Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет145/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   217
философия хасанов

Анри Бергсон (1859-1941жж.) ӛмір философиясы мен интуитивизмнің 
ӛкілі. Ол қазіргі заманғы материалистік-механистік және позитивизм 
үрдісімен тартысқа түсіп, мәнділікке ие болудағы интуицияның рӛлі туралы 
ілімін жасап шығарды. Ол мәнділік екі бӛліктен тұрады деді: интуитивтік 
жолмен ұғуға болатын – ӛмір; және материя, яки интеллект материя ретінде 
қарастыратын инертті «зат». Бергсонның ойынша, күллі әлем бір-біріне 
қарама-қайшы осы екі қозғалыстың: тұтастыққа ие әрі «жоғарыға 
ұмтылатын» субстанция ретіндегі ӛмір мен «тӛменге бағытталған» 
материяның соқтығысуы мен шиеленісуінен тұрады. Ӛмір әуел бастан адамға 
бір рет берілетін, үлкен қуат беретін ұлы күш; ол материяның қарсылығына 
ұшырап, оған тӛтеп береді.
Бергсон ӛмір туралы ілімін мәнділікке жетудегі шығармашылық 
эволюция мен интуиция; уақыт пен еріктің және жадының оның уақытқа 
қатынасы тұрғысынан еркіндігі жӛніндегі бірқатар тұжырымдарымен 
толықтырды. Эволюцияны, Бергсонның ойынша, түсіндіру мүмкін емес. 
Себебі қалыптасқан дәстүр бойынша эволюция «қоршаған ортамен 
интенсивті жанасу» салдарынан болады.
Рационалды 
метафизикадағы 
механицизм 
мен 
телеология 
(Құдайшылдық мақсаттыр туралы ілім) екеуінің де бірден бір кемшілігі бар: 
олардың ойынша, әлемде айтарлықтай жаңа еш нәрсе жоқ және болуы 


мүмкін емес. Материалистік механицизм болашақты «алып дүниенің 
мазмұнын» құрайды десе, телеология жетуге тиіс мақсатты алдын ала тану 
мүмкін дейді. Олардың екеуі де бір нәрсені қарастырды – нәтижеде (қандайы 
болсын) ешқандай жаңалықтың болуы мүмкін емес.
Бергсонның ойынша, суретшінің жұмысы сияқты эволюцияның да 
шығармашылық негізі бар. Әрекетке ұмтылу, белгісіз бір нәрсені қалау әуел 
бастан адамға беріледі, бірақ қалау-тілектер қанағаттандырылмаған жағдайда 
оларды не нәрсе қанағаттандыра алатынын және оның табиғатын алдын ала 
білу мүмкін емес.
Жер ғаламшарындағы ӛмірдің дамуы туралы ӛзінің түсініктерін бере 
отырып, Бергсон ӛмір ағымы алдымен жануарлар және ӛсімдіктер деп екіге 
бӛлінеді дейді. Ӛсімдіктер қуатты резервте сақтауға арналған, ал жануарлар – 
қуатты кездейсоқ және белсенді әрекеттерге пайдалануға арналған. Бірақ 
жануарлар ӛз ішінде интеллект пен инстинктің кӛбірек және азырақ болуына 
қарай да іштей тармақталады. Бір-біріне қарама-қарсы қою арқылы Бергсон 
олардың бірінсіз бірі ӛмір сүрмейтінін, бірақ негізінен интеллект адамның 
бағы емес, – соры, ал ең жоғары инстинкт интуиция деп аталатынын айтады. 
Интеллектінің назарын ӛзіне бұрып, ондағы ұйықтап жатқан интуицияның 
әлеуетті мүмкіншіліктерін оятуға мәжбүрлеу керек. Инстинктің интеллектіге 
қатынасын кӛру мүшесінің түйсінуге қатынасымен салыстырады.
Интуицияның ең басты айырмашылығы – ол да интеллект сияқты 
әлемді жекелеген заттарға бӛледі. Интуиция саналуандылықты тұтастықта 
қарастырады, бірақ мұндағы саналуандылық кеңістіктегі заттардың сыртқы 
түрінде емес, ӛзара байланысты процестердің сан алуандығында. Интуиция 
ол үшін – ӛмірді ӛз бетімен танудың құралы. Интеллектіге басқа міндеттер 
жүктеледі. Ол түрлі материалдық нысандарға сүйенеді, ал интуиция заттар 
мен құбылыстардың «жанды тұтастығына» негіз болатын мәнді терең сезеді. 
Шын мәнісінде бұл ӛмірде «заттар жоқ», тек «мәнді тұтастықтардың 
үздіксіз» байланысы бар. Бергсонның ойынша, ӛмірге бұлайша қарау 
интеллект үшін ӛте қиын әрі жасанды сияқты кӛрінгенімен, интуиция үшін 
қарапайым әрі табиғи нәрсе.
Заттарды Бергсон бойынша бӛлшектейтін интуиция түстің бір түрі 
болып табылады: біздің бүкіл ӛміріміз сияқты ол да белсенді емес, тек 
жасампаз. Біз ұйықтаған кезде біздегі «Мен» шашыраңқы күй кешеді, ӛткен 
ӛміріміз бӛлшектерге бӛлінеді; шындық ӛмірді ӛзара байланысты заттар жеке 
заттарға ажырайды.
Бергсонның интуитивизмі мен ӛмір философиясына уақыт пен кеңістік 
туралы ілімі негіз болды. Ол ілімі кӛп жағдайда Эйнштейннің қатыстылық 
теориясымен үндесіп жатыр. «Еріктің уақыты мен еркіндігі» атты 
еңбегінде интеллект кеңістікпен байланысты болса, ал инстинкт немесе 
интуиция уақытпен байланысты деп кӛрсетеді. Бергсон үшін кеңістік – 
материяның белгісі – тұтастықтарды ажырату барысында ол жоқтан 
жасалады: ол практикада айтарлықтай пайдалы болғанымен, теория жүзінде 
адастырады. Уақыт, керісінше, ӛмірдің немесе ақылдың ең басты белгісі 
болып табылады. Бірақ уақыт – бұл математикалық уақыт емес, сондай-ақ 


бірімен-бірі байланысты сәттердің біртектес жиынтығы емес. Бергсонның 
ойынша, «математикалық уақыт» шын мәнісінде кеңістікке тән форма; ал 
ӛмірге мән беретін уақытты ол ұзақтық деп атайды. Бұл – «жанды» уақыт. 
«Жанды» болуы уақыттың басты белгісі болғандықтан да ұзақтық (оқиғалар 
мен құбылыстардың ұзақтығы) ретінде танылады. Ол жадыда да ұзақ 
сақталады, себебі «ӛткен ӛмір осы ӛмірмен қатар ӛмір сүреді».
Бергсон «жады» категориясы әдетте түп негіздері бӛлек екі нәрсенің 
басын біріктіреді. «Жады» негізінен материяға абсолютті тәуелсіз күш болуы 
тиіс. Егер рух дегеніміз шынайы ӛмір дейтін болсақ, Бергсонның ойынша, 
нақ осы тұста жады арқылы «біз онымен тәжірибеде жанаса аламыз». Біздің 
миымыз – алынған ақпаратты сұрыптап, орналастыратын пассивті құрылғы, 
қабылдағыш сияқты. Осыған қарағанда, Бергсонның ойынша, егер ми 
болмағанда біз кез келген нәрсені қабылдауға қабілетті болатын едік, себебі 
«шындығында біз тек ӛзімізді қызықтыратын нәрсені ғана қабылдаймыз». 
Ӛмір бұл бір ӛмірлік ұмтылыс, ол әлсіреген кезде семіп, бытырайды да, 
сіресіп қалған жансыз материяға (жансыз затқа) айналады.
Жадымызда ӛткен ӛмір бүгінгімен астасып ӛмір сүреді. Ақыл 
болмағанда, әлем мәңгілік ӛліп-тірілетін қасиетке ие болар еді де, ӛткен 
ӛмірдің шындығы жойылып, ӛткен ӛмірдің ӛзі де болмаған болар еді. Оның 
ойынша, жады барлық нәрсені байланыстыруға бейім, сол себепті ӛткен мен 
бүгінгінің шындығын растайды, сӛйтіп шынайы ұзақтық пен уақытты жады 
жасайды. Тек интуиция ғана ӛткен мен бүгіннің ара жігін ажырата алады; 
интеллект үшін ол «танылмайтын», сыртқы белгілер ғана.
Бергсонның пайымдауынша, еріктің еркіндігін жоққа шығаратын 
дәлелдердің кӛпшілігі психикалық жай-күйлердің белсенділігін тым 
болмағанада теория жүзінде ӛлшеуге болатын сандардың кӛрсеткіші дегенге 
сүйенеді. Бұл кӛзқарасты жоққа шығара отырып, ол шынайы еркіндіктің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет