Бағдарламасы ар 5301 «Арнаулы пән»



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата06.10.2022
өлшемі305.08 Kb.
#462076
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5
Арнаулы пан (Домбыра)



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 
АР 5301 «Арнаулы пән» (Домбыра) 
Мамандығы: 6М010600 – Музыкалық білім 
Бағыты: бейіндік магистратура 1,5 ж. 
3- кредит 
Алматы, 2016


1. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
ӘЗІРЛЕГЕН ЖӘНЕ ҰСЫНҒАН. 
 
 
2. Құрастырушылар:
Аға оқытушылар А.Б. Муканова, Д. С. Ахметжанова. 
 
 
 
3. ПІКІР ЖАЗҒАНДАР:
 : Құрманғазы атындағы Алматы
ұлттық консерваториясының
профессоры Ысқақов Б.А., 
ҚР мәдениет қайраткері Ахатов А. 
 
4. Республикалық оқу-әдістемелік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі 
білім беру кеңесінің 2016 жылғы 30 маусымдағы мәжілістің № 2 хаттамасының 
шешімімен БЕКІТІЛДІ ЖӘНЕ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ. 
5. Республикалық оқу-әдістемелік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі 
білім беру кеңесінің 2014 жылғы 22 қазандағы мәжіліс хаттамасының 
шешімімен бекітілген базалық және кәсіби 
пәндердің типтік оқу бағдарламалары ОРНЫНА ЕНГІЗІЛГЕН. 
6. Типтік оқу бағдарламасы Республикалық оқу-әдістемелік жоғары және 
жоғары оқу орынан кейінгі білім беру кеңесінің 2016 жылғы 30 маусымдағы 
мәжілістің № 2 хаттамасының шешімі негізінде бекітілген типтік оқу 
жоспарына сәйкес әзірленген. 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің рұқсатынсыз осы 
типтік оқу бағдарламасын көбейтуге және таратуға болмайды. 


ТҮСІНІКТЕМЕ 
Назарларыңызға ұсынылып отырған “6М010600 – Музыкалық білім” 
мамандығы бойынша типтік бағдарлама ҚР Білім және ғылым министрлігі 
бекіткен “Үлгілі оқу бағдарламасы” негізінде құрастырылып, “Арнаулы аспап ” 
курсына арналған. 
 
Халқымыздың ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан салт-дәстүрін, әдет-
ғұрпын терең түсініп игеруде, ән-күйлеріміздің мазмұн-мәнін толғана 
қабылдауда ұлттық музыкан аспабын, оның ішінде домбыра аспабын игерудің 
маңызы бар. Оның қос ішегінен төгілген ән-күйлер жастарымызды тәрбиелеуде, 
эстетикалық рухани танымын дамытуда өзіндік үлкен мазмұнымен 
ерекшеленуде. 
Ұсынылып отырылған 6М010600 – Музыкалық білім мамандығы
АР 5301 «Арнаулы пән» (Домбыра) курсы қазірде республикамыздағы 
педагогикалық институттардың музыка-педагогика факультеттерінде арнайы 
оқытылып, тәрбиелік, әдістемелік жағынан қалыптаса түсуде. 
Қазірде мектептерде жоғары білім беру жүйесінде жүріп жатқан тәрбиелік 
әдістеме музыка пәнінің оқытушыларына қойылатын талаптары күшейе түсті. 
Сондықтан педагогикалық дайындығында аспаптарды игеру және оны меңгеру 
– негізгі салалардың бірі. Себебі күнделікті сабақ беруде техникалық 
құралдардың ролі де, сонымен қатар, музыкалық көркем образдың және 
дыбыстар үндестігінің заңдылықтары өзінің бастапқы маңызын әлі де жоғалтқан 
жоқ.
 
«Арнаулы пән» (Домбыра) курсын игеру барысында магистранттар 
фольклорлық-музыкалық мұра, күйшілік дәстүрлі мектептер: оның жанрлары 
мен көркемдік, стильдік ерекшеліктерімен танысып, қазақ музыкасының бұлақ-
бастауларынан тарихи-мәдени ақпарат алады.
Қазақ халқының аспаптық музыкасының даму жолдары, халықтық кәсіби 
аспаптық музыканың тууы, әншілік өнердің дамуы, халықтық-кәсіби әншілік 
өнердің қалыптасу жолдарынан хабардар болады. Осы тақырыптарды терең 
игеру арқылы болашақ мамандар қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан 
фольклорлық музыкасы, оның көркемдік-стильдік ерекшеліктерінен тиісті білім 
жиынтығын алады. Осының бәрі ұлттық мәдениетімізден хабары мол, білім 
беру саласында бәсекеге төтеп бере алатын мамандар даярлауға жағдай 
жасайды.  


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет