Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық



Pdf көрінісі
бет40/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   153
suraganova turizm inf

3. Жабдықтау мекемелері
Қойма – материалдық құндылықтарды сақтауға арналған 
орын, бөлмелер кешені. Логика бойынша, қойма жеткізілімдер 
мен сұраныстың жалпы көлемдерінің ауытқуларын демпингілеу 


77
үшін жəне даярлаушылардан тұтынушыларға бағытталған тау-
арлар ағымдарының жылдамдығын немесе технологиялық 
өндірістік жүйелердегі материалдар ағымдарын синхрондауға 
қажетті қозғалыс жүйесіндегі материалдық ресурстардың резерв-
терін шоғырландыру функциясын атқарады. 
Қоғамдық тамақтану кəсіпорындарының алуан типтері үшін 
қоймалық жайлардың құрамы мен алаңы кəсіпорынның типі мен 
куаттылығына байланысты құрылыс нормалары жəне қоғамдық 
тамақтану кəсіпорындарын жобалау тəртіптеріне сүйеніп орна-
тылады.
Қоймалар құрылымы төмендегілермен қамтамасыз етілуі ке-
рек: 
- материалдық құндылықтардың толықтай сандық жəне сапа-
лық сақталымымен;
- сақталымның тиісті тəртіптемесімен; 
- қойма операцияларын орындаудың рационалдық ұйымдас-
тырылысымен;
- еңбектің нормалық шарттарымен.
Қоймалық жайлардың жабдықталуы кəсіпорынның типі мен 
қуаттылығына, тауар қорларының нормативтеріне байланы-
сты. Қоймалық жайлардың жабдықтарына өнімдерді сақтау мен 
орналастыруға арналған сөрелер (стеллажи) мен тауар астарына 
қойылатын сөрелер, ет камераларындағы аспалы ілгектер, салмақ 
өлшеуіш, көтергіш-көлік жəне тоңазытқыш жабдықтар.
Қоймалық жайлар қажетті инвентарьмен, шикізатты қабылдау 
жəне ыдысты ашу үшін, оның сақталуы мен жіберілуі үшін 
арналған құрылғымен, қойма жайларына арналған көліктермен 
қамтылуы тиіс. 
4. Мейрамханалар мен туристердің басқа тамақтану 
кəсіпорындарының жабдықтамасы
Мейрамханалар мен туристердің басқа тамақтану кəсіпорын-
дарының жабдықтары үшін арнайы жиһаз қолданылады: қа-
ра 
пайым, банкеттік жəне фуршеттік үстелдер, креслолар, 
орын дықтар, асханалық жайылғылар мен жұмысқа арналған құ-
рал дарды қоятын даяшыларға арналған қосымша стөлдер, сер-


78
ванттар, серверленетін жылжымалы стөлдер, сыралар мен суды 
тоңазытуға арналған тоңазытқыш шкафтар.
Басқа қоғамдық тамақтану кəсіпорындарында қолданылатын 
жиһазға қарағанда, мейрамханаларда қолданылатын жиһазға 
жоғары талаптар қойылады. Мейрамхананың жиһазы тек 
эстетикалық құндылыққа, жетік беріктікке, санитарлық өңдеуден 
оңай өтуге ие болуы ғана емес, келушілердің демалысына 
арналған қажетті ыңғайлылықтарды жасай отырып, максималды 
жайлылықпен қамтамасыз етуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет