Саясаттану глоссарий
«Саясат» термині (грекше politika – мемлекеттік және қоғамдық істер, polis – қала-мемлекет) Аристотельдің «Саясат» атты еңбегінде алғаш зерттеліп, қарастырылған. Сол кездің өзінде саясатты зерттеудің екі басты бағыты қалыптасты: функционалды және құндылықты. Функционалды зерттеу бағыты көбіне саясаттағы мақсат пен соған жету және нәтижесіне көңіл бөледі. Ал құндылықты бағыт сол саясаттың негізінен идеялық құрылым мен адамгершілік критерийлерді іздейді.
Саясаттың мәні бірнеше деңгейде жүзеге асырылады:
Төменгі деңгейі жергілікті мәселелерді шешуді қарастырады. Саясатты бұл деңгейде жекелеген индивидтер жүргізеді, алайда жекелеген мәселелер жергілікті ассоциациялар арқылы шешіледі.
Аймақтық деңгей мемлекеттің араласуын талап етеді. Өз аймағындағы экономикалық дамуға мүдделі топтар мен ассоциациялар саясатты белсене жүргізеді.
Ұлттық деңгей саясат теориясында орталық орынға ие болған, бұл мемлекетті ресурстарды үлестірудегі негізгі институт екендігін анықтайды.
Халықаралық деңгей, мұнда саяси іс-қимылдың негізгі субъектілері ретінде егемен мемлекеттер қатысады
Саясаттану басқа ғылымдар сияқты, келесі қызметтерді атқарады:
Танымдық қызмет саяси өмір және биліктік қатынастар туралы жүйелі түсінік қалыптастыру және дамудың тенденциялары мен заңдылықтарын анықтайды.
Практикалық қызмет, саяси теориялар мен тұжырымдар негізінде, мақсатқа жетуге байланысты нақты әдіс-тәсілдерді ұсынады.
Саяси өмірді рационализациялау қызметі, мемлекеттің шешімдері мен жүргізіп жатқан реформаларын қарапайым халыққа түсіндіру.
Әлеуметтендіру қызметі, азаматтық, патриоттық сезімді қалыптастыру және саяси мәденитетті көтеруге байланысты қызмет.
Болжам жасау қызметі, саяси үрдістің даму тенденциялары мен жетістіктерін анықтайды.
Саясаттану әдістері:
Саяси құбылыс пен үрдістер көптеген әдістер арқылы танылады. (грекше metodos – зерттеу жолы). Әдістер – бұл, теорияға баға беру жәнетексерудің тәсілдері, сараптау құралы.
Достарыңызбен бөлісу: |