Фразеологиялық тұтастық, фразоологиялық бірлік және фразеологиялық тізбек



бет1/2
Дата10.05.2024
өлшемі22.51 Kb.
#500801
түріҚұрамы
  1   2
фразелогия


Фразеологизмдер өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытатын негізінен үш түрлі басты белгісі бар. Олар-I) даяр қалпыпда жүмсалу белгісі, 2) мағына тұтастыгы’, 3) тіркес тиянақтылыгы.
Қазақ тіліндегі фразеологизмдер фразеологиялық тұтастық, фразоологиялық бірлік және фразеологиялық тізбек болып негізінен үш топқа жіктеледі.
Фразеологиялық тұтастық. Бұл топқа фразеологизм құрамындағы сөздер бір-бірімен тұтасып, әбден жымдасьш кеткен олардың мағыналық жігін ешқандай ажыратуга болмайтын тұрақты тіркестер жатады. Мәселен, мұрнынан шаншылып жүр, мұрнына су жетпеді дегеннен қолы тимеді, бұрылуға мұршасы болмады дегенді түсінеміз. Бұл мағына осындағы үш сөздін тұтас жиынтығынан келіп шығады. Түйдек ішіндегі жекелген сөздерге талдау жасап, бірін екіншісінен бөліп алуга көнбейді. Түйені түгімен жұтты дегеннен біреуден ойсырата пара алып, елді қанады деген мағына туады. Бұл мағынаның жасалуына түйе, түк жұту сөздерінің тікелей қатысы жоқ, соларды бірінен соң бірін тіркеп, жұбын жазбай қолдану арқылы пайда болған. Жағына пышақ, жанығандай дегеннен тарамысына ілінген арық, жүдеу дегенді түсінеміз. Бұл мағынаны жасауга жақ, пышақ жану сөз- дерінің тікелей қатысы болмаған. ‘Иегінен тағалы ат тайып жы- ғылғандай дегеннен сақал-мұрттан жұрдай, көсе дегенді ұғынамыз. Мұнда да мағына тұтастықтың бірлігін, айқын байқаймыз. Аттың жалы, түйеніқ қомында дегеннен қарбалас шақ, абыр-сабыр уақыт дегенді түсінеміз. Мұнда да тұрақты тіркестегі жеке сөздер мен фразеологиялық мағына арасында тікелей байланыстың болмағандығы байқалады. Бір ұрты май, бір ұрты қан- дегеннен екі жүзді, залым дегснді ұғынамыз Бұл фразеологиялық мағына тұрақты тірксстердің құрамындағы бір, ұрт, май, қан дегсн сөздердің меншікті магынасымен мүлдем сәйкеспейді. фра-зеологиялық тұтастық жске сөздердің тұгас жиынтығынан пайда болғанымен, олар іштей түрлі бөлшектерге бөлінбей, іс-әрекетті, сапа мен белгіні, зат пен кұбылысты бір бүтін атау ретінде көрсетеді. Фразеологиялық бірлік. Бұлар да фразеологиялық тұтастық тәрізді орын тәртібі жағынан өте тиянақты болып келеді. Алайда құрамындағы сөздердің мағынасының қаншалыкты тасалануы, я болмаса, тасаланбауы жағынан елеулі өзгсшеліктері болады. Бұлар ең алғашқы еркін тіркесті_ауыс мағынада колданудан келіп шығады. Мәселен, ескі жараның аузып ашты дегеннен өткенді қайта қозғады, ұмытып кеткенді еске салды дегенді түсінеміз. Бұл фразеологиялық мағынаның жасалуына ең алғашкы еркін тіркестегі тура мағынасы негіз болган. Сол магынаға басқадай мән бсріп, ауыстырып қолдану арқылы жасалғандығы бірден көзге шалынады. Жатқан жыланның құйрығын басты деген фраза біреудің кытығына тиіп, жоқ жерде бір пәлеге тап болды дегенді білдіреді, Бір кимыл-әрекетті баска әрекстпен салыстырып қолдану арқылы фразеологизмдерге айналып кеткен. Ит байласа тұұрғысыз дегеннен адам түгілі ит екеш ит те тұра алмайды дегенді түсінеміз. Соңғы фразеологиялық мағы-наның жасалуына еркін тіркестегі бастапқы (лексикалық) ма-ғына тірек болғандығы айқын байқалады. Көз көрмес, құлак, естімес жер дегеннен аяқ жетпейтін алыс жер, қиыр шет деген фразалық мағына пайда болған. Соңғы мағына мен алғашқы ма-ғынаның өзара байланысы анық сезіліп тұрады. Ит көй-лекті бұрын тоздырған_дегеннен біреуден біреудің сәл үлкендігі бар дегенді түсінеміз./Жеке сөздердің қосындысынан пайда бол-ған жай ғана туынды магына емес, бейнеленген туынды магына екендігін көреміз. Фразеологиялык тұтастық пен фразеологиялық бірліктің ара-жігін ажырату кей жағдайда қиынга соғады. Мәселен, ит басына іркіт төгілді (ағыл-тегіл молшылық) дегенде екі жақты түсінік қалуға болады. Малмен көзі шыққан егде адамдар үшін бүл тіркес фразеологиялық бірлік болса, малдан сырт жүрген, әсіресе кейінгі жастар мұны фразеологиялык тұтастық деп тануы сөзсіз. Тұрақты тіркестің алгашқы заттык мағынасы нерұрлым көмескіленіп, , күңгірттене бастаса, соғұрлым оның мағына тұтастығы да күшейе түспек. Мәселен, қарғы бау деген тұрақты тіркестің үш түрлі магынасы бар: 1) иттің мойнына тағатын бау, 2) қалың малдың алдына ала берілетін жоралғысы, 3) тамыр-таныстықпен қалап-сұрап алған зат үшін берілетін төлем ақы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет