БАҒдарламасы қарағанды қ., 2015 бағдарламаның паспорты 4


Құрылыс өндірудің жетістіктерінің өсуінің SWOT-сараптамасы



бет15/37
Дата14.06.2016
өлшемі6.5 Mb.
#136005
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37
2.1.1.6.4. Құрылыс өндірудің жетістіктерінің өсуінің SWOT-сараптамасы




Оң әсері

Теріс әсері

Ішкі орта

Күшті жақтары:

  1. Кәсіпкерлік белсенділіктің деңгейінің жоғары болуы

  2. жеке құрылыс ұйымдарының жалпы құрылыс көлемін орындаудағы үлесінің жоғары болуы (97%)




Әлсіз жақтары:

  1. Ауылдық жерлердегі пайдаланылуға берілген тұрғынжай ғимараттарының үлесінің төмен болуы (20%)

  2. Жеке тұрғынжай құрылысы

  3. Құрылыс материалдарын сырттан сатып алу

  4. Қаржыландырудың кемдігінен жалға алу тұрғынжайын салудың әлсіздігі;

  5. Тозу деңгейімен салыстырғанда негізгі қорды жаңартудың коэффицентінің төмен болуы

  6. Жалпы облыс бойынша инвестиция көлемінен негізгі капитал үлесінің төмендігі (0,8% 2014 ж.)

  7. Саладағы 10% артық жұмыскерлер біліктілігі жоқ (11%,5)

  8. Саладағы орта кәсіпорындардың үштен бірі шығынға ұшыраған (33,7% 2014ж.)

  9. Ірі және орта кәсіпорындардың төмен рентабельдігі (2%)

  10. Тұрғынжай салудың өзіндік құнының жоғарылығы

Сыртқы орта

Мүмкіндіктер

  1. «Қолжетімді тұрғынжай 2020» бағдарламасы аясындағы құрылысқа инвестицияның ағылуы

  2. «100 қадам» аясында облыстағы құрылыс процесін оңтайландыру

  3. «Бизнестің жол картасы 2020» ББ




Қауіптер

  1. Әлемдегі жалпы экономикалық өсудің баяулауы геосаяси тұрақсыздық

  2. Отандық құрылыс материалдарының дамымағандығы

  3. Тиімді құрылыс индустриясы нарығының құрылмауы тиіс

  4. Қала салу құжаттарының жоқтығы,

  5. Елді мекеннің облыс орталығына алыста болуы;



2.1.1.6.5. Құрылысты дамытудың өзекті мәселелері

Қарағанды облысындағы құрылысты сараптау жалпы алғанда мына мәселелерді анықтап отыр:

- сала көптеген шағын кәсіпорындарға шоғырланған;

- құрылыс ұйымдарының тиімділігінің төмендігі;

- негізгі капиталға құйылатын жалпы инвестицияның төмендеуі ;

- құрылыс ұйымдарының негізгі қорының тозу деңгейінің артуы;

- тұрғынжаймен қамтамасыз етілу деңгейі жоғары болуына қарамастан,

тұрғынжай сатып алу қолжетімділік деңгейі әлі де жоғары болып отыр (8,9 жыл), ол өзіндік бағаның жоғары екенін көрсетіп отыр.

Көрсетіліп отырған факторлар мен салдар қарқыны саланы дамытуды кешеуілдетеді:



  • шағын жалгерлік ұйымдар көбіне материальдық-техникалық базасы аз болады немесе

қаржылық және техникалық құжаттарды сапалы орындау үшін білікті мамандары жеткіліксіз болады, сондықтан саланың шағын кәсіпорынға базалануы оларға техникалық реттеуге қатысты қолдауды, білікті кеңестер беру арқылы қолдауды, құрылыс инфрақұрылысын дамытуды және қаржыландыруды талап етеді;

- тиімділігінің төмен болуы отандық құрылыс индустрияның төмендігін көрсетіп отыр: негізгі құрылыс материалдарын сырттан әкелу (цемент, құрылыс фаянс, шатыр материалдары, әрлеу материалдары) және құралдар, құрылыс бағасына әсер етеді, ал жеткізудегі ритімсіздік құрылыс мерзіміне теріс әсер етеді;

- одан басқа, саланы дамытуды кешеуілдететін факторлар, қала салу құжатының болмауы құрылыс салынатын елді мекендердің алыста орналасуы;

- автомобиль жолдарының жағдайының қанағаттанарлықсыздығы және жеткізу жолының алыстығы құрылыс мерзімінің артуын туғызады жекелеген құрылыс материалдарын тасу оның сапасына әсер етеді.


2.1.1.7. Шағын және орта бизнес
Облыс экономикасының басым бағыты орта және шағын бизнесті дамыту болып табылады.

Шағын және орта бизнестегі тіркелген кәсіпорын субъектілер саны (әрі қарай ШОБ) облыста 2014 жылы 108 210 бірлікті құрады, ол 8,7 % 2013 жылғы деңгейден жоғары (99 511бірлік) және 17,3 % 2012 жылдан жоғары (92 268 бірлік).

ШОБ құрылымында ұйымдастырушылық-құқықтық формада тіркелген субъектілердің көп үлесін жеке кәсіпкерлер алып отыр (орта есеппен 2012 – 2014 жылдары – 75,6 %). ШҚФШ орта есеппен орташа 6,1 % жалпы ШОБ субъектілерінің жалпы санынан заңды тұлғалар – 18,3 %.

ШОБ белсенді субъктілер саны 2012 жылы 56 987 бірлік , 2013 жылы – 63 905 бірлік (ол 12,1 % 2012жылғы деңгейден жоғары). 2014 жылы ШОБ белсенді субъектілерінің саны қатысты түрде 2013 жылғымен салыстырғанда 5,7 % артты және 67 557 бірлікті құрады. Онда белсенді ШОБ субъектілері саны 2014 жылы артты ол 2012 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 10 570 бірлік немесе 18,5 %.

ШОБ белсенді субъектілерінің жалпы тіркелген саннан алатын үлесі 2014 жылы 62,4 %, ол 1,8 пайызға төмен, 2013 жылы ол көрсеткіш 0,6 пайызда 2012 жылғы деңгейден жоғары болған. Аталған динамика тіркелген кәсіпорындармен салыстырғанда баяу қарқынмен өсіп отыр.

Ұйымдастырушылық-құқықтық формадағы ШОБ құрылымында белсенді субъектілер үлесін жеке кәсіпорындар алып отыр (орташа есеппен 2012 – 2014 жылдары 82,5 %). ШҚФШ орташа есеппен жалпы ШОБ белсенді субъектіліренің арасында 8,3 %, заңды тұлғалар 9,2 %.

ШОБ саласында жұмыс істейтіндер саны 2012 жылы 200 718 адам болды. 2013 жылы шағын және орта кәсіпкерлікте 214131 адам жұмыс істеді, ол 2012 жылғы көрсеткіштен жоғары 6,7 %. 2014 жылы жұмыс істейтіндер саны осы салада 222 155 адам болды. Аталған көрсеткіш 10,7 % жоғары немесе 21437 адам ол 2012 жылғы деңгеймен салыстырғанда 3,7 % немесе 8 024 адам 2013 жылғы деңгей.

ШОБ ұйымдастырушылық-құқықтық айырмашылығы құрылымында заңды тұлғалар саны аз (орташа алғанда 2012 – 2014 жылы – 52,3 %). ШҚФШ 7,4% жұмыспен қамтамасыз етіп отыр жеке кәсіпкерлер – 40,2 %.

ШОБ субъектілерінің өнім шығаруы 2013 жылы 533,5 млрд. теңгені құрады, ол 2012 жылғы деңгейден 7,9 % артық (дефлятор есебімен -100,6%, 2012 жылы – 494 млрд. теңге ). 2014 жылғы қорытынды бойынша ШОБ субъектлері шығаратын өнім көлемі 23,8 % артып 2013 жылғы деңгеймен салыстырғанда (дефлятор есебімен – 87,8%), 33,7 % болды ол 2012 жылғы деңгейден 660,7 млрд. теңге болды.

Ұйымдастырушылық-құқықтық форма айырымында ШОБ субъектілерінің өндірген үлес көлемі заңды тұлғаларға келеді (орташа есеппен 2012 – 2014 жылы – 81,5 %). ШҚФШ орташа есеппен 7,92 % өндіреді ЖК – 10,6 % жалпы ШОБ субъектілерінің шығарған өнім көлемінен алғанда.

Оперативтік статистикалық мәліметтер бойынша ШОБ өңірлік жалпы өнімдегі үлесі (әрі қарай ЖӨӨ) 2014 жылғы қорытынды бойынша 12,5 % құрады. Аталған көрсеткіш бойынша облыс басқа аймақтармен салыстырғанда 14 орын алып отыр. Ол 2012 және 2013 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда ШОБ ЖӨӨ 2014 жылы 1,4 пайызға артты (11 %).

2010 жылдан бері шағын және орта бизнес кәсіпкерлігін қолдау мақсатында «Бизнестің даму картасы 2020» бағдарламасы жүзеге асырылып отыр (әрі қарай БЖК -2020).

БЖК-2020 Қарағанды облысында жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 2012 – 2014 жылдары 6,7 млрд. теңге бөлінді . 2012 – 2014 жылы БЖК -2020 аясында 204 жоба субсидирленді, нысандарға 8 223 сервистік қызмет 2 288 жеке кәсіпкерлік субъектілеріне көрсетілді.

Кесте 27.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарлама аясында құрал айырымында қаржыландырылған өтініштер саны


Қолдау құралы

2012 ж

2013 ж

2014 ж

3 бағыт бойынша субсидирлеу

93

42

69

Кепілденгені

2

7

29

Гранттар

-

4

9

Өндірістік инфрақұрылымды дамыту

12

12

2

БЖК 2020 бағдарламасы бойынша 2012 – 2014 жылдары 21,2 мыңнан артық жұмыс орны сақталып және 8,4 мыңнан артық жұмыс орны құрылды.



Кесте 28.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында компонен айырымында оқытылған қатысушылар саны

Қолдау құралы

2012 ж

2013 ж

2014 ж

Бизнес кеңесші 1

1508

1736

1796

Бизнес кеңесші 2

-

-

232

Топ-менеджментке оқыту

10

39

26

Іскери байланыстар

20

44

42

Шағын кәсіпкер мектебі

-

-

48

Аға сеньор

-

2

2

Шағын және орта бизнеске «Бизнес кеңесші» компоненті бойынша қаржылық көмек көрсету аясында 2012 – 2014 жылдары оқытылған кәсіпкерлер саны 5 040, «Топ-менеджментке оқыту» – 75 ШОБ басшысы, «Іскери байланыстар» конмпонентінде – 106 кәсіпкерлер, шетелде еңбек өтілінен өткен кәсіпкерлер саны – 16.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет