Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында « ... Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек» деп атап көрсетілген
Осы тұрғыда ұлттық бiлiм беру жүйесiн модернизациялау жағдайында шетелдiк озық тәжiрибелердi пайдалану мүмкiндiктерiн бағалау, ұлттық дәстүр мен ерекшелiктердi ескеру, бiлiм мазмұнын жаңарту, бiлiм беру жүйесiн басқару мен ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн арттырудың жаңа жолдарын iздестiру секiлдi өзектi жайттар ерекше маңызға ие болып отыр. Мектеп директорынан өзгерістер енгізуді басқаруда нағыз көшбасшы болу талап етіледі.
Көшбасшылық – бұл мектеп директоры барлық оқушылардың табысты оқып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып, оқыту туралы ортақ ұстаным қалыптастыру жұмысына жетекшілік ететін, мықты ұйымдастырушылық миссиясы бар және оқушылардың үлгеріміне үлкен үміт артылатын интерактивті үдеріс. Көшбасшылық дегеніміз - жеке әлеуметтік қозғаушы күш емес, көзге көріне қоймайтын бағыттар мен қозғалыстар арасындағы қарым-қатынас
Еліміздегі білім беру саласында қарқындап жүріп жатқан жаңалықтардан қалыс қалмай, мектептің оқу-тәрбие үдерісіне өзгерістер енгізу қажеттілігі туындайды. Бұл мақсаттағы жұмыстарымызды анықтап алу үшін қазіргі жағдайымызға талдау жасауымыз қажет. Мектеп жағдайы туралы бастапқы деректер жинау, мектептің мықты жақтары мен дамытуға болатын салалары туралы білу мақсатында мектеп ата-аналары, оқушылары және педагогтар арасында сауалнамалар жүргізілді. Мектеп ата-аналарына арналған сауалнаманың мақсаты баланың мектептегі көңіл күйін, жетістіктерін, қаншалықты көмек көрсетілетіндігін, тәрбие беру сапасы , қажетті ақпараттарды алу мүмкіндіктерін анықтау және мектеп тәжірибесіне өзгерістер енгізу алдында ата-аналардың пікірлерін білу. Мектеп тәжірибесіне келелі өзгерістер енгізу алдында мектепті дамыту аймағын айқындаудағы оқушылардың пікірін білу мақсатында оқушылар арасында, бүгінгі мектептің жағдайына мұғалімдердің көзқарасын білу мақсатында мектеп педагогтары арасында сауалнамалар жүргізілді.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының оқыту мен оқудағы
халықаралық зерттеуі (TALIS) мұғалімдер мен мектеп басшыларына білім беруді талдап,осы саладағы саясатты дамытуға үлес қосуға мүмкіндік береді.
Зерттеу мұғалімдердің кәсіби біліктілік арттыруға көзқарасын, оның әсерін, бағалаудың маңыздылығын және қажеттіліктерін анықтауға көмектесті. Жұмыстың басымдықтарын айқындау мақсатында өзгерістер енгізу (көшбасшылар) тобы құрылды. Коучинг-сессиялар өткізу арқылы енгізілетін өзгерістердің қажеттіліктері талқыланып негізделді.Осы зерттеулердің нәтижесін ескере отырып, мектепті дамытудың, өзгерістер енгізудің стратегиялық басымдықтары нақтыланды. Мектепті дамытудың жоспары жасақталып, нені дамыту қажеттігі, дамыту үшін қандай іс-әрекеттер жасаймыз, олардың нақты, қолжетімді және шынайы болуы SMART-қа сай белгіленді. Қажетті ресурстар анықталып, күтілетін нәтижеге болжам жасалды. Өзгерістерді эвалюациялау тәсілдері көрсетілді.
|