БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі



Дата11.07.2016
өлшемі145.2 Kb.
#192532
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«6М050100 - ӘЛЕУМЕТТАНУ»

МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МАГИСТРАТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ

АЛМАТЫ 2012


Емтихан тақырыптарының тізімі
«Теориялық әлеуметтану тарихы» пәні


  1. Позитивистік әлеуметтанудың ерекшелiктерi. О. Конттың әлеуметтануы

Позитивистік әлеуметтанудың бастаулары. Огюст Конттың әлеуметтанулық доктринасының пайда болуының әлеуметтiк-экономикалық және әлеуметтiк-мәдени алғышарттары. О.Конт бойынша әлеуметтанудың пәні, міндеттері және әдістері. Позитивизм ғылымның дәлелдемесі ретінде. "Үш кезең" Заңы.


  1. К.Маркстiң формация теориясы

Маркстың әлеуметтанулық доктринасының пайда болуының әлеуметтiк-экономикалық және әлеуметтiк-мәдени алғышарттары. Адам және қоғам. Тарихтың материалистiк түсiніктері. Әдiстеме. Әлеуметтiк жүйелер теориясы. Әлеуметтiк даму теориясы. Әлеуметтiк революция. Класстар және класстық күрес теориясы.
3. Э. Дюркгеймнiң органикалық және механикалық ынтымақтастығы

Э. Дюркгейм шығармашылығының теориялық алғышарттары, оның әлеуметтiк ұстанымы. Дюркгейм бойынша әлеуметтанудың пәні мен әдісі, оның қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі орны. Әлеуметтік факт түсінігі, әлеуметтік факттің табиғаты мен түрлері. "Социологизм" әлеуметтанудың философиялық дәлелі ретінде. Себептi және функционалдық талдау.


4. Г. Спенсердiң әлеуметтанулық жүйесi

Г.Спенсердiң түсiндірмесіндегі әлеуметтану пәні. Теориялық құрылымдағы негізгі принциптер: қоғамды организм ретінде түсіну және қоғамды физиологиялық модель бойынша үлгілеу. Қоғам мен биологиялық организмнің ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Эволюция заңды органикалық процесс ретінде.


5. Макс Вебердiң әлеуметтануы

Макс Вебердiң әлеуметтiк көзқарастары мен теориялық ұстанымдарының қалыптасуының теориялық және қоғамдық шарттары. Әлеуметтанудың ғылым ретіндегі жалпы концепциясы. Әлеуметтiк әрекет ұғымы, оның құрылымы және түрлері. Идеалды тип теориясы. "Идеалды әлем" әлеуметтанулық зерттеудiң құралы ретінде. "Түсiну" әдiсі және оның әлеуметтiк әлем тұжырымдамасымен байланысы.


6. Фердинанд Теннис әлеуметтануы

Ф.Теннистiң әлеуметтанулық идеяларының бастауы. Теннистiң негiзгi еңбегі – "Қауым және қоғам". Қауым келісім, дәстүрлі қатынастардың басымдығына негізделетін қоғамдық байланыстардың формасы ретінде. Қоғам әлеуметтiк қатынастар, келісім-шарт негізінде құрылатын ерекше форма ретінде. Қоғамдық қатынастар және әлеуметтiк топтардың типологиясы.


7. Вильфредо Паретоның әлеуметтанулық теориясы

Италиядағы әлеуметтану дамуының ерекшеліктері. В. Паретоның ғылыми қызығушылықтарының қалыптасуы, теориялық көзқарасының эволюция кезеңдері. В.Паретоның әлеуметтанулық көзқарастарына иррационалистік және волюнтаристік концепциялардың ықпалы. Парето бойынша әлеуметтанудың әдістемелік принциптері.


8. П.А Сорокиннің әлеуметтанулық көзқарасы

П.А. Сорокиннің әлеуметтанулық көзқарасының теориялық қайнар көзі. П.А. Сорокиннің әлеуметтік идея эволюциясының негізгі фазалары. Әлеуметтік-мәдени динамика концепциясы. Әлеуметтану аппаратының аналитикалық ұғымын жасау. Қоғамдық құрылым, оның құраушыларының өзара әрекет механизмі түсіндірмесі.


9. Т. Парсонстың әлеуметтанулық доктринасы

Әлеуметтік әрекет концепциясының қалыптасуы. Т.Парсонс және оның "жалпыәлеуметтанулық теориясын" құрудағы талпынысы. "Қарапайым әрекет" - әрекет теориясындағы талдаудың негізгі бірлігі. Құрылымдық элементтер: қатысушы тұлға, мақсат, жағдай, әрекеттің нормативтік бағдары.


10. Роберт Мертонның құрылымды-функционалды талдауы

Орта деңгей теориясы тұжырымдамасы. Парадигма әдістемелік құрылым ретінде. Парадигманың функциялары. Дисфункция (әрекетсіздік) ұғымы. Мертонның уақыттың функциялық теориясын талдауы. Ашық және жасырын атқаратын қызметтері. Қазіргі қоғамдағы функциялық саралаудың негізгі принциптері мен шарттары. Мертонның құрылымдық талдауы.


11. Әлеуметтік қақтығыс теориялары

Конфликтологиялық парадигма. К. Маркс, Л. Гумплович, Г. Зиммель әлеуметтік қақтығыс туралы. Қақтығыс Льюис Козердың еңбектерінде идеалды көрініс ретінде. Қақтығыстың конструктивті және деструктивті маңызы. Қақтығыстың әмбебабтылығы. Консенсус және конвергенция қақтығысты шешу жолдары ретінде.


12. Социометрия (микрәлеуметтану)

"Социометрия" ұғымы. Джекоб Морено тұлғаралық қатынасты өлшеу теориясы туралы. Шағын топтардағы топ ішіндегі байланыс пен иерархияны зерттеу әдістері. Социограмма. Социометриялық процедура. Социометриялық техника.


«Қоғамның әлеуметтік құрылымы» пәні


  1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы ұғымы

Оқу курсының пәні, объектісі, мақсаты мен міндеттері. Пәнді оқытудың отандық және шетелдік тәжірибесі. Ресей қоғамының қазіргі дамуындағы әлеуметтік құрылым мәселесінің өзектілігі. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі оқу пәнінің орны мен рөлі. Әлеуметтік құрылым теориясы салалық әлеуметтанулық теория ретінде.


  1. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде

Қоғам жүйенің нақты түрі ретінде. «Қоғам», «қауымдастық», «тап», «стратификация», «әлеуметтік топ», «теңсіздік» және т.б. ғылыми ұғымдар.

Қоғам туралы жүйелік ұстанымдардың тарихи бастауы (О. Конт, Г. Спенсер). Әлеуметтік-экономикалық жүйелердің марксистік теориялары: қоғамның негізгі ішкі жүйелері.



  1. Әлеуметтік топ әлеуметтік құрылымның элементі ретінде


Қоғамға құрылымдық бағыттың қалыптасуы. Структурализм, функционализм және құрылымдық функционализм әлеуметтік құрылым теориясының дамуындағы негізгі бағыттар ретінде (Б. Малиновкий, А.Р. Рэдклиф-Браун, К. Леви-Стросс). Әлеуметтік құрылым туралы қазіргі заманғы түсініктер. Әлеуметтік және социеталды құрылымдар: қоғамның макро-, мезо- және микро құрылымдары. Әлеуметтік қажеттіліктер мен қызығушылықтар.


  1. Қазіргі заманғы әлеуметтік құрылымның негізгі бөліктері

Ұйымдастырушылық-басқарушылық құрылым (әкімшілік-мемлекеттік ұйымдастыру: бюрократиялық иерархия, билік түрлері мен бағыну). Әлеуметтік-салалық құрылым (сала әлеуметтік қауымдастық ретінде: әлеуметтік-салалық стратификациялар пирамидасы). Әлеуметтік-демографиялық құрылым (адамдардың негізгі демографиялық сипаты; демографиялық топтағы әлеуметтік теңсіздік).


  1. Әлеуметтік құрылым және стратификация әлеуметтанулық білімнің объектісі ретінде

Теңдік-теңсіздік категориялары. Теңсіздік түрлері. Стратификация теорияларының базалық ұғымы. Әлеуметтік стратификациядағы негізгі бағыттар: құрылымдық және функционалистік. Билік стратификацияның негізгі критерийі ретінде, биліктің белгілері. Меншік және әлеуметтік престиж – әлеуметтік теңсіздік критерийлері. Мәртебелік кристаллизация және мәртебелік қайшылық.


  1. Стратификациялық жүйелердің түрлері

Стратификациялық модельдердің әртүрлілігі. Әлеуметтанулық теориядағы класстар мен әлеуметтік таптар. «Тап» пен «топ» ұғымының байланысы. Америкалық және еуропалық дәстүрлер. Қазіргі жағдай. Таптық жағдайлар мен өмірлік мүмкіндіктер. Стратификацяның жүйелік сипаты. Әлеуметтік стратификация.


  1. Әлеуметтік мобильділік теориясы

Әлеуметтік кеңістік ұғымы. Әлеуметтік және физикалық кеңістік ұғымы. Әлеуметтік координаталар жүйесі. Әлеуметтік өзара әрекет ұғымы. Әлеуметтік өзара әрекет әлеуметтік кеңістікті құрудың негізгі принципі ретінде. Әлеуметтік топтар теориясы. Әлеуметтік топтардың мүмкіндіктерінің критерийлері, олардың түрлері. Әлеуметтік стратификация ұғымы.

8. М. Вебердің әлеуметтік теңсіздігі


«Әлеуметтік іс-әрекет» категориясы әлеуметтік теңсіздікті зерттеудің негізгі пункті ретінде. Меншік, билік, престиж стратификацияның негізгі өлшемі ретінде. Экономикалық класстарды веберлік түсіну. Индивидтердің нарықтық мүмкіншілігі класстық дифференциацияның негізі ретінде. Статустық топтардың иерархиясы.

9. Марксистік теориялардағы таптар мәселесі


Ортодоксалды марксизмдегі таптар теориясы дамуының негізгі кезеңдері. К. Маркс пен Ф. Энгельс жұмыстарындағы таптық мәселелер. «Тап өзінде» және «тап өзі үшін» ұғымдары. Таптық күрес антагонистік қоғамның негізгі мазмұны мен қозғаушы күші ретінде. Капитализмдегі таптар дихотомиясы. Таптарды жүйелік анықтау. Таптық идентификация белгілері. Қазіргі әлеуметтану тұрғысынан таптардың марксистік теориясын сыни талдау.
10. Халықтың кәсіби құрылымы

Адамдарды кәсібі бойынша бөлу және кәсіби стратификация. Топтардың кәсіби қызығушылықтары және олардың халықтың басқа тобының қызығушылықтарымен сәйкестілігі мен сәйкессіздігі. Престижді, аз престижді және престижді емес мамандықтар – олардың елдің экономикалық, технологиялық және әлеуметтік-саяси дамуына байланыстылығы.


11. П. Бурдьенің қоғамдық ұдайы өндіріс теориясы

П. Бурдьенің әлеуметтанулық талдаудағы фундаменталды алғышарттары. Әлеуметтану "әлеуметтік топология" ретінде. Әлеуметтік кеңістік пен әлеуметтік алаң түсінігі. Әлеуметтік кеңістікті құру қағидасы. Капитал және оның әртүрлі формалары. Символикалық капитал. Тап түсінігі. «Ықтимал» тап және «нақты» тап. Ұдайы өндіріс түсінігі. Білім беру жүйесі қазіргі қоғамның ұдайы өндірісінің ортақ механизмі ретінде. Таптардың білімі мен қарым-қатынасы.



12. Әлеуметтік мобильділік және әлеуметтік ұдайы өндіріс


Әлеуметтік мобильділік: процесстің анықтамасы мен мәні. Әлеуметтік мобильділіктің негізгі екі түрі – горизонталды және вертикалды. Өрлеуші және құлдыраушы мобильділік. Әлеуметтік мобильділік факторлары. Қоғам түрі мен әлеуметтік мобильділік сипаты. Әлеуметтік қоныстануларға ашық және жабық қоғамдардың әсер ету ерекшеліктері.

13. Қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеу әдістері


Ғылыми әдістер түсінігі және оның құрылымы. Әдістердің мазмұнды-генетикалық және формалды-логикалық элементтері, олардың өзара әрекеттесуі. Әдіс пен теория. Әдістер, заңдар, категориялар мен принциптер. Әлеуметтік құрылымды зертеудегі жалпы ғылыми әдістердің рөлі. Қолданбалы әлеуметтанудағы дәстүрлі әдістер және оны әлеуметтік құрылымды зертеуде қолдану. Әлеуметтік құрылымның талдау әдістерінің ерекшеліктері: субъективті әдіс, беделді зерттеу әдісі, әлеуметтік құрылым үлгісін талдау әдісі. Әлеуметтік құрылымды оңтайландырудағы қолданбалы зерттеудің рөлі.
«Экономикалық әлеуметтану»


  1. Экономикалық әлеуметтанудың пәнi

Экономикалық әлеуметтану әлеуметтік бiлiмнiң бір саласы ретінде. Экономикалық әлеуметтанудың объектiсi мен пәнiнiң жалпы сипаттамасы. Әлеуметтiк және экономикалық ұғымы. Әлеуметтiк және экономикалық салалардың өзара байланысы. Экономиканы дамытудың әлеуметтiк механизмi. Экономикалық әрекет және әлеуметтiк-экономикадағы теңсiздiк қатынастар әлеуметтанудың пәнi ретiнде.


  1. Экономикалық әлеуметтанудың пайда болуы мен қалыптасуы

Әлемдiк әлеуметтанудағы экономикалық әлеуметтанудың қалыптасу кезеңдерi. Пәннiң пайда болуының әлеуметтiк және ғылыми алғышарттары. Экономикалық теория және экономикалық әлеуметтанудың дамуындағы өзара байланысы. Дамудың классикалық кезеңі.


  1. Экономикалық әлеуметтанудың қазіргі дамуы

Қазіргі экономикалық әлеуметтанудың дамуының негізгі бағыттары. Рационалды таңдау, желілік амал, жаңа институционализм, мәдени-тарихи және этнографиялық тәсіл әлеуметтануы. Кеңестік әлеуметтанудағы әлеуметтік-экономикалық зерттеулер. Қазақстан және Ресей экономикалық әлеуметтануының дамуының негізгі кезеңдері.


  1. Экономикалық әлеуметтанудың негiзгi категориялары

Экономикалық әлеуметтанудың категориялар жүйесi. Жалпыәлеуметтiк және арнайы категориялар. Әлеуметтiк сана ұғымы әлеуметтiк топтар мен индивидтердiң экономикалық бiлiмдерi мен көзқарастарының жиынтығы ретiнде. Экономикалық сана мен экономикалық iс-әрекет арасындағы байланыс. Экономикалық ойлау экономикалық сананың тәжірибелік көрiнiсi ретiнде.


  1. Экономикалық мiнез-құлық

Экономикалық әлеуметтану экономикалық мiнез-құлық және экономикалық әрекет туралы ғылым ретiнде. «Экономикалық мiнез-құлық» және «экономикалық әрекет» ұғымдары. «Экономикалық сана, ойлау, мүдделер мен стериотиптер экономикалық мiнез-құлықтың алғышарттары ретiнде. Экономикалық және әлеуметтiк бағытталған әрекеттердің өзара байланысы.


  1. Айырбас қатынасы әлеуметтік талдаудың объектiсі ретiнде

Ақша әлеуметтiк-экономикалық айырбас құралы ретiнде. Ақшаның функциялары. Ақшаның көптеген формалары. Ақша әлеуметтiк-мәдени феномен ретiнде. Монетарлық мінез-құлық экономикалық мінез-құлықтың түрi ретiнде. Ақшаның жаратудың гедонистiк және рационалды мотивтерi. Көпшiлiк санасындағы ақшаға қатынас. Ақша жаратудың құрылымы мен интенсивтiгiн анықтайтын факторлар.

  1. Тұтыну әлеуметтануы

Тұтыну экономикалық әлеуметтану пәнi ретiнде. Тұтыну мен өндiрiстiң өзара байланысы. Әлеуметтануда тұтынуды зерттеудiң әлеуметтiк-экономикалық алғышарттары. Бұқаралық тұтыну мәдениетi әлеуметтанудың пәнi ретiнде. Тұтыну қоғамы концепциясы. Ұжымдық тұтыну саласы.Тұтынушылық мiнез-құлықты талдау.


  1. Үй шаруашылығы

Үй шаруашылығы және үй еңбегi түсiнiгi. Үй шаруашылығы жеке тұтынуға бағытталған, отбасы мүшелерiнiң жұмыс iстеу саласы ретінде. Үй еңбегi қоғамдық еңбектiң ажырамас бөлiгi ретiнде. Үй еңбегiнiң түрлерi. Үй шаруашылығының экономикалық ролiнiң өсуiн мойындау.


  1. Әлеуметтік-экономикалық даму теориялары

Капитализм әлеуметтанулық зерттеудiң пәнi ретiнде. Капитализм әлеуметтiк-экономикалық жүйе ретiнде. Капитализм концепциясы. Әлеуметтану классиктерiнiң еңбектерiндегi батыс-европалық капитализмдi зерттеу. В. Зомбарт батыс-еуропа капитализмі жөнінде. К. Маркстің капитализм теориясы. Вебердiң капитализмдi талдаудағы ерекшелiктерi. Протестанттық этика және капитализм рухы. Капитализмнің тарихи типтері. К. Маркс пен М. Вебердiң көзқарастарын салыстырмалы талдау.


  1. Экономиканы зерттеудегі инсититуционалдық тәсіл

Шаруашылық қызметті институционалды талдау. Әлеуметтану және экономикадағы институционализм. Әлеуметтанудағы және экономикадағы институционализм. Шаруашылық институттарды талдау: жекеменшік құқығы, басқару құрылымы, айырбас тәртібі. Нарық әлеуметтік институт ретінде. Институционалды матрицалар теориясы. Нарықтық және редистрибутивті экономиканың негізгі институттары. Экономиканың институционалды өзгерістері. Қазақстандағы нарықтық шаруашылықтың дамуының институционалды негіздері.


  1. Қоғамның әлеуметтiк-экономикалық стратификациясы

Әлеуметтiк-экономикалық стратификация және әлеуметтiк-экономикалық құрылым ұғымдары. Әлеуметтiк-экономикалық стратификацияның объективтi негiздерi: табыс, өмiр деңгейi, меншiк, капитал. Стратификациялық талдаудың негiзгi тәсiлдерi. П.Сорокин экономикалық стратификация және экономикалық мәртебенің флуктуациясы туралы. Стратификациялық жүйелердiң негiзгi түрлерi.

  1. Нарық әлеуметтануы

Нарық әлеуметтанулық талдаудың объектiсi ретiнде. «Нарық» ұғымы. Нарықтық ұйымдастыру жүйесi. М. Вебер нарықтық жағдай туралы. Нарықты реттеудiң ерекшелiктерi. Нарықтық және бюджеттiк басқарылатын экономика. Нарықтық жағдайда таптық жағдайдың детерминациясы.

  1. Шаруашылық идеология

Шаруашылық идеология түсiнiгi. Шаруашылық идеологияның 3 деңгейi: идеологиялық жүйе, экономикалық бағдарлама, бұқаралық сана деңгейiндегi шаруашылық идеология. Ұлттық менталитеттiң шаруашылық идеологияның қалыптасуына әсерi. Шаруашылық идеологияның негiзгi түрлерi.
«Жастар әлеуметтануы» пәні


  1. Жастар әлеуметтануының тарихи және әдістемелік мәселелері

Жастар туралы ғылымның теориялық және әдістемелік негіздері. Жастар әлеуметтанулық білім жүйесінде. Жастар әлеуметтануының пәні. Жастар қоғамның әлеуметтік құрылымында. Жастарды әлеуметтанулық зерттеу ерекшелігі.


  1. Жастар: ұғымның концептуализациясы мен зерттеу бағыты.

«Жастар» түсінігін анықтаудың түрлі бағыттары. Жастардың әлеуметтанулық мәнін анықтау. Жастар әлеуметтік-демографиялық топ ретінде. Жасөспірімдік әлеуметтік мәселе ретінде. Жастардың жасаралық айырмашылықтары әлеуметтік-демографиялық топ ретінде. Жоғарғы және төменгі айырмашылықтарды негіздеу.

  1. Батыс әлеуметтануындағы жастар мәселесін зерттеудің даму тарихы

Жастар мәселесін зерттеудегі теориялық концепцияларды талдау (К. Мангейм, Г. Шельски, Ф. Тенбрук, Л. Розенмайер, Ф. Найдгарт). Психоаналитикалық бағдар. З. Фрейд және неофрейдизм. Э. Эриксонның эпигенетикалық принципі. Р. Бенедикт «әлеуметтік мінез-құлық» туралы.


  1. Жастық әлеуметтік мәселе ретінде.

Жастық түсінігі. Жасаралық стратификация. Жасөспірімдік шақ теориясы. Э. Эриксон бойынша тұлға дамуының өмірлік жолы. Л.С. Выготский бойынша жоғары психикалық қызметтердің даму теориясы. Жасөспірімдіктің әлеуметтік мәртебесі. Жасөспірімдік өзін-өзі анықтау тұлғаның қалыптасуының маңызды кезеңі ретінде. Әлеуметтенудің психологиялық аспектілері.


  1. Ұрпақтар сабақтастығы диалектикасы

Ұрпақ – әлеуметтік-жастық категория. Ұрпақ әлеуметтік-тарихи құбылыс ретінде. Ж. Дромелдің саяси ұрпақ тұжырымдамасы. Тарихтың «ұрпақтық» кезеңге бөлінуі. К. Мангейм бойынша «Ұрпақ мәселесі». Ұрпақ қақтығысының ғаламдық теориялары. Парсонс, Фойер, Мандел, Лоренц теориялары. М. Мидтің позициясы. Ұрпақтар сабақтастығы мәдениеттер диалогы ретінде.


  1. Жастар мәдениеті

«Мәдениет» және «субмәдениет» түсінігі. Мәдени жан-жақтылық. Мәдени таралу аймағы. Мәдени мұра. Мәдениеттің формалары: элитарлы, бұқаралық, халықтық. Мәдениеттің түрлері. Мәдениеттің негізгі элементтерінің сипаттамасы. Мәдениеттің қызметтері. Қоғам мәдениетінің субъектілі құрылымы.


  1. Жас отбасы әлеуметтанулық және әлеуметтік-психологиялық зерттеудің объектісі ретінде.

Отбасының жағдайы мен даму болашағы. Отбасының тарихи түрлерінің өзгеруі. Отбасын әлеуметтанулық тұрғыда зерттеудің негізгі бағыттары. Отбасының түрлері. Отбасындағы билікті бөлу. Отбасындағы тұлғааралық қақтығыстар. Студенттік отбасы және оның негізгі мәселелері. Отбасының құрылымдық ерекшеліктері. Феминизмдік қозғалыс. Отбасының тұрақтылығын анықтайтын факторлар. Ажырасу және оның салдарлары.


  1. Жастар және қоғамдық пікір

Қоғамдық пікір феномені. «Қоғамдық пікір» ұғымы. Қоғамдық пікірді зерттеу ерекшелігі. Б.Грушин бойынша қоғамдық сананың компоненттері. Алынатын мәліметтердің сапасы. Жастар мәселесіне қатысты қоғамдық пікірді зерттеу.


  1. Жастардың девиантты мінез-құлқы, қылмыстық және әлеуметтік тәжірибе

Девиантты мінез-құлық әлеуметтануының негізгі ұғымдары. Делинквентті мінез-құлық. Әлеуметтік норма түсінігі. Әлеуметтік санкциялар. Әлеуметтік ауытқудың позитивті және негативті мәні. Әлеуметтік бақылау әрекеті.


  1. Білімнің әлеуметтік мәселелері

Білім жүйесі – жастардың әлеуметтенуіндегі маңызды фактор. «Білім әлеуметтануы» ұғымының мазмұны. Білім жүйесі. Қазіргі Ресейдегі білім саласындағы саясат. Қазақстандағы білім және жастар. Батыстағы білім (АҚШ, Германия, Франция, Англия). Білім саласын әлеуметтанулық зерттеудің өзекті мәселелері.


  1. Жастар және дін

Өркениетті қоғамдағы діннің рөлі. Жастар және дін. Қазақстандағы дін. Діни ұйымдар және олардың қоғамдағы рөлі. Жастардың діндарлығындағы әлеуметтанудың мәні. Жас ұрпақтың діндарлығының қалыптастырудағы әлеуметтанулық зерттеулердің міндеттері.


  1. Мемлекеттік жастар саясатының әлеуметтік аспектілері

Жастар саясаты: мәні мен түрлері. Жастар саясатының принциптері. Мемлекеттік жастар саясатының құқықтық қамтамасыз етілуі. Әлеуметтік және жастар саясаты: ортақтығы және ерекшеліктері. Жастар саясатының аймақтық ерекшеліктері. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары. Жастар саясаты шеңберінде қолданылатын әлеуметік технологиялар.



  1. Жастар мәселелерін зерттеудің әдістемелік және әдістік ұйымдастырылуы

Жастарды зерттеудің әдістемелік принциптері. Жастардың әлеуметтік мәселелерін зерттеуде қолданылатын процедуралардың ерекшеліктері. Сауалнама, сұхбат, іштей бақылау, эксперттік бағалау, тест, контент-талдау. Жастар мәселесін зерттеудегі мәліметтерді жалпылау ерекшеліктері. Ұсыныстарды өңдеу. Зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу ерекшеліктері.

5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиет:

  1. Әбдірайымова Г.С. Жастар социологиясы: оқу құралы - Алматы, 2008. 280 б.

  2. Әбдірайымова Г.С. Социологиядағы аксиологическая проблематика: зерттеудің теориялық аспектілері – Алматы, 2008. 144 б.

  3. Әженов М.С. Білім әлеуметтануы. - Алматы, 2007.

  4. Әбдікерова Г.О., Әбдірайымова Г.С. Әлеуметтік анторопология: оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2012. 174 б.

  5. Әбдікерова Г.О. Тұлға әлеуметтануы: оқу құралы. - Алматы 2009. 222 б.

  6. Биекенов К.У. Әлеуметтану тарихы: оқу құралы. - Алматы, 2009.

  7. Жаназарова З.Ж. Отбасы әлеуметтану. Учебное пособие. - Алматы: Қазақ университеті, 2006. 192 б.

  8. Қылышбаева Б.Н. Қақтығыстану: оқу құралы. - Алматы, 2010.


Қосымша әдебиет:

  1. Әбдірайымова Г.С. Студенттік ортадағы әкелік феномен (әлеуметтанулық аспект). Әдістемелік нұсқау. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. 74 б.

  2. Биекенов К.У., Биекенова С.К., Кенжакимова Г.А. Основы социологии. – Алматы, 2012. 456 б.

  3. Әженов М.С., Садырова М.С. Социальная структура общества. - Алматы, 2007.

  4. Биекенов К.У., Садырова М.С., Ноғайбаева З.А. Институционализация казахстанской социологии. - Алматы, 2006.

  5. Шаукенова З.К. Социальное взаимодействие этносов в современном казахстанском обществе. – Астана, 2002.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет