Б. Е. Есжанов Са ты бал диева Г.Қ. жəне т б



Pdf көрінісі
бет1/81
Дата28.10.2023
өлшемі3.54 Mb.
#481831
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Омыртқасыздар зоологиясы



ƏЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Г. Қ. Са ты бал диева
Г. Ж. Ор ма но ва 
Н. Б. Бай мур заев 
ОМЫР ТҚА СЫЗ ДАР 
ЗООЛОГИЯСЫ
(прак ти кум) 
Оқу құ ра лы
Алматы
«Қазақ университеті»
2014


ƏОЖ 592(075.8) 
КБЖ 28.691я73
С 58
Баспаға əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
биология жəне биотехнология факультетінің Ғылыми кеңесі жəне 
Редакциялық-баспа кеңесі шешімімен ұсынылған
Пікір жазғандар:
биология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. М.Б. Жақсыбаев
биология ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Е. Есжанов 
Са ты бал диева Г.Қ. жəне т.б.
С 58 Омырт қа сыз дар зооло гиясы (прак ти кум): оқу құ ра лы / Г.Қ. Са ты -
бал диева, Г.Ж. Ор ма но ва, Н.Б. Бай мур заев. – Ал ма ты: Қазақ уни-
верситеті, 2014. – 148 б.
ISBN 978-601-04-0904-0 
Оқу құ ра лы жо ға ры оқу орын да ры ның сту де нт те рі не жə не биоло гия 
са ла сын да ғы ма ман дар ға ар нал ған.
ƏОЖ 592(075.8) 
КБЖ 28.691я73
© Са ты бал диева Г.Қ., Ор ма но ва Г.Ж., Бай мур заев Н.Б., 2014
ISBN 978-601-04-0904-0 © Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2014.


3
КІРІСПЕ 
Зоология қазіргі заманда жануарлар дүниесінің алуантүр лілігін 
зерттеуге бағытталған синтетикалық пəн болып саналады. Зоология 
эволюция сатылары мен Жер бетіндегі құрылым деңгейлерін зерт-
теуде маңызды рөл атқарады. «Зоология» пəнінің негізін жануарлар 
дүниесінің эволюциясын бейнелейтін құрылым деңгейлерінің жəне 
ірі таксономиялық топтардың (типтер, кластар) сипаттамалары, си-
стематикасы мен филогениясы құрайды. 
Зоологияның мақсаты: жануарлардың алуантүрлілігін, құры-
лыс тарының ерекшеліктерін, шығу тегін, жүйедегі қазіргі жағ дайын, 
биосферадағы жəне адам өміріндегі рөлін, жануарлар дүниесі 
эволюциясының кезеңдерін зерттеу, олардың өнімділігін арт тыру, 
тиімді пайдалануы мен оның табиғаттағы қорын сақтау.
Зоологияның міндеттері: жануарлардың негізгі құрылым 
дең гейлерін немесе жануарлар дүниесі эволюциясындағы негізгі 
кезең дерін, жануарлардың классификациясын, типтердің негізгі 
ерек шеліктерін жəне құрылысын, тіршілік əрекеттерін, эколо-
гиясын, көбеюін жəне онтогенезін, таралуын, жануарлардың 
негізгі таксономиялық топтарының маңызын білу, студенттер 
алған білімін кеңінен тəжірибе жүзінде жануарларды анықтауда 
қолдана білу, зертханалық жағдайда жануарларды қолдан өсіру 
жəне объектілерге морфологиялық зерттеу жұмыстарын жүргі-
зуге арналған əдістерді игеру. 
Омыртқасыздар зоологиясы «Балық шаруашылығы жəне өнді-
ріс тік балық аулау» мамандығының бірінші курс студенттеріне 
бірінші семестр бойы, ал «Биология» мамандығының екінші курс 
студенттеріне үшінші семестр бойы оқытылады. 
Зертханалық сабақтар омыртқасыз жануарлардың сыртқы жəне 
ішкі құрылысымен, алуантүрлілігімен тірі объектілерге тəжі рибе 
жəне бақылау жұмыстарын жүргізу, фиксацияланған объектілері 
мен тұрақты препараттарды зерттеу арқылы таныстырады. 


4
Ұсынылып отырған оқу құралы студенттердің зертханалық 
сабақтарда тақырыпты толық меңгеріп, құралдармен жұмыс жасау-
ды, тірі объектілерді бақылап өз бетімен жұмыс істеуге дағды-
ландыру мақсатын көздейді. Оқу құралында семестр бойы жос-
пар ланған зертханалық сабақтардың тақырыптары, мақсаты мен 
міндеттері, зертханада орындайтын тапсырмалары мен матери-
алды бекітуге арналған сұрақтар берілген. Тақырыпты меңгеріп 
білімдерін жетілдіру мақсатында əр тақырып бойынша тапсырма-
лар құрастырылған, студенттердің жазбаша жұмыстар орындауға 
да мүмкіндіктері бар, осыған орай бақылау кестелерінің көптеген 
нұсқалары ұсынылуда. Құрастырылған тапсырмалар студент-
терге салыстыруды, талдауды, жинақтауды, қорытынды жасауды 
үйретуге бағытталған. Тапсырмаларды орындау барысында сту-
денттер өз бетінше танымдық іс-əрекетін арттыруға мүмкіндік 
алады. Оқу құралында берілген тестік тапсырмалар барлық өткен 
материалдарды қамтиды жəне жануарлардың систематикалық 
жағдайын, құрылысындағы ерекшеліктерін, тіршілік циклін, 
көбеюін, дамуын, биологиясын, жануарлар топтарының шығу 
тегін қарастырады. Тест сұрақтары баяндау сипатындағы білімді 
айқындау ғана емес, сондай-ақ фактілі материалды салыстыру 
жəне қорытындылау мүмкіндігін анықтау үшін қойылады. 


5


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет