Орталықтандырылған барлық құрылғылар бағыттамалар мен сигналдардың өзара тұйықталуын қамтамасыз ету керек, оның ішінде мынадай жағдайларды болғызбайды:
Берілген маршрутта сигналды ашу, егер бағыттамалар берілген жағдайда қойылмаса, ал сигналдар сәйкес келмейтін маршрутта жабылмаса;
Сәйкес келмейтін маршрутта бағыттаманы ауыстыру немесе берілген маршруттың ашылған сигналында сигналды ашу, белгіленген маршруттағы сигналды қорғау.
Стансаның бір бекетінен бағыттама мен сигналды басқаруға болатын жүйені, орталықтандырылған бағыттамалар мен сигналдар деп атайды.
Электірлі орталықтандыру стансадағы барлық бағыттамалар мен сигналдарды қосымнан алыс болса да басқара алады. Олардың құрылғылары бағыттама мен сигналдардың басқару құралдарымен, жол жабдықтарынан (бағдаршамнан, бағыттама электір желілерінен, реліс тізбегінен, тоқ жүйесінен, қорек көздерінен) тұрады. Электір желісі орнатылған бағыттама үшкілігін ауыстырғанда, қол бұрағыштарымен немесе аппараттағы түймелермен жалғайды. Бағыттама мен сигналдың және жолдардың бос болмауы, реліс тізбегіндегі бағыттама бөліктерінің жағдайы қосым ішіндегі табло шамдарынан бақыланады. Маршруттағы сигналдар мен бағыттамалардың өзара тұйықталуы және реле ғимаратында орналасқан реленің көмегімен сәйкес келмейтін маршруттарды болдырмау керек.
Механикаландырылған орталықтан қосым орталығына бағыттаманы ауыстыру белгілі бір шектелген қашықтықта жүргізіледі. Станса кезекшісінің ғимаратында станса блакировкасы орталықтандырылған басқару аппаратымен бекітіледі.
Кез-келген орталықтың сұлбасының байланысуы, берілген маршрутта сигналды ашу үшін автоматты түрде бағыттаманың дұрыс қойылуын және сәйкес келмейтін маршруттың жағдайын тексеру. Сигналды бағыттаманы дұрыс қойғанын тексеріп ашады және сәйкес келмейтін маршруттың сигналын жабады.
Электірлі орталықтың құрылғылары мынадай жағдайларды болғызбау керек:
Бос емес жолға маршруттағы кіретін бағдаршамды ашу;
Жылжымалы құрамның астындағы бағыттаманы ауыстыру.
Мұндай құрылғылар мыналарды қамтамасыз етуі керек:
Берілген маршрутты қорғауға, бір уақытта жабылған бағдаршамнан бағыттаманы кесіп өтуін бақылау;
Басқару аппаратарындағы жолдар мен бағыттамалардың бос еместігін бақылау;
Маневр бағдаршамдарының көрсетуімен маневр қозғалыстарын жүргізу мүмкіндіктері.
Орталықтандырылған реленің екі жүйесі бар. Бірінші – орталықтандырылған реленің маршрутты автоматты түрде қоюы, бағыттама мен сигналдарды пульттағы екі түймені бас арқылы орындағанда, - маршруттың «басы» және «соңы». Бұл жүйені орталықтандырылған маршрутты – реле деп атайды. Екінші жүйе – жеке қол тұтқалары мен түймелердің көмегімен, сигналдар мен бағыттамаларды орталықтандарылған реледен жеке басқару.
Дәріс №7.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
-
Жол қоршауының түрлері
-
Автоматтық жол болктауы
-
Жартылай автоматтық жол болктауы
-
Бағыттамалар мен сигналдарды орталықтандыру
-
Орталықтандырылған реленің жүйелері
Дәріс №8 Орталықтандырылған диспетчерлік басқару негізі
Орталықтандырылған диспетчерлік басқару негізі
Орталықтандырылған диспетчерлік басқару құрылғылары мынадай жағдайларды қамтамасыз ету керек:
Бір бекеттен станса мен аралықтағы сигналдар мен бағыттамаларды басқару;
Басқару аппаратынан бағыттамалардың бос еместігін және жағдайын, аралықтың бос еметігін, стансадағы жолдар мен оларға қосылатын блок-телімдерін, сондай-ақ, кіретін, шығатын, маршруттық бағдаршамның қайталап көрсетуін бақылайды;
Пойыздарды қабылдап, жөнелтуге, бағыттама мен сигналдарды стансадағы резервтен басқаруға, маневр жұмыстарын жасауға немесе маневр жұмыстарын жүргізуге, жергілікті басқаруда бағыттамаларды беру;
Жүріс графигінің орындалуын автоматты түрде жазу;
Электрлі орталық пен автоблокирокаға қойылатын талаптардың орындалуы.
Диспетчерлік орталықтан пойыз диспетчері қашықтығы 150-200 км. аралық стансаларының барлық бағыттамалар мен сигналдарды басқарады. Диспетчерлік орталықтағы автоблакировка құрылғылары, электірлі орталықпен, телемеханикалық бағыттамалар мен сигналдар барлық стансалардың бір бекетінен (диспетчерлік қосымнан) басқарылады.
Бір тармақты желіде автоматты емес жүйемен салыстырғанда өткізу қабілеті 20-40% өседі, жүк пойызының телімдік жылдамдығын 15-20% өсіреді. Сондай-ақ, диспетчерлік орталықтан 50 адамнан кем емес, жұмыскерлер санын қысқарту. Желідегі әрбір 100 км. сайын.
Диспетчерлік орталықта «Нева» дамыған жүйе. Бұл жүйемен 1120 объектті басқарып және 1840 бақылауға болады. Телімдегі әр түрлі қиылысулар пайдалы, кез-келген тартым түрімен, жүк тасымалын ескермегенде.
Диспетчерлік орталықтың барлық жүйесі қарастырылған:
Пульт-таблоның басқару қоры, станса ғимаратында немесе реле қосымында орналасқан;
Пульт-таблодағы маневр бағдаршамдары мен бағыттамаларды жергілікті басқару, реле қосымындағы маневр щитарымен немесе маневр колонкаларымен жүргізіледі.
Қордан және жергілікті басқару диспетчер бұйрығымен жүргізіледі.
Диспетчердің орталықтандырылған аппараты көрсеткіш таблолардан тұрады, онда жол аралықтары мен Айырым бекеттер, түймелі шүріппелер көрсетілген. Cондай-ақ, байланыс бөлімдері мен пойызграфтары бар.
Бағытты жасау үшін, диспетчер алдымен таңдаған станса түймесін басып, содан соң пойыз жүретін бірінші және екінші маршруттық сигналдарды басады; маршруттық-сигналды түймелердің жарық көрсеткіштері (ақ жолақ) және маршрутты дайындау үрдісін, сәйкес стансаның көрсетілген таблосында бақылайды.
Автоматты локомотив сигналы және авто тежегіш
Автоматты локомотив сигналы (АЛС) жол бағдаршамдарын көрсетуге арналған (семафор), онымен пойыз жүреді, локомотив бағдаршамы, жүргізушінің күймесінде орналасқан. Бұл жүргізушіге, сигналдар дұрыс көрінбеген жағдайда қажет болады, пойызды үлкен жылдамдықпен қауіпсіз, әрі сенімді жүргізуге болады. ТПЕ сәйкес автоблакировкаланған барлық телімдер АЛС толықтырылуы керек.
Авто тежегіштер сигнал жабық болғанда, егер жүргізуші пойызды тоқтатуға және тежеуге шара қолданбаса пойыздарды автоматты тоқтатуы керек.
АЛС және авто тежегіштерді бірге қолданады. Жолдағы көрсеткіштердің көрсету тәртібіне қарай (белгілі бір нүктелермен немесе үзілісіз) АЛС автоматты локомотив сигналының автотежегішпен белгілі бір орынан сигнал беру түрі (АЛСБ) және автоматты локомотив сигналының үзіліссіз сигнал беру түрі (АЛСҮ) жүргізушінің қырағылығын жиі тексеріп және жылдамдықты бақылау болып бөлінеді.
АЛСБ стансаға жақындағанда жартылай автоблокировка телімінде қолданады. Оның жұмысы локомотив пен жол индукторларының өзара әрекетесуінен болады. Жолдың екі нүктесінде кіретін сигналдың алдында екі жол индукторы орналасқан. Біріншісі, аралық жақтан, индукторды тұрақты күйіне келтіріп отырады. Олар кіретін сигналдың кез-келген көрсетуінде локомотивтің авто тежегішіне әсер етеді және кіретін индукторға әсер етпейді. Кіретін сигналдың көрсеткішіне қатысты, екінші индуктордың жобасын күйіне келтіре отырып, екі нүкте автоматты түрде өзгереді. Жол индукторлары ток көзін алмайды, локомотив индукторы лампы генераторынан қорек алады. Локомотив индукторы жолмен өткенде, олардың жобалары өзара әрекеттеседі, бірыңғай жиілікке келтіріледі.
Осының салджарынан резонанс бұзылып және локомотив индукторы жобасыныңтоғы азайяды, дешифратордың ДШ қабылдау құрылғысы тіркеліп, тоқта қалыпты жағдайда тұрғанда, локомотив бағдаршамдарының ЛБ көрсеткіштерінің және авто тежегіштің электропневматикалық тығындарының ЭПТ жағдайының өзгеруіне әкеледі. Бұл тығын жолдағы индукторлар әсер еткенде қайралады; якорь, тежегіш магистралін жабатын ойық, сығылған ауа ысқырық арқылы атмосфераға шығып, жоқ болады. ЭПТ тежегіш жүйесіне әсер еткенде, жүргізуші ысқырықтың басынан 6-7 сек кем емес, қырағылық тұтқасын аз уақытқа басуды тоқтатады, ал кері жағдайда еріксізден тежейді.
Пойыздың аралықта жүрген уақытында локомотив бағдаршамында ақ түс жанып тұрады, ал стансаға жақындағанда және жол индукторларының бірінші, екінші нүктелерінен өткенде, кіретін бағдаршамның сәйкес көрсеткішіне өзгереді. С әріпімен жүргізушіге стансаға жақындағанын ескертеді. Локомотив бағдаршамының кез-келген көрсеткішінде (ақ түстен басқа) жүргізуші қырағылық тұтқасын басады, авто тежегіштің өздігінен жұмыс жасауын болдырмайды. Қырағылық тұтқасын басқан соң 7-8 сек кейін локомотив бағдаршамында ақ түс жанады.
АЛСБ жүргізуші қырағылығын сақтамағанда кіретін бағдаршамның алдынан пойыз автоматты тежеледі.
Жақындаған пойызға, АЛСБ жол бағдаршамының көрсеткішін тұрақты локомотивке көрсетіп тұрады. Реліс тізбегі арқылы локомотивке бағдаршам көрсеткіші беріледі. Жүріп келе жатқан пойыздың алдынан тұрған бағдаршамға, реліс тізбегімен ауыспалы кодты тоқ беріледі. Ол локомотивтің қабылдау катушкасына ҚК ауыспалы тоқтың кодты импульсына беріледі. Бұл импульстар фильтр Ф арқылы күшейткішке У түседі, онда тұрақты тоқтың импулісі пайда болып күшейеді. Дешифратордың ДШ коды жіктеледі, және олардың қасиетеріне қарай локомотив бағдаршамдарының ЛБ сәйкес оттары жанады. ЛБ көрсеткіші жүруге рұқсат бермей, өзгергенде ұзақ ысқырық беріледі және электропневматикалық тығын ЭПТ жұмыс істей бастайды. Пойызды тоқтатуды болдырмас үшін, жүргізуші қырағылық тұтқасын ҚТ басып (авто тежегішті ағытады), және қажет жағдайда тежейді. Егер жол бағдаршамында жасыл түс жанса, онда пойызды қарсы алуға Ж тоқ коды жүргізіледі және локомотив бағдаршамында да жасыл түс жанады; бағдаршам сары жанғанда С коды жүргізіледі, локомотивте сары түс жанады; бағдаршамда қызыл түс жанғанда СҚ коды түседі және локомотив бағдаршамында сары қызыл түстер жанады. Егер пойыз стансаның кодталмаған жолдарымен жүрсе, ақ түс жанады; жүргізуші жол бағдаршамының көрсетуімен жүргізеді.
Автоматиканың жетілдірілген құрылғылары, пойыздар жүрісінің қауіпсіздігін сақтауда, жылдамдықты автоматты түрде реттейді. Ол бірнеше мәнді автоматты локомотив сигналдарын білдіреді, пойыздар жүрісінің жылдамдығын автоматты реттеу. Бірнеше мәнді сигналдардың үзіліссіз, жолдағы сигнал көрсеткіштерінің локомотивке индукциялық тәртіппен берілуі. Алдында кеткен пойыздың арақашықтығына байланысты, жолдардың бұрылыстарында жылдамдықтарын шектеу, кіретін бағыттама бұрмаларының қайшылама маркілерін және әр түрлі жиілікте ауыспалы тоқпен жолдағы реліске қарсы келе жатқан пойызға кодты сигнал немесе сандық код пен жиілік комбинациясы түседі.
Дәріс №8.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
-
Орталықтандырылған диспетчерлік басқару негізі
-
Орталықтандырылған диспетчерлік басқару құрылғылары
-
Диспетчерлік орталық жүйелері
-
Автоматты локомотив сигналы және авто тежегіш
Дәріс №9 Станцияны блоктау және байланыс құрылғылары
Достарыңызбен бөлісу: |