БАҒдарламасы ақтөбе, 2010 мазмұНЫ



бет2/9
Дата24.02.2016
өлшемі1.21 Mb.
#11781
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2. АҒЫМДАҒЫ АХУАЛДЫ ТАЛДАУ





    1. 2.1. Өңірдің оң және теріс жақтарын, сондай-ақ олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси дамуына ықпал етуін бағалау

Ақтөбе облысының әлеуметтiк-экономикалық жағдайын бағалау нақты сектордың дамуымен, денсаулық сақтау, бiлiм және халықты әлеуметтiк қорғау салаларында оң серпінмен сипатталады.

Аумақ және тұрғындар. Ақтөбе облысы аумақ үлкендігі бойынша Қазақстанда екінші облыс болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлу бойынша өңір 12 ауданға, 140 ауылдық (селолық) және 2 кенттік әкімшілікке бөлінеді. Облыс аумағында 8 қала бар, оның ішінде: 7 шағын қала Алға, Жем, Қандыағаш, Темір, Хромтау, Шалқар, Ембі және Ақтөбе қаласы, сондай-ақ 411 ауылдық елді мекен бар.

Ақтөбе облысының халқының саны 2012 жылдың 1 қаңтарына дейінгі санақ бойынша 786,3 мың адамды құрады.



Ақтөбе облысының ресурстық әлеуеті. Ақтөбе облысының жер қойнауында алтын, күміс, кобальт, калий тұздары, асбест, каолин, әйнек және тас түсті шикізат, табиғи әрлеу материалдары, мұнай-битум тектілер және табы басқа пайдалы қазбалардың үлкен қоры бар. Бұның салдарынан өңірде тау-кен өндіру, химия өнеркәсібі, ферроқұймалар өндірісі және т.б. айтарлықтай дамуда. Тау-кен кәсіпорындарының мейлінше үлкен бөлігі Мұғалжар ауданында шоғырланған. Мұғалжар таулары никель, кобальт, хромит, мыс, қара және сирек металдарға бай. Кемпірсай аумағында Хромтау, Никельтау шахталары ашылды, хромиттік және никель көздері Батамша кентінің жанынан табылды. Мергел әктасы бор кезеңінің соңында пайда болды және ол цемент өндірісінде пайдаланылады. Оңтүстік Мұғалжар құмдарынан әйнек жасалады. Ақтөбе өңірінің орталық бөлігінде және оңтүстігінде мұнай мен газ өндіріп алу дамыған, мысалы, мұнай-газ конденсатының кен орындары Жаңажол, мұнай-газ кен орны Кенқияқ - тұз асты, мұнай кен орны, Кенқияқ-тұз үсті, және т.б. табылды. Өңірде хром бірігулерінің, ферроқұймалардың рентген аппаратураларының және машина жасаудың, химия комбинатының және өзге зауыттар қызмет етеді.

Өңірдің транспорттық әлеуеті өте жоғары. Облыста темір жол, автокөлік, әуе, сондай-ақ құбыр жүргізуді тасымалдау жолдарының түрлері жұмыс жасайды. Алайда көлік инфрақұрылымының сапасы мен тығыздығы жеткілікті дәрежеде дамымай келеді.


Инвестициялық қызмет. Аралықтағы кезеңде инвестициялар көлемiнiң серпіні жыл сайынғы өсімнің оң үрдісіне ие. Ақтөбе облысының негізгі капиталына инвестиция көлемі 385,9 млрд. тенге құрады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 2,0 есе артық.

Тұрғындардың өмір сүру деңгейі

Өмір сүру деңгейінің жақсаруы демографиялық салада байқалады, туу өсімі мен қайтыс болу деңгейінің төмендеуі атап өтіледі. Халықтың өмір сүру деңгейі артуда, тұрғындардың орташа айлық жалақысы мен табысы өсуде.

Ақтөбе облысында 2007 - 2011 жылдар аралығында адами даму деңгейі бойынша оң үдерістер байқалады.

2011 жылы жан басына шаққанда ЖӨӨ 2007 жылдың деңгейінен 1,6 есе артық болып 12,5 мың АҚШ долларын құрады. Ақтөбе облысы Қазақстанның өзге облыстары арасында 6-орын алады.

Тұрғындардың нақты ақшалай табысы 9,2%, нақты жалақысы 7,4% өсті.

2011 жылы жұмыссыздық деңгейі 4,9% болды, 2010 жылмен салыстырғанда 0,4% тармаққа төмен.



Өңірлік банктiк институттар сипаттамасы. Бүгінгі күні Ақтөбе облысында коммерциялық банктердiң 16 филиалы тiркелген. Қарастырылатын мерзімде Ақтөбе облысында екiншi деңгейдегi банктер берген несие сомасы 114,6 млрд. теңгеден 179,7 млрд. теңгеге артты. Негiзiнен шағын кәсіпкерлікті дамытуға несиенің жалпы сомасының 19% берілді.

2.2. Аумақтың әлеуметтiк-экономикалық жағдайына талдау

БАҒЫТ: Экономика


Өңірлік макроэкономика

2011 жылы экономиканың нақты өсімі 105,8% құрады. Жалпы өңірлік өнім 1 трлн. 433,1млрд. теңге немесе 9,8 млрд. АҚШ долларын құрады.

ЖӨӨ құрылымының негізгі саласы өнеркәсіп болып табылады (43,6%), одан кейін шамамен тең үлестерде құрылыс (8,9%), сауда (8,6%), көлік және қоймалау (8%) салалары жатады. Төменгі үлес салмақтарда ауыл шаруашылығы (4,6%), ақпарат және байланыс (1%) салалары.

Ақтөбе облысының 2011 жылғы сыртқы экономикалық қызметінің нәтижесі әлем елдерімен бірге оң серпінде сипатталады. Облыстың сыртқы сауда көлемі 10,4 млрд. АҚШ долларына жетті немесе 2010 жылдан 1,5 есе артық. Осымен бірге сыртқы сауда айналымының сальдосы - 8,8 млрд. АҚШ долларына жетті.

Сыртқы экономикалық қызметті белсендірудің қосымша импульсы Қазақстанды Ресей және Беларусь Республикаларымен білескен Кедендік одаққа кіруіне ықпал жасады.

Кедендік одақ жұмыс жасаған бір жыл ішінде КО мүше елдермен бірге облыстың тауар айналымы 1,3 есе өсіп және 1,6 миллиард АҚШ долларын құрады.



Инфляция. Инфляциялық процестерді ұстау және отандық кәсіпорындардың өзіндік қуатын арттыру бойынша жүргізілген шаралар негізгі тамақ өнімдерінің бағасын негізсіз өсіруге жол бермейді.

2011 жылы 63 негізгі тамақ түрлеріне жүргзілген мониторингтің мәліметтері бойынша бағалар барлық позициялар бойынша республикалық орташа көрсеткіштен көтерілген жоқ.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 2011 жылы бағаны тұтыну индексі

В результате принятых мер индекс потребительских цен за 2011 год 106,8% құрады, яғни республикалық орташа көрсеткіштен 0,6% (республика – 107,4%) төмен, оның ішінде азық-түлік тауарлар – 108,7% ( ҚР-109,1%), азық-түлік емес тауарлар – 105,4% (ҚР-105,3%), ақылы қызметтер – 105,7% (ҚР-107,3%).


Өнеркәсіп

Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму Мемлекеттік Бағдарламасын жүзеге асыруАқтөбе облысын әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың негізгі басымдық бағыты болып табылады.

Облыста Мемлекеттік бағдарламаның басты құралы болып табылатын Казақстанның индустриаландыру Картасына енген инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша белсенді де жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Картаға Ақтөбе облысының жалпы сомасы 413,5 млрд. теңгеге 8,9 мың жұмыс орнын құрумен 66 жоба енгізілді.

2010-2011 жылы облыста жалпы сомасы 183,7 млрд. теңгеге 51 нысан пайдалануға беріліп, 4669 жұмыс орны ашылды.

Облыс ҮИИД Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың екінші жылының нәтижесі (2011) бойынша барлық белгіленген жоспарларды орындады.

2011 жылы Индустрияландыру картасына енген 27 нысанның барлығы іске қосылды, оның ішінде: кендер мен катодтық мыс өндірісін қайта өңдеу бойынша кешен, полиэтиленді құбыр, металды черепйцца және басқа да құрылыс материалдары, дәрі-дәрмектер, белсендірілген және белсендірілмеген минералды ұнтақтар (автожолдарды жабу үшін) , поролон шығару, екінші поролон бұйымдары, мобильді асфалтты бетон өндірістері бойынша – 6 зауыт, әк, полиуретанды композиция, полимерлі композиттік материал бұйымдары өндірістері бойынша-3 цех, жалпы қуаттылығы 5000 тонна 2 көк өніс қоймасы және басқалары бар.

Бұл өңдеу саласындағы инвестициялық озық өсімінің нәтижесінде болды. 2011 инвестиция 49,7 млрд. теңге құрады, бұл 2010 жылдан 12,8% артық.

Өңдеу өнеркәсібінің еңбек өнімділігі бір салаға 32,1 мың АҚШ долларын құрады, яғни өткен жылдың осы кезеңіндегі деңгейден 1,3 есе өсті; ауыл шаруашылығы кешені – 20,7 пайыз өсуімен 6,8 мың АҚШ долларын құрады.

Жалпы, облыс негізгі өнім түрлерін шығару бойынша 2010 жылдың деңгейінен елеулі түрде көтерілді. Мұнай өндіру көлемі 6,6%-ға өсіп 8,5 млн. тонна, ілеспе мұнай газын өндіру - 15,2% (3,7 млрд. ш.куб.), мыс рудалары – 16,4% (3,8 млрд.тонн.), хромды концентраттарын өндiру - 5,0% (3,7 млн.тонн.), электр қуаты - 5,1% (2,8 млрд.кВт/час), жылу қуаты-3,1% (6,4 млн.Гкал) т.б.артты.

Электр энергетикасының дамуы. 2012 жылдың 1 қаңтарына облыстың электр желілік шаруашылығы қашықтығы 14,8 мың шм. және жалпы саны 2058 дана бәсеңдетілген аралық бекеттерден электр беру желісінен тұрады.

Жаңажол ГТЭС екінші кезегі іске қосылуымен, сондай-ақ ГТЭС-45 («СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ) машиналық екі режимде тұрақты жұмыс жасауы электр қуаты өндірісін 2010 жылмен салыстырғанда 175 млн. кВт/сағ. ұлғайтуға мүмкіндік берді. Облыста электр тұтынымның жыл сайынғы өсімі 3-8 % құрайды.

Қайта жаңартылған қуат көздерін орналастыру мақсатында әлеуетті инвесторларды тарту жұмыстары басталды.

Агроөнеркәсіптік кешен

2011 жылғы 6,9 млрд. теңге көлеміндегі мемлекеттің қолдауы ауыл шаруашылығының жалпы өнім өндірісін 111,2 млрд. теңгеге дейін, ал нақты көлем индексі - 115% дейін қамтамасыз етті.

2011 жылы облыстың ауыл жұмыскерлері 453,3 мың тонна (алғашқы салмақта) астық, 10,4 мың тонна майлы дақылдар дәні, 95,6 мың тонна картоп, 87,6 мың тонна көкөніс өндірді, бұл негізгі азық-түлік өнімдеріне деген қажеттілікті қамтамасыз етеді.

Есепті жылы мал шаруашылығы өнімдерінің жоспары: ет өндіру 106,7 %, сүт 112,9 %, жұмыртқа 105,7 % орындалды. «Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде 61 шаруа (фермерлік) қожалықтары 2570 бас ірі қара малы сатып алынды. Алға ауданында «АқТеп» ЖШС 3,0 бас ірі қараға арналған мал бордақылау алаңының құрылысы аяқталды және 1200 малды бордақылауға қойды.

Ақтөбе қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру үшін шартты шекарасы айқындалды. Оған 200 км. аймақта орналасқан, облыстың 6 ауданы , сондай-ақ Ақтөбе қаласының АӨК субъектілері кірді. Бүгінгі күні облыста ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеумен айналысатын тамақ өнеркәсібінің 100 кәсіпорны жұмыс жасауда.

Ауыл шаруашылығы құрамаларында сүт өндірісі дамытылуда. Мәртөк ауданының «Айс» ЖШС 2011 жылы Германиядан 858 бас қара ала сиыр (гольштейн-фриз тұқымды), Ақтөбе қаласының «Болат ЛТД» ЖШС Ресейден 147 бас асыл тұқымды қашар сатып алды. «Анди» ЖШС 500 бас сиырға арналған тауарлы-сүт фермасының құрылысын аяқтады.

Экспортқа бағытталған шошқа етін өндірумен Алға ауданының «Парижская коммуна ХХІ» ЖШС айналысуда, онда 4406 тонна (сойыс салмақта) шошқа етін өндірді.

«Көктас - Ақтөбе» АҚ 3 құс қорасы қайта жарақтандырылып, құс етін өндіруді 2010 жылмен салыстырғанда 34,0 % арттырды.

Өндіріске инновация енгізу қолға алынуда. Ылғалқорсақтау технологиясымен 324 мың гектар дәнді-дақыл, 131,9 гектар тамшылатып суару енгізілді, жылыжайда 3,75 гектарға көкөніс өсіру жүргізілді. 16,3 мың бас аналық сиыр қолдан ұрықтандырылып, 43 шаруашылықта селекция жүргізілді. Асыл тұқымды мал басының саны өсуде.

Жеміс-көкөніс өніміне нарықтың импорттық тәуелділігін төмендету үшін жаңа суармалы жерлерді енгізу бойынша өңірдің мүмкіндігіне байланысты егіс алқаптарын кеңейту, сондай-ақ жылыжай өндірісін дамыту және көкөніс қоймаларының қуатын өсіру жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы шикізаты мен азық-түлік тауарларының бар тапшылығын жоюға бағытталған, барлық жобалар бірінші кезекте қаралады және қаржыландырылады.

Шағын және орта бизнес, сауда

Облыстың экономикалық дамуының негізгі басымдықтарының бірі шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау болып табылады.

2011 жылы шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің жалпы саны 28,0% ұлғайды және 30,8 мың бірлікті құрады. Онда жұмыс жасайтын азаматтардың саны 117,3 мың адамға жетті және 2010 жылмен салыстырғанда 5,5% ұлғайды.

Олармен көрсетілген қызмет, жасалған жұмыс, өндірілген өнім 389,0 млрд. теңгеге жетті, бұл 2010 жылғы деңгейден 2,5% жоғары.

Шағын және орта кәсіпкерліктен бюджетке түскен төлемдер 94,0 млрд. теңгені құрады немесе 140,4%.

Осындай нәтижелерге облыста «Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен қамту 2020» республикалық бағдарламалары және «Даму» қорымен бірлесіп жүзеге асырылатын «Даму-өңірлер-2» өңірлік бағдарламасын іске асырудың арқасында қол жеткізілді. Барлық қаржыландыру көздерінен сомасы 76,8 млрд. тг. (101,7%) қаржылық-кредиттік қолдау көрсетілді.

«Бизнестің жол картасы - 2020» Бағдарламасы ауқымында 2010-2011 жылдарда бірінші және үшінші бағыттар бойынша жалпы құны 18,3 млрд. теңгеге 84 жоба мақұлданды, кәсіпкерліктің 89 субъектісіне сервистік қызметтер көрсетілді, 264 кәсіпорындар мен ұйымдарда жастар іс-тәжірибесінен 866 адам өтті.

Мемлекеттік қолдау сомасы – 1812,0 млн. теңгені құрады (оның ішінде инфрақұрылымды дамыту үшін – 915,6 млн. теңге, жеке кәсіпкерлікті қолдау үшін – 805,4 млн. теңге, жастар іс-тәжірибесінен өту үшін – 91,0 млн. теңге).

«Назарбаев Университет» АҚ бизнестің 19 басшысы мен иелері оқудан өтті. «Іскерлік байланыстар» жобасының қатысушылары болып кәсіпорындардың 29 басшылары, оның 4 адамы Германияда шетел стажировкасын және АҚШ-та 2 адам өтті.

Екінші бағыт бойынша құны 1,4 млрд. теңгеге 15 жоба мақұлданды, оның 11 жобасы бойынша жалпы кредит сомасы 1,13 млрд. теңгені субсидиялау шартына қол қойылды.

Бизнесті дамыту үшін «Даму» Қорымен бірлесіп бірнеше бағдарлама іске асырылуда:

«Даму – өңірлер ІІ» бағдарламасы бойынша несиелеу сомасы 1,2 млрд. теңгеге 17 жоба қаржыландырылды, онда 600 жұмыс орнын құру көзделуде.

«Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы бойынша облыстың барлық аудандарында және Ақтөбе қаласында жаңадан бастаған кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға тренингтер жүргізілуде, 2011 жылы 728 адам оқытылды.

Сауда. Облыстың бөлшек сауда айналымы 2011 жылы 234,3 млрд. теңгені, НКИ – 121,1% құрады.

Бәсекелестікті дамыту

Облыста бәсекелестікті дамыту үшін кәсіпкерлік қызметті дамыту және жалпы бәсекелестік ортаны жақсарту бойынша қажетті инфрақұрылымды құру бойынша шаралары іске асырылуда.

Облыста азық-түліктің негізгі түрлеріне бағаның өсуін болдырмау бойынша қажетті шаралары қабылданады. Азық-түлік тауарларының жеке өндірісін дамыту бойынша шаралары қабылдануда. Бәсекелестікті дамыту, әкімшілік тосқауылдарды қысқарту басымдықтарын түсіндіру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ұйымдастырылады және «Атамекен» қоғамы мен бизнесі өкілдерімен қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізіледі. Облыстық және аудандық газеттердің беттерінде аталған тематика бойынша материалдары жарияланады. Рұқсат беру процедураларын оңтайландыру және қайта қарау, шағын және орта бизнесі субъектілері қызметінде әкімшілік тосқауылдарды төмендету жөнінде Ақтөбе облысы жанынан кәсіпкерлік мәселесі бойынша Сараптама Кеңесі (кеңес беру және кеңесу орган) жұмысты жалғастырады. 2011 жылғы түгендеу қорытындысы бойынша Сараптама Кеңесімен 52 лицензия және рұқсат беруді (30%) қосымша қысқарту, процедуралар мерзімін қысқарту және жеңілдету - 18 рұқсат беру құжаттары, хабарландыру тәртібіне ауыстыру – 9 рұқсат беру құжаттары (процедуралары), электронды форматқа ауыстыру – 1 рұқсат беру құжаттары бойынша Экономикалық даму министрлігіне ұсыныс енгізілді.

2012 жылы барлық рұқсат беру құжаттарына қосымша түгендеу жүргізілді және рұқсат беру құжаттарының бірыңғай тізбесін енгізу үшін ҚР ЭДСМ Сараптама тобына қарау үшін бағытталды.

Кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қажетті инфрақұрылымды құру, тауарлық рыноктың жағдайын талдау және дамыту жүргізуді ұйымдастыру, облыста бәсекелестікті дамыту үшін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін шаралар қарастырылған.

Сонымен қатар, өңір экономикасының жекелеген салаларында проблемалары бар.

Мәселен, Ақтөбе облысының географиялық шекарасында электр энергиясын бөлшектеп іске асыру рыногында рынокта жоғары шоғырлануы бұрынғыдай сақталуда. Облыс тұрғындарының мұқтаждығы үшін сақталған электр энергиясының барлық көлемі «Ақтөбеэнергоснаб» ЖШС іске асырылады.

Жергілікті энергия өндіретін ұйымдардың өндірістік қуаттарының жетіспестігі бар.

Жергілікті шикізатта жаңа энергия тудыратын қуаттарды салу, электр энергиясын беру желілерін реконструкциялау және Қазақстан Республикасының бірыңғай энергетикалық жүйесіне интеграциялау өңірдің электр энергиясына деген қажеттілігін толық көлемде қамтамасыз етеді.

Сұйытылған газ рыногы сұйытылған газдың бірінші жеткізіліміне (өндірісі) және екінші рынокқа бөлінген, мұнда көтерме және бөлшек сауданы құрай отырып, сатып алушылар газды әрі қарай іске асыру үшін сатып алады. Бірінші жеткізілімде бір ғана жеткізіп беруші бар – «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, сонымен қатар аталған рыноктың қалған субъектілері, екінші рынокты құрайтын, оның сатып алушылары болып табылады.

Ақтөбе облысының аумағында өндірілетін сұйытылған газдың үлкен бөлігі экспортқа шығарылады, осыған байланысты ішкі нарықтың тұтынушылары облыста сұйытылған газдың тапшылығымен кездеседі.

Осыған байланысты, тапшылықты болдырмау мақсатында облыстың адекваттық қажеттілік көлемінде сұйытылған газды жеткізу туралы сұйытылған газдың жергілікті өндірушісімен меморандумдарға отыру мүмкіндіктерін қарау көзделген.

Дүниежүзілік экономикалық форумның Бәсекеге қабілеттіліктің ғаламдық индексі рейтингісінде Қазақстанның шептерін жақсартуға ықпал ететін іс-шаралар ауқымында Ақтөбе облысының әкімдігі тұрақты негізде жергілікті бәсекелестікті дамыту жөнінде әрекетті шараларды қабылдайтын болады, яғни әкімшілік тосқауылдарды төмендету, бәсекелестік қатынастарда, оның ішінде ӘКК және МЖК арқылы, қолайлы жағдайларды құру жөніндегі шаралар арқылы «Жергілікті бәсекелестіктің қарқындылығы» көрсеткішін жақсарту. Аталған жұмыс барысы туралы ақпарат тоқсан сайын ҚР Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігіне (Монополияға қарсы агенттігі) ұсынылатын болады.



Инновациялар және инвестициялар. Негізгі капиталға инвестиция көлемі 385,9 млрд. теңгені (2010 жылғы деңгейге 102,0%) құрады. Инвестиция құрылымында негізгі үлесін кәсіпорындардың жеке қаражаттары – 68,7%, заемдық қаражаттары – 8,5%, шетел – 8,4%, бюджеттік – 14,2% құрайды.

Өңдеу өнеркәсібінің инвестициялары 2,2 есе өсті және 49,7 млрд. теңгені құрады.

Инвестициялық ахуалды бұдан әрі жақсарту, экономиканың басымды секторларына инвестиция тартудың жоғарғы деңгейіне қол жеткізу үшін Ақтөбе қаласында индустриялық аймақты құру бойынша жұмыс жүргізіледі.

Отандық өндірістің бәсекеге қабілетті өнімін дамыту үшін жағдай құру мақсатында облыста 2010-2014 жылдарға арналған республикалық қазақстандық мазмұн Бағдарламасы іске асырылуда.

2011 жылдың қорытындысы бойынша өңірдің аумағында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер, ұйымдар мен жүйе құраушы компаниялардың мемлекеттік сатып алуындағы тауарлар, жұмыстар мен қызметтер көлеміндегі қазақстандық мазмұнды дамыту көрсеткіштері бойынша нысаналы индикаторлары облыста толығымен қамтамасыз етілді.

Мемлекеттік органдардың сатып алынатын тауарлары бойынша нысаналы индикаторда 53,0% болғанда 54,0% құрады, жұмыстар мен қызметтер бойынша 85,3% болғанда 94,1% құрады.

Жер қойнауын пайдаланушы компаниялары бойынша аталған көрсеткіштер сәйкесінше жоспарда 8,0% болғанда, нақтысы 13,4% және жоспарда 81,1% - нақты 82,0% құрады, жүйе құраушы кәсіпорындар бойынша жоспар 52,0% - нақты 60,1% және жоспар 85,3% - нақты 94,1% құрайды.
Бағыт: Әлеуметтік сала.

Білім беру.

Білім беру жүйесін жыл сайын тұрақты әрі өсімді қаржыландыру нәтижесінде облыста білім беруді дамытудың басты көрсеткіштерінің позитивті өсуіне қол жетті.

Білім беруді қаржыландыру көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 4,7 млрд. теңгеге жоғарылап (2010 жылы - 36,1 млрд. теңге) 40,8 млрд. теңгені құрады. 2011 жылы білім беруге арналған шығыстар облыстық бюджеттің 32,7 % құрады.

Білім беру нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 210,6 млн. теңге бөлінді.

Білім беру ұйымдарын жаңа оқу жылына дайындау мақсатында 807,1 млн. теңгеге 71 білім беру нысандарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2011 жылы облыста республикалық және жергілікті бюджет қаржылары есебінен үш аусымдық мектептерді жою, апаттық мектептерді алмастыру мақсатында 4004,3 млн. тенгеге (ЖБ – 2554,8 млн. теңге, РБ – 1449,5 млн. теңге) 27 білім беру нысандарының құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 13 мектеп, 3 балабақша 4 өзге де білім беру нысандарының құрылысы жүргізілсе, республикалық бюджет есебінен 5 мектеп және 2 балабақша құрылысы жүргізілуде.

2011 жылы пайдалануға 6 мектеп, 3 балабақша және 4 өзге де білім беру нысандары берілді.

Облыста мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің контингентінде 35970 бала бар 505 мектепке дейінгі ұйымдар жүзеге асырады, оның ішінде 26671 контингентімен 231 балабақша және 9299 бала тәрбиеленетін 273 мектепке дейінгі шағын орталықтар.

1жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 61,2 %, 3-жастан 6 жасқа дейінгі балалар -80,3% құрайды.

«Балапан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың іс-шаралар жоспарына сәйкес 2011 жылы облыста 1675 орынды 31 мектепке дейінгі білім беру нысандары ашылды. Облыста балабақшаларды ашу мәселесіне жеке инвесторларды тарту жұмыстары қолға алынды. Жеке инвесторлар есебінен облыс бойынша 215 орындық 2 балабақша салынды, оның ішінде 75 орындық 1 балабақша қайтарымсыз жергілікті атқарушы органдарға берілді. 2011 жылы облыстың 8913 оқушысы (2010 жылы - 8 722) облыстық, республикалық және халықаралық интеллектуалдық сайыстарда жоғарғы деңгейден көрініп, олардың 21,6%-ы жеңімпаз атанды (2010 жылы –20%). Облыс мектептерінің 95 оқушысы халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарысының қатысушысы болып, 69-ы жеңімпаз атанды, соның ішінде 19 - алтын, 28 - күміс, 22 - қола медальдар иегерлері.

Мектеп оқушыларының білім сапасы артып келеді. ҰБТ қорытындысы бойынша 2010 жылмен салыстырғанда орташа 84,3 балды құрады.

Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде жалпы орта білім беретін мектептердің 138 түлегі (үміткерлер санынан 52,5%) жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатының иегерлері болып, 85 бітіруші үздік аттестат алды.

2011 жылдың қорытындысы бойынша оқушыларды ыстық тамақпен қамту облыстың 428 жалпы білім беретін мектептерінде (96,8%) ұйымдастырылды. Ыстық тамақпен қамту 87 %-ды құрайды, бұл республика лық көрсеткіштен жоғары (72%).

Тегін ыстық тамақпен барлық жалпы білім беретін мектеп оқушыларының 58 %-ы қамтылған. 1-4 сынып оқушылары 100 % тегін тамақпен қамтылды.

Аз қамтылған отбасындағы барлық балалар ыстық және буфетті тамақпен қамтылған.

Денсаулық сақтау

Денсаулық саласында басымдықтарды және 2011 жылға қойылған міндеттерді орындау үшін қаржыландыру 25,4 млрд.теңгені құрады, оның ішінде тұрғындарға кепілді мемлекеттік тегін медициналық көмек көрсету - 19,0 млрд.теңгеден асты.

Ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау саласына 16 медициналық пункт пен дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Қарғалы елді мекенінде қалалық аурухананың 80 керуеттік перзентхана бөлімшесінің және ауысымына 500 қабылдау жасай алатын қалалық емхана құрылысы аяқталуға жақын. Денсаулық сақтау саласындағы үлкен объектілердің бірі 300 төсектік көп салалы клиникалық аурухана құрылысының 1- кезеңі аяқталды.

Медициналық мекемелерін материалдық-техникалық жабдықтау үшін республикалық және жергілікті бюджеттен 1,0 млрд.теңгеден астам қаржы бөлінді.

Жаңа заманға сай құрал-жабдықтармен жабдықталған шұғыл көмек көрсетуге арналған 8 реанимобил, 1 жылжымалы қан дайындау бекеті, жылжымалы флюрографиялық және мобильді кешендер алынды. Бұл кешендер облыстың алыс-шалғай елді-мекендеріндегі тұрғындарға облыс орталығының тәжірибелі дәрігерлері мен медициналық университетінің ғалым-дәрігерлерінің көмек беру мүмкіндігін арттырады, 50 ауылдық елді мекенге шығу жүзеге асырылды.

Жыл қорытындысы бойынша оң демографиялық трендке қол жеткізілді: туудың ұлғаюы, нәресте және ана өлімінің төмендеуі, өмір сүрудің орташа ұзақтығы ұлғайды.

Өткен жылы барлығы - 17612 нәресте дүниеге келді (2010 ж – 17373). Тұрғындардың облыстық жалпы өлім көрсеткіші республикалық көрсеткіштен төмен (1000 тұрғынға шаққанда 8,82 қарағанда 7,47). Тұрғындардың табиғи өсімі 1000 адамға шаққанда 15,39 дейін өсті (2010 ж. – 14,66). Орташа өмір сүру ұзақтығы 2010 жылғы 69,3 жасқа қарағанда 2011 ж – 69,7 жасқа дейін ұлғайды (ҚР – 68,41).

Әлеуметтік маңызды аурулар түрлері бойынша да оң серпінге қол жеткізілді. Қан айналым жүйесі ауруларынан өлу 25 %-ға – 100 мыңға шаққанда 2010 жылғы 322,8 қарағанда 2011 жылы 246,7 (ҚР – 316,0) төмендеді. Қатерлі ісік ауруларынан қайтыс болу 23% - 2010 жылғы 98,3 қарағанда 84,3 (ҚР – 99,9) төмендеді. Есепті жыл қорытындысы бойынша 100 мың адамға шаққанда туберкулезбен ауру 2010 жылғы 79,3 қарағанда 76,4 (ҚР – 86,8), туберкулезден өлу 2010 жылғы 8,8 қарағанда 7,0 құрады (ҚР – 8,1).

Облыста ауруларды алғашқы кезеңде табу үшін ұлттық скринингтік бағдарлама енгізілді. Амбулаториялық-емханалық мамандар есеп беру жылында 203 мыңнан астам баланы қарады.

125 мың ересек жүрек қан тамыр аурулары жүйесінің ауруларына, ал 45 мыңнан астам әйелдер қатерлі ісік ауруларының алдын алу табуға, 543 мың адам туберкулезге қаралды.

13 денсаулық нығайту орталығы, 4 темекіге қарсы күрес кабинеті, 2 жастар денсаулық орталығы, 169 денсаулық мектептері ашылды (артериялдық гипертонияның , қант диабетінің, демікпенің алдын-алу және отбасын жоспарлау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыру) .

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде әлеуметтік психологиялық көмек қызметі ұйымдастырылды – психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер лауазымдары енгізілді.

Өзіміздегі кардиоорталықта да жас балалардың жүрегіне ота жасалуда. Өткен жылы жүрегінің туа біткен ақауы бар 43 балаға ота жасалды.

2011 жылы салынған облыстық балалар ауруханасы ғимаратында Батыс Қазақстан аймағының әртүрлі ақауы бар жаңа туған балаларына жоғарғы мамандандырылған көмек көрсету үшін Өңірлік хирургия орталығы ұйымдастырылды. Облыстың денсаулық сақтау саласында алғашқы рет бүйрегі ауыратын балаларға қазіргі заманғы әдістер қолданылып, ағзасына детоксикация жүргізілді. Медициналық қызметкерлердің алдында тұрған міндет – денсаулық сақтау мәселесі бойынша қоғамның барлық күштерін шоғырландыру, негізгі акцент аурудың алдын алу және бастапқы кезеңде анықтау болуы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет