Б атыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы Асан «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені



Дата31.03.2023
өлшемі0.6 Mb.
#471497
түріСабақ
2023. жыл. Мақала. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығы мен рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту


Б атыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы
Асан «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сабитов Нуржан Жумабекович

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығы мен рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту




«Мұғалімнің айналысатыны – үнемі қозғалып, өзгеріп, өсетін, өркендейтін тірі адам (тұлға) болғандықтан, біркелкі әдіске табан тіреп шектеліп қалуға болмайды…», – дейді Жүсіпбек Аймауытов. XXI ғасыр – ғарыш пен білімнің жарысқан заманы. Заман талабына сай зерделі, дарынды, шығармашыл, қоғамға лайық жан-жақты тұлғаларды дайындау – ғасыр үлесіндегі игі істердің бірі де, бірегейі. Бүгінгі таңда мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі мақсаттарының бірі – дүниежүзілік білім әлеміне ену болып отыр. Бұл салада білім беру ісінің мазмұнын жаңа бағытқа бұрып, құрылымдық жүйесін жаңарту, өзгерістер енгізу, яғни, білім реформасын жүзеге асыру алғышарттары қолға алынғаны белгілі.
Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалып отыр. Яғни, жаңартылған білім беру мазмұнының маңызды міндеттердің бірі – функционалды сауатты оқушыны қалыптастыру. Функционалдық сауаттылық — адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Жалпы, функционалдық сауаттылық дегеніміз не? Функционалдық сауаттылық дегеніміз — адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы.
Ондағы басты мақсат – Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Мұнда оның белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлауы, шешім қабылдай алуы, өз кәсібін дұрыс таңдай алуы, өмір бойы білім алуға дайын болуы сияқты сапалары басшылыққа алынады. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдыларының жиынтығынан құралады.
Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол — ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда, функционалдық сауаттылық жеке адамды жан-жақты үйлесімді дамытудың тетігі ретінде қолданылады. Оқу нәтижелерін сырттай бағалайтын Халықаралық PISA зерттеулерінің нәтижесі бойынша біздің еліміз функционалдық сауаттылықта төмен нәтижелер көрсеткен. Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40%-ы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген.
Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Әртүрлі жағдайда кездескен бланкіні толтыра алмай, ондағы ақпараттың мәнісін түсіне алмаған. Бір қызығы, олар теледидарда не айтылып жатқанын, жалпы айтқанда, күнделікті өмірдің есебін білмейтін болып шыққан. Соның салдарынан жұмыссыздық, өндірістегі апат, жазатайым оқиғалар, жарақат алулар көбейіп кеткен. Жалпы, барлық зерттеушілердің болжамы бойынша адамдардың сауаттылық деңгейінің төмендеуі оларға дұрыс білім беріп, тиянақты оқытпаудан, оқырман болуға үйретпеуден болған көрінеді.
Сақтанбау, ұқыпсыздық, байқаусыздық, апаттар: мұның бәрі ережені дұрыс оқымағандықтан, түсінбегендіктен, санаға сіңірмегендіктен орын алып отыр. Қазіргі әлемдегі, еліміздегі өріс алып отырған түрлі бағыттағы дамулардың әсерінен қоғамның адамға қоятын талаптарының өзгеруі нәтижесінде функционалдық сауаттылық ұғымы кең тарала бастады. Сауаттылық ұғымы оны білім берудің әрекеттік аспектісімен бірлікте алғанда ғана кеңейе түседі. Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамасыз етуде оның бірнеше механизмдері бөліп көрсетілді.
Оқушыларды функционалдық сауаттылыққа баулуда, рухани жан-дүниесін, шығармашылық дарын көзін ашуда, оқушының танымын дамытуда жаңа технологияларды пайдалану маңызды рөл атқарады. Зерттеу əдістері, пікірталас, миға шабуыл, сыни тұрғыдан ойлау технологиясының элементтері, жұптық, топтық жұмыс түрлері, т.б əдістер оқушының шығармашылық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлауға, өз көзқарасын дəлелдей білуге, оқу материалын тереңірек түсінуге көмектеседі.



Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың жəне оның оқушы бойында қалыптасқандығын анықтаудың негізгі құралы – шығармашылық бағыттағы тапсырмалар. Өз сабақтарымда мəтінді толық түсіну, мəтіннен негізгі ақпаратты анықтай білу, мəтіндік жəне графиктік ақпаратты интерпретациялау, мақал-мәтелдерді, афоризмдерді, шешендік сөздерді жазып алып жүруге баулу, әңгіме, мақала, күнделік, пікір жазып үйренуіне мүмкіндік туғызу сияқты оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған тапсырмалар түрлерін пайдаланып отырамын.
Бұл тұрғыда маған сыни тұрғыдан ойлау технологиясының əдіс-тəсілдері көп көмегін тигізеді: «Ойлаудың алты қалпағы», «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Түртіп алу», «РАФТ», тағы басқалары. Сыныпта сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады жəне оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта жəне кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін «Жуан жəне жіңішке сұрақтар» əдісін пайдаланған тиімді.
Жіңішке сұрақтар бір ғана жауапты талап етсе, жуан сұрақтар бір біріне ұқсамайтын əр алуан жауаптардан тұрады. Жуан сұрақтар оқылым дағдысын жетілдіре отырып, оқушыны ойландырып, өз ойын, көзқарасын ашық айтуға дағдыландырады. Қорыта келгенде, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту — бүгінгі заман талабы. Осы орайда, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін дұрыс үйрете білу өте маңызды.
Педагогтің сабақ өту шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастыруы бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Өз мамандығын толық меңгерген жоғары деңгейлі оқытушының алдынан шыққан оқушы — өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абырой, яғни үмітінің ақталғаны, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет