2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
2.1. Өңірлердің позитивтік және келеңсіз жағдайын, сондай-ақ олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпал етуін бағалау
Қарағанды облысының 2009 жылғы жалпы өңірлік өнім өндірісінің көлемі ағымдағы бағамен 1515,8 млрд. теңгеге тең немесе 2004 жылғы деңгейге қатысты 2,9 еседен артық мөлшерді құрайды. Қарағанды облысының үлесіне Қазақстанның ЖӨӨ 8,9 пайызға келеді. ЖӨӨ көлемі халықтың жан басына шаққанда 1087,7 мың теңгені құрайды.
Қарағанды облысында экономиканың негізі тау-кен және өндіруші өнеркәсіп болып табылады, оларда өңірдің 50%-дан артық қосылған құны жалпы құрылады. Облыс өнеркәсібінің базалық салаларына өнеркәсіптік өндірістің 82,4% тиесілі, оның ішінде:
-
тау-кен металлургиялық кешені (қара және түсті, бағалы және сирек металлдар кенін өндіру, сондай-ақ қара және түсті металлургия және металл өңдеу) – 71,73%;
-
көмір өнеркәсібі – 4,43%;
-
машина жасау – 2,29%;
-
химия және фармацевтикалық өнеркәсіп– 2,41%;
-
бейметалл құрылыс материалдары өндірісі – 1,56%.
Қарағанды облысы өнеркәсібінің базалық салаларының бірқатар проблемалары бар, олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: дәстүрлі және ескірген технологиялардың басым болуы, негізгі өндірістік қорлардың баяу жаңаруы, инвестицияның жетіспеуі және кредиттік ресурстар бойынша пайыздық мөлшерлеменің жоғары болуы, ірі корпорациялардың аралас –кәсіпорындардан келетін инновацияларды енгізуге қызығушылығының бәсеңдігі, өңірлік, ең алдымен, ұлттық даму институттарының облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарын қолдауға белсенділігінің төмендігі.
Ауыл шаруашылығының облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және сыртқы нарыққа экологиялық таза өнім шығаруға мүмкіндігі бар. Ауыл шаруашылығында шаруашылықтардың ұсақ тауарлылығымен, жер телімдерінің аздығынан селекциялық асылдандыру шараларын кең көлемде жүргізуге және ғылыми негізделген егістік жер айналымының сақталуына, кең көлемде заманауи жаңа технологияларды пайдалануға, өндіріс процестерді механикаландыруға және автоматтандыруға мумкіндік бермейді. Суару жүйесінің техникалық жағдайы нашар болғандықтан, жыртылған жерлерді ұтымсыз пайдаланылып, ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігі азайды. Ауыл шаруашылығы техникаларының 97 пайызы тозды, сол себепті еңбек өнімділігі төмендеп, өнімнің өзіндік құны көтеріліп, бәсекеге қабілеттілік деңгейі түсіп қалды.
Қарағанды облысының сыртқы сауда айналымы кедендік статистика мәліметі бойынша 2009ж. 7099,2 млн. АҚШ долларын құрады. Экспорт көлемі 5615,7 млн. АҚШ долларын құрады, өсу қарқыны – 2004 ж. салыстырғанда 200%. 2009ж. қорытындысы бойынша импорт көлемі 1,5есеге артты және 1483,5 млн. АҚШ долларын құрады. Қарағанды облысынан сыртқа шығатын тауарлар құрылымы 2004ж. – 2009ж. кезеңінде өзгерген жоқ, «металдар және солардан жасалған бұйымдар» және «өзге де тауарлар» тобына экспорттық жүктеме артты. Қарағанды облысына сырттан келетін тауарлар құрылымы 2004-2009ж. айрықша өзгеріске ұшыраған жоқ, жақсы жағы азық-түлік тауарлары импортының азаю фактісі болды, ол жанама түрде азық-түлік тауарлары мен шикізат өндірісі деңгейіне әсер ететін салалардың жеткілікті түрде қарқынды дамуын көрсетеді.
Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 2009ж. 6,2%-ды құрады. Сондықтан Қарағанды облысы деңгейінің көрсеткіші республикалық маңыздан 2,5% жоғары. Сол бір мезгілде инновациялық өнімдер өндірісі көлемінің 2004 жылмен салыстырғанда 56,1%-ға төмендеуін атап өту керек. ISO 14001:1004 сертификатталған компаниялардың саны 2008 жылы ЖӨӨ миллиард теңгеге 0,018 құрады (2015ж. -0,031).
Қарағанды облысында 2004 жылдан 2009 жылға дейін адами даму деңгейінде позитивтік қарқын байқалады. Өңірдің адами дамуын бағалау үшін Статистика жөніндегі ҚР Агенттігі: халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ бойынша есептелген адами даму индексін (АДИ) пайдаланады; халықтың жан басына шаққандағы тұтынуына пайдаланылатын кірістер жөніндегі есептелген АДИ; халықтың кедейшілік деңгейі.
-
Халықтың жан басына шаққандағы саналған ЖІӨ АДИ 0,043 тармаққа өскен және Қазақстан бойынша жалпы 0,815-тің орнына 0,811-ді құрады. Облыс арасында рейтинг өзгерген жоқ- сегізінші орын.
-
Халықтың жан басына санағанда 0,041 тармағын тұтынуға пайдаланған кірістер бойынша есептелген АДИ өскен. Мәні 0,815 құрады, бұл орта республикалық мәнге сәйкес келеді және облыс арасында 5 орында.
-
Халықтың кедейшілік индексі 1,5%-ға төмендеген, бірақ Қазақстан облыстары арасындағы рейтингі нашарлаған - 14 орын. Қазақстан облыстарының арасындағы кедейшілік индексі бойынша Қарағанды облысының рейтингісі төмен (республика бойынша 17,8% орнына 21,4%) 60 жасқа жетпеген халықтың ең үлесі жоғары (33,6%) оқумен қамтылмаған 16 жастағы жастар үлесі 2009 жылы 9,5% -ға көбейген.
Облыс бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 1,3%-ға төмендеді және жаңа жұмыс орындарын құру есебінен қолданыстағы өндірісті кеңейту, шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру 6,1% құрады.
Облыстың әлеуметтік саласының жағдайы халықтың табиғи өсімінің қарқынымен оңтайлы, қолайлы демографиялық жағдаймен, сондай-ақ білім берудің сапалы қызметтерін ұсынуды жақсартумен сипатталады.
Сонымен қатар, экономиканы дамытуды тежеу мен бар әлеуетті толық пайдалануға жол бермейтін қарсы жақтарыда бар.
Білім беру саласындағы келеңсіз тұстар кейбір аймақтарда бірден 6-жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі білім берумен қамтылуының төмендігі, педагогикалық кадрлардың жетіспеушілігі, білім ғимараттарының физикалық және моральді тұрғыда ескіруі, мектепке дейінгі орта, техникалық және кәсіптік білім беру объектілерінің қажетті құрал-жабдықтармен жеткіліксіз деңгейде қамтамасыз етілуі.
Қарағанды облысы аумағында Қазақстанның магистралды көліктік жолдары өтеді. Облыстың транзиттік әлеуетін іске асыруға қажетті барлық инфрақұрылымды «Сарыарқа» Халықаралық әуежайы атқарады.
Облыста экономикалық кеңістіктің жоғары деңгейде қалалануы байқалады: қала халқының үлесі 77,9-78% құрайды. Қарағанды қалалық агломерациясының ядросы мен оның кенттену зонасы, орналастырудың тірек-каркасты құрылымының байланысы үздіксіз дамуда.
Облыста негізгі республикалық басымдылық бойынша құрылыс материалдары өнеркәсібін, шағын кәсіпкерлікті, ауыл аймағы мен Агроөнеркәсіп кешенін, автомобиль жолдарын, тұрғын үй құрылысын, денсаулық сақтау мен қоршаған ортаны қорғау саласын дамытуға арналған 20 аймақтық бағдарлама жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, экономикалық өсудегі позитивтік қарқын 2004-2009 жылдар арасына өңір экономикасының құрылымына түбегейлі өзгеріс әкелмеді, ол табиғи ресурстарда шоғырланатын. Жалпы, алғанда экономикаға салалық теңгерімсіздік тән: өнеркәсіп өндіретін өнім мен инвестиция көлемі үлесінің өсуі, шағын бизнестің әртараптануының төменгі деңгейі.
Қарағанды облысының экологиялық жағдайының тізілімінде 3 ұлттық және 9 жергілікті мәселе белгіленген.
2.2. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау
Өнеркәсіп.
Қарағанды облысы Қазақстан Республикасының индустриялық аймақтарының бірі болып табылады. Бұл жерде түсті және қара металлургияның, машиана жасау, тамақ, жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсібінің, құрылыс индустриясы мен энергетиканың ірі кәсіпорындары шоғырланған. Пайдалы қазба байлықтарының кен орнын игеруде Қарағанды облысы Республиканың минералды шикізат кешенінде маңызды орын алады және Қазақстанның темір-мырыш, барит-полиметал, мыс кенді сирек метал провинциясы болып табылады. Қатты пайдалы қазбалардың негізгі түрі бойынша өңірдің баланстық қорының әлеуетті құндылығы 758,2 млрд. АҚШ долларын құрайды. Жер қойнауының қорлары мен болжамды ресурстары – 1162 млрд. АҚШ доллары. Қарағанды көмір бассейні ТМД елдерінің көмір бассейіндері бойында табиғи газы бар аймақ болып табылады. Облыста металлургия және құрылыс индустриясы үшін кенсіз шикізаттың ірі қорлары бар. 2005 - 2009 жылдар аралығында Қарағанды облысының өнеркәсіптік өндіріс көлемі қолданыстағы бағаларда 517,3-тан 808,9 млрд. теңгеге дейін немесе 56,4 пайыздық тармаққа артты. ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіптің жалпы қосымша құны 350,3-дан 759,6 млрд. теңгеге дейін артты немесе 2 еседен артық.
2005-2009 жылдардағы айғақты көлем индексінің және өнеркәсіптегі тауарлық өнім өндірісі көлемінің өзгеру динамикасы
Оған қоса, облыстың жалпы өңірлік өніміндегі өнеркәсіптің жалпы қосымша құнының үлес салмағы өсімнің тұрақсыз динамикасына ие, және 2009 жылы 49,8% жетті (2005ж. – 51,5%).
Сонымен қатар, 2007 жылдан бері «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС мен «АрселорМиттал Темиртау» АҚ экспортқа бағытталған кәсіпорындар өніміне сұраныстың азаюынан қаржы дағдарысына байланысты металға әлемдік құнның төмендеумен өндірістің айғақты көлем индексінің төмендеуі байқалды.
Оған қоса, бес жылдық кезеңде өнеркәсіпте 150772-дан 139535-ға дейін жұмысшылардың экономиканың басқа салаларына ауысу динамикасы көрініс тапты, ол 7,5% құрайды.
Еңбек өнімділігі бір жұмыс істеушіге 5796,9 мың теңгеге дейін немесе 68,96 пайыздық тармаққа артты.
Көрсеткіш
|
2005ж
|
2006ж
|
2007ж
|
2008ж
|
2009ж
|
Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ), млрд. теңге
|
679,8
|
922,6
|
1144,3
|
1463,0
|
1515,8
|
Өнеркәсіптік өндіріс көлемі, млрд.теңге
|
517,3
|
730,3
|
840,4
|
946,5
|
808,9
|
Өнеркәсіптің ЖҚҚ, млрд. теңге
|
350,3
|
497,2
|
587,2
|
766,6
|
754,8
|
ЖӨӨ-дегі өнеркәсіптің ЖҚҚ үлес салмағы, %
|
51,5
|
53,9
|
51,3
|
52,4
|
49,8
|
Жылына орташа есеппен жұмысшылардың тізімдік саны, адам
|
150772
|
150299
|
148818
|
147196
|
139535
|
Еңбек өнімділігі.мың тг.
|
3430,9
|
4859
|
5646,9
|
6430,2
|
5796,9
|
2005-2009 жылдар аралығында Қарағанды облысының экономикасына 851,1 млрд. теңге инвестиция салынды. Олардың ішінде инвестицияның жалпы көлемінен 62,8% – жеке меншік кәсіпорындардың капитальдық салымына, 14,5% тікелей шетелдік инвестициялар үлесі, бюджеттік қаражат үлесі – 11,2 %, қарыздық қаражат 11,5% құрайды.
Оның ішінде, 2009 жылы негізгі капиталға инвестициялық салымдар салу 214,1 млрд. теңгені құрады немесе 2005 жылға 221,0%.
Негізгі капиталға инвестициялардың едәуір көлемін - 63,7% өнеркәсіптік кәсіпорындар игерді.
Негізгі капиталға инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көзі кәсіпорындардың өз қаражаты– 57,9%. Шетелдік инвестициялар үлесі – 7,5%, қарыздық қаражат - 21,2%.
Жалпы алғанда Қарағанды облысының сыртқы сауда айналымы 2005 - 2009 жылдар кезеңінде 38360,8 млн. АҚШ долларын құрады, о.і. экспорт - 29999,2 млн. АҚШ доллары, импорт - 8361,6 млн. АҚШ доллары.
Қарағанды облысынан шығатын тауарлар экспортының құрылымы 2005-2009ж. өзгерген жоқ, «металдар және олардан жасалған бұйымдар» тауарлар тобына экспорттық жүктеме артты.
Металдар және солардан жасалған бұйымдар экспорты көлемі 2005 -2009 жылдары 18191,8 млн. АҚШ долларын құрады немесе Қарағанды облыс экспортының жалпы көлемінен 60,6%.
Өзге тауарлар экспорты 1578,5 млн. АҚШ долларын немесе 2005-2009ж. экспорттың жалпы көлемінің 5,3%-ы құрады.
Импорт тауарлары топбының негізгі ұстанымы бұрынғыдай машина, қондырғы, көлік құралдары, приборлар мен аппараттар болып қала береді, олардың көлемі 5 жыл ішінде 3003,8 млн. АҚШ долларын немесе Қарағанды облысы импортының жалпы көлемінің 36,0%-ын құрады.
Қарағанды облысының кәсіпорындары мен ұйымдары әлемнің 100-ден артық елімен сыртқы экономикалық байланыс жасайды.
Қарағанды облысында шетелдік капиталдың қатысуымен 400-ден артық ортақ кәсіпорындар жұмыс істейді.
Тау-кен өндірісі секторында облыстың марганец, темір-марганец және темір кен орындарын барлап және игеріп жатқан «Жайрем кен байыту комбинаты» АҚ, РУ «Қазмарганец», ТНК «Қазхром» АҚ, «Өркен» ЖШС, «Өркен-Атасу» ЖШС негізгі кәсіпорындары сияқты бар.
Қорғасын-мырыш кені бойынша кен қазушы және қайта өңдеуші негізгі кәсіпорын «Nova-Цинк» ЖШС ОК болып табылады. Оған қоса, қорғасын мен мырыш «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-де кешенді мыс кенінен қосымша өндіріледі.
Алтын қоры бойынша облысымыз республикада 5-орынға ие. 2009 жылы облыста 4519 кг алтын өндірілді.
Сирек металдар кенінің негізгі қоры (Көктенкөл, Қайрақты, Қараоба, Солтүстік Қатпар және т.б.). Ағадыр кен аймағында орналасқан.
Көмір өндіру кәсіпорындарына «Шұбаркөл Көмір» АҚ, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс» корпорациясы, «Сарыарқа Energi» ЖШС, «ГРК Қамбар» ЖШС, «ГРК Дархан» ЖШС, «ГРК Недра Казахстана» ЖШС және басқалары жатады.
2005 - 2009 жылдар аралығында тау-кен өндірісі өнеркәсібіне 124,0 млрд. теңге мөлшерінде инвестиция салынды: көмір, лигнит және торф өндіру (66,2 млрд. теңге), метал кенін өндіру (55,3 млрд. теңге), тау-кен өндірісі өнеркәсібінің басқа да салаларына (2,5 млрд. теңге).
2009 жылы бұл салаға 32,3 млрд. тенге инвестиция жұмсалды немесе 2005 жылға 248,5%: көмір, лигнит және торф өндіру (20,2 млрд. теңге), метал кенін өндіру (11,8 млрд. тенге), тау-кен өндірісі өнеркәсібінің басқа да салаларына (0,3 млрд. теңге).
Кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігі қарастырылған кезеңде тау-кен өндірісі саласының көлемін қолданыстағы бағаларда 47,6-дан 83,9 млрд. теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік берді, ол 176,3% құрайды.
2009 жылы тау-кен өндірісі кәсіпорындары 83,9 млрд. теңгеге өнім өндірді, нақты өсім – 109,4% құрады.
Өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі тау-кен өндірісі саласының үлесі - 10,4%.
2005-2009 жылдардағы тау-кен өндірісі өнеркәсібіндегі тауарлық өнім өндірісінің айғақты көлем индексінің өзгеру динамикасы
2005-2009 жылдардағы тау-кен өндірісі өнеркәсібіндегі маңызды өнім түрлерін өндіру динамикасы
№
|
Өнім атауы
|
Өлш. брл.
|
Жылдар
|
2005
|
2006
|
2007
|
2008
|
2009
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
1
|
Көмір және көмір концентраты
|
мың тонна
|
24826,0
|
26797,9
|
31715,4
|
32641,8
|
30722,2
|
2
|
Мыс кені
|
мың тонна
|
33889,9
|
33485,4
|
27985,2
|
27762,7
|
27405,6
|
3
|
Қорғасын-мырыш кені
|
мың тонна
|
1159,2
|
1238,9
|
1271,3
|
1378,8
|
1145,1
|
4
|
Қорғасын концентратындағы қоғасын
|
мың тонна
|
3,7
|
6,9
|
4,8
|
5,7
|
4,0
|
5
|
Мырыш концентратындағы мырыш
|
мың тонна
|
26,5
|
32,4
|
30,8
|
32,8
|
42,6
|
6
|
Мырыш кені
|
мың куб.м.
|
2233,2
|
2531,1
|
2482,0
|
2485,0
|
2457,4
|
7
|
Мырыш концентраты
|
мың тонна
|
750,4
|
891,4
|
1003,2
|
1117,2
|
982,4
|
8
|
Табиғи құм
|
мың куб.м.
|
16,2
|
34,0
|
83,6
|
57,9
|
76,7
|
9
|
Тас түйіршігі, қиқымы, малтатас, қиыршықтас
|
мың куб.м.
|
1482,1
|
1999,8
|
2106,9
|
1409,2
|
1677,4
|
Сонымен қатар, өнеркәсіптің жалпы қосымша құнында тау-кен өндірісі өнеркәсібінің жалпы қосымша құнының үлес салмағы көмір өндіру саласын дамыту есебінен 2009 жылғы 20,6% (2005ж. –15,2%) .
Көрсеткіш
|
2005ж
|
2006ж
|
2007ж
|
2008ж
|
2009ж
|
Тау-кен өндірісі саласының көлемі, млрд.теңге
|
47,7
|
45,9
|
55,4
|
97,6
|
83,9
|
Өнеркәсіптің ЖҚҚ-да тау-кен өндірісі ЖҚҚ үлес салмағы, %
|
15,2
|
15
|
17,1
|
20,7
|
20,6
|
Өнеркәсіптің ЖҚҚ-да көмір, лигнит және торф өндірудің ЖҚҚ үлес салмағы, %
|
5,7
|
5,1
|
5,4
|
7,5
|
7,2
|
Жылына орташа есеппен жұмысшылардың тізімдік саны, адам
|
17942
|
17942
|
17273
|
18410
|
17867
|
Еңбек өнімділігі, мың тг.
|
2656,9
|
2556,6
|
3209,3
|
5302,5
|
4472,8
|
Бес жыл кезеңінде салалық еңбек нарығында 17942-ден 17867-ге дейін жұмысшылардың азаюынан болымсыз динамика белгіленді, ол 0,4% құрайды.
Еңбек өнімділігі бір жұмыс істеушіге 4472,8 мың теңгеге дейін артты немесе 68,3 пайыздық тармақта.
Минералды өнімдер жалпы көлемде 1880,4 млн. АҚШ долларына экспортталды немесе 2005-2009 жылдарда импорттың жалпы көлемінен 6,3.
Импорт көлемі 879,7 млн. АҚШ доллары құрады немесе 2005-2009ж. импорттың жалпы көлемінен 10,5%-ды құрайды.
Келешекте 2015 жылға дейін «Шұбаркөл Көмір» АҚ, «АрселорМиттал Темиртау» АҚ, «Казахмыс» Корпорациясы» ЖШС, «Сарыарқа Energi» ЖШС және т.б. кәсіпорындарымен Қарағанды бассейінінің минералды-шикізат базасын дамыту бойынша шамамен 15 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Тұтас алғанда Қарағанды облысының шикізат базасының мүмкіндігі енді анықталған және барланған кен орындарымен тоқтап қалмайды, сондықтан геологиялық барлау жұмыстарының басты міндеті шикізат базасының құрылымын жақсартудан тұрады, яғни оның ішінде құрамында пайдалы компоненттері бар жеңіл қол жетімді кен орындарын (ашық өндіру үшін) іздеу және барлау.
Марганец кені
Атасу кен ауданының марганец кенінің барланған қорының едәуір бөлігі (90% артығы) тек жер асты тәсілімен әзірлеуге жарамды болғандықтан, геологиялық барлау жұмыстарын Сүйіртісудың шығыс бөлігі мен Шығыс-Сүйіртісудың оңтүстік бөлігіндегі үстіңгі қабатты жоғары сапалы кен табуға бағыттау қажет.
Мыс кені
Қарағанды облысы мыс қоры мен оны өндіру бойынша Республикада алдыңғы орынға ие. Облыста әртүрлі геологиялық типтегі мыстың шамамен 30 кен орны бар. Мыстың негізгі өнеркәсіптік қоры Жезқазған және Балқаш маңындағы кен аудандарында орналасқан. Облыстың барлық келешегі бар мыс кенді аудандарында мыс кенін игеру және өндірумен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС айналысады.
2009-2016 ж. кезеңінде корпорация кен базасын одан әрі дамытуды және жаңғыртуды жоспарлап отыр, ол мынадай кеніштер негізінде: Абыз (ПГР) 2015ж., Құсмұрын (ПГР) 2013ж., Ақбастау (ОГР) 2011ж. («Қарағандытүстімет» ӨБ); Жомарт (II кезек) 2016ж., Шығыс Сары-Оба 2011ж. («Жезказғантүстімет» ӨБ); Саяқ IV (алтын, кобальт, мыс) 2015ж. («Балқаштүстімет» ӨБ).
Сондай-ақ, «SAS LLS» ЖШС 2010 жылы Нұрқазған (Қарағанды облысы) және Шатыркөл (ОҚО) кен орнының кені негізінде 2 млн. тонна қуаттылықпен мыс концентраты өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр.
Қорғасын-мырыш кені
Қорғасын мен мырыш қоры және оны өндіру бойынша Қарағанды облысы Республикада алдыңғы орынға ие. Қорғасын-мырыш өнеркәсібінің шикізат базасы артуы мүмкін, ал оның құрамы жаңа кен орындарын, оның ішінде Ақжал және Ақбастау құрылымдық-формациялық аймақтар шегіндегі Ағадыр және Атасу кенді аудандарында, Алашпай синклинали шегінде, Жайылмін грабен-синклинидің оңтүстік бортында, Бестөбе кен орны ауданында жаңа геологиялық-өнеркәсіптік түрлерін іздеу және барлау есебінен жақсаруы мүмкін.
Қазіргі уақытта облыста қорғасын-мырыш кенін өндіруді тек Ақжал кен орнында «Nova Trading & Commerce AG» фирмасы жүргізуде (еншілес кәсіпорын - «Nova цинк» ЖШС ОК).
Темір кені
Облыста темір және кешенді құрамында темірі бар кендердің 100-ден артық кен орны анықталды, оның ішінде 18 өнеркәсіптік темір кенді кен орны барланды және балансқа тіркелген.
2014 жылға дейін өндірісті дамытудың кешенді бағдарламасы шеңберінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ 2010 жылы Темір кені мен концентратына перспективті сұранысты қанағаттандыру үшін Атасу кенішін кеңейтуге инвестиция салуды көздеп отыр.
01.01.2010 жылғы жағдай бойынша полиметал және алтын кенді кен орнының бекітілген қорларының көлемі
№
|
Кен орны, учаске, орналасуы
|
01.01.10ж. баланстық қор
А+В+С1+С2 (мың т) /ортша құрамы
|
Mарганец кені, мың теңге
| -
|
Арап О.Ш.5 км. Женис т/ж ст.
|
9488 / Mn -18.71%
| -
|
Жезді
ҚШС 40км Карсакпай қ.
|
7686 / Mn-19.3%
| -
|
Аралық Жезді пос. 4,5 км.
|
589 / Mn-17.2%
| -
|
Ақүңгір
Жезді пос. БОБ 60 км.
|
87 / Mn-20.62%
| -
|
Керегежайған
25 км. Кызылжар т/ж ст.
|
29/ Mn-16,85%
|
Темір кені, мыңт
| -
|
Тоғай-1 2.5 Кентобе кен орнынан СБТ 2,5 км.
|
733 / Fe -53.8%
| -
|
Тоғай -2
Кентобе кен орнынан СБТ 2,5 км.
|
809/Fe- 49.4%
|
Қорғасын-мырыш мың.т / Pb, Zn – тыс.т
| -
|
Жайрем (Шығыс уч.) Жезказған қ. Ш 200 км
|
84217 / Pb-1679,3т.т ср.сод.1,99% ;Zn -2693т.т., ср.сод.3,19%
| -
|
Үшқағыл Каражал т/ж ст Ш 40 км
|
3229 / Pb-49,8т.т., ср.сод.1,54% ;
Zn -144,5т.т., ср.сод.4,47%
| -
|
Оң.Каражал Караганды қ. ОБ 300 км
|
21268 / Pb-393,8т.т., ср.сод.1,85%; Zn -709т.т., ср.сод.3,33%
| -
|
Алашпай
Каражал қ. СБ 90 км
|
2790/ Pb-208т.т., ср.сод.7,46% ;
Zn -66т.т., ср.сод.2,37%
| -
|
Арап
Жеңіс т/ж ст ОШ 5 км
|
996/ Pb-138,9т.т., ср.сод.1,39% ;Zn -129,5 т.т., ср.сод.1,3%
| -
|
Қайрақты
Ағадыр т/ж ст СШ 37 км
|
743/ Pb-24,7т..т ср.сод.3,32% ;
Zn -9,1т.т., ср.сод.1,22%,
Cu-2,7т.т., ср.сод.0,5%
|
Алтын кені – мыңт / Au –кг
| -
|
Кеңеспай Караганды қ. ОБ 80 км.
|
39 / Au 278,6 кг,
ср.сод. 7,14 г/т
| -
|
Прогресс 90 Кентобе кен орны т/ж ст 90 км
|
282,1 / Au 1538,2 кг,
ср.сод. 5,45 г/т
| -
|
Ақжартас
Балхаш қ. СБ 130 км.
|
46/ Au 205кг,
ср.сод.4,76г/т
| -
|
Айлы
Ағадыр т/ж ст СШ 142 км.
|
11/ Au 284 кг,
ср.сод. 25,8 г/т
| -
|
Бақтай
Балхаш қ. С 100 км
|
874,3/ Au 3311,3 кг
ср.сод.3,78 г/т
| -
|
Бирюк
Бирюк т/ж ст. 6 км
|
2/ Au 28 кг,
ср.сод.14,0г/т
|
№
|
Кен орны, учаске, орналасуы
|
01.01.10ж. баланстық қор
А+В+С1+С2 (мың т) /ортша құрамы
| -
|
Қайнарбұлак
Карагайлы т/ж ст СБ 7 км
|
3/ Au 241 кг,
ср.сод. 80,33 г/т
| -
|
Мыстобе
Балхаш қ. Б 120 км
|
35/ Au 808,7 кг,
ср.сод.23,11 г/т
| -
|
Наурызбай
Балхаш қ. С 65 км.
|
11 / Au 195 кг,
ср.сод. 17,73 г/т
| -
|
Ортасай
Балхаш қ. Ш 104 км
|
13/ Au 57 кг,
ср.сод.4,38 г/т
| -
|
Ұзынмұрт
Караганды қ. ОБ 60 км
|
5/ Au 38 кг,
ср.сод.8,33 г/т
|
Молибден-вольфрам кені, мың т/Mo-тонн, WO3- тонн
| -
|
Нұраталды
Ақсу –Аюлы пос. С 45 км
|
4500/ Mo- 1921тонн,
ср.сод. 0,004%;
WO3-943 тонн, ср.сод.-0,021%
| -
|
Солнечное
Жамбыл рудниктен 2,5 км
|
38/ Mo-нет, WO3- 280 тонн,
ср.сод.0,82 %
| -
|
Ақмая
Нілді т/ж ст СШ 30 км
|
4196 / Mo-нет, WO3- 11350 тонн,
ср.сод.0,27 %
|
Достарыңызбен бөлісу: |