НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Тақырып 1.Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Домбыра аспабының
даму кезеңдері, домбырашының қазіргі мүмкіншілігі.
Домбыра аспабының
даму жолдары жайында мағлұмат, домбыраның қазіргі
замандағы музыка өнеріндегі алар орны.
Орындаушылық аппараттың
еркінділігі.
Тақырып 2
Домбырағы арналған гаммалар. Жаттығулар жиынтығы.
Мажорлы, минорлы гаммаларды әртүрлі штрихтарда ойнау.
Арпеджио туралы мағлұмат. Техникалық орындау - мүмкіншілктерін
жетілдіретін этюд шығармаларды орындаудың маңызы .Орындаушылық
аппликатурасы. Орындаушылық деңгейді жетілдіру бағытында күрделі
арпеджиолар мен жаттығулар. Дыбыстың біркелкі таза шығуын сақтай
отырып, оның үндестігі мен үйлесімділігін жақсарту жұмыстарын жүргізу. Екі
қол үндестігі мен үйлесімділігі.
Тақырып 3.
Аспапта орындау шеберлігін жетілдіру.
Аспапта ойнау шеберлігін жетілдіру үшін әртүрлі күрделі
жаттығулар
Тақырып 4.
Күрделі формадағы классикалық шығармалар.
Классикалық музыка, полифония, пьеса, концерт т.б. шығармаларға
түсінік беру.
Тақырып 5.
Музыкалық шығармаға анализ. Нюанстары мен динамикалық бояулары.
Шығарманың өлшемін, екпінін, ырғағын, тональдық ладын табу.
Динамикалық
өзгерістерін, альтерация белгілерін талдау. Аппликатураны,
шрихтарды қою. Шығарманы музыкалық дәрежеде ойнау үшін оның
мазмұнын, автор ойын жеткүзу үшін орындаушылық шеберлік әдістерін
пайдалану. Орындаушылық
техниканың элементтері сияқты, нюанстерді
көрсету жолдарын бір жүйеге келтіру,p, f,ff, pp дыбыс күшінің қозғалысын
орындау әдістері. F-форте -қақпактың орта тұсынан,
жай әрі жұмсақ Р-
пиано- домбыраның мойын бөлігі жағынан, оң
қолды қимылдату арқылы
орындауы. (педаль) Педальды қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: