Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


 Экзистенциализм: жаңа философияда адам проблемасының



Pdf көрінісі
бет186/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   217
философия хасанов

 
11.2. Экзистенциализм: жаңа философияда адам проблемасының 
жаңаша қойылуы (К. Ясперс, М. Хайдеггер, Ж.-П. Сартр, А. Камю және 
т.б.) 
Экзистенциализм немесе тіршілік ету философиясы (лат. Existential – 
тіршілік ету), ХХ ғасырдың басында пайда болып, ондаған жылдар бойы 
кеңінен танымал болды. Экзистенциализмнің алғашқы ӛкілдері ретінде орыс 
философтары Лев Шестов пен Николай Бердяевті санайды, бірақ 1-ші 
дүниежүзілік соғыстан кейін неміс ойшылдары Мартин Хайдеггер және Карл 
Ясперстердің еңбектерінде, ал ХХ ғасырдың қырқыншы жылдары Альбер 
Камюдің, Жан Поль Сартрдың еңбектерінде бұл ағым негізгі даму жолына 
түскен болатын. Экзистенциалистердің ӛзі Паскальды, Кьеркегорды, 
Достоевский мен Ницшені ӛздерінің ізашары санайды. Экзистенциализмге 
философиялық жағынан ӛмір философиясы және феноменология сияқты 
бағыттар елеулі ықпал етті. 
Экзистенциалистер кӛркемдік және философиялық әлеуметтік 
революциялар мен екі дүниежүзілік соғыс әкелген, ӛмірдің ӛзі құнсызданып, 
мәнін жойған, әлемдегі адамдардың ӛмірінің баянсыздығы мен қайғы-
қасіретін бейнеледі. 
Экзистенциалды философия жеке болмысты оның субъективті рухани 
формасында қарастырды. Адам ӛмір сүре отырып, ӛзінің мәніне ие болады, 
себебі ненің жақсы, ненің жаман екенін ол ӛзі шешеді. Сыртқы әлеммен 
ӛзара әрекетке түсе отырып, жеке адам бұл әлемге мағына береді. Ол ӛзі үшін 
де жауапкершілік арқалайды, себебі ӛзін «таңдайды» және ӛзін «жасайды», 
және ӛзінің айналасындағылар үшін де жауапты болады. 


Осындай пессимистік (алғашқыда) философиялық бағытқа мынадай 
сұрақ туындайды: «Ӛткір қарама-қайшылықтар мен тарихи апаттар әлемінде 
адам қалай ӛмір сүруі керек?» Бұл сұраққа жауап бере отырып
экзестенциалистер адам болмысының әдісін заттар болмысына қарама-қарсы 
қояды. Олар алдыңғы философиялық ойларға жүгінеді және адамдық 
болмыстың, мәдениеттің бүгінгі күнгі формасын зерттеуге ұмтылады. 
Экзистенциалистер арасында тек кәсіби философтар ғана емес, сондай-ақ 
жазушылар, суретшілер, кинорежиссерлар да бар. Мысалы, Уолт Уитмен – 
америкалық ақын, жазушылар Шыңғыс Айтматов, Сент Экзюпери, Жан Поль 
Сартр, режиссер Андрей Тарковский. Тіршілік ету философиясында 
идеяларды жүйелі реттеу неміс философтарының еңбектерінен, ең алдымен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет