Тәрбие сағаты 7 «Б» сыныбы Сынып жетекшісі



бет1/2
Дата09.12.2023
өлшемі299.87 Kb.
#486013
  1   2
бір отбасы бір кітап


Ж.Ташенов атындағы №68 ЖББОМ

«Бір отбасы–бір кітап»
(«Балалар кітапханасы» жобасы)
Тәрбие сағаты
7 «Б» сыныбы
Сынып жетекшісі: Қанашева Ұлданай Маратқызы

2023 жыл
Қалалық «Бір отбасы-бір кітап» қалалық акциясын өткізу туралы ережені негізге ала отырып,мектебімізде осы шараға байланысты жоспар жасалды.


Акция ұраны:«Күш - білімде, білім - кітапта», «Ұлы істер - отбасынан басталады» , «Кітап-ғылым-тілсіз мұғалім», «Отбасымен бірге оқимыз!», «Отбасы - біздің шамшырағымыз, Кітап - біздің ұстазымыз», «Кітап маған тақтан да қымбат».
Акция мақсаты: Оқуға деген қызығушылықтың төмендеуіне байланысты жалпы қоғамның назарын аудару, жеке тұлға қалыптастыруда кітаптың рөлі, оқу мәдениетін дамыту және қолдау.
Акция міндеті:

  • көркем әдебиетті қызыға оқитын, оқырман аудиториясын кеңейту;

  • оқу мәртебесін арттыру;

  • туған өлкеге деген жасөспірімдердің, ата-аналардың патриоттық сезімдерін арттыру, көркем әдебиетті оқу арқылы рухани және адамгершілік әлеуетін дамыту;

  • оқуды қолдау мақсатында жалпы қоғамдық қозғалыс ұйымдастыру,отандық әдебиетке деген құрметті арттыру;

  • дәстүрлі ұжымдық және отбасылық оқуды жандандыру, мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайту.

Отбасымен бірге оқимыз
Қазіргі кезде барлық жанұя отбасы болып бір кітапты оқи ма? Қазір үлкендердің барлығы өз қамдары мен мәселерінен босамағандықтан, отбасылық оқу деген түсінік біз үшін тіпті жат болып кетті. Әрине бұрын теледидар, компьютерлер болмайтын, кешке адамдар бос болатын және кітаптардың аздығынан ба, бір кітапты отбасы болып барлығы бірге дауыстап оқитын. Ал қазір болса барлығы өз істерімен айналысады, біреуі теледидар қарап, екіншісі компьютерде ойын ойнайды да, отбасымен кітап оқуға уақыт емес ниет жеткіліксіз болып кетті.
Мүмкін отбасымен кітап оқудың қажеті жоқ шығар? Әркім өзіне ұнаған кітапты оқысын. Естеріңізде болса, кітап оқуды үйренгенде көп ата-аналар қуанып, бала анасынан кітап оқып беруді сұраса, сен енді өзің оқи аласың ғой деп жауап беретін. Сондықтан да бала кітапты бөлмесінде өзі оқитын.
Алайда ата-аналар баланың ұзақ және мәнерлеп оқи алмайтынын жиі ұмытады. Сол себепті ол оқыған мәтіннің бір бөлігін ғана түсінеді. Ең бастысы, ол кітап оқығаннан еш ляззат алмайды, таныс емес көп сөздерден тез шаршайды да, кейін ол кітапты қолына алғысы да келмейді. Содан соң ата-аналар неліктен бала кітап оқығанды ұнатпайды деп алаңдай бастайды, кейін баланы кітап оқуға мәжбүрлейді. Ондай жағдайда бала мүлде кітап оқығанды жек көріп кетеді.
Егер уақытыңыздың күніне 20-30 минутын баланы кітап оқытқызуға ыңталаңдырып, оның кітап оқуға деген қызығушылығын оятуды дағдыландырсақ, осындай жағдайдың алдын алуға болушы еді.
Сондай-ақ, бала кітапты оқу барысында оның мағынасын толық және уақытында түсінбеуі мүмкін. Сондықтан да ол оның бар мәнін дұрыс ұқпайды, оқығаннан жалығып, тез шаршайды. Кітап оған түсініксіз болады немесе оқығанды мүлде басқаша түсінеді. Содан кейін ол кітапты тағы да қызыға қолына ала ма?
Неліктен ертеде барлық үлкен адамдар, апалар, аталар бос уақыттарында кітап оқыды? Себебі балалық шақтарында кітапты үлкендермен бірге оқығаннан болар. Өйткені ол кезде барлық отбасыларда кітапты жанұямен бірге оқуға уақыт бөлінетін. Мүмкін бізге де балалармен бірге, отбасымен кітап оқуды дәстүрге айналдыруымыз керек шығар?
Отбасылық оқу сізге және балаңызға не береді? Соны ойлап көрейікші.
• балаңызға байқатпай және мәжбүрлемей, оның кітап оқуға деген қызығушылығын оятасыз. Балалар үлкендердің кітап оқитынын, оны бір-біріне және балаларға айтып түсіндіруін жиі көреді. Ал балалар болса, көп жағдайда үлкендердің не айтатынын емес, не жасайтынын еске сақтайды.
• сіз балаңызға кітапты қалай дұрыс оқу керек екенін, оқу мәдениеті үлгісін үйретесіз.
• сіз балаңызға оқылған мәтіннің мағынасын оған мәтін бөліктерінен сұрақ қоя отыра түсінуін жеңілдетесіз. Түсініксіз сөздер мен ұғымдар мағынасын ашып бересіз. Күлкілі оқиғаларға назарын аударасыз.
• балаға оқылған кітаптың жасырын мағынасынан оқиғаны дұрыс түсінуіне қажетті бағдар бересіз.
• балаға мәтіндегі әрбір ұсақ-түйекке көңіл бөліп, себепті-іздеу байланысын құрастырасыз. Жаңа сөздер мен ұғымдарды түсіндіре келе оның сөйлеу мәнерін дамытып, ой-өрісін кеңейтесіз.
• кітапты оқу және оны талқылау барысында пайда болатын баланың арман-тілегін және қызығушылықтарын білетін боласыз.
• осы сәттерде баламен жақын сөйлесіп, оған өмір бойы тірек болатын араларыңыздағы достық байланыс күшейеді.
• сіздің балаңыз кітап оқуды әдетке айналдырады, оқу техникасы дамиды, оқуға деген махаббат пайда болады.
Осының бәрі балаңызбен бірге кітап оқуға уақытыңыздың күніне не бары 20-30 минутын арнап, отбасылық оқуды дәстүрге айналдырғанның арқасында.
Ал сіз отбасылық оқу туралы не ойлайсыз? Бұл дәстүр отбасына қажет пе? Сіздің де пікіріңізді білу біз үшін маңызды.
Ата-анаға кеңес
1. Балаңызға кітап сыйлаңыз. Кітапты қастерлеп ұстауға үйретіңіз.
2. Жеке кітапханаңызға балаға түсінікті және қызықты, мазмұнды, жасына сай кітаптар таңдаңыз. Қолда бар кітаптарды оқып болмайынша жаңа кітап алуға асықпаңыз.
3. Бірігіп оқуға қажетті кітапты жеке кітапханаңыздан баланың өзі таңдасын. Оқылғанды бірігіп талқылаңыз.
4. Теледидар, компьютер және кітап үшеуінің біреуін таңдау керек болса, міндетті түрде кітапты таңдаңыз.
5. Егер балаңызды кітап оқуы әлі де дұрыс болмай тұрса сіз уайымдамаңыз. Оқыған уақытта әрбір кезең сайын баланы мақтап отырыңыз.
6. Баланың оқу деңгейін оның құрдастарының жетістіктерімен салыстырмаңыз. Оның жеке қабілеті мен мүмкіндігіне қарай үйретіңіз.
7. Балаңызға үлгі көрсетіп, өзіңіз оқыңыз.
8. Егер сіз кітап оқуды ұнатсаңыз, бір күні сіздің балаңыз да ӨЗІ қолына кітап алуы мүмкін.
Кітапты қалай оқу керек?
1. Дауыстап дұрыс оқы, әр буынға, әр сөзге назар аударып отыр.
2. Дауыстап мәнерлі түрде оқы, дұрыс ырғақты ұста,дауыстың жоғары-төменді қалпы мен күшін ауыстырып отыр, интонацияны тыныс белгілерімен үйлестіре біл, кідірістер жаса.
3. Дауыстап жүгірте оқы, бірінші буынды айтқанда, екінші буынға қара.
4. Ішіңнен тиісті жылдамдықта (дауыстап оқығаннан гөрі жылдамырақ ) дұрыс, түсініп оқы.
5. Оқуға жеңіл тұстарын жылдамдатып оқы.
6. Кідірістеуге мәжбүр болатын әрі түсінуге қиын тұстарды жаймен және бірнеше рет қайталап оқы.
7.Немесе дауыстап оқуды ұнатпасаңыз, іштей түсініп асықпай бір темппен оқысаңыз болады.
Ата-ана, балаңызбен бірге:
1. Жаңа кітаппен танысар алдында оның мұқабасына қараңыздар, авторының фамилиясын, кітаптың атын оқытыңыз.
2. Кітапты парақтай отырып, иллюстрацияларын мұқият қарап шығыңыздар.
3. Иллюстрациялар бойынша кітаптың болжамды мазмұнын анықтаңыздар.
4. Кітапты беттері, тараулары бойынша ретімен оқытыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет