендері // Семей таңы.-1986.-26 апрель

Ибрагимов Т.Мұражайлық Абайтанудың мұраты биік: (Ақын мерей тойы қарсаңында қорық-мұражай директоры осы төңіректе ой бөлісіп отыр) // Қазақ әдебиеті. - 2005. - 17 маусым. -4-5.

Ибрагимов Т. "Заманды түзетпейді кісі билеп"Көкбай Жанатайұлы -150 / Т. Ибрагимов, Ш. Әбенов // Семей таңы . - 2011. - 13 қыркүйек. - С. 4


Ибрагимов Т. Қос қоңыр: (Ақындар А.Манабаев пен М.Ибраев туралы) // Семей таңы.-2002.-27 қыркүйек.-3 б.

***


Отанның жоғарғы наградасы «Құрмет» орденімен // Ана тілі.-1998.-16 желтоқсан

Сағатбекқызы А. Рухани басшы // Сарыарқа.-1999.-18 ақпан.

Тортаев Қ. Ата махаббаты.-Алматы: Елсана, 1998.-155 б.

28 ақпан Невада-Семей қозғалысына – 25 жыл (1989)
Елу жыл ядролық жарылыстар Семей жерінде сынақ алаңы ретінде жүргізілді. БҰҰ-ның 1997 жылғы Бас ассамблеясында бұл мәселе қаралып, арнайы қаулы қабылданды. Семей халқы 1989 жылға дейін ауадағысы бар, жер асты, жер үстісі бар 473 жарылысты өткізді. Осы сынақтың 354-ін 1963 жылдан кейін ғана жер астына көшірген. Радиоактивті зиянды әсер 1,7 млн.адам өмір сүріп жатқан 711 елді мекенді, яғни 304 м. шаршы шақырым аумақты бүркеген. Зиянды әсері мөлшерінен асып кеткен соң семейліктердің осы қасіретін тоқтатуға атсалысқан Невада-Семей қозғалысының ықпалы ұшан-теңіз. Дүниежүзінде Адам баласына қасірет әкелген осы тажалдың ауызын жабуда халықты көтерген Невада-Семей қозғалысын бұл күнде білмейтін Адам жоқ. Осы қозғалыстың жетекшісі, қоғам қайраткері, жазушы Олжас Сүлейменовтің зор дауысы бүкіл планетаны ұйқысынан оятқаны, адамдардың бейбіт өмір сүру құқығын талап етуіне ашқаны анық еді. 1989 жылы жоспарланып тұрған 18 сынақтың 11-не тойтарыс беріп, Семей өңірінде қасірет түтіні сейіле бастады, дегенмен қаншама Адам жазылмас аурудың құрбаны болғаны және әлі талай ұрпақ азабын тартатыны бір Аллаға аян. 1991 жылы Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Семей полигонын жабуға Жарлыққа қол қойды.

«Семей-Невада» атом мен сутегі бомбаларының сынақтық жарылуынан келген адам түршігерлік зардаптар адамгершілік ары жоғары адамзатты толғандырды. Осы бағытта «Семей-Невада» қозғалысының «Экология-радиация-денсаулық» комитеті өзінің 1-халықаралық конференциясын 1993 жылы өткізді. Онан кейін де бірнеше конференциялар өтіп, мазмұнды тақырыптарда баяндамалар жасалып, көптеген шаралар атқарылуда. Бүкіл әлем семейліктердің жан азабы мен тән азабын жеңілдетуге қол-ұшын беріп, қайырымдылық қорын ұсынып отыр.

Міне, осындай жерде өмір сүрген адам өзінің әлдеқандай кеселге шалдыққанын сезгенге дейін алаңсыз жүре берді. Білген кезде барып тітіркенеді. Семей аймағы тұрғындарының басынан осындай сұмдық ахуал өтті. Семей маңындағы ядролық полигон түптің түбінде қауіпті қатер болатынын білгенге дейін алаңдай қойған жоқ. Ол біртіндеп көтеріле беретін, саңырауқұлақ алапат бұлт пен жарық дүниенің ғажайып құбылысына ұқсаған аспандағы екінші күннің жарқылына таңырқай қарады. Өзі тұрған жердің ай сайын қайта-қайта тербеле беруі үшін ол табиғаттың үйреншікті құбылысына айналды.
Әдебиеттер:

Ақпарұлы Н. Семейге берсең, сауап бер // Ана тілі.-1999.-25 ақпан.-2 б.

Мұхамеджанова А. «Бейбіт өмірді қалайсың ба – бейбітшілікке дайындал»: «Невада-Семей» қозғалысына - 10 жыл // Егемен Қазақстан.-1999.-24 ақпан.-2 б.

Оразалин М. Халықпен бірге қайнасқан // Семей таңы.-1992.-29 ақпан.

Сағымбаева Н. Ысқақова Ғ. Зардаптарды жою үшін қажырлы күрес қажет // Сарыарқа.-1999.-1 сәуір.-8 б.

Сүлейменов О. Қашан да біргеміз: «Невада-Семей» қозғалысына қатысушыларға ашық шақыру // Заң газеті.-1999.-24 ақпан.



28 ақпан Белгілі журналист қаламгер Дәулет Сейсенұлының туғанына 65 жыл (1949)

Жазушы-журналист Дәулет Сейсенұлы 1949 жылы 28 ақпанда Семей облысының Абай ауданы Саржал ауылында туған. 1971 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Облыстық «Семей таңы» газетінде, облыстық партия комитетінде қызмет атқарған. 1983 жылдан бері республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Семей өңірі бойынша тілшісі. Осы жылдарда "«Ақиқат"»журналында, еларалық "«Заман Қазақстан», облыстық әкімшілікте қызмет істеген.

Ол «Жұлдыздар сөнбейді» атты әңгімелер жинағының, «Қазақтың саны қанша», «Семей елі, Семей жері», «Шежірелі Шыңғыстау» атты деректі кітаптардың авторы. 2007 жылы қаламгер Дәулет Сейсенұлының ғұлама ақын Шәкәрімнің туғанына 150 жыл толуына орай «Нартұлға» сериясымен жарық көрген әдеби көркем тілді ««Шәкәрім» атты ғұмырбаяндық кітабы жарыққа шықты.

Дәулет Сейсенұлы Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Семей қаласы (2001) мен Абай ауданының құрметті азаматы.

Әдебиеттер:
Сейсенұлы Д. Семей елі, Семей жері.-Семей, 2001.-400 б.

Сейсенұлы Д. Шәкәрім:Ғұмырнамалық баян.-Астана:Фолиант, 2007.-264

Ахметбекова А. Шежіреден сыр гертеді //Семей таңы.-2004.-19 қараша.-6




22 наурыз Әнші, сазгер, қаламгер Жәнібек Кәрменовтің
туғанына 65 жас (1949-1992)

Абай елінің тумасы, жезтаңдай энші, қаламгер жазушы Жәнібек Кәрменов әншілік дарынымен бала кезінен танылды. М.Әуезов туған жерге келгенде бала Жәнібек үлкен адамның батасын алған. 15-16 жасында әйгілі ән дүлділі Ж.Елебековтің назарына ілігіп, Алматыдағы өнер студиясына қабылданады. Бірақ белгілі бір себептермен оқудан шығып қалады. Кейінен ішкі істер министрі Ш. Қабылбаевтың араласумен оқуға қабылданады. Жүсіпбек Елебековтің төл шәкірті бола жүріп, қайта өмірге әкелді.

Жәнібек репертуарының бас арқауы - Ақан, Біржан, Мәди, Естай, Әсет, Кенен эндері. Ол шырқаған «Әудем жер», «Балқадиша», «Жанбота», «Жамбас сипар», «Інжу маржан», «Үш қара» т.б. әндері әншінің орындауындағы жоғалмайтын, ұрпақтан-ұрпаққа кететін қазына.

Консерваторияда халық әндері кафедрасына басшылық жасай жүріп, Жәнібек талай таланттың бағын ашты.

Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, республиканың еңбек сіңірген әртісі Жәнібектің артында қалған мұрасының бірі - өзі құрастырған қазақ әндерінің екі томдық антологиясы. Сондай-ақ әр жылдары жазылған «Ақылбайдың әні», «Махаббат әні», «Ғашықтық тілі» атты үш кітабі бар. 1992 жылы 22 маусымда көлік апатынан қайтыс болды.

Әдебиеттер:


Кәрменов Ж. Ойламандар жігіттер: (Өлең) // Арна.-2000.-11 ақпан.-14 б.

Кәрменов Ж. Теңбілкөк: (Әңгіме) // Жалын.-1999.-№ 5-6.-115б.

Айтқаным Әнші рухы мәңгі тірі // Семей таңы.-1999.-3 маусым.

Алпысбаев Қ. Төл бойы тұнған өнер // Егемен Қазақстан.-199.-2 маусым

АхметбековаЛ. Нұр жауған күн: Ән жұлдызын еске алу кешінен // Семей таңы.-1997.- 22 сәуір.

Әзберген Л. Әнші еске алды: ( Жәнібекке арналған ән кешінен) // Семей таңы.- 1999.- 6 мамыр.

Жеңісұлы Е. Жәнібек – жастық // Жас алаш.- 2000.- 22 ақпан.

Иманғали М. Асық ойнағаннан гөрі асыл сөзді тыңдауға ынтық болыпты немесе Жәнібек Кәрменов туралы не білеміз? // Дидар. - 2012. - 30 наурыз. - Б. 20-21.

Кәрменов Жәнібек (дүниеден өткені туралы мақала) // Жас алаш.- 1992. – 26 маусым.

Қауғабай О. Өмірден жанып өткен Жәнібек: (әншіге 50 жыл) // Қазақстан мұғалімі.- 1999. – 31 наурыз.

Мұса Ә. Үнің кетпес құлақтан // Стол. Обозрение. – 1999. –12 наурыз.

Сағымбаева Б. Рухымның сынарындай еді // Жас алаш.-2000.-11 шілде.

Сегізбай К. Ән-адам // Стол. Обозрение. – 1999.-15 қантар.

Сейсенұлы Д. Әз-Жәнібек: яки ән дүлдүлінің өмірден озғанына он жыл // Семей таңы.- 2002.- 21 маусым. – Б. 4.

Сейсенұлы Д. Ән-домбыраның оралуы:[дәстүрлі әнші Жәнібек Кәрменовтің домбырасы жайлы] // Егемен Қазақстан. - 2012. - 12 мамыр. - Б. 7.

Тұраров М. Жәнібек Кәрменовке тәнті болдық // Семей таңы. - 1988.- 17 қыркүйек.



10 мамыр Абай атындағы қазақ сазды драма театрының

негізі қаланғанына 80 жыл (1934 жыл)

1917 жылы жазушылар М.Әуезов пен Ж.Аймауытовтың ұйымдастырумен Ойқұдықта тұңғыш рет сахна шымылдығы «Еңлік-Кебекпен» ашылған болатын. Осыдан кейінгі қойылымдар Семей театрының жол басы болды.


1920 жылы жазушы М.Әуезовтың қолдауымен «Ес-Аймақ» деген атпен алғаш ағарту қоғамы жұмыс жасаған. Осы «Ес-Аймақтың» алғашқы мүшелері: Ғалиакпар Төребаев, Уәли Тұрлыбеков, Ахмет Әуезов, Сәруа Арықовалар болды. Қоғамның негізгі мақсаты- қазақ мәдениетін көтеріп, халыққа эстетикалық тәрбие беру болды.

Театрдың алғашқы орындаушылары талантты әншілер: Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Жүсіпбек Елебековтер болды. Әдебиет пен өнер босағасын алғаш аттаған ұлттық театрымыздың тұңғыш ірге тасын қаласқандардың бірі: «Қазақтың Станиславскийі» атанған Жұмат Шанин болды.



1934 жылы «Ес-Аймақ» негізінде құрылған Семей театры І.Жансүгіровтің «Кек» атты пьесасымен өзінің алғашқы шымылдығын ашты. Оның тұңғыш режиссерлығына Ғалиакпар Төребаев тағайындалады. Бұл кездегі талантты актерлер: С.Қыдыралин, Ш.Мусин, Х.Байырманов, Н.Атаханов т.б. болды.

Репертуарда: Б.Майлинның «Шұға», М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек», «Айман-Шолпан», Ғ.Мүсіреповтың «Қыз Жібек» сияқты тамаша классикалық туындылары болды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында театр труппасын Л.В.Леонов деген театр маманы басқарды. Бұл жылдары соғыс тақырыбына жазылған М.Әуезовтың «Сын сағатта», К.Симоновтың «Орыс адамдары», «Малиновкадағы той» т.б. спектакльдері сахналанды.

Театр халыққа өнер көрсеткеннен бастап, көп жылдар бойы режиссер болып талантты актер Б.Омаров тағайындалды. Осы кезде классикалық шығармаларды терең игеруге, сол кездегі заман тақырыбына жазылған пьсаларды қоюға көбірек назар аударылды.

Онан кейін де театр ісін жалғастырушы терең білімді режиссерлер Е.Обаев, Ш.Кәрібаев, Ш.Зұлқаш сияқты өнер тарландары мәдениет саласында өзіндік із қалдырды.

Шығармашылық коллективтің құрамында сахна шебері дәрежесіне дейін көтерілген Қазақстанның Халық әртістері және еңбек сіңірген әртістері Р.Есімжанова, Ж.Сәкенова, Г.Әбдірахманова еңбек етті.

Дара тұлғалар К.Сәкиева, Ә.Жаңбырбаев, Т.Иісова, Б.Имаханов, Ш.Бахтинова т.б. өнер саңлақтарымен бірге кейінгі жас буын еңбек етуде.

2002 жылы Египет Араб мемлекетінің астанасы Каирде өткен 14-халықаралық фестивальда Ш.Айтматовтың «Боранды бекетін» қойып, үлкен шығармашылық табыспен оралды.

Абай атындағы қазақ музыкалы драма театры әлемдік және еліміздің талай-талай классикалық драмаларын сахнасында түлетіп, өнер сүйер қауымның әлденеше буынына рухани нәр берген айтулы ұжымның бірі.

Әдебиеттер:


Азаматов А. Бас төреші – көрермен /Әңгімелескен А.Сапышев. // Ертіс өңірі.-2005.-15 қыркүйек.-5 б.

Қамбаров Ж. Сан сырлы сахна: (Абай атындағы қазақ музыкалы драма театрына – 70 жыл).-Алматы: ҚАЗақпарат, 2004.-260 б.

Қожаев Қ., Ізғұтдинов М. Мерейтой ізеттері. Жетпіс жылдың жемістері // Ертіс өңірі.-2004.-28 қазан.-3 б.

Кәрібаев Ш. Құлаш-құлаш монологтардың заманы өткен // Семей таңы.-2001.-9 ақпан.

Қамбаров Ж. Өнердің қара шаңырағы // Ертіс өңірі.-2005.-31 наурыз.-5 б.

Сейсенұлы Д. Халің қалай, өнердің қара шаңырағы? // Дидар.-1999.-19 қазан.



20 мамыр Ақын Қашаф Туғанбаевтың туғанына 90 жыл (1924-1993)
Кезінде қазақтың Маяковскийі атанған, қайнардың тумасы, өзінің саяси-әлеуметтік өлендерімен қалың оқырманды баурай білген ақын, драматург Қашаф Айтжанұлы өмірінің нағыз жемісті кезендерін Семей таңы газетінің редакциясында өткізді.

Ол ақын ретінде республика жұртшылығына ерте танылды. «Жұлдыз» журналы мен «Қазақ әдебиеті» газетінде өлең, дастаны басылып жүрген ақын 1958 жылы «Партбилет» кітапшасы басылысымен жұртшылық назарын бірден өзіне аударды. Өткір де өршіл, жүрек қылын тебірентетін нәзік те сыршыл өлендер оқырман көңіліне дөп тиді.

Ақынжанды ақындар Қашафтың келесі өлендер жинағын асыға күтті. Бірақ ақынның екінші өлеңі 21 жылдан соң 1979 жылы шықты. Өлендерінің көпшілігі Маяковский үлгісімен - әр жолы бөлшектеніп жазылған.

Қашаф ақындық өнермен ғана шектелмей, драматургиямен шұғылданды. Соның дәлелі ретінде «Қызыл Қатыран» деген пьесасы бірінші рет Семей облыстық театрында қойылып, көрермендердің жоғары бағасын алды. Бұл шығармасында ауыл шаруашылығын коллективтендіру мәселесін негізге ала отырып, сол кездегі ел өмірін бейнелейді.

Қашаф Туғанбаев біраз жыл Абай мұражайын басқарып, театрда әдеби кеңесші болып та қызмет атқарды. Сөйтіп, облыс мәдениетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырды.

Әдебиеттер:


Туғанбаев Қ. Ауылым менің осындай // Ертіс.- 1966. – 26 февраль

Туғанбаев Қ. Даланың қожасы: (өлең) // Семей таңы. – 1978. – 20 сентябрь.

Туганбаев Қ. Жеңіс, бейбітшілік, сәби: (Өлеңдер) // Семей таңы.-1982.-8 май.

Туғанбаев Қ. Қайнар сағынышы: (Өлең) // Семей таңы.-1975.-3 января

Туғанбаев Қ. Новосибирск. Мен Советтің тумасы. Қосылайық домбырам: (Өлендер) // Семей таңы. – 1979. – 13 апреля

Туғанбаев Қ. Партбилет: Өлендер жинағы. –Алматы: ҚМКӘБ, 1958. – 49б.

***

Алексеев Н. Бір беттен қайтпаған: (Естелік) // Семей таңы. – 1994. – 21 мамыр.



Имаханов Б. Ақылшы ағамыз еді: (Естелік) // Семей таңы. – 1994. – 26 ақпан.

Қабылбаев С. Асылдың сынығындай жарқылдаған: (Қ.Туғанбаевтың туғанына 70 жыл) // Семей таңы. – 1994. – 21 мамыр.

Сапаев Ғ. Асылдың сынығындай жарқылдаған: (Ақынның туғанына 70 жыл) // Семей таңы. – 1994. – 26 ақпан.

24 шілде Өлке зерттеушісі, кітапханашы Н.Я.Коншиннің туғанына

150 жыл (1864-1937)
2009 жылы 27 шілдеде өлкетанушы, тарихшы, энограф, мұрағатшы, ғалым Н.Я.Коншиннің туғанына 145 жыл толды. Николай Яковлевич Коншин – Семей өлкесіне бай мұра қалдырған, Семей қаласы мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан, жан-жақты , талантты адам. Оның мінезінен адалдық, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді көруге болады. Ол қазақ халқының адал досы болды.

Н.Я.Коншиннің жалпы зерттеу жұмыстары Семей өлкесіне арналды. Мысалы, «Положение перселенческого дела и переселенцев в Степном крае», «О памятниках старины в Семипалаитснкой области», «Очеркэкономического быта киргиз Семипалатинской области», «Жандармские наблюдения за семипалатинскими чиновниками», «Заметка об одном киргизком джуте», «К истории открытия Кокпектинского округа» және т.б.

Зерттеуші белсенді қызметі үшін, орыс географиялық қоғамы императорының медалімен марапатталды. Н.Я.Коншин бірнеше жыл Семей қалалық думасының мүшесі болды. Ол Семей бөлімшесіндегі Батыс-Сібір қоғамында қызмет атқарды және Семей губерниялық мұрағат қорының бірінші меңгерушісі болды. Қызмет барысында ол мұрағатта сақталған құжаттарға каталог жасады. Каталогқа Ертіс аймағында тұратын ұлт өкілдері туралы ақпаратты өлкенің тарихы туарлы мәліметтерді енгізіп отырды.

Танымал зарттеуші Н.Я.Коншиннің еңбектері шығыс Қазақстан тарихы, географиясы, этнографиясында негізгі тарихи құндылық болып табылады (Архив құрастырған буклет бойынша, 2009)



29 мамыр Ұстаз, Еңбек Ері Жақия Шайжүнісовтің туғанына 100 жыл

(1914-1995)

Жақия Шайжүнісов 1914 жылы Абай ауданының Күлмен селосында туған. 1961 жылдан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, 1968 жылдан Социалистік Еңбек Ері, ұлағатты ұстаз. 1953 жылы Семей педагогикалық институтын бітіргеннен бастап бүлдіршіндерді азаматтық жолда тәрбиелеуде аянбай еңбек етті. 19 жасында-ақ Көкпекті балалар үйіне тәрбиеші болып келген уыз жас аз уақытта өзін-өзі көрсете білді. Қам көңіл балалардың жай-күйін жан жүрегімен сезінген парасатты азамат жас болса да жауапкершілікті сезіне білді.

1933 жылдан бастап қырық жылдай Көкпекті балалар үйінің оқу ісінің меңгерушісі, директоры қызметтерін атқарды. Ол келешек ұрпаққа педагогикалық, рухани мұра қалдырды. Сондықтан, 1994 жылы облыстағы балалар үйлері ұжымдары өздерінің 80 жылдығына орай өнегелі ұстаз Жақия Шайжүнісовтің педагогикалық және философиялық мұрасына арналған «Социалистік Еңбек Ері Жақия Шайжүнісовтің педагогикалық және рухани философиялық мұрасы» атты ғылыми-теориялық конференциясын өткізді. Тәжірибелі маман облыстағы балалар үйлері басшыларының арасында кезінде тұңғыш Социалистің Еңбек Ері деген атаққа ие болды, сондай-ақ ол «Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі» құрметті атағының иегері.

Көкпекті балалар үйі кезінде тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл Одақтағы ең үлгілі балалар үйі ретінде екі рет Бүкілодақтық көрмеге қатысты, алтын медальмен марапатталды.

Ғұмыр бойы жетімдерге қамқоршы болған, үлкен жүректі ұстазды еске қалдыру мақсатында Семей қаласында өзінің тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатып, орталық көшелердің біріне есімі берілді және педагог атындағы қайырымдылық қоры құрылды.
Әдебиеттер:
Асылжан П. Ізгілік нәрін сепкен: Ж.Шайжүнісовке – 90 жыл // Семей таңы.-2004.-7 мамыр.-6 б.

Рамазанов С. Ұрпаққа аманат.-Алматы: Қазақстан,1997.-208 б.

Сағынаев О. Ұстаз асулары //Семей таңы.-1982.-4,8,10 маусым

Сәрсекеев М. Жомарт жүрек //Семей таңы.-1968.-11 маусым.


30 мамыр Байланыс музейінің негізі қаланғанына 25 жыл (1989)
Қаладағы тұңғыш техникалық музейдің негізі 1989 жылы 30 мамырда қаланған. Музей 1999 жылдың 17 мамырында Семей қалалық атқару комитетінің шешімімен тарихи ескерткіштер архитектурасын сақтаудың мемлекеттік қарамағына берілді.

Музейдің мақсаты – Қазақстан Республикасында байланыс саласының тарихы мен дамуын көрсету. Музей өлкетанушы, еңбек ардагері В.И.Лушниковтың бастамасымен құрылған.

Музей экспонаттарының бөлімдері: өлкетану, почта байланысы, телеграф байланысы, телевидения және радио байланысы. Мұндағы Ұлы Отан соғысы кезінде алынған американдық жабдықтар ХІХ-ХХ ғасыр аралығында жұмыс істеген.

Экспозицияның бірінші бөлімінде қаланың тарихынан мәліметтер беріледі. 1865 жылы император Александр ІІ-нің жарлығымен салынған қала бекінісі, тұңғыш құрылыстары жайлы мағлұматтар алуға болады. Байланыс бөлімі – бай құжаттармен, суреттермен таң қалдырады. Телеграф бөлімі- ХІХ ғасырдағы атақты Морзе телеграф аппаратымен таныстырады. Бірінші рет Семей қаласына 1872 жылы келді.

Радио байланыс және телевидение бөлімінде – Семейдегі бірінші радио студиясы мен аппараттары туралы суреттермен танысуға болады.

Телевидение экспозициясынан сирек кездесетін экспонаттың бірі – төрт есе үлкейтіп көрсететін 1949 жылғы линзалы телевизорды тамашалауға болады.

Сонымен қатар байланыс саласының майталман еңбек ардагерлері туралы фотосуреттер мен құжаттары сақталған. Байланыс музейі өз өлкесін сүюге тәрбиелей алатын үлгілі орын. Мұнда жал сайын мектеп, колледж оқушыларымен, қала азаматтарымен экскурсия өткізіледі. Музей тарихымен Ресей, Германия және Швейцария қонақтары да таныс. Музей қаланың саяси өміріне белсенді араласады.
Әдебиеттер:
Жанболатов А. «Спаси и сохрани...»: (Музею связи – 10 лет) // Семипалатинские вести.-2002.-7 июня.-4 с.

Мухаметкалиева А. Музею связи нужна помощь // Спектр.-2002.-26 апреля.-6 с.

Пархоменко Е. И один в поле воин... // Арна.-2006.-27 апреля.-6 с.

Чернова П. Семипалатинскому музею связи – 10 лет // Наука и высшая школа Казахстана.-2002.-15 с.




5 қараша Семей ет комбинатының қосылғанына 80 жыл (1934)

Семей ет-комбинатының құрылысы 1931 жылы басталып, 1934 жылы 5 қарашада іске қосылуы салтанатты түрде ашылып, жұмыс істей бастады.Семей ет-консерві комбинатының маңызы мен роліне сол кездегі цифрлар айғақ: оның жылдық қуаты 250 мың бас ірі қара, 750 мың ұсақ мал және 500 мың шошқаны сатып өңдеу болатын. Комбинаттың маңызы артып, ТМД елдерінде қуаты үшінші, Қазақстанда бірінші орында болып, техниканың ең соңғы жаңалықтарымен жабдықталды. Ұлы Отан соғысы жылдарында қиын-қыстау шақта аянбай еңбек етіп, 1944 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен, 1976 жылы ауыспалы Қызыл тумен марапатталды.

1992 жылы комбинат «Сарыарқа» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. Оның құрылтайшылары ет-консерві комбинаты, мемлекеттік мүлік жөніндегі облыстық комитет және «Индустриальный», «Буденный» атындағы, «Коростель» совхоздары мен «Рассвет» колхозын жекешелендіру ҚР Президентінің 1992 жылғы 8 ақпандағы Жарлығына сәйкес жүргізілді.

Әдебиеттер:


Доғалақов А. Ауыл өнімін арттырудың жолдары // Ертіс өңірі.-2011.-2 наурыз.-5 б.

Мұхамедова Р. «Семей ет комбинаты» ЖШС жұмыс істей бастады // Семей таңы.-2004.-9 сәуір.-6 б.

Нұғманбекова Р. Семейдің ет комбинаты қайтадан атын әйгілемек // Дидар.-2004.-11 желтоқсан.-2 б.

Өз тауарын өндірушілерімізді тани білейік // Семей таңы.-2004.-17 қыруүйек.-3 б.



4 желтоқсан «Семей таңы» газетінің шыға бастағанына

95 жыл (1919)
Семей қаласында 1919 жылдың 4 желтоқсанында шығып тұрған «Қазақ тілі» газеті Семейдің Ертіс өңіріне Кеңес үкіметі мен Коммунистік партияның бағыт-бағдарын, үндеуін жеткізуші болып қана қоймай, халықтың болашағы үшін қажетті жаңа өкіметтің саясатын оңды жеткізіп тұрды. Газеттің алғашқы бас редакторы болып белгілі журналист, белсенді қоғам қайраткері Мәннан Тұрғанбаев болды. Ол ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ халқының мұңын мұңдап, ұлт-азаттық қозғалысын жаңа сатыға көтерген, қазақ елін әлемдік өркениет қатарына шығаруға бар білімін, күш-жігерін жұмсаған ұлттық интеллигенция өкілдерінің қайраткері.

М.Тұрғанбаев, М.Әуезов, Ж.Аймауытов сынды қаламгерлер бастаған газеттің тағы бір айтулы ұйымдастырушысы Шаймардан Тоқжігітов болды. Мұхтар Әуезовтің қызметі Орынбор қаласына ауысқан соң «Қазақ тілі» газетінің редакторлық қызметін Ш.Тоқжігітов іскерлікпен атқарған. «Қазақ тілі» газеті көптеген баспасөз қайраткерлерінің қаламын ұштаған, қанатын қатайтқан өмір мектебі болды.

1919-1928 жылы «Қазақ газеті», 1928-1930 жылдары «Жаңа ауыл», 1930-1932 жылдары «Қызыл дала», 1932-1935 жылдары «Социалистік Шығыс», 1935-1955 жылдары «Екпінді», 1956-1963 жылдары «Семей правдасы», «Ертіс» болып өзгерді.

1966 жылдың 1 сәуірінен «Семей таңы» деген атпен Семей облыстық, қалалық комитеттердің және еңбекшілер депутаттары, облыстық Советінің органы ретінде шыға бастады. «Семей таңы» газеті аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын саралап, облыстық, қалалық әкімшілік зер салған мәселелерді көтеріп, Семей аймағының сан-салалы шежіресін толғады. Бұл күнде есімі республикаға танымал ақын-жазушылар Медеу Сәрсеке, Ғазиз Сапаев, Ақылбек Манабаев, Роллан Сейсенбаев тағы басқа қаламгерлер осы басылымда өздерінің еңбек жолдарын бастаған.

2008 жылдың 28 маусымы күні «Рухани және адамгершілік мәселелері» номинациясы бойынша журналистиканы дамытуға айрықша үлес қосып, осы тақырыпқа көптеген құнды материалдар жариялағаны үшін «Семей таңы» газеті облыс әкімі сыйлығының арнайы дипломымен марапатталды.
Әдебиеттер:
Молдашева Р. Қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығашы: "Қазақ тілінен" "Семей таңына" дейінгі бас редакторлар / "Семей таңы" газетінің бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты // Семей таңы. - 2009. - 3 желтоқсан. - 3 б.

Мұсаұлы Ы. "Семей таңы" - ұшқан ұям: газет не туралы не жазып еді? // Семей таңы. - 2009. - 3 желтоқсан. -4 б.

Сәрсеке М. Газетпен бірге есейдім // Семей таңы. - 2009. - 3 желтоқсан. -5 б.

Исаханов І. Алаштан қалған сарқыт еді // Семей таңы. - 2009. - 3 желтоқсан. -6 б.

Нәсенов Б. Екпіндіде еңбек еттім // Семей таңы. - 2009. - 3 желтоқсан. -12 б.

Сейсенұлы Д «Семей таңының" шекпенінен шыққандардың біріміз // Семей таңы. - 2009. - 3 желтоқсан. – 12 б.

Сайлаубаева Н. "Қазақ тілі" газеті - кеңестік Қазақстандағы ұлттық басылым "Қазақ тілінің" белді авторлары туралы // Семей таңы. - 2009. - 3 желтоқсан. – 13 б.

Сағимұрат, Е. Ақ таяғыма сүйеніп, "Семей таңының" соңынан еріп келемін: (Газет құрдасы, өнер майталманы К.Сәкиева газет туралы) // Семей таңы. - 2009. - 3 желтоқсан. -14

Чушекова Ж. Екпінді газетінің майдан хабарлары// Семей таңы. - 2010. - 6 мамыр. -3 б

16 желтоқсан КСРО және Қазақстанның Халық әртісі,

Еңбек Ері Бибігүл Төлегенованың туғанына

85 жыл (1929)
Бұлбұл үнді күміс көмей әнші Бибігүл Ахметқызы Төлегенова 1929 жылы 16 желтоқсанда Семей қаласында дүниеге келді. Әйгілі әнші өнер жолын қаламыздағы ет-консерві комбинатында қатардағы жұмысшы бола жүріп көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысудан бастады. Әншінің өнер жолына бағыт сілтеп жол салған, Семейге жер аударылған жазушы Галина Серебрякова мен жетекші ұстазы, Халық әртісі Надежда Самышина болды.

Әнші репертуарындағы Л.Хамидидің «Қазақ вальсі», Е.Брусиловскийдің «Қос қарлығаш», М.Төлебаевтың «Еске алу» және Батыс Еуропа композиторларының шығармаларынан вальс, романс, арияларын жоғары деңгейде орындады. Республикалық радиодан ән шырқау кезеңінде өткерген 1951-1953 жылдар аралығында Бибігүл әншілігін насихаттай жүріп, 1954 жылы Қазақтың Мемлекеттік консерваториясын бітірген соң, Қазақтың Мемлекеттік академиялық опера және балет театрына солист болып қызметке тұрады. 1958 жылы Москва қаласында қазақ өнерінің онкүндігінде әншілік биігінен көрініп, сол жолы Қазақ ССР халық артисі атанады. Әнші Ленин ордені мен Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1966), СССР халық артисі (1967).

Халық бағасына әлдеқашан ие болған Социалистік Еңбек Ері (1991). 1968 жылы Семей қаласының 250 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өткізілгені тарихтан белгілі. Осы шараға КСРО Халық артисі Бибігүл Төлегенова да белсене қатысып, үлкен концерттік бағдарламасымен шығып халық алғысына бөленді. 1968 жылы шілде айында «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.


Әдебиеттер:


Байсымбек Ж. Еліңе жасаған жақсылығыңды көрсете біл: Әншімен сұхбат. // Дала мен қала.-2008.-1 ақпан.-12 б.

Бибігүл:муз.М.Егінбаевтікі; сөзі:Б.Тікебаеванікі // Мәдениет.-2013.-№ 3.-65 б.

Жақсыбаев Д. Өнерімен өрілген өмір // Ертіс өңірі.-2005.-17 ақпан.-18 б.

Төлегенова Б. «Мен бақытымды сәтсіздіктерімнен таптым»: Әңгімелескен А.Мантаева // Қазақ әдебиеті.-2007.-9 наурыз.-4 б.

Төлегенова Б. Халық махаббаты әрқашан сақталады: Әңгімелескен Г.Рақымжанова // Ертіс өңірі.-2004.-15 сәуір.-18 б.

Төлегенова Б. Сөйлегеннен бұрын ән айтуды үйренген екем // Дидар.-2009.-7 қазан.-5

Ыдырысов Қ. Бибігүл әні: (Өлең) // Семей таңы.1968.-2 март.-4 б.


20 желтоқсан Ақын Ақылбек Манабаевтың туғанына 80 жыл
(1934-1984)
Ақылбек Манабаев 1934 жылы 20 желтоқсанда Шығыс Түркістанның Қараүңгір ауылында қарапайым отбасында дүниеге келді. Сонда оқу бітірген соң «Тарбағатай» газетінің редакторының орынбасары болып қызмет еткен. 1962 жылы Үржар ауданына келіп жұмысшы, кітапханашы, «Алға» газетінде журналист болып еңбек етті.

1967 жылдан өмірінің соңына дейін «Семей таңы» газеті редакциясында әдеби қызметкер болды.

Семейлік ақындар ортасында Ақылбек Манабаев толғаныс, тебіренісі майда, ырғақты, нәзіктікпен, жұмсақтықпен тіл қатып, сырласар сипатымен ерекшеленеді. Ақынның таланты ана сүтімен дарыған тума талант. Анасы Бәтиманы ауыл арасындағы той-жиынға қос атпен алдыратын. Ақылбек сол анасынан нәр алған еді. Ақынның «Жазира», «Самал сазы», «мәуелі бәйтерек», балаларға арналған «Алтын мен көпір», «Тау тескен» атты кітаптары өзі барда жарық көрді.

«Анама хат», «Жүрек сөйлейді» кітаптары қайтыс болғаннан кейін жан жарының араласуымен жарық көрді. Ақын-көпшілік өлендерінде нақыштың нәзіктігіне, сүйріктігіне сүйінгіш, солардан сыр түйгіш қаламгер. «Жазира» атты кітабы сияқты «Самал сазы» да өмірге іңкәр құштарлықпен жазылған. Ақылбек Манабаевтың жазған жырларынан табиғат тамашалары кең орын алады. Сонымен қатар өзінің тұстастарына қарағанда қазақ тілінің өзіне тән поэтикалық-этнографиялық сөздік қоры бай. Ақын ежелгі ізгі дәстүрді де орынды ұстанады. Көп жастардың аузына түсе бермейтін тұрмыс-салтта қалыптасқан бұйымдар мен заттық теңеу, баламаларды жиі қолданады. «Самал сазы» атты жинағына кірген екі баллада аңызға құрылған. 1989 жылы шыққан ақынның «Жүрек сөлейді» атты кітабына негізінен ең таңдаулы өлеңдерді мен балладаларды, «Чили балалары» атты поэма енді. Өміршең де өрелі өлең жолдарынан ақын жанының тынысы, дүрсілі аңғарылады.
Әдебиеттер:
Манабаев А. Арман дүние.-Астана: «Фолиант», 2004.-93 б.

Ахметбекова А. Жырынан самалдай саз төгілткен: («Семей таңының» 80 жылдық мерейтойына орай ақынның журналистік қызметі туралы) // Семей таңы. – 1999. – 24 маусым.

Манабаева Р. Ақылым-асылым өзі: (Зайыбының естелігі) // Семей таңы – 1994. – 8 қараша.

«Семей таңының» ардагері Р.Манабаева 70 жаста // Семей таңы.-2012.-1 мамыр.-3 б.

Ибрагимов Т. Қос қоңыр: (Ақындар А.Манабаев пен М.Ибраев туралы) // Семей таңы.-2002.-27 қыркүйек.-3 б.

Сапаев Ғ. Арман туған азамат еді: (Ақынның 65 жасқа толуына орай) // Семей таңы. – 1999. – 23 желтоқсан.




24 желтоқсан Ақын Төлеген Жанғалиевтың туғанына 65 жыл (1949)
1949 жылы Абай топырағында туып өскен ақын Төлеген Жанғалиев алып бабаларының атына сай азамат болуды талабымен ғана емес, тартымды туындыларымен таныта бастаған талант. Жерлес ақынымыздың 2-3 жинағы баспадан шыққан, сол кітаптарымен өлең көкжиегін кеңейтіп, мәртебесін биіктетуге күш салғанға лирик ақын. 1980 жылдары шыққан «Шыңғыстау шындығы» кітабының өзі поэзиямызға өзінше бір тірек бола алатын таланттың келгенін хабардар еткен еді. Жинақ үш бөлімнен: өлеңдер, балладалар, дастандар. Ақынның айта білу шеберлігін әсіресе баллаладалары айғақтайды. «Ақ арба», «Апамның әңгімесі», «Намыс», «Ақ бантик», «Көрші кемпір», «Иіс су» балладалары үлкен қазығы іспетті. «Шыңғыстау шындығы» жинақтың алтын қазығы іспетті. Бұл шығарма Шәкәрім қажыға арналған. Осыған дейін қажы жазылған поэма, дастан, драмалармен салыстырғанда, өзіндік қолтаңбасы салған жерден мен мұндалалйды. «Атамұра» баспасынан 1998 жылы шыққан «Біз жұмаққа бармаймыз» атты кітабында қамтымаған тақырыбы, қозғамаған мәселесі кемде-кем..Оны жер мен ел мәселесі толғандырады. Әлемде жасалып жатқан іс те, қиянат пен қасірет те – бәрі де осы жинақтан орын алады.

1999 жылы «Атом мен ақын» атты жинағы полигон тақырыбына арналған. Онда ақын үні азалы:

...Ағайындар, мен атоммен туыспын,

Ол туғанда мен өйткені туыппын.

Қырық жылдай «қыңқ» демеді ол-дағы,

Қырық жылдай мен де дертпен у іштім...

Енді бүгін ер көбейіп ерінді,

Мінбелерге мініп алып көрінді,

Атомды да аластаған солар боп,

Жебеуші де солар болы жерімді, - ащы шындықты айтады.

Ұлылар бастаған көшті жалғастырып келе жатқан Төлеген Жанғалиев қазақ поэзиясында өзіндік үні бар, үнемі ізденіс үстіндегі өсумен келе жатқан ақын. Ақын өзінің шығармаларында бүгінгі өмірдің шындығын дөп басып айтады. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық Жамбыл қорының лауреаты.
Әдебиеттер:
Жанғалиев, Т. Апыр-ай, алпыс деген мына жас па? // Ертіс өңірі. - 2010. - 3 ақпан. -18
Жанғалиев Т. Ақындар жүр Ертістің жағасында…// Арна.- 2000.- 12 мамыр.- б.21

Жанғалиев Т. Жел мінез.Элегия: Өлеңдер // Дидар.- 1999.- 2 наурыз

Жанғалиев Т. Үшінші нәубет. Атом мен ақын: Өлеңдер//Семей таңы.- 1999.-15 шілде

Жанғалиев Т. Күдік. Біз. Ағайынға арыз: Өлеңдер// Семей таңы.- 1999.- 11 қараша

Жанғалиев Т. Ақын рухымен сырласу. Көр қазушыға күбір// Семей таңы.- 1999.- 28 қазан

Жанғалиев Т. «Баба» деп ат қойдым атыңды: (Өлең)// Семей таңы.- 1998.- 15 қазан

Жанғалиев Т. «Аңдар мен адамдар» атты кітаптан // Сарыарқа.- 1998.- 22 сәуір

Жанғалиев Т. Біз жұмаққа бармаймыз-ау, бармаймыз: Толғау// Семей таңы.- 1997.- 5 сәуір

Жанғалиев Т. Айырбас. Мұң тілмен тілдесем:Жаңа өлеңдер// Абай ауылы.- 1992.- 29 қыркүйек

Жанғалиев Т. Шыңғыстау шындығы: (Өлеңдер, балладалар, дастандар).- Алматы, 1992.- 11 қараша.- б.128

***

Асылжан П. Тағылым мол еңбек: Т.Жанғаливтің «Матаев» атты кітабы туралы // Семей таңы.-2009.-15 қаңтар.-2 б.



Қабиденұлы М. Өмірін өлеңмен өрнектеген // Семей таңы.- 1999.- 25 қараша

Мұратбекқызы А. Ақынмен кездесу: (Т.Жанғалиев бизнес колледж студенттерімен кездесуі туралы) // Ертіс өңірі. - 2010. - 13 қаңтар. - С. 2

Оспанов Т. Талғампаз ақын: («Шыңғыстау шындығы» кітабы туралы) // Семей таңы.- 1992.- 25 тамыз

Серікқалиұлы З. Төлеген Жанғалиев - 50 жаста // Семей таңы.- 1999.- 1 қараша.



Айы-күні белгісіз даталар:

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әйткеш Толғанбаевтың

туғанына 90 жыл (1924-1994)
Ұлылардан ұлағат дарыған киелі Шыңғыс жерінде Абай ауданының Қарауыл ауылында туған, өнердің өміршеңдігін паш еткен, өмір үшін күрескен Ә. Толғанбаев тұлғасын ұрпаққа үлгі ету біздің азаматтық міндетіміз.

Осыдан 70-80 жыл бұрын қазақ ауылында, қазақ балалары арасында скрипка аспабына құмартып, оның сиқырлы үніне жүрек тебірентіп, жан-тәнімен берілген Әйткеш 1936 жылы Алматыдағы музыкалық-драмалық техникумға оқуға түсті. Техникумның скрипка бөлімін басқарған сол кездегі алғашқы ұстазы И. А. Лесман : «Өмірде бірінші рет осындай алғыр, дарынды оқушыны кездестіріп отырмын» деп шәкіртінің талантын қатты бағалайды. Бірақ дарынды талант өнерін одан әрі ұштай алған жоқ, сұм соғыс басталды арман-мақсатына жете алмады.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы басталып, қан майданға аттанған, скрипкасын үнемі жанынан тастамаған Әйткеш Толғанбаев адам төзбес қиын жағдайларда өнердің құдіреттілігінен рухани нәр алды.Қырғын соғыста жүріп, тұтқынға түссе де күдерін үзбей скрипкасын қасынан тастаған жоқ. Берлин, Вена; Таранто, Рим қалалары мен Польша, Франция елдеріндегі тұтқындардың күшімен қойылатын концертте музыка әлемінде аттары даңққа бөленген – Бах, Моцарт, Гайдн, Бетховен, Шуберт, Верди, Поганин,Вивальди,Чайковский және тағы басқа ұлы композиторлардың классикалық шығармаларын скрипкада орындап, жауын өнер құдіретіне табындырды. Сондай-ақ қазақтың халық әндерін скрипканың сиқырлы үнімен орындау арқылы туған жерге сүйіспеншілігін көрсетіп, жауынан кек алды.

Соғыс біткен соң 1945 жылы Рим елшілігінде қызметке қалдырылды. Бірақ дарынды музыкант ондағы қарыны тоқтыққа салынбай, туған жерге сағынышты шыдатпай Отанына оралды. Бірақ туған жері оның асыл арманын көкке ұшырып, «қылмыскер» ретінде 25 жылға сотталды. Түрмеде адам шыдай алмастай жан-түршігерлік оқиғалардың куәсі болған Әйткеш онда да скрипкасын тастаған жоқ. Өмірлік серігі болған скрипкасының арқасында аман-есен босап шыққан музыкант еркіндікке шыққаннан кейін де тағдыры атлқыға түсіп, қиыншылық көрді. Жазықсыз қуғынға ұшыраған Әйткеш денсаулығынан айрылса да шындық іздеуден жалықпай, ақыры еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Президентіміз Н.Назарбаевқа өтініш жазғаннан кейін ғана ақталды.

Өмірін күреспен өткізген, өз өмірін халқына арнаған батыр ағамыздың «Қатал тағдыр тәлкегі» атты деректі повесі сол қатал өмірінен сыр шертеді.
Әдебиеттер:
Ахметбекқызы А. Европаны тамсандырған азамат // Семей таңы.- 1997.- 31 маусым.

Жанғалиев Т. Ажалмен бетпе-бет: (Ә. Толғанбаевтың «өмір-дастан» атты кітабы хақында) // Семей таңы.- 2001.- 7 қыркүйек.- б.5

Жәкеева Г.С. Бағалы ердің бағасына жетейік: (Ә. Толғанбаевтың туғанына 80 жылдығына орай) // Ертіс өңірі.- 2003.- 14 ақпан7

Кәкен А.Қазақтың Паганиниі: қазақтың тұңғыш скрипкашысы Ә.Толғанбаевқа - 90 жыл // Семей таңы. - 2012. - 28 тамыз. - Б. 5

Рысбекұлы, А."Музыкант" деректі фильмінің тұсакесері // Семей таңы . - 2012. - 9 қараша. - Б. 7

Толғанбаев Ә. Қатал тағдыр тәлкегі.- Алматы, Ана тілі,2001.- 133 б.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет