Бағдарламасы "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы"



Дата02.01.2022
өлшемі15 Kb.
#452538
түріБағдарламасы
пояс


Түсінік хат

  1. Оқу бағдарламасы "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген).

    «Қазақстан тарихы» оқу пәні

Жалпы орта білім беру деңгейінде «Қазақстан тарихы» оқу пәнінің мазмұны Қазақстан тарихының этникалық, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени негізгі мәселелері бойынша тереңдетілген білімді қалыптастыруға бағытталған.

10-11-сыныпта «Қазақстан тарихы» пәнін оқыту түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның мәдени-тарихи дамуының ерекшеліктері мен мәнін білім алушыларға түсіндіруді кеңейтеді және тереңдетеді.

«Қазақстан тарихы» пәні Қазақстан тарихындағы оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді талдау, жіктеу, жүйелеу, қорытындылау және бағалау үшін қажетті тарихи ойлау дағдыларын дамытуды қарастырады.

Осы оқу пәнінің аксиологиялық мақсаты патриотизмді қалыптастыру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға құрмет көрсетуге дағдыландыру болып табылады.

«Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың негізгі міндеттері:



  • білім алушылардың тарихи оқиғалар, құбылыстарды тарихи заңдылықтарды ескере отырып зерттеу, оқиғалар мен тұлғаларға қатысты пікірлер мен берілген бағаларды салыстыру және сыни тұрғыдан талдау дағдыларын дамыту, ӛткен кезеңмен қазіргі уақытқа қатысты пікірталастық мәселелерге өзіндік көзқарасты қалыптастыру;

  • өлке тарихын зерделеу, өлкетанулық жұмыстарды жүргізу дағдыларын дамыту;

  • әртүрлі тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи ақпаратты іздеу және жүйелеу дағдыларын дамыту;

  • әртүрлі деректерді қолдана отырып, жобалық, зерттеу әрекетін және тарихи реконструкция дағдыларын дамыту;

  • қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерді түсіну үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;

  • коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру, оның ішінде, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық білдіру, командада жұмыс істей алу, түрлі деректерден алынған ақпараттарды қолдануға бағыттау болып табылады.

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу жҥктемесі қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарда:

10-11-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты қамтиды.

Тұлғаның танымдық белсенділігін, шығармашылық, жобалық-зерттеушілік қабілеттерін дамыту үшін әр тақырыптық бӛлімнен кейін келесі зерттеу жұмысы берілген. Сондықтан осы тақырыптар кӛлемінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылады. Зерттеу тақырыптары жалпылама берілген. Білім алушылар осы белгіленген тақырып шеңберінде түрлі мәселелерді қарастыра алады.

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған.

Төменде 91-кестеде оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.

91- кесте. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны



Жиынтық бағалау саны:

Сынып

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

11

1

1

1

1


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет