БАҒдарламасы қарағанды 2010



Дата12.07.2016
өлшемі306.69 Kb.
#195649
түріБағдарламасы
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Қазтұтынуодағы

Қарағанды Экономикалық университеті

050508 “Есеп және аудит”

(күндізгі және сырттай оқыту нысаны) мамандығы

бойынша оқитын студенттерге

арналған өндірістік іс-тәжірибе

БАҒДАРЛАМАСЫ

Қарағанды 2010

Құрастырушы э.ғ.қ. проф. Мадиева Қ.С.


Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының ғылыми -әдістемелік семинары отырысында талқыланып, бекітілген.

Мәжіліс хат № 1, 27 тамыз 2009 ж



1. ӨНДІРІСТІК ІС-ТӘЖІРИБЕ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.
Студенттердің өндірістік және дипломдық іс- тәжірибесі жоғары білімді маман даярлаудың маңызды бөлімі болып табылады. Ол 050508 “Есеп және аудит” мамандығының мемлекеттік білім беру стандарты, ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Кәсіптік іс-тәжірибе. ҚР МЖМББ 5.03.005.-2006 сәйкес ұйымдастырылады.

Өндірістік іс-тәжірибе мақсаты оқу процесінде алған білімді тереңдетіп, нығайтып бекіту және бухгалтерлік есепті, субъектің қаржы-шаруашылық қызметін талдауды және аудитті ұйымдастыру бойынша тәжірибе жинақтау.


Өндірістік іс- тәжірибе барысында студенттің міндеттері:

  1. Кәсіпорынды ұйымдастыру, оның құрылымы, және салалық ерекшеліктерімен өндірістік және басқару бөлімшелерінің негізгі қызметтерімен танысу.

  2. Кәсіпорында бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуын зерттеу: есеп саясатын, бухгалтерлік есептің нысандарын, есептің компьютерлендірілуін, бастапқы құжаттарды және құжат айналымын, аналитикалық есептің нысандарын.

  3. Кәсіпорынның бухгалтериясының немесе экономикалық талдау және ішкі аудит қызметтерінің материалдық құндылықтар, негізгі қорлар, еңбек және еңбек ақы, т.б. бөлімдерінің бірінде белгілі бір жұмыс орнында тікелей жұмыс істеу.

  4. Шаруашылық операцияларды құжаттауға және өңдеуге, аналитикалық көрсеткіштерді есептеуге, түгендеу және тексеру жүргізуге қатысу.

  5. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі, бухгалтерлік есепті, экономикалық талдауды және аудитті тиімді ұйымдастыру сұрақтары бойынша мәжілістер мен конференциялардың жұмысына қатысу.

  6. Дипломдық жұмысқа ғылыми зерттеулер және іс-тәжірибе жөнінде есеп беруге материалдар жинақтап жүйеге келтіру.


ІІ. Өндірістік іс - тәжірибені және іс-тәжірибе орнын

дайындау және ұйымдастыру.

Өндірістік іс-тәжірибенің басталуына үш күн қалғанда оқытушылардың тәжірибе жетекшілерінің міндетті түрде қатысуымен студенттердің жиналысы өткізіледі.

Жиналыста студенттерге оқу жоспарында анықталған тәжірибенің міндеті туралы субъектегі жұмыстың мазмұны мен тәжірибеден өту мерзімі туралы айту керек.

Студенттер өндірістік іс-тәжірибені әр түрлі ұйымдық-құқықтық, меншіктік нысандағы шаруашылық салаларындағы кәсіпорындармен ұйымдарда өтеді.



ІІІ. Өндірістік іс-тәжірибені басқару мен бақылау.

Студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуін ұйымдастыруды және оқу-әдістемелік жетекшілік етуді университет тарапынан өндірісті жақсы білетін жетекші-оқытушыларды тағайындауды бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы жүзеге асырады.

Кәсіпорын тарапынан студенттердің іс-тәжірибесін ұйымдастыру, кәсіпорынның бас бухгалтерімен оның орынбасарына жүктеледі.

3.1. Университет тағайындаған жетекшінің міндеті:

Әрбір кәсіпорын бойынша іс-тәжірибе жетекшілерімен берілген күнтізбелік жұмыс кестесін жасау:

3.1.2. Іс-тәжірибе күнделігін жүргізу және жасалған жұмыстарға қортынды есеп жасау мәселері жөнінде кеңестер беру.

3.1.3. Кәсіпорын басшылығы арқылы практиканттарға қажетті жағдай жасау шараларын қарастыру.

3.1.4. Студенттердің жұмыстарының сапасын және күнтізбелік кестенің орындалуын бақылау.

3.2. Кәсіпорын тағайындаған іс-тәжірибе жетекшісінің міндеті:

3.2.1.Білікті жетекшілікті және әр бір студентті жұмыс орнымен қамтамасыз етуді жүзеге асыру.

Практиканттарға қажетті, түсініктеме беру және олардан тапсырылған жұмысты дер кезінде әрі сапалы орындалуын талап ету.

3.2.2. Тәжірибені бекітілген бағдарлама мен студенттің жеке жоспарын сәйкес басқару.

3.2.3.Тәжірибенің соңында әрбір практиканттың жұмысы туралы жазбаша мінездеме беру және студенттің жасаған қортынды есебін куәландыру.

3.3.Студенттің міндеті:

3.3.1. Іс-тәжірибе орнына, өндірістік тәжірибені бастау үшін, нақты белгіленген уақытта келу.

3.3.2.Ұйымның ішкі тәртіп ережелерін және еңбек заңының талаптарын қатаң сақтау (орындау), өндірістік кеңестерге, ұжымның қоғамдық өміріне қатысу.

3.3.3.Субъектен тағайындалған іс-тәжірибе жетекшісінің тапсырмасын және іс-тәжірибе бағдарламасын жеке кестеге сәйкес орындау.

3.3.4.Кафедрадан тағайындалған іс-тәжірибе жетекшісінің кеңестерін алу.

3.3.5.Белгіленген үлгіде күнделік жүргізіп, іс-тәжірибе жөнінде қортынды есепке тиісті жазулар жазу.

3.3.6.Бухгалтерлік есепті және аудитті ұйымдастыру мен әдістемесі бойынша нұсқауларды және нормативтік материалдарды зерделеу.


ІУ. Іс-тәжірибе көлемі және ұзақтығы.

Өндірістік іс-тәжірибені күндізгі бөлім студенттері 15 апта өтеді.. Университет ректорының бұйрығында тәжірибенің басталуы және аяқталуы белгіленеді.


Шамамен іс-тәжірибенің жекелеген тақырыптары бойынша ұзақтылығы:



Тақырыптарының аталуы

Күн саны (кіндізгі нысандағы студенттер үшін)

1

Тәжірибе базасымен, шаруашылық қызметімен, есепті, ішкі аудитті ұйымдастырумен танысу

1

2

Капиталды есепке алу

2

3

Ақша қаражаттарының және ақша эквиваленттерінің есебі

7

4

Дебиторлық берешекті есепке алу және талдау

5

5

Қорларды есепке алу және талдау

6

6

Негізгі құралдарды есепке алу және талдау

6

7

Материалдық емес активтерді есепке алу

2

8

Міндеттемелерді есепке алу және талдау

4

9

Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды есепке алу

6

10

Кірістермен шығыстарды есепке алу және талдау

6

11

Инвестицияларды есепке алу және талдау

4

12

Қаржылық есептілік және оның негізгі көрсеткіштерін талдау

8

13

Корпоративтік табыс салығын салық есебінде есепке алу

8

14

Өндірістік есеп

10

15

Ішкі аудитті ұйымдастыру

8

16

Диплом алдындағы тәжірибе

20 (4 апта)




Барлығы

103



V. Іс-тәжірибе бағдарламасының мазмұны



1.Тәжірибе базасымен, шаруашылық қызметімен, есепті, ішкі

аудитті ұйымдастырумен танысу
Іс-тәжірибе тәжірибе базасының өндірісімен, технологиясымен және қызметінің негізгі бағыттарымен жалпы танысудан басталады. Кәсіпорындағы тәжірибе басшысы студентпен кіріспе нұсқамалар жүргізіп, шаруашылықтың бөлімдері, цехтары және өзге де бөлімшелері бойынша саяхат ұйымдастырады. Содан кейін практикант мекеменің жарғысымен, басқару бөлімдерінің жағдайымен және оның қызметін реттеп отыратын өзге де нормативтік құжаттарымен таны

Кәсіпорынмен танысу материалдарында оның ұжымдық құрылымының сызбасы жасалады.

Есеп-талдау қызметінің құрлымына және есеп саясатына сәйкес ашылатын өндірістің көлеміне, технологиялық үрдісінің дәйектілігіне және қолданылатын есеп, талдау және ішкі аудиттің әдістеріне тәуелді олардың атқаратын қызметін зерттеуге ерекше назар аударуға талап етеді.

Студент тікелей бухгалтерияда, қаржы –экономика бөлімдерінде және басқа да құрылымдық бөлімшелерде құжаттардың жасалу сызбасын, компьютерлерді және басқа да техникалық құралдарды пайдалану есептің, қаржы-экономикалық талдаудың және аудиттің озық әдістерін қолдану мүмкіндігін зерттейді.


2. Капиталды есепке алу
Бұл тақырыпта студенттен 13 жорнал-ордер мен құрылтай құжаттарын пайдалануды талап ету төмендегі мәселелер үшін қажет:


  • Жарғылық капиталдың құрылуы және өзгеру тәртіптерін зерттеу;

  • Капитал қозғалысының есебінің тәртібін зерттеу;

  • Резервтік капиталдың құрылу және пайдалану тәртібін зерттеу;

  • Қосымша төленген және төленбеген капиталдың есебінің тәртібін, 16 ХБЕС “Негізгі құралдар”, 2 ҰҚЕС сәйкес олардың құрылуы және пайдалануын зерттеу;

  • Кәсіпорынның мүлкінің құрылу көздерімен, меншікті және тартылған капитал құрлымымен танысу;

3. Ақша қаражаттарының және ақша эквиваленттерінің есебі
Студенттердің өңдеген ұлттық және шетелдік валютада ағымдағы банктік шоттардағы және кассадағы ақша қаражатының қозғалысының, есебінің бастапқы құжаттарының негізінде есеп құжаттарын толтырып және есеп регистрларына таратып жазу керек.

Бұл тақырып бойынша тәжірибе туралы есепте ақша-қаражаттар операцияларының есебінің теориялық ережелерін жазғаннан кейін мәтінінде немесе қосымшада толықтырылған мынадай бастапқы құжаттармен есеп регистрларды көрсету керек:



  • кассалық кіріс ордер КО-1;

  • касалық шығыс ордер КО-2;

  • кассалық құжаттары тіркелген кассалық кітаптың кесінді парағын КО-4 формасы бойынша;

  • нақты жарнаға хабарландыру;

  • төлем тапсырмасы;

  • төлем талап - тапсырмасы;

  • клиенттің банк құжаттары тіркелген ағымдағы банктік шотының көшірмесі;

  • валюталық кіріс ордері;

  • валюталық шығыс ордері;

  • шетел валютасындағы ақша –қаражаттарды аударудың тапсырмасы;

  • жорнал-ордер 1;

  • жорнал-ордер 2;

  • жорнал-ордер 3;

Барлық қажетті есеп регистрларын және бастапқы құжаттарын жұмылдырып кассалық және есеп айырысу операцияларының дұрыс жүргізілгендігіне ішкі тексеріс жүргізу қажет. Сонымен қатар жабдықтаушылармен және медігерлермен алынған аванс бойынша есеп беруге тиісті тұлғалармен, шағым талап бойынша, басқа берешектермен және алашақтармен есеп айырысудың дұрыстығын тексеру қажет.
4. Дебиторлық берешекті есепке алу және талдау
Бұл тақырып бойынша студент 8 жорнал-ордерді және берілген аванс бойынша 8 жорнал-ордерге ашылатын айналым ведомосты мына мәселелерді зерттеу үшін қолдану керек:

  • берілген аванс бойынша есеп айырысудың есебінің тәртібін зерттеу;

  • нақты пайыздар, алынған вексельдер бойынша дебиторлық берешектердің есебінің тәртібін зерттеу;

  • еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын серіктестіктермен есеп айырысудың есебінің тәртібін зерттеу;

  • сатып алушылармен тапсырыс берушілермен дебиторлық берешектер бойынша есеп айырысу.

Сондай-ақ студент мына мәселелерді зерттеу үшін 7 жорнал-ордердің мәліметтерін пайдалану қажет:

  • есеп беруге тиісті тұлғалар мен есеп айырысудың аналитикалық есебі;

  • жұмыскерлердің несие және зайымдар бойынша берешек және алашақ қарыздарының пайда болуын және сөндірілуін;

- күмәнді талаптар резервінің пайда болу, пайдалану тәртіптерін және есебін;

  • алдағы кезең шығындарының есептелу тәртіптерін және олардың түрлері бойынша есебін;

Студент дебиторлық берешектердің пайда болу уақытына талдау жасап, дебиторлық борыштардың айналымын, сөндіру мерзімін және курсының төмендеуін есептеуге міндетті. Дебиторлық борыштың құрамындағы “күмәнді талаптардың” үлесін анықтау қажет.
5. Қорларды есепке алу және талдау
Студент қорлардың бухгалтериядағы сақталу орындарында материалды жауапты тұлғалардағы есебін бухгалтерлік және қоймалық есептің әдістері мен салыстыру тәртіптерін зерттейді.

Студент өз бетімен жұмсалған қорлардың нақты өзіндік құның және тасымалдау-дайындау шығындарын, айдын соңындағы қалдықтарының олардың есептік бағасы бойынша құнының ауытқуын есептеп шығарады. № 2 «Қорлар» ХБЕС стандартындағы қорларды бағалау әдістерін анықтап талдау жасайды. Сатып алған материалдық құндылықтардың келіп түсу бөлігінде және жабдықтаушылармен есеп айырысу есебінің, олардың №6 жорнал – ордер міндеттеменің қолдағы жағдайына талдау жасайды. Түгендеу жүргізу тәртібін, бухгалтерлік құжаттарда тұгендеудің нәтижесінің есебін зерттейді, қайта бағалау жүргізу тәртібін және есеп нәтижесін зерттейді. Қаржылық қорытынды есепте ашылатын қорлардың есебінің ақпараттарының толықтығын зерттейді.

Осы тақырып бойынша өндірістік тәжірибе есебінде жоғарыда келтірілген есептеулер, зерттелген материалдардың мәліметтері көрсетіледі.

Тақырыптың мәтінінде немесе тіркелінген қосымшада төменгі толықтырылған бастапқы құжаттары мен есеп регистрлары пайдаланылады.



  • Сенім хат Қ-1 нысаны

  • Кіріс ордері, Қ-3 нысаны;

  • Қорларды қабылдау туралы акт, Қ-4 нысаны;

  • Материалдарды ішкі өткізуге берілетін жүкқұжат, Қ-6 нысаны ;

  • Қоймадағы қорлардың қалдықтарын есепке алу тізімдемесі, Қ-7 нысаны;

  • Қорларды шетке беруге арналған жүкқұжат, Қ-8 нысаны;

  • Қорларды есептен шығару актісі, Қ-9 нысаны;

  • Қорларды есепке алу карточкасы, Қ-5 нысаны;

  • Қорларды түгендеу тізімдемесі, Туг-4 нысаны ;

  • Қорларды түгендеу нәтижесінің салыстыру ведомосі;

  • Материалдардың синтетикалық есебінің жинақтау ведомосі;

  • Журнал-ордер №6;

  • «Материалдарың шығындарының» тарату, пысықтау кестесі.

Экономикалық талдау мен аудит мәселелерін зерттеген кезде жүзеге асыру қажет:

  • өндірістік қорлардың сақталуын және қойма шаруашылығы жағдайын талдауы;

  • материалдық құндылықтардың кіріске алуының толықтығының және дер кезділігінің аудиті;

  • материалдық құндылықтарды дайындау және сатып алу шығындарын тексеруді;

  • материалдық құндылықтардың тиімді пайдаланып және дұрыс шығысқа шығарылуын талдауды;

  • материалдық құндылықтарды сату операцияларына талдауды;

  • өндіріс және жалдау-пайдалану қажеттеріне тұтыну есептеулерін;

  • материалдық ресурстар қорларын мөлшерлеу жағдайын бағалау және басқару;

  • қорларды пайдалану тиімділігін арттыру факторларын талдауды.


6. Негізгі құралдарды есепке алу және талдау
Негізгі кұралдардың кіріс-шығыс кужаттарымен танысу:

16 ХБЕС “Негізгі құралдар”,

ұсынылған негізгі құралдарға және материалдық емес активтерге амортизация есептеу әдістерімен;


  • негізгі құралдардың құрамына, қозғалыс серпініне, және пайдалануына талдау жасау тәртіптерін зерттеу;

  • негізгі құралдарға жүргізілген күрделі және ағымдағы жөндеу шығындарын есебіне және есептеу көрсеткіштерін талдау тәртіптерін зерттеу;

  • меншіктегі және жалдағы құралдардың қозғалысы бойынша бастапқы құжыттырдың сондай-ақ олардың есеп регистрларында жинақтау және жүйелену тәртіптерін зерттеу.

Өндірістік іс-тәжірибе туралы есептің мәтінін жазған кезде субъект бойынша жоғарыда келтірілген есептеулерден, материалды және талдау мәліметтерін пайдалану керек.

Қосымшада немесе есептің мәтінінде көрсетіледі немесе толтырылған құжаттарды және есеп регистрларында тіркейді:



  • негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісін ОС-1;

  • жөндеуден қайта құрудан және жаңғыртудан өткен объектілерді қабылдау-тапсыру актісін ОС-3;

  • негізгі құралдарды шығару (жою) актісі ОС-4 ;

  • негізгі құралдар есебінің мүліктік карточкасы ОС-6;

  • негізгі құралдар есебінің мүліктік тізімдемесі ОС-8;

  • жабдықты қабылдау актісі ОС-9;

  • жалдағы негізгі құралдардың есеп карточкалары ОС-7;

  • №12 жорнал-ордер;

  • негізгі құралдарға амортизация және қайта бағалау сомасын есептеудің пысықтау кестесі.


7. Материалдық емес активтерді есепке алу
Материалдық емес активтердің кіріс-шығыс кужаттарымен танысу:



  • ұсынылған материалдық емес активтерге амортизация есептеу әдістерімен;

  • материалдық емес активтердің құрамына, қозғалыс серпініне, және пайдалануына талдау жасау тәртіптерін зерттеу;

  • материалды емес активтердің есеп регистрларында жинақтау және жүйелену тәртіптерін зерттеу;

Өндірістік іс-тәжірибе туралы есептің мәтінін жазған кезде субъект бойынша жоғарыда келтірілген есептеулерден, материалды және талдау мәліметтерін пайдалану керек:

  • материалдық емес активтерді қабылдау-тапсыру актісін НМА-1;

  • материалдық емес активтерді есепке алу карточкасы НМА-2;

  • №12 жорнал-ордер;

  • материалдық емес активтерге амортизация және қайта бағалау сомасын есептеудің пысықтау кестесі.


8. Міндеттемелерді есепке алу және талдау
Студент бұл тақырып бойынша №4 жорнал-ордерді ұзақ және қысқа мерзімді міндеттемелердің аналитикалық есебін зерттеу үшін пайдаланады. №5 жорнал-ордерді пайдалана отырып бюджетпен салықтар бойынша есеп айырысу есебінің тәртібін зерттеу.

№9 жорнал-ордерге ашылатын ведомостың мәліметтері бойынша мына мәселелерді зерттеу:



  • алдағы кезеңдердің кірістерін;

  • қатысушылардың дивидендтері және кірістері бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешекті;

  • алынған ұзақ мерзімді аванстарды;

  • алынған қысқа мерзімді аванстарды;

  • қысқа мерзімді кредиторлық берешекті;

  • ұзақ мерзімді кредиторлық берешекті.

Міндеттемелерге талдау жасағанда мынандай мәселелерді зерттеу қажет:

  • ұзақ және қысқа мерзімді банктік қарыздарға олардың пайда болуына, қайтарылуына, тиімді пайдалануына талдау жүргізу;

  • жабдықтаушылар мен мердігерлерге қысқа және ұзақ мерзімді кредиторлық берешекке талдау жасау;

  • өзге қысқа және ұзақ мерзімді кредиторлық берешектерге талдау жасау.


9. Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды

есепке алу
Бұл тақырып бойынша студентке қойылатын талаптар:

  • есептің ұйымдастырылу және жұмыс уақытының пайдалану тәртіптерін зерттеу;

  • өнім шығаруды ұйымдастыру және есебі бойынша құжаттарын, жұмыс істемеген уақытқа, ұсталымдарға, шегерімдерге есептеулерді құжаттарының жойылуын зерттеу;

  • еңбек ақы есептеу және есеп айырысу ведомостарына әрбір жұмыскер бойынша мәліметтерін топтау бойынша бастапқы құжаттарын зерттеу;

  • есептелген еңбек ақы бойынша жасалған жиынтықты, жұмысшылармен және қызметкерлермен есеп айырысу “ Еңбек ақы шығындар бағыттары бойынша таратылуы” пысықтау ведомостының мәліметтері бойынша жиынтығын жасау;

  • пысықтау ведомостының мәліметтері мен есептелген салық және басқа да қарыздар бойынша есеп регистрларындағы таратылған еңбек ақы туралы мәліметтерінің жиынтығын жасау.

Бұл тақырып бойынша өндірістік тәжірибе есебінде еңбек және оның төлеу есебін ұйымдастырылуы бойынша теорияның ережелерін жазғаннан кейін зерттелген материалдардың есептеулерді субъект бойынша жасалған жиынтықтың мәліметтерін көрсетіп, сонымен қатар мынандай толтырылған бухгалтерлік құжаттарын және есеп регистрларын қосымша тіркеу қажет:

  • Т-12, Т-12а жұмыс уақытын пайдалану есебі табелі;

  • Т-1 есеп айырысу ведомосы;

  • Т-23 төлем ведомосы;

  • Бригада өндірімі туралы рапорт;

  • Орындалған жұмыс наряды;

  • Жеке табыс салығы кестесі;

  • “Шығындар бағыттары бойынша еңбек ақыны таратудың” пысықтау ведомосы;

  • депонентелген еңбек ақы тізімі.


10. Кірістермен шығыстарды есепке алу және талдау
Студент бұл тақырыпты зерттегенде мына мәселелерді зерттеуден бастауға тиісті: № 18 «Кіріс» ХҚЕС ережелері бойынша өнімді сатудан және қызметтер көрсетуден алынатын кірісті, қаржыландырудан алынатын кірісті және басқа да кірістерді тану тәртіптерін.

Табыс бойынша жоспардың орындалуына талдау жасау, табыстың өзгеруіне ықпал еткен факторларды (өзіндік құн, баға, құрылымы және сұрыпталымы, өткізу көлемі) анықтап залалсыздық деңгейіне талдау жасауы керек.

Бұл тақырып бойынша тәжірибеден өту барысында студент сату бөлімінің жұмысымен танысуға сатып алушылардың құрамын анықтау керек және дайын өнім сатудың негізгі жағдайымен және келісім шартта көрсетілген шарттармен танысуға сатып алушылардың құрамын анықтау керек және дайын өнім сатудың негізгі жағдайымен және келісім-шартта көрсетілген талаптармен танысуға міндетті. Өнімді қоймаға кіріске алу сатып алушыларға артып жөнелтілу есебінің ұйымдастырылуымен, сатып алушылардың шоттарды төленуіне бақылаудың жүзеге асырылғандығымен танысады.

Сонымен қатар дайын өнімдерді қоймаға кіріске алу қоймадан артып жөнелту босату құжаттарының жасалу тәртіптерін меңгеруі қажет.

Субъекттің бухгалтериясында студент мына мәселерді зерттеп меңгеруі қажет:


  • сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтің өзіндік құнын есепке алуды зерттеуді және жүргізуді;

  • дайын өнімді бағалау және сатылған өнімнің нақты өзіндік құнын анықтау үшін есептеулердің жасалу тәртібін;

  • өнім сату, өнім сату бойынша шығындарының және олардың таратылу есебін зертеп жүргізуді;

  • субъектегі қабылданған дайын өнімдер және олардың сату есебінің сипаттамасын жазуды.

№ 11 журнал-ордердегі аналитикалық мәліметтер және №11 журнал-ордердің өзін толық толтыруға тиіс.

Ішкі аудитке қатысты сұрақтарын зерттеуде мыналарды жүзеге асыру қажет:



  • дайын өнім сатудың негізгі жағдайларын тексеруді;

  • дайын өнімнің түсу, артып-жөнелту, босату және олардың сатуды жасауды және есебінің дұрыс жасалғандығымен заңдылығын зертеуді;

  • дайын өнімді бағалаудың заңдылығын және негізділігін тексеруді.

Өнім шығару және сату операцияларына талдау жасау барысында мына мәселелерді бөліп қарастыру қажет:

  • өндірістік бағдарламаның қалыптасуы мен орындалуын талдауды;

  • өнімнің көлемін және сатылу қарқындылығын, сапасы бойынша келісім шарттың орындалуын бағалау.


11. Инвестицияларды есепке алу және талдау
Инвестициялық қызметті зерттегенде мына мәселелерді зерттеу қажет:

  • инвестициялық жобаны дайындауға және жүзеге асыруға қатысу нысаны;

  • талапатрына сәйкес қысқа және ұзақ мерзімді қаржы инвистициялар, үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар есебінің ерекшеліктері;

  • акциялардың, облигациялардың және басқа құнды қағаздар түрлерінің және қаржылық инвистиция есебі мен бағалау ерекшеліктері;

  • субъектегі қабылданған инвистиция есебі әдістері;

  • қысқа мерзімді инвистицияның ағымдағы құнын анықтау тәртібін;

  • №28 «Қауымдастырылған ұйымдарға салған инвестициялар» ХҚЕС сәйкес қаржылық инвестицияны бағалау есебінің тәртібін;

  • қаржылық инвестициялар операциясының есеп құжаттарын және нәтижесінің қалыптасуын;

  • инвестицияның қаржылық есептілікте ашылу тәртібін;

Іс –тәжірибе жөнінде есепке толтырылған №12 жорнал-ордерді тіркеу керек.

Студент, қардылық инвистициялар аудитімен танысқан кезде зерттеуі қажет:


  • аналитикалық есептің жүргізілуінің және берілген бухгалтерлік проводкаларының дұрыстығын;

  • қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвистициялар шоттары бойынша батапқы құжаттарындағы жазулардың сәйкестігі;

  • құнды қағаздардың сатып алу және номиналды құнының арасындағы айырмасының дұрыс шығыс жасалғандығы;

  • құнды қағаздардың сатып алу және сату есебінің дұрыс көрсетілгендігінің;

  • бағалаудың қаржылық әдістерін капиталдың таза құнын, ішкі пайыздық қойылым, жылдық орташа түсімнің жиынтық сомалары және т.б.

Практикант инвестиция қоржынына талдау жасау үшін мәләметтерді жинауға тиісті. Бұндай кезде капиталдың таза құны, біріктіру, іріктеудің негізіндегі жылдық және үлгілері сияқты инвистиция қоржынын талдаудың оңтайлы үлгілерін қолдану мүмкіндігін зерттеу қажет.

Жобаларды жүзеге асыру барысында тәуекелділіктің қандайлық түрінің пайда болуы мүмкін екендігін анықтау қажет. Инвистицияны сату нарықтарына, сатып алудың қамтамасыз етілуіне талдау жасау. Қаржылық және өндірістік тиімділігін арттыру және табыстылық пен тәуекелділік белгілері бойынша инвестициялық қоржынды оңтайландыру жөнінде ұсыны
12. Қаржылық есептілік және оның негізгі көрсеткіштерін

талдау
Бұл тақырып бойынша студент, бухгалтерлік баланстың тәртібімен және жасалу техникасымен танысуы, баланстың көрсеткіштерінің басқа да есеп нысандарымен байланысын зерттеуі, баланстың баптарының бағалану қағидаларын анықтауы мен №1 «Қаржылық есептілікті табыс ету» ХҚЕС сәйкес қорытынды есептілік және бекіту тәртіптерін меңгеруі қажет.

Қаржы-экономикалық талдау және аудит бойынша қажет:



  • баланстың бөлімдері мен баптарының арасындағы негізгі өзара байланысқа талдау жасау, бухгалтерлік байлансты экономикалық оқуды;

  • баланстың, қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есептің оларды пайдаланудың нақтылығы, оларда көрсетілген мәліметтердің ағымдағы есепке сәйкестігін тексеруді;

  • ақша-қаражаттар қозғалысын, ақша-қаражаттар туралы есепке операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтер бойынша ашылу әдістерін зерттеуді;

  • №2 «Кірістер мен шығыстар туралы» есептілікті толтыру тәртібін үйрену, кірістер мен шығыстар туралы мәліметті табыс еті тәртібімен танысу;

  • негізгі құралдарды, тауарлы-материалдық қорларды және есеп айырысуларды түгендеудің материалдарымен танысуда;

  • баланстың активі мен міндеттемелерінің құрамына және құрылымына субъекттің төлем қабілеттілігіне және қаржылық тұрақтылығына талдау жасауды;

  • субъекттің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді көрсеткіштерін, мүлікті пайдалану тиімділігін және өнім, жұмыс және қызмет табыстылығын есептен шығаруды;

  • қаржылық есептілікке жазылатын тұсініктеме мен танысу.


13. Корпоративтік табыс салығын салық есебінде есепке алу

Cалық есебімен танысуды студент салық салынатын табысты құру есебінен бастайды. Салық салынатын табысты есептеген кезде пайда болатын айырмашылықтарды есептеу. Жылдық жиынтық табыс туралы декларациямен танысу, одан жасалатын шегерімдермен танысу. Корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептеу және аудару.


14. Өндірістік есеп
Практиканттың зерттелуі қажет:

  • өндірістік есебінің ұйымдастырылуын;

  • өндіріс шығындарының есебін ұйымдастырудың нормативті базалары мен танысу (қаржы жоспар, шығындар сметалары, жоспарланған калькуляция, жоспарланған бағалау нормалары, шығындар нормалары және т.б.);

  • материалдар шығындарын және есептік бағадан ауытқуларды тарату ведомосын жасауды;

  • тікелей және ұстеме шығыстар есебімен танысу, ұстеме шығыстарды бөліп-тарату әдістерін зерттеу;

  • өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын калькуляциялау әдістерімен танысу, калькуляциялау тәртібін игеру.

Өндіріс есебі мен танысуды студент, есеп әдісімен және өнімнің өзіндік құнын есептеп шығарған кезде шығындарды таратылу әдістерімен танысудан бастауға тиісті. Ол үшін негізгі және көмекші цехтар бойынша №10 журнал – ордерге ашылатын №1 ведомосын толтыру қажет. Содан кейін өндіріс шығындарын пайда болу орындары бойынша топтау үшін, сондай-ақ дайын өнімнің (қызмет, жұмыс) нақты өзіндік құнын анықтау үшін №10 журнал-ордерге ашылатын №2 ведомосты толтыру қажет.

Бұл аталған ведомостарды толтырмай тұрып №10 журнал-ордерге ашылатын әлеуметтік шығындардың есебіне арналған №3 ведомоске және ақау бойынша шығындардың есебіне арналған №4 ведомоске қажетті жазуларды жазу керек.

Студент, №10 журнал-ордерді, оның шоттар корреспонденциясы бойынша шығындары, экономикалық элементтері бойынша шығындары шығарылған өнімнің өндірістік өзіндік құны бөлімдерінің бәрін толтырып жасауға тиісті.

Студент, шығындардың ішкі аудиті бойынша аудиторлық қорытынды жасап, өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтерін белгілеуге тиісті.

Ол үшін мына мәселелерді тексеру қажет:


  • жылдың басында қабылданған өндірістік шығындары есебі әдістерінің сақталғандығын;

  • материалды құндылықтардың және үстеме шығындар сомаларының шығысқа шығару негізділігін;

  • №2 «Қорлар» ХҚЕС және оны қолдануға белгіленген әдістемелік нұсқауларға сәйкес өнімнің өзіндік құнына енгізілген әр түрлі шығындардың дұрыстығын;

  • кезеңдік шығындарға жатқызылған шығындардың негізділігін.

Студент шығындарға талдау жасау барысында жалпы және өнімнің жеке түрлері бойынша шығындарды төмендету бойынша тапсырманың орындалу нәтижесін анықтау, калькуляция баптары бойынша шығындардың өзгеруіне әсер ететін факторларын анықтауы, айнымалы және тұрақты шығындарына талдау жасауы қажет.

15. Ішкі аудитті ұйымдастыру
Кәсіпорында ішкі аудитті ұйымдастыру мәселелерін зерттеу үшін студент мына сұрақтарды қарастыруы керек:

  • ішкі аудиттің негізі мен функцияларын;

  • ішкі аудит жоспарымен және оның орындалу барысымен танысу;

  • ішкі аудит құқықтары және жауапкершілігі мен танысу;

  • ішкі аудиттің тиімділігін бағалау.

16. Диплом алдындағы тәжірибе
Өндірістік тәжірибе аяқталған соң студент 5 апта диплом алдындағы тәжірибеден өтеді. Аталған тәжірибенің мазмұны дипломдық жұмыстың тақырыбымен айқындалады. Диплом алдындағы тәжірибенің жетекшісі ретінде диплом жұмысының жетекшісі тағайындалады. Студент диплом жұмысының тақырыбы бойынша кәсіби ұйымдардан нақтылы материалдарды жинақтап оны диплом жұмысын жазу барысында қолданады.

Диплом алдындағы тәжірибенің нәтижесі дипломдық жұмысты «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасында алдын-ала қорғау кезінде бағаланады.


Сырттай оқитын студенттердің тәжірибесі

Университетте сырттай оқитын студенттер өндірістік іс-тәжірибені 4 апта өтеді. Бухгалтер болып жұмыс істейтін студенттер тәжірибені өз жұмыс орнында өтеді және қорытындысы бойынша қысқаша есеп беру жасайды. Есеп беруге міндетті түрде студенттің бухгалтер болып жұмыс істейтіндігі жөнінде кәсіпорын басшысының қолы және кәсіпорын мөрі қойылған анықтама тіркеледі.

Мамандығы бойынша жұмыс істемейтін студенттер өндірістік тәжірибені

жоғарыда көрсетілген тәртіп бойынша өтеді, тәжірибе аяқталған соң есеп беру жасап кафедраға тапсырады. Студент есеп беруді кафедра тағайындаған комиссия алдында қорғайды.




Іс-тәжірибенің жекелеген тақырыптары бойынша ұзақтылығы



Тақырыптарының аталуы

Күн саны (сырттай нысандағы студенттер үшін)

1

Тәжірибе базасымен, шаруашылық қызметімен, есепті, ішкі аудитті ұйымдастырумен танысу

1

2

Капиталды есепке алу

1

3

Ақша қаражаттарының және ақша эквиваленттерінің есебі

3

4

Дебиторлық берешекті есепке алу және талдау

2

5

Қорларды есепке алу және талдау

2

6

Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді есепке алу және талдау

2

7

Міндеттемелерді есепке алу және талдау

2

8

Кірістермен шығыстарды есепке алу және талдау

2

9

Инвестицияларды есепке алу және талдау

1

10

Қаржылық есептілік және оның негізгі көрсеткіштерін талдау

2

11

Корпоративтік табыс салығын салық есебінде есепке алу

2

12

Өндірістік есеп

3

13

Ішкі аудитті ұйымдастыру

2




Барлығы

25

14

Диплом алдындағы тәжірибе

5 апта


VІ. Өндірістік іс-тәжірибе туралы есеп беруді

құрастыру тәртібі.

  1. Өндірістік іс-тәжірибенің нәтижесін студент жазбаша есеп беру түрінде көрсетеді. (4 қосымша).

Есеп беру кәсіпорындарында жазылуы тиіс және тәжірибе бағдарламасына сәйкес болуы керек.Осы мақсатпен студент әр күні жұмыстан соң күнделікте жазулар жүргізеді, сонымен қатар бағдарламада көрсетілгендей құжаттар көшірмесін, есеп регистрлерін және басқа материалдарды дайындайды.

  1. Есеп беру екі бөлімнен тұрады: негізгі және қосымша. Есеп берудің негізгі бөлімінің 35-40 жазба парақтарынан аспауы қажет. Екінші бөлімде негізгі бөлім мазмұнын анықтайтын бастапқы құжаттар, есеп регистрлері, талдау кестелері т.б. көрсетіледі.

  2. Есеп беру қаламсаппен парақтың бір бетінде жазылады, есеп беру мен қосымшалар нөмірленеді.

  3. Тәжірибе кезінде штаттық қызметте жұмыс істеген студент атқарған қызметі жөнінде кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтер қол қойған анықтама алып келеді және қосымша есеп беру жазады.

  4. Есеп берудің бірінші беті І қосымша көрсетілген.

  5. Студенттің тәжірибені өткізу сапасы мен есеп беру мазмұны бойынша кәсіпорыннан тәжірибе жетекшісі қортынды жазады. (5 қосымша)


VIІ. Өндірістік іс-тәжірибенің нәтижесін шығару.
1.Тәжірибе қортындысын шығару үшін студент бухгалтерлік есеп және

аудит кафедрасына есеп беруді тапсырады.

2.Кафедра есеп беруді оқытушыға тексеруге береді. Егер оқытушы есеп беруге жақсы пікір жазса, ол қорғауға жіберіледі.

3.Есеп беруді қорғау үшін кафедра меңгерушісі комиссия құрады. Комиссия құрамына кіретіндер: тәжірибе ететін курсты жүргізуші оқытушы, аға оқытушы немесе доцент, мүмкіндігінше тәжірибе базасы өкілдері қатысады.

4.Әр студент тәжірибе нәтижесін комиссия алдында қорғайды. Есеп беру сапасымен қойылған сұрақтарға жауаптары бойынша комиссия студентке баға қояды.

5.Тәжірибе бағдарламасын орындамағаны туралы жағымсыз пікір немесе есеп беруді қорғауда қанағаттанарлықсыз баға алған студент өз есебінен студенттік каникул кезінде қайтадан тәжірибеге жіберіледі, немесе университеттен шығарылуы туралы мәселе қаралады.


Қазтұтынуодағы

Қарағанды Экономикалық университеті

Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы



ӨНДІРІСТІК ІС- ТӘЖІРИБЕ БАҒДАРЛАМАСЫ

ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУ

Студент –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Курсы –––––––––––––––––––––––––––– Тобы ––––––––––––––––––––––––––
(Ф.А.Ж)
Іс-тәжірибе орны ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

( кәсіпорын аты)

Есеп беру қорғалды

(баға)


Комиссия

(қолы)


___________________________________

(қолы)


__________________________________

(қолы)


« »__ _20 __ж.

Қарағанды 2010 ж


Жалпы мәліметтер


Тәжірибе орны ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Тәжірибе мерзімі “–––––“ –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Кәсіпорыннан тәжірибе жетекшісі (фамилиясы, аты-жөні, қызметі, білімі, жұмыс стажы) –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Университеттен тәжірибе жетекшісі ––––––––––––––––––––––––––––––––––


––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Өндірістік іс- тәжірибе бағдарламасының

күнтізбелік-тақырыптық жоспары

(1-2 бет)




Рет



Тақырып аты,

жұмыс мазмұны



Тәжірибе орны

Орындау жоспары

Тәжірибе жетекшісінің аты-жөні

































































































































































































































Тәжірибе жетекшісінің қолы –––––––––––––––––––––(Фамилиясы, аты-жөні)

Кәсіпорынның мөрі

« »__ _20 __ж.

Қазтұтынуодағы

Қарағанды Экономикалық университеті

Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы
ӨНДІРІСТІК ІС-ТӘЖІРИБЕ БАҒДАРЛАМАСЫ

ТУРАЛЫ КҮНДЕЛІГІ

Студент –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Курсы –––––––––––––––––––––––––––– Тобы ––––––––––––––––––––––––––
(Ф.А.Ж)
Іс-тәжірибе орны –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

( кәсіпорын аты)

Қарағанды 2010 ж


Өндірістік іс- тәжірибенің мазмұны

Мерзімі

Жұмыс мазмұны

Кәсіпорынның тәжірибе жетекшісінің қолы және ұсыныстары











































































































































































Есептіліктің соңғы бетінде келесі жазылады:


Студент –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

(аты-жөні)

Өндірістік іс-тәжірибе жөніндегі есептілік тексерілді.
Бас бухгалтер –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––(Ф.А.Ж)

(қолы)


––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Мөр “––––––“ –––––––––––––––––––– 20––––ж.


Есептіліктің мазмұны мен студенттің

тәжірибеден өту сапасы жөніндегі кәсіпорыннан

тәжірибе жетекшісінің қортындысы
Тәжірибе жетекшісінің қортындысы мынандай көрсеткіштерден тұрады:


  1. Студенттің фамилиясы, аты - жөні

  2. Қандай кәсіпорында, қай мерзімде, кімнің басқаруымен тәжірибеден өтті.

  3. Жұмысқа қалай қатынасты (жұмысқа деген ықыласы, ынтасы, тәртіптілігі)

  4. Студент орындаған жұмыстың сапасы, мамандығы бойынша тәжірибелік талаптарды игеру деңгейі, кәсіпорынға көмегі

  5. Тәжірибе бағдарламасының толық орындалуы, қандай бөлімдер орындалмады, орындалмау себебі

  6. Университетті бітірген соң студентті қандай жұмысқа қолдануға болады

Қортындыны кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтер қолдарын қойып, кәсіпорын мөрімен растайды.








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет