13 тақырып. Аудит жұмысын жоспарлау, аудит бағдарламасы
1. Аудитті жоспарлау мақсаты мен принциптері
2. Аудитті жоспарлау кезеңдері
3. Аудиторлық бағдарламалар
1. Аудитті жоспарлау мақсаты мен принциптері
Қаржылық есеп беруге аудит жүргізу масштабын анықтау кезінде үш негізгі кезеңді бөліп көрсетуге болады.
1-кезең. Аудиттік процедураларды жоспарлау және даярлау
2-кезең. Қаржылық есеп беру элементтерін тексеру
3-кезең. Пікірді қалыптастыру және тұжырымдаманы құру
1-сызба. Қаржылық есеп беру аудитін жүргізу кезеңдері
300 "Жоспарлау" деп аталатын ХАС-ында жоспарлаудың негізгі мақсаты аудитті тиімді жүргізуді қамтамасыз ету деп көрсетілген.
Аудитор жұмысын дұрыс жоспарлау аудиттің маңызды саласында қажетті көңіл бөлуге, потенциалды проблемаларды анықтауға және жұмысты уақытында аяқтауға көмектеседі. Сонымен қатар жоспарлау аудитор ассистенттері арасында тапсырманы дұрыс бөлуге және басқа аудиторлар мен сараптаушылар орындайтын жұмысты үйлестіруге көмектеседі.
Тексеруге қатысы бар дәлелдеулерді жеткілікті көлемде жинау аудитор өзіне кәсіби жауапкершілікті алу үшін қажет. Сонымен бірге, жинақталған дәлелдеулер құны томен болуы керек. Аудиторлық дәлелдеулердің ең төмен құны үшін қам жеу жұмысты жоспарлау қажеттілігін көрсетеді. Сондықтан, аудиторлар әр тексеру үшін мақсаты төмендегідей болатын жоспар кұруы керек:
Аудиторлық процедуралардың қажетті көлемін анықтау;
Тексеруді жүргізу шығындарын бағалау;
Аудитті жүргізу сапасын қамтамасыз ету.
Аудит жоспарын кұру аудитті жүргізудің жалпы принциптері, сонымен бірге келесідей принциптерге сәйкес іске асырылады:
Жоспарлаудың кешенділігі;
Жоспарлаудың үздіксіздігі;
Жоспарлаудың оптималдылығы.
Аудитті жоспарлаудың кешенділігінің принципі, жоспарлаудың алдын ала аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын кұруға дейінгі барлық кезендеріндегі өзара байланыспен келісімділікті қамтамасыз етуді көздейді.
Аудитті жоспарлаудың үздіксіздігі принципі аудиторлар тобына өзара байланысты тапсырмаларды орнату мен жоспарлау кезендерін, мерзімдері мен құрылымдық бөлімшелері бойынша байланыстыру ды көздейді.
Аудитті жоспарлау оптималдылығы принципі аудиторлық ұйымның өзі анықтаған критерийлер негізінде аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасының оптималды вариантын тандау мүмкіндігі үшін жоспарлау варианттылығын камтамасыз етуді көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |