Бағдарламасы Астана қаласы, 2010 жыл мазмұны кіріспе 5



бет1/21
Дата23.02.2016
өлшемі1.77 Mb.
#7968
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


Астана қаласы мәслихатының

2010 жылғы 29 желтоқсандағы

№421/55-IV шешіміне

1 қосымша



2011-2015 жылдарға арналған

Астана қаласын дамыту бағдарламасы

Астана қаласы, 2010 жыл



мазмұны


1.КІРІСПЕ 5

2.бағдарлама төлқұжаты 6

3. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ 15

3.1. Қаланың позитивті және негативті жақтарын, сондай-ақ, олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау 15

2.2. Қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау 17

3.3. Қаланың әлеуметтік экономикалық дамуының мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау 67

3.4. Қаланың даму артықшылықтары мен мүмкіндіктердің негізгі мәселелерін, қауіпін, ұстау факторларын кешендік мінездеу 69

4. Қала дамуының көрінісі 73

5. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, МАҚСАТТЫҚ ИНДИКАТОРЛАР МЕН НӘТИЖЕЛІК КӨРСЕТКІШТЕР ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ 74

1 БАҒЫТ. ҚАЛАНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛАСЫН ДАМЫТУ 74

1 мақсаты. Жеделдетілген әртараптандыру жолымен елорданың тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ету 74



2 мақсаты. Бизнес ортаны жақсарту, сауда мен кәсіпкерлекті дамыту 84

3 мақсат: Туризмді дамыту 88

2-бағыт. әлеуметтік ортаны және адамЗАТ капиталын дамыту 90

1 мақсат. Білім сапасын, қол жетімділігін, тартымдылығын жақсарту және балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру 90

2 мақсат. Азаматтардың денсаулығын нығайту саясатын өткізу арқылы астананың адамзат капиталының сапасын арттыру 98

3 мақсат. Тұрғындардың өнімді жұмыстылығын және тиімді әлеуметтік қорғауын қамтамасыз ету 110

4 мақсат. Бұқаралық спорт, дене шынықтыру-сауықтыру қозғалысын және жоғары жетістіктер спорттың дамуы 114

5 мақсат. Тарихи-мәдени мұраны сақтау және дамыту, мемлекеттік тіл мен отандық мәдениетті жалпыға танымал ету, ұлттар бірлігін қамтамасыз ету және қазақстандық патриоттықты нығайту 116

6-мақсат. Тұлға мен қоғамның қауіпсіздігін, азаматтардың конституциялық құқықтарының мүлтіксіз сақтауын 2020 жылға қамтамасыз ету 122

3 БАҒЫТ. инфраҚҰРЫЛЫМ кЕШЕНІНІҢ ДАМУЫ 124

1-мақсат. Астана дамуының инфрақұрылымын қамтамасыз ету 124

2 мақсат. Тұтынушыларды тиісті сападағы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің жұмыс істеу сенімділігі және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық қызметінің тиімділігін жоғарылату. 127

3- мақсат. Энергетикалық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 130

4 БАҒЫТ. АУМАҚТЫҚ (КЕҢІСТІК) ДАМУ 133

1 мақсат. Экономикалық әлеуеттің тиімді аумақтық ұйымды және орын ауыстырудың жағымды макроаймағын құру 133

2 мақсат. Қаланың экожүйесін сақтау және қалпына келтіру бойынша жағдай жасау 136

5 БАҒЫТ. ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ 138

1-мақсат. Мемлекеттiк органдар қызметінiң тиiмдiлiгiнiң жоғарылатуы 138

6. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ 140

7. ҚАЖЕТТІ ҚОРЛАР 140

8. БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ 141

  1. КІРІСПЕ

2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Даму бағдарламасы) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығын, ҚР Президентінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 925 Жарлығымен бекітілген 2010 жылғы 29 қаңтардағы Елбасының Қазақстан халқына «Жаңа он жылдық – жаңа экономикалық көтерілу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының 9 - тармағын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау барысында әзірленген.

Даму бағдарламасы аумақтың негізгі әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге және осы негіздегі халықтың өмір деңгейін көтеруге, өндірістік, еңбек және интеллектуалдық потенциалды көтеруге және басқа да мақсаттарға бағытталған.

Өңірлік проблемаларды шешу Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының негізгі бағыттарын, елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамдық сызбасын, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, әрі Астана қаласының 2030 жылға дейінгі орнықты дамуының стратегиялық жоспарын есепке ала отырып, бағдарламалық-мақсаттық әдіске негізделеді.

Даму жоспарының шегінде қала жағдайының осы заманғы әлеуметтік-экономикалық күйіне кешендік талдау жасалды, дамудың мықты және осал жақтары, қауіптері мен мүмкіндіктері анықталды.

Астана – елдің негізгі желілерінің қиылысында тұрған Қазақстанның ірі басқару, әрі инновациялық орталығы. Астана қаласының аумақтық дамуының бәсекелестік басымдықтары оның ұтымды географиялық орында тұрғандығында, ел аймақтары мен көрші мемлекеттердің автомобиль және темір жол желілерін байланыстыратын ірі көлік торабы ретінде қаланың тарихи кеңістік ұйымы болып қалыптасқандығында. Астананың осы сапаларының үйлесімі оны шекараласып жатқан облыстардың экономикалық белсенділігін өзіне орталықтандыратын келешектегі көшбасшы-қала және елдің басқа аумақтары үшін локомотив рөлін атқаратын қала етеді.

Қолда бар бәсекелестік басымдықтарды, мүмкіндіктер мен қауіптерді ескере отырып, даму бағдарламасының іс-шараларын іске асыру тұрақты әлеуметтік, экономикалық және инфрақұрылымдық дамуға бағытталған. Халықтың өмір деңгейі мен сапасын көтеру ішкі және сыртқы факторларды барынша қолдану, табиғи кешендер мен қоршаған ортаны сауықтырудың іске асыру потенциалын сақтау арқылы экономикалық және әлеуметтік қабаттың қарқынды дамуын қамтамасыз ету жолымен қаралуда.

  1. бағдарлама төлқұжаты





Бағдарламаның аталуы

2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы

Әзірлеуге қажетті негіздер

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жопарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің «2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалдық-инновациялық дамуы бойынша мемлекеттік бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір үкімдерінің күші жойылды деп тану туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы.



Өңірдің негізгі сипаттамалары

Астана қаласы – Қазақстан Республикасының астанасы. Солтүстік Қазақстанда Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана – бұл дамыған инженерлік инфрақұрылымы, көлік желісі, коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй қоры бар, қаланың қалыпты өмірін қамтамасыз ететін әлеуметтік желілерге бөлінген қазіргі заманғы ірі мегаполис. Астана қаласының аумағы 71 000 га тұрады. Қала елдің географиялық орталығынан азғана солтүстікке қарай, әрі орталық және солтүстік Қазақстанның шекарасында тұр. Қала халқының саны 649,5 мың тұрғыннан тұрады, халықтың тығыздығы орташа 1 шаршы метрге – 913,3 адамнан келеді.

Бағыттары

Қаланың экономикалық саласының дамуы

Әлеуметтік саланың және адами капиталдың дамуы

Инфрақұрылымдық кешеннің дамуы

Аумақтық (кеңістіктік) құрылғының дамуы

Мемлекеттік жергілікті басқару жүйесінің дамуы


Бағдарлама бағыттары

Жеделдетілген диверсификация жолымен елорданың тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ету

Бизнес-ортаның жақсаруы, сауда және кәсіпкерліктің дамуы

Туризмнің дамуы

Білім сапасын, қол жетімділігін, тартымдылығын жақсарту және балалардың құқықтарын сақтау, әрі заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру

Азаматтардың денсаулығын жақсарту саясатын жүргізу жолымен елорданың адами капиталының сапасын арттыру

Өнімді жұмысбастылықты және халықты тиімді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету

Бұқаралық спортты, дене тәрбиесі-сауықтыру қозғалысын және жоғарғы спорт жетістіктерін дамыту

Тарихи-мәдени мұрагерлікті сақтау, әрі дамыту, мемлекеттік тіл мен отандық мәдениетті кеңінен айғақтау, ұлттар бірлігін қамтамасыз ету және қазақстандық патриотизмді бекіту

Өнімділік жұмысбастылықты және халықты әлеуметтік қорғауды тиімді қамтамасыз ету

2020 жылға қарай жеке тұлға мен қоғамның қауіпсіздігін, азаматтардың конституциялық құқықтарын мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз ету

Елорданы инфрақұрылымдық қамтамасыз етуді дамыту

Тұтынушыларды тиісті сападағы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, өмірмен қамтамасыз ету жүйелерінің қызмет көрсету сенімділігі және тұрғын үй-құрылыс шаруашылығы қызметінің тиімділігін арттыру

Энергетикалық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету

Экономикалық әлеуеттің және макроаймақтың қолайлы орналастырудың ұтымды аумақтық ұйымын құру

Қаланың экожүйесін сақтау және қалпына келтіру бойынша жағдайлар жасау

Мемлекеттік органдар қызметтерінің тиімділігін арттыру


Міндеттер

Қаланың индустриалдық дамуы

Инвестицияны тарту үшін жағдай жасау және қала экономикасының инновациялық құрамының дамуы

Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеудің жалпы көлемінің артуы

Құрылыс қызметінің және құрылыс материалдары өнідірісінің дамуы

Сауда және кәсіпкерліктің дамуы

Бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау

Бәсекелестікті дамыту жүйесін тиімді қалыптастыру

Туризм инфрақұрылымының дамуын қамтамасыз ету

Халықаралық және ішкі нарықта астаналық туристік өнімді жылжыту

Туристік қызметтердің сапасын қамамасыз ету

Мектепге дейінгі ұйымдар желісін ұлғайту және мектепке дейінгі көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту

Мектепке дейінгі қызметтердің сапасын көтеру

Электрондық оқыту жүйесін енгізу үшін жағдайлармен қамтамасыз ету

Педагогикалық кадрлардың кәсіпкерлігін және мұғалім кәсібінің дәрежесін көтеру

Дамуда мүмкіндігі шектелген балалардың білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету

Қараусыздықтың, қадағалаусыздықтың, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және жетім балаларға арналған және ата-атанасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің тәрбиеленушілерін отбасыларға орналастыруды алға тарту

Кадрларды дайындаудың және бәсекеге қабілеттіліктің сапасын көтеру

Әйелдер мен балалардың денсаулығын бекіту, бала тууды ынталандыру

Негізгі аурулардың (әлеуметтік маңызды), сынықтың, кәсіптік аурудың және мүгедектің алдын алуды, емдеуді және жоюды жетілдіру

Қоғамда салауатты өмір салтын жүргізу идеологиясын қалыптастыру

Денсаулық сақтауда қаржыландыру және басқару жүйесін жақсарту, медициналық қызметтер ұсынуды жетілдіру, тиімді тарифтік саясатты енгізу

Дәрі-дәрмек қаражаттарының қол жеткізімділігін және сапасын арттыру

Кадрлық ресурстар жүйесін дамыту. Астана қаласындағы денсаулық сақтаудың кадрлық әлеуетінің бәсекеге қабілеттілігін құру

Еңбек ресурстарының санын көбейту және жұмыссыздықты азайту

Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетудің мемлекеттік стандарттарын енгізу және азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз ету

Гендерлік теңдікті бекіту

Бұқаралық спорт пен дене тәрбиесі-сауықтыру қозғалысын дамыту

Жоғары дәрежедегі спортты дамыту

Шаңғы спортын дамыту

Мәдениетті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау

2011-2020 жылдарға арналған тілдерді қолдану және дамыту бағдарламасын табысты түрде жүзеге асыру

Елорда қаласы тұрғындарының лингвистикалық капиталын сақтау

Дінге сенушілік, сондай-ақ, Қазақстанда тұратын барлық этностардың мәдениеті мен салтын дамытудың еркіндігін әрі қарай іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау

Мемлекет пен қоғам азаматы, өкімет пен бизнес, өкімет пен оппозицияның конструктивті диалогтарының механизмін орнықтыру

Жастар ортасында қоғамдық-саяси тұрақтылықты арттыру

Жалпы қылмыстық қылмыстардың деңгейін азайту

Қылмыскерлікпен күрестің, нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресудің тиімділігін арттыру

Елорданың жол-көліктік инфрақұрылымын дамыту

Инфокоммуникациялық технологияны дамыту, оның ішінде электрондық әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтердің айқындылығын арттыру

Халыққа көрсетілетін тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру

Экономиканы электр жылуының қажеттілігімен қамтамасыз ету

Энергетикалық ресурстарды өндіру және тарату барысында энергияны үнемдеу

Халықтың тұруына қолайлы орта құру үшін қала аумағының қарқынды дамуын қамтамасыз ету

Қала төңірегін дамыту

Техногендік апаттардан, катастрофалардан және стихиялық апаттардың қатерін түсіру және зиянын азайту бойынша жағдайлар жасау

2020 жылдарға қарай экожүйелерді сақтау және қалпына келтіру бойынша жағдайлар жасау

Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру

2012 жылға қарай мемлекеттік органдарда үздік принциптер мен адами ресурстарын басқару әдістерінің негізінде кадрлық қызмет жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету

Қала бюджетін орындау мониторингі


Іске асыру кезеңдері

1 кезең – аралық (3 жыл) – 2011-2013 жылдары – алғашқы кезектегі және дағдарысқа қарсы іс-шараларды іске асыру, қаланы дағдарыстан кейінгі дамуға дайындау.

2 кезең – қорытынды (2 жыл) – 2014-2015 жылдары – Бағдарламаның алдына қойған міндеттерін шешу үшін жоспарланған шараларды іске асыру және әрі қарай қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін негіздер қалыптастыру.



Мақсатты индикаторлар

Жалпы аймақтық өнімінің көлемі 2015 жылы 1775,9 млрд. құрайды

Жалпы аймақтық өнімнің өсуі айқын түрде 2015 жылы 2009 жылдың деңгейімен салыстырғанда 29 пайызды құрайды

Тұтынушы бағаларының индексі 2011-2015 жылдары жылына 6-8 пайыз (2009 – 6,5 пайыз) деңгейін ұстап тұрады

Өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігінің өсуі 2009 жылмен салыстырғанда 2015 жылы 1,7 есеге артады

Жеңіл өнеркәсіпте ЖҚҚ өсуі 2015 жылы 366,4 млн. теңгеге дейін артады

Ішкі нарықтың жеңіл өнеркәсіп өнімдеріне қажеттілігін қанағаттандыру 1,3 пайызды құрайды

Жеңіл өнеркәсіптегі еңбек өнімділігінің өсуі саладағы бір жұмыскерге шаққанда 5 млн. теңгеге дейін артады

Машина жасау саласындағы ЖҚҚ өсуі 14700 млн. теңгеге дейін артады

Машина жасау саласындағы ЖҚҚ өсуі 2009 жылмен салыстырғанда 192 пайызды құрайды

Металлургия саласында ЖҚҚ өсуі 12148,1 млн. теңгеге дейін артады

Металлургия саласында еңбек өнімділігінің өсуі 40,7 млн. теңгеге дейін артады

Металлургия саласында экспорттың өсуі 2015 жылға қарай 2 есе артады

Құрылыс индустриясында жалпы қосылған құнның өсуі 2015 жылға қарай кем дегенде 133,7 пайыздан артады

Құрылыс материалдарының отандық өндірісі үлесінің өсуі 2015 жылға қарай 8,6 пайыздан артады

Құрылыс материалдарының өндірісінде еңбек өнімділігінің өсуі 2015 жылы 65,5 мың. АҚШ долларына дейін артады

Тауарларды - мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарды, жүйеқұрушы кәсіпорындарды сатып алудағы қазақстандықтардың құрайтын үлесі – 62 пайыз

Менеджмент жүйесін енгізген және халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келтіріп сертификат алған (өсіммен) кәсіпорындар саны 334 бірлікке дейін артады

Инновациялық-активтік кәсіпорындардың үлесі 6,3 пайызды құрайды

Индустриялық парктің аумағындағы өнеркәсіп өнімін шығарудың көлемі 4,0 млрд теңгеге дейін артады

Агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігі 1141,0 мың теңгені құрайды

Аграрлық саладағы экспортты потенциал 15 пайызға дейін артады

Шағын және орта бизнестің ЖАӨ үлесі 2015 жылы 35,3 пайызды құрайды

Бизнесті тіркеуге және жүргізуге байланысты операциялық шығындардың төмендеуі 2011 жылға қарай 30 пайызға дейін, 2015 жылға қарай 30 пайызға дейін артады

Туристік қызмет саласында қызметтер көрсететін ұйымдардың жиынтық кірісінің өсуі 15 пайызға дейін артады

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 2015 жылы 69 пайызға жетеді

12 жылдық оқыту бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін мектептер үлесі 2015 жылы 100 пайызды құрайды

Кәсіптік мектептердің жалпы санының ішіндегі табиғи-математикалық бағыттағы мектептер үлесі 50 пайызды құрайды

Орта білімнің жалпы санының ішіндегі электрондық оқыту жүйесін қолданатын білім беру ұйымдарының үлесі 70 пайызды, ТжКБ 100 пайызды құрайды

Педагогтардың жалпы санының ішінен жоғарғы және бірінші санаттағы жоғарыбілікті педагогикалық қызметкерлердің үлесі 57 пайызға дейін жетеді

Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған білім беру ұйымдарының үлесі, олардың жалпы санының ішінен 28 пайызды құрайды

Жетім балаларға арналған мекемелерде тәрбиеленуші және ата-ана қамқорысыз қалған балалардың ішіндегі отбасыларға орналастырылған балалар үлесі 7,8 пайызды құрайды

Оқу бітірген соң бірінші жылда жұмысқа орналастырылған және ТиПО оқу орындарының жұмыс істейтін түлектерінің үлесі 77 пайызды құрайды

Халықтың өмір ұзақтығы болжаммен 76 жасты құрайды

Халықтың 1000 адамына шаққанда жалпы өлім саны 4,35 пайызды құрайды

Ана өлімі (тірі туылған балалардың саны 1000 мың балаға шаққандағы жағдаймен) 2015 жылы – 21,0 пайызды құрайды

Сәби өлімі (тірі туылған балалардың саны 1000 балаға шаққандағы жағдаймен) 2015 жылы 8,74 пайызды құрайды

АМӘК шегіндегі медициналық қызметтердің 30 пайызын 2015 жылға қарай жалпы тәжірбиедегі дәрігерлер көрсетеді

Дене тәрбиесімен және спортпен айналысатын халықтың үлесі 2015 жылға қарай 23 пайызды құрайды

Дене тәрбиесімен және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдердің үлесі 2015 жылға қарай 12 пайызды құрайды

Мәдениет саласы қызметінің тұтынушыларының қанағаттану дәрежесі 2015 жылы 70 пайызды құрайды

Мемлекеттік тілді меңгеретін халықтың үлесі 2015 жылы 75 пайызды құрайды

Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілін меңгеретін халықтың үлесі 2015 жылы – 5,6 пайызды құрайды

Конфессия аралық және этника аралық саладағы мемлекеттік саясаттың қоғамдық ұғымындағы қолдау деңгейі 2015 жылы – 50 пайызды құрайды

Бағдарламалық құжаттар және мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы елорда халқының, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер санының ақпараттандыру деңгейі 2015 жылы 70 пайызды құрайды

Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын оң бағалаған респонденттер үлесі 65 пайызды құрайды

14-тен 29 жасқа дейінгі халықтың жастарға қатысты мемлекет саясатына қанағаттанатын деңгейі (10-балдық шкалада) 2015 жылы – 7 пайызға дейін жетеді

2015 жылы жұмыссыздық деңгейі 5,5 пайызды құрайды

Жұмыс істейтін халықтың құрамындағы жоғары білікті жұмыс күшінің маңызды салмағы 2015 жылы 43,9 пайызды құрайды

Күн көру минимумынан төмен кірістері бар халықтың үлесі 3,2 пайызды құрайды

Халықтың полицияға сену деңгейі – 55%

Көліктің ИФО қызметінің үлесі 104,3 пайызды құрайды

Жүк айналымының көлемі 2015 жылы 4059,6 млн/ткм құрайды

Жолаушы айналымының көлемі 12790,5 млн/пкм құрайды

Құрылыспен, қайта өңдеумен және орташа жөндеумен қамтылған жолдар ұзындығы 123 км құрайды

Қаланың автомобиль жолдарының 70 пайызы жақсы және қанағаттандырылған күйде болады

Ақпаратты-коммуникациялық инфрақұрылымды қосқанда АКТ секторының үлесі қаланың ЖАӨ 2015 жылы 4,3 пайызды құрайды

Электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қанағаттанған тұтынушылардың үлесі 90 пайыздан асады

2015 жылға қарай кем дегенде 95 пайыз тұтынушылар коммуналдық қызметтерге қанағаттанады

Өткізілген түгендеудің негізінде тұрғын үй қорының күйі мен инфрақұрылымдық коммуналдық қызметтердің үнемі жаңартылып отыратын мәліметтер базасы құрылған

Менеджменттің қазіргі заманғы әдістерін енгізген коммуналдық сектор кәсіпорындарының үлесі 70 пайызды құрайды

Нормативті пайдаланумен қамтамасыз етілген кондоминиум объектілерінің үлесі 78 пайызды құрайды

Қаланың ішкі аумақтарын абаттандыру шараларымен қамтудың үлесі 2015 жылға қарай 100 пайыз болады

Қолданылған энергияның жалпы көлемінде қала кәсіпорындарының жұмсаған үлесі 2015 жылы 80 пайызды құрайтын болады

Электр энергиясын өндіру 2015 жылы 3660 млн. кВт/сағ. құрайды

ЖАӨ энергосыйымдылығының деңгейі 11 пайызға жетеді

Төтенше жағдайлар кезінде шұғыл әрекет ету күштерімен қамту 2015 жылы 100 пайызды құрайды

Жер учаскелері және жер құқық қатынасы субъектілері туралы ақпараттарды қолданатындарды олардың өтініш беруіне байланысты 100 пайыз қаматамасыз ету

Төтенше жағдайлар кезінде шұғыл әрекет ету күштерімен қамту 2009 жылы 70 пайызды құрайды

Атмосфералық кірлеу индексі 2015 жылы 6,0 бірлікті (2009ж. – 4,67) құрайды

Үстіңгі сулардың ластану индексі 2015 жылы 2,09 бірлікті құрайды (2009ж- 2,14 бірлік)

Жасыл желектерді отырғызу алаңы адам басына шаққанда 2015 жылы 13 шаршы метрді құрайды (2009 ж - 9 шаршы метр)

Стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жеңгейі 2015 жылы 100 пайызға жетеді

Жергілікті атқару органдарының электрондық құжат айналымын жүргізу үлесінің өсуі 2015 жылы 100 пайызға дейін жетеді (2009 жылы – 75 пайыз)

Қаржылық жылдың қортындысы бойынша бюджеттің орындалуы 2015 жылға қарай 100 пайызға дейін жетті (2009 жылы – 87,6 пайызға)



Қаржыландырудың көздері мен көлемдері

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың өз қаражаттары, несиелік қаражаттар

Қаржыландыру көлемдері:

2011 жыл – 207 913,1 млн. теңге, оның ішінде:

РБ - 125 749,7 млн. теңге,

ЖБ – 44 248,9 млн. теңге,

жеке инвестициялар және қарыздық қаражат – 37 914,5 млн. теңге;


2012 жыл – 160 068,7 млн. теңге, оның ішінде:

РБ – 102 932,9 млн. теңге,

ЖБ – 30 868,3 млн. теңге,

жеке инвестициялар және қарыздық қаражат – 26 267,5 млн. теңге;


2013 жыл – 107 011,1 млн. теңге, оның ішінде:

РБ – 49 970,2 млн. теңге,

ЖБ – 33 611,4 млн. теңге,

жеке инвестициялар және қарыздық қаражат – 23 429,5 млн. теңге;


2014 жыл – 64 688,3 млн. теңге, оның ішінде:

РБ – 30 000,0 млн. теңге,

ЖБ – 11 208,8 млн. теңге,

жеке инвестициялар және қарыздық қаражат – 23 479,5 млн. теңге;


2015 жыл – 229 976,1 млн. теңге, оның ішінде.:

РБ – 30 000,0 млн. теңге,

ЖБ – 11 496,6 млн. теңге,

жеке инвестициялар және қарыздық қаражат – 188 479,5 млн. теңге;


БАРЛЫҒЫ – 769 657,3 млн. теңге, оның ішінде:

РБ – 338 652,8 млн. теңге,

ЖБ – 131 434,0 млн. теңге,

жеке инвестициялар және қарыздық қаражат – 299 570,5 млн. теңге.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет