Бағдарламасы (Биология 8-сынып)



бет1/4
Дата07.02.2024
өлшемі30.01 Kb.
#491296
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
Биология әлемі биология 8-сынып факультатив жұмысы




«Биология әлемі» факультатив курсының бағдарламасы
(Биология 8-сынып)
Құрастырған: Бисенгалиева Ульяна Салимжановна
Теректі ауданы, Жайық негізгі орта білім беретін мектебінің химия-биология пәндері мұғалімі, биология бойынша жаратылыстану ғылымының магистрі.


Түсінік хат

Президент Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10-қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына жолдауында атап көрсетілгендей, бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Бұл жағдайда білім беру сапасын арттыруға, білім беру жүйесін жаңғыртуға ерекше назар аударылуы қажет.


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында (2018ж) білім беру жүйесіндегі өзгерістердің рөлін: «Білім берудің барлық деңгейлерінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту қажет» деп ерекше атап өтті.
Бұл «Биология әлемі» факультатив курсының бағдарламасының жоспары ҚР Үкіметінің 2016жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген Негізгі орта білім берудің \\мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС – 2016ж); ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016жылғы 23 қарашадағы №668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары, 2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаты, «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу әдістемелік кешендердің оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013жылғы 27 қыркүйектегі №400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы №192 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде құрылған жоспар басшылыққа алына отырып жасалды.
«Биология әлемі» факультатив курсы бағдарламасы аясында әртүрлі тақырыптарды сабақтан алған білімге ұштастыра отырып, қазіргі әлемде ғылыми - жаратылыстану білім беру ерекше маңызға ие екеніне көз жеткізеді. Ол білім алушылардың бойында табиғат құбылыстары мен заңдылықтары туралы ұғым қалыптастырады, табиғатты танудың ғылыми әдістерін ашады, білім алушылардың табиғат әлемін тануы ғана емес, сонымен бірге өзгермелі әлемде өз орнын табуларына жағдай жасауға бағытталған және олардың дүниетанымын, мәдениеттануын және тәжірибеге бағдарланған сипаттамаларын қалыптастырады, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, функционалдық сауаттылықтарын дамыту негізінде сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытады, тұлғалық сапасын және құндылықтар жүйесін тәрбиелейді.
«Биология әлемі» факультатив курсы бағдарламасы аясында:
– білім алушылардың жаратылыстану ғылымдарының қоршаған ортаға, экономикаға, технологияға, әлеуметтік және этикалық ортаға әсерін түсінуі;
білім алушылардың оқу, жобалау-зерттеушілік, шығармашылық іс-әрекетін, өздігінен даму уәждерін қалыптастыруға жағдай жасау;
– білім алушылардың алған білімін күнделікті іс-әрекетінде қолдану және салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру;

  • күнделікті іс-әрекетінде және шешім қабылдағанда жауапкершілік қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу, қоршаған ортаға өз ықпалының нәтижелерін болжауға үйрету, табиғатқа қамқорлық көзқарасын қалыптастыру, өмір сүруді Жер бетіндегі ең жоғарғы құндылық ретінде қарау, сонымен қатар адамның өзінің өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Мұғалімнің басты мақсаты білім алушылардың пәндік білімді тәжірибеде қолдану біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру, яғни тәжірибеге бағытталған білім беру.
«Биология әлемі» факультатив курсы бағдарламасын жүргізу барысында дидактикалық шарттарын есепке алуы ұсынылады:

    • білім алушылардың білімдері мен біліктілігін кешенді қолдануы бойынша өздігінен іс-әрекет жасауға бағыттау;

    • пәнішілік байланыстың көмегімен, білімді кешенді қолдану және тасымалдау үшін білімді жүйелеу білігін қалыптастыру;

    • репродуктивті іс-әрекеттен, ғылыми-жаратылыстану пәндері бойынша білім және біліктілігін кешенді қолдануға негізделген іс-әрекетке ауысу;

    • кешенді мәселелерді шешу барысында түрлі білім салаларынан алынған білім және біліктілігін кеңінен қолдануға жағдай жасайтын және білім мен біліктілігін кешенді қолдану шеберлігін бекіту үшін, білім алушыларды неғұрлым күрделі іс-әрекет түрлеріне араластыру.

Ғылыми-жаратылыстану бағыты пәндері бойынша сабақтарда жүргізілетін практикалық және зертханалық жұмыстарды талдау, жинақтау, бағалау, болжау, есептеу, түсіндіру, құбылыстар мен процестердің сапалық және сандық сипаттарын анықтау, жобалық тапсырмалар орындау, тәжірибелер және эксперименттер жасау дағдыларын қалыптастыруға бағыттауға көмекші құрал.
«Биология әлемі» факультатив курсы бағдарламасы аясында практикалық және зерттеу жұмыстары, зертханалық жұмыстар эксперименттер жасау, жобалар орындау, модельдер құрастыру барысында табиғи және әлеуметтік-экономикалық процестердің, құбылыстар мен заңдылықтардың мәнін түсіну тереңдетіледі.
Жинақ білім алушылардың өз әрекетін бақылау және бағалай білу, функционалдық сауаттылығын және кең спектрлі дағдыларын қалыптастырудағы оқыту процесінде туындайтын қиындықтардың себептерін анықтау және жоя білу қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жаңа жағдайда білім беру жүйесінен, оның сапалы және өмір бойына үздіксіз болуы талап етіледі. Сондықтан Қазақстанның білім беру жүйесінің алдына оқытудың қазіргі уақыттағы әдістері мен бағдарламаларын меңгеру, оқыту сапасын арттыру, сұранысқа ие білім мен дағдыларды беру, қоғамдық сананы жаңғырту, функционалдық сауаттылықты, үштілділікті, сын тұрғысынан ойлауды және басқаларын дамыту міндеті қойылған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет