Жоспар: Кіріспе. Негізгі бөлім: Болмыс мәселесін және оның түрлері



бет1/5
Дата19.02.2024
өлшемі24.94 Kb.
#492458
  1   2   3   4   5
Образец. СӨЖ


Жоспар:


Кіріспе.


Негізгі бөлім:


- Болмыс мәселесін және оның түрлері.
-"Болмау" құбылысы.
-Материя мен сана туралы түсінік.


Қорытынды.


Пайдаланған әдебиеттер.


Кіріспе
Болмыс және оның әртүрлілігі, сондай-ақ болмыс ұғымы әртүрлі философиялық және метафизикалық жүйелерде басты орын алады. Бұл талдау бізге шындық пен өмірдің мәнін жақсы түсінуге көмектеседі. Онтология грек тілінен аударғанда онтос — болмыс, логос — ілім яғни болмыс туралы ілім болып табылады. Болмыс — тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет.
Адамның дүниеге қатынасының негізінде қандай құндылық жатса да, оның бастамасы — болмыс. Мәнділік жөнінде айтқанда не нәрсенің болса да дүниеде болу жолы немесе тәсілі оның негізін құрайды дегенбіз. Болу жолдары және сан алуан құндылықтар — бәрі де ең алдымен жалпы болуға тиіс. Онда болмыс деген не нәрсе? Бұл сұраққа оның барлық формаларының мазмұнын ашу арқылы ғана жауап беруге болады. Болмыстың нақты, жеке формаларының бәріне ортақ жалпы қасиет, ол — болу.[1.23б].
Болмыстың негізгі түрлері: 1) Заттар (денелер), процестер болмысы: а) бірінші табиғат; б) екінші табиғат. 2) Адам болмысы: а) заттар дүниесіндегі адам болмысы; б) адамның өзіндік болмысы. 3) Рухани болмыс: а) жеке адамның рухани болмысы; б) қоғамның рухани болмысы. 4) Әлеуметтік болмыс: а) қоғамдағы және тарих процесіндегі жекелеген адам болмысы; б) қоғам болмысы.
Негізгі бөлім

Болмыс мәселесін және оның түрлері мен жоқтығын талдау философия мен метафизиканың негізі болып табылады. Ғасырлар бойы ғалымдар, философтар мен теологтар болмыстың табиғаты және оның мүмкін формалары туралы сұрақтар қойды.


Тарихи тұрғыдан келгенде адам қызметінің, өмір тіршілігінің негізі — табиғат заттары мен табиғи процестер. Бірінші табиғат — ол адамзатқа дейін пайда болған, адамдардың санасынан тысқары және тәуелсіз өмір сүреді. Ол теңіздер, мұхит, ормандар, ауа, жер, т.б кейін адам Жер табиғатына қуатты да кең әрекет етуші болып табылады. Бұрын табиғатта өмір сүрмеген, адамдар өндірген заттардың, процестердің, жай күйлердің тұтас дүниесі пайда болды. К. Маркс оны «Екінші табиғат» деп атады. «Екінші табиғатқа»  жататындар: үйлер, материалдық заттар, адам ойлап шығарған өсімдіктер және тірі организмдер (табиғатта кездеспейтін). Ол жасанды табиғат. Қазіргі заманда «екінші табиғат», өзі «бірінші табиғаттың» туындысы болса да, басымды болады[2.56].


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет