БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі «Жалпы тіл білімі» пәні



Дата16.06.2016
өлшемі164.8 Kb.
#138289
түріБағдарламасы
әл-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі

«6М021300 – Лингвистика»

мамандығы бойынша МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ

АЛМАТЫ 2012


Емтихан тақырыптарының тізімі

«Жалпы тіл білімі» пәні

1. Ежелгі дәуір тіл білімі. Тіл білімі тарихын кезеңдерге бөлу мәселесі. «Атаулардың дұрыстығы» туралы айтыс, анология және аномалия, тілдің негізгі бөлшектерін (дыбыс, буын, сөз, сөйлем) және негізгі грамматикалық категорияларды анықтау. Көне грек-рим, қытай, үнді, араб, түркі тіл білімінің жетістіктері. М. Қашқари және оның лингвистикаға қосқан үлесі.

2. ХҮІ-ХҮІІІ ғасыр тіл білімі. Еуропа тілдері грамматикасына латын грамматикасының әсері. Тілдер туыстығын дәлелдеудің алғашқы қадамдары. Пор-Рояль грамматикасы – жалпы лингвистикалық теориялар мен аймақтық гармматикалар жасаудың алғашқы үлгісі. Философтар еңбектеріндегі тіл мәселелері: Ф. Бэкан, Р. Декарт, Г. Лейбниц және т.б. Тілдің пайда болу теориялары: Ж.Ж. Руссо, И. Гердер, М.В. Ломоносов.

3. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі. Тілдер туыстастығы мәселелері. Санскрит тілінің салыстырмалы-тарихи тіл біліміндегі орны: В.Джоунз, Ф. Шлегель. XIX ғ. бірінші ширегіндегі салыстырмалы-тарихи тіл білімі: Р. Раск, Ф. Бопп, Я. Гримм, Ф. Диц, А.Х. Востоков. Үнді-еуропа тілдеріндегі салыстырмалы-тарихи грамматикалар. Туыстық шежіре (бұтақ) теориясы және И. Шмидттің толқын теориясы.

4. Салыстырмалы-тарихы тіл біліміндегі жас грамматистер дәуірі: жаңа әдістер, нақты әдістерге талпыну, эксперименталдық саланың дамуы. К. Брутман және Б. Дельбрюк: тілдерді сипаттаудың жүйелілік жұмыстары.

5. XX ғ. салыстырмалы-тарихи тіл білімі. Тохар және хетто-лувий тілдерінің ашылуы. Ларингал теориясы. Үнді-еуропа негіз құрылымдары туралы жаңа теориялар және әр түрлі грамматикалық категориялардың пайда болуы: Э. Бенвенист, Ф. де Соссюр, Э. Стертеван, Х. Педерсен, Е. Курилович.

6. Реконструкция мәселелері. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі және тілдегі шылаулар туралы ілім. Лингвистикалық палентология және тілдердің макросемьялары теориясы: В.М. Иллич-Свитыч, Т.В. Гамкрелидзе, Вяч.Вс. Иванов.

7. В. фон Гумбольдттың лингвистикалық көзқарастары. Тіл философиясы. Тіл формалары туралы ілім. Тілдің ішкі формасы туралы түсінік. Тіл және ойлау. Халықтық рух түсінігі. Тіл – әрекет, және тіл – әрекеттің жемісі. Тілдердің типологиялық топтастырылуы қағидасы. В.фон Гумбольт – тіл әлемнің ерекше бейнесі.

8. XIX ғ. тіл біліміндегі әмбебап-логикалық бағыт. К. Беккердің "тіл ағзасы". К. Беккер сөйлеудің психогенезі туралы, логика мен грамматика арақатысы, логикалық, грамматикалық және этимологиялық формалар туралы. Ф.И. Буслаев грамматикалық формалар мен ойлау заңдары арасындағы қатынас және логика мен грамматика арасындағы шектік туралы. Сөз таптарын және сөйлем мүшелерін бөлудегі логика-синтаксистік негіздер.

9. Натуралистік бағыт. А. Шлейхер ілімі. Тілді тірі ағза ретінде қарау. Тіл дамуының екі кезеңі туралы. Тілдегі мағына және қатынас түсінігі. Тілдердің типологиялық топтастырылуы. Ата тіл туралы түсінік және туыстық шежіре мен реконструкция қағидалары. И. Шмидттің толқын теориясы. М. Мюллер теориясы – натурализмнің ерекше түрі.

10. Психологиялық бағыт. XIX ғ. екінші жартысындағы психология және тіл білімі. Г. Штейнтальдің лингвистикалық жүйесі. Логикалық бағытқа сын. Тілдік ойлау мен ішкі форма туралы ілім. Этникалық психология. А.А. Потебняның лингвистикалық көзқарастары. А.А. Потебняның зерттеулеріндегі семантикалық бағыт.

11. Сөздің таңбалылығы туралы ілім. Полисемияны жоққа шығару. Сөз және контекст. Грамматикалық форма және грамматикалық мағына туралы ілім, сөз таптарының және сөйлем мүшелерінің қалыптасуы туралы. В. Вундтың лингвистикалық көзқарастары. Халық психологиясы ұғымы. Түсінік беретін мағыналар мен ым тілдері туралы ұғым. Сөйлем туралы ілім.

12. Жас грамматикалық бағыт. Неміс жас грамматистерінің көзқарасындағы позитивистік және жеке психологиялық негіздер. Лейпцих мектебінің "Манифесті" және оның негізгі тезистері. Г. Остгоф және К. Бругман.

13. Дыбыстар заңдылықтары және анология туралы ілім. Ықтималдық және абсолюттік хронология ұғымы. Жас грамматистер "атомизмі". Г. Пауль теориясы. Тіл тарихы – тіл білімінің пәні мен мазмұны. Қарым-қатынас үдерісіне сипаттама. Индивид, қоғам және тіл. Тіл және диалектілер. Салыстырмалы-тарихи әдістің жетілуі мен дамуы.

14. Москва мектебі. Ф.Ф. Фортунатовтың лингвистикалық көзқарастары. Грамматикалық форма мен грамматикалық мағына туралы ілім. Нөлдік форма туралы түсінік. Сөздің грамматикалық топтары туралы ілім. Сөз – таңбаның бір түрі.

15. Сөз тіркестері теориясы. Ф.Ф. Фортунатов еңбектеріндегі салыстырмалы-тарихи тіл білімі және типология мәселелері. А.А. Шахматовтың жалпы және салыстырмалы-тарихи тіл біліміндегі мұрасы. А.М. Пешковский, В.М. Ляпунов, Д.Н. Ушаков, М.М. Покровский және т.б лингвистикалық көзқарастары.

16. Қазан лингвистикалық мектебі. Қазан лингвистикалық мектебінің қалыптасуы және оның бағдарламасы. И.А. Бодуэн де Куртененің лингвистикалық көзқарастары: тіл дамуы мәселелері: статика және динамика; тіл туралы ілім – қоғамдық-психикалық құбылыс; фонема және морфема теориясының жасалуы; экперименталды фонетиканың пайда болуы; тілдің жүйелік концепциясы.

17. Альтернация ұғымы. Сипаттамалы әдіс қағидасының талдануы. Тілдің пайда болуы және тілдік өзгерістің себептері. Тілдің таңбалық сипаты туралы В.Н. Крушевский ілімі. В.А. Богородицкийдің негізгі морфологиялық үдерістер туралы ілімі. Сөз таптары және сөйлемдер мәселелері туралы. Экспериментальдық тұрғыдағы фонетика мәселесі.

18. Эстетикалық мектеп. К. Фосслерге В. фон Гумбольдт пен Б. Кроге идеяларының әсері. Лингвистика – қолданбалы эстетика. Стилистика – әмбебап пән. Лингвистика және әдебиеттану.

19. "Сөздер және заттар" мектебі. Г. Шухардт және Р. Мерингер – "сөздер және заттар" мектебінің өкілі. Жас грамматистердің фонетикалық заңдылықтар туралы теориясына сын. Тілдердің тоғысуы. Ономосиялогиялық зерттеулер.

20. Ареалды (кеңістік) лингвистика. Неолингвистика. Диалектология және лингвистикалық география. Лингвистикалық үздіксіздік теориясы. Изоглоссия. Итальян неолингвистерінің еңбектеріндегі лингвистикалық география мәселелері: М. Бартоли, В. Пизани, Дж. Бонфанте. Субстрат туралы ілім: И. Асколи. В. Пизанидің ареалды лингвистика және тілдік одақтар лингвистикасын салыстырмалы тарихи зерттеулерінде қолдануы.

21. Фердинанд де Соссюр еңбектеріндегі жалпы тіл білімі мәселелері: тілдің анықтамасы; тіл мен сөйлеудің арақатысы туралы; сыртқы және ішкі лингвистика; тілдегі синхрония және диахрония; тіл мен сөйлеудегі синтагматикалық и парадигматикалық қатынастар; таңба және таңба жүйесін анықтау; таңба түрлері және олардың касиеттері. Ф. де Соссюр және А. Гардинер, Э. Бенвенист, Э. Косериу.

22. Француз социолингвистикасы. А. Мейе еңбектеріндегі тілдің әлеуметтік құбылыс ретінде анықталуы. А. Мейенің салыстырмалы-тарихи тіл біліміне қосқан үлесі. Салыстырмалы-тарихы әдісті негіздеуі. Ататіл ұғымы. А. Мейенің тілдердің араласуы туралы көзқарастары.

23. Ж. Вандриестің жалпы лингвистикалық көзқарастары. Ш. Баллидің, А. Сешенің әлеуметтік идеялары. М. Коэн бойынша тілдің әлеуметтенуі. А. Мартиненің қос мүшелену және тілдік өзгерістерді үнемдеу қағидасы. Э. Бенвенист еңбектеріндегі жалпы тіл білімі мәселелері.

24. Америка этнолингвистикасы. Ф. Боас және оның американдық үндістердің тілі туралы зерттеулері. Америка бихевиоризмі: Л. Блумфилд, Л. Блумфилдттің постулаттар қағидасы. Адамның тілі және мінез құлқы (стимулдар және реакциялар).

25. Э. Сепирдің модель теориясы. Америкадағы этнолингвистика (антропологиялық лингвистика) және оның өкілдері: Ф. Боас, Э. Сепир, С. Лэм, Б. Уорф. Тіл және әлем көрінісі. Тіл мен мәдениеттің байланысы.

26. Неогумбольдтшылдық. Неогумбольдтшылдық – ойлау мен танымдағы тілдің рөлі туралы. Тіл әлемді түсінудің "кілті" туралы В. Вайсгербер теориясы. Тілдің семантикалық қүрылымы және әлемді түсінудегі неогумбольдтшылдық. Тілдегі субъективтік пен объективтік факторлардың арақатысы. Тіл және әлем бейнесі. Семантикалық өріс теориясы: И. Трир, В. Порцит.

27. Структурализмнің негізгі бағыттары. Ф. де Соссюр және И.А. Бодуэн де Куртенэ – лингвистикалық структурализмнің өкілдері. XX ғ. структурализм. Жас грамматистік зерттеулердің теориясы мен практикасына сүйену және оның арақатысы. Тілді құрылымдық жағынан сипаттаудың әдіснамалық негізі.

28. Прага мектебіндегі функционалдық бағыт: Н.С. Трубецкой, Р. Якобсан, В. Метезиус және т.б. Н.С. Трубецкойдың фонологиялық теориясы. Фонема туралы түсінік. Оппозиция туралы ілім. Актуалдық мүшелену теориясы (В. Метезиус).

29. Р. Якобсанның универсалдық фонологияның қасиеттері мен теориясы. Грамматикалық зерттеулер: В. Метезиус. Сөйленімнің актуалдық мүшелену теориясы. Функционалдық категория және әдеби тілдің дифференциациясы. Прагалықтардың типологиялық зерттеулері. "Тілдік одақтар" теориясы.

30. Глоссемантика (Дания немесе Копенгаген структурализмі): өкілдері, көтерген негізгі мәселелері, әдіснамасы және әдістемесі. Л. Ельмслев, В. Брендаль, Х. Ульдаль. Тіл және сөйлеу. Тіл – таңбалар жүйесі.
«Тіл біліміне кіріспе» пәні.

31. Лингвистикалық талдау тәсілдері. Жеткізу өрісі және мазмұн өрісі. Таңбалар және символдар. Форма және субстанция. Вариант және инвариант. Глоссематикадағы лингвистикалық талдаулардың түрлері мен амалдары.

32. Дескриптивтік лингвистика (америка структурализмі). Тіл туралы постулаттар жиынтығы. Дистрибуция модельдері. Б. Блок, Г. Трейгер, Ч. Хоккет, З. Хэррис. Тіл қабаттары жүйесі туралы түсінік. Аллофондар және алломорфтар. Қос бөлшектер (ҚБ) талдауы. Трансформациялық талдау (ТТ). Трансформация-генеративтік грамматика: Н. Хомский, Р. Лиз. Тілдік мағынаға қатысты позиция, даму жолдары. Туындау механизмінің негізгі түрлері.

33. Франция функционалдық мектебі: А. Мартине. Лингвистикалық структурализм мен функционализмнің жетістіктері және кемшіліктеріне сын. Лондон лингвистикалық мектебі. Лондон мектебі өкілдерінің (Дж. Ферс) еңбектеріндегі тіл табиғаты туралы түсініктер. Дж. Ферс және Б. Малиновскийдің тұлғаның тілмен байланысы туралы идеялары. Мағына мәселесі және оның лингвистикалық талдаудағы орны. В. Аллен және М. Холлидей еңбектеріндегі тіл құрылымы мәселесі.

34. Ресей тіл білімі. Қазіргі орыс тілі теориясының қалыптасуы: Л.В. Щерба, Л.П. Якубинский, П.С. Кузнецов, В.В. Виноградов, С.Г. Бархударов, Б.А. Ларин, Н.Ю. Шведова және т.б. Тілді зерттеу және оның мәдениетке, халық психологиясы мен мифологияға қатысы (Ф.И. Буслаев, А.А. Потебня, А.Н. Афанасев) және И. Смирницкий еңбектеріндегі сөз туралы ілім.

35. Әлеуметтік лингвистика туралы идеялар. Әлеуметтік лингвистика туралы идеялардың М.Н. Петерсон, Р.О. Шор, Е.Д. Поливанов еңбектеріндегі көрінісі. Глотогендік үдерістер туралы.

36. Н.Я. Марр және оның ілімі. И.И. Мещанинов – синтаксистік типология туралы. Фонема туралы тартыстар. Структурализм туралы түрлі көзқарастар. Қазіргі орыс тіл біліміндегі функционалдық багыт.

37. Қазақстан тіл білімі. Қазақ тіл білімі – жалпы түркітанудің құрамдас бөлігі (Н.И. Ильминский, В.В. Радлов, С.Е. Малов, П.М. Мелиоранский, В.В. Катаринский, А. Құрышжанов және т.б.).

38. Қазақ тіл білімі туралы ілім (А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, І. Кеңесбаев, С. Аманжолов, Ы. Маманов, Н. Сауранбаев, Ғ. Мүсаев, М. Балақаев, Ә. Қайдаров, Р. Сыздықова және т.б.).

39. А. Байтұрсынов, Қ. Жұбановтың жалпы лингвистикалық ілімдері. Қазақ графикасы мөселелері: А. Байтұрыснов, Қ. Жұбанов, А.С. Аманжолов, Е. Омаров, Х. Досмұхамедов және т.б.

40. Әулет – тілдердің макроәулеті. Жалғамалы тіл типі. Тілдер мысалдары және олардың жалпы сипаттамасы. Қопармалы тіл типі. Тілдер мысалдары және олардың жалпы сипаттамасы. Даралаушы тіл типі. Тілдер мысалдары және олардың жалпы сипаттамасы. Полисинтетикалық тіл типі. Тілдер мысалдары және олардың жалпы сипаттамасы. Орыс тілінің генетикалық және типологиялық сипаттамасы.

41. Тілдің дамуы. Конвергенция және дивергенция үрдістері. Қазақ тілінің генетикалық және типологиялық сипаттамасы. Ағылшын тілінің генетикалық және типологиялық сипаттамасы. Қазақ және орыс тілдерінің генетикалық сипаттамасы. Қазақ және орыс тілдерінің типологиялық сипаттамасы. Орыс және ағылшын тілдерінің генетикалық сипаттамасы. Орыс және ағылшын тілдерінің типологиялық сипаттамасы.

42. Тіл білімінің әдіс-тәсілдері. Лингвистикалық зерттеудің әдістері. Салыстырмалы-тарихи әдіс. Сипаттамалы әдіс. Салғастырмалы әдіс. Компоненттік талдау. Семантикалық талдау әдісі. Ассоциативтік эксперимент.

43. Фонетикалық жүйе туралы түсінік. Фонетиканың пәні мен міндеттері. Антропофоника және фонология. Теориялық, практикалық және эксперименталды фонетика. Контрастивтік фонетика. Тарихи фонетика.

44. Фонема туралы түсінік. Дыбыс және фонема. Фонеманың перцептивтік және сигнификативтік қызметі. Фонеманың дифференциалдық және интегралдық белгілері. Фонема реңктері (аллофондар).

45. Сөз – лексикология пәні. Тілдегі сөздердің типтері. Сөз және морфема. Лексикологияның бөлімдері: семасиология, ономасиология, этимология, лексикография. Фразеология. Сөздердің еркін және тұрақты тіркестері. Фразеологиялық бірліктердің семантикалық тұтастығы және құрылысы тұрғысынан жіктелуі.

46. Сөз тіркесі және сөйлем. Сөз тіркесі және оларға тән белгілер. Сөйлем және оларға тән белгілер. Жай сөйлем. Жай сөйлемдер құрамындағы синтагмалар.

47. Тілдің сөздік құрамының стилистикалық тұрғыдан жіктелуі. Стилистикалық бейтарап сөздер. Кітаби лексика. Ауызекі және жалпыхалықтық лексика. Әдеби тіл лексикасы және диалектілік лексика. Түрлі әлеуметтік топтар лексикасының ерекшеліктері.

48. Жазу теориясы және жазу тарихы. Жазу таңбалары және олардың типтері. Жазудың типтері. Пиктография. Идеография. Көне Египет иероглификасы. Шумер жазуы. Буындық жазу. Қазіргі әлемдегі әліпбилік жазу түрлері.

49. Әлеуметтік лингвистика. Қазақстан халықтарының тілдері: генетикалық сипаттамасы. Қазақстан халықтарының тілдері: типологиялық сипаттамасы. Қазақстандағы тілдік жағдаят. Қазақстанның тіл саясаты, тілдік жоспарлау. Әлеуметтік лингвистиканың мақсаты, пәні, нысаны. Тіл және қоғам. Диглоссия және билингвизм. Тілдердің аймақтық және әлеуметтік жіктелімі (дифференциация): диалект vs. социолект.

50. Тілдік қатынас теориясы. Интерференция: себептері және жою жолдары. Креол және пиджин тілдер. Тілдік одақ мәселесі. Қазақ және орыс тілдерінің қатынасы. Кірме сөздер. Тілдік қатынастағы қостілділік мәселесі.
5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиет:

  1. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы, 2001.

  2. Жұбанов А. Қолданбалы лингвистика. – Алматы, 2004.

  3. Жұбанов А. Компьютерлік лингвистикаға кіріспе. – Алматы, 2007.

  4. Кодухов В. И. Общее языкознание. – М., 1974, 2008.

  5. Березин Ф. М. История лингвистических учений. – М., 1975, 1984.

  6. Степанов Ю. С. Методы и принципы современной лингвистики. – М., 1975, 2000

  7. Общее языкознание Методы лингвистических исследований.  Отв. ред. Б. А. Серебрянников – М., 1973.

  8. Левицкий Ю. А., Боронникова Н. В. История лингвистических учений. – М., 2005.

  9. Амирова Т. А., Ольховиков Б. А., Ю. В. Рождественский История языкознания. – М., 2003.

  10. Михалев А. Б. Общее языкознание. История языкознания. – М., 2005. 

  11. Даниленко В. П. Общее языкознание и история языкознания. – М.: Флинта, 2009.

  12. Мечковская Н. Б.  Общее языкознание. Структурная и социальная типология языков. – М.: Флинта, 2007.

  13. Ахатова Б.А. Политический дискурс и языковое сознание. – Алматы, 2006.

  14. Баранов А. Н. Введение в прикладную лингвистику. – М.: МГУ, 2001.

  15. Беликов В.И., Крысин Л.П. Социолингвистика: Учебник для вузов. – М., 2001.

  16. Современная американская лингвистика: фундаментальные направления. – М., 2002.

Қосымша әдебиет:

  1. Белл Р.Т. Социолингвистика. Цели, методы и проблемы. – М., 1980.

  2. Вежбицкая А. Семантические универсалии и описание языков. – М., 1999.

  3. Воробьева О.И. Политическая лексика. Ее функции в современной устной и письменной речи. – Архангельск, 2000.

  4. Городецкий Б.Ю. Компьютерная лингвистика: моделирование общения // НЗЛ. Компьютерная лингвистика. Вып. 24. – М., 1989.

  5. Жубанов А.К. Основные принципы формализации содержания казахского текста. – Алматы, 2002.

  6. Засорина Л.Н. Введение в структурную лингвистику. – М., 1974.

  7. Зубкова Л.Г. Язык как форма. Теория и история языкознания. – М., 1999.

  8. Искусственный интеллект. (В 3-х кн.) Справочник / Под ред. Э. В. Попова. – М., 1990.

  9. Кибрик А.Е. Очерки по общим и прикладным вопросам языкознания. – М., 1992.

  10. Куличенко Ю.Д, Перцептивные образы политического дискурса. – Алматы, 2009.

  11. Курышжанова А.А. Лингвистическое обеспечение компьютерных программ по казахскому языку: Автореф. дисс… канд. наук. – Алматы, 1999.

  12. Леонтьев А.А. Основы психолингвистики. – М. 2003.

  13. Макаров М. Л. Основы теории дискурса. – М., 2003.

  14. Марчук Ю.Н. Основы компьютерной лингвистики. Учебное пособие. – М.: МПУ «Народный учитель», 2000.

  15. Мечковская Н.Б. Социальная лингвистика. – М., 1994.

  16. Мечковская Н.Б. Социальная лингвистика. – М., 2000.

  17. Нелюбин Л.Л. Компьютерная лингвистика и машинный перевод. – М.: ВЦП, 1991.

  18. Общее языкознание. Т.1. – М., 1970.

  19. Общее языкознание: Формы существования, функции, история языка. – М., 1970.

  20. Паршина О.Н. Российская политическая речь. Теория и практика. – М, 2007.

  21. Рождественский Ю.В. Лекции по общему языкознанию. – М., 1990.

  22. Серебренников Б.А. Роль человеческого фактора в языке: Язык и картина мира. – М., 1988.

  23. Серебренников Б.А. Роль человеческого фактора в языке: Язык и мышление. – М., 1988.

  24. Скребцова Т.Г. Американская школа когнитивной лингвистики. – СПб., 2000. Современная американская лингвистика: фундаментальные направления. – М., 2002.

  25. Шейгал Е. Семиотика политического дискурса. – М., 2004.

  26. Язык и наука конца ХХ века. – М., 1995. Лурия А.Р. Язык и сознание. – М., 1996.

Сөздіктер және анықтамалар:


  1. Аберкромби Н., Хилл С., Тернер Б.С. Социологический словарь. – Казань, 1997.

  2. Абилова Б.А. Словарь лингвометодических терминов. – Алматы, 1997.

  3. Аманжолов А.С. Казакша-орысша лингвистикалык терминдер. – Алматы, 1999.

  4. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. – М., 1969.

  5. Исаев М.И. Словарь этнолингвистических понятий и терминов. – М., 2001.

  6. Казак тiлi энциклопедия. – Алматы, 1998

  7. Карасик 1992: Карасик В.И. Язык социального статуса. – М., 1992.

  8. Краткий словарь по социологии. Сост. П.Д. Павленок. – М., 2000.

  9. Лингвистический энциклопедический словарь. Гл. ред. В.Н. Ярцева. – М., 1990.

  10. Сулейменова Э.Д., Шаймерденова Н.Ж., Мадиева Г.Б., Авакова Р.А. и др. Словарь по языкознанию. Тiл бiлiмi сөздігі. Под общей ред. Э.Д. Сулейменовой. – Алматы: Ғылым, 1998.

  11. Сүлейменова Э.Д., Шәймерденова, Н.Ж., Смағұлова Ж.С., Ақанова Д.Х. Әлеуметтік лингвистика терминдерінің сөздігі. Словарь социолингвистических терминов. – Алматы: Арман-ПВ, 2008.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет