Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2014-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде 2015 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар
Аймақтық үйлестіру кеңесіне 2014 жылы «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы бойынша 4 жоба ұсынылып, кеңес шешімімен мақұлданды:
1. «Мир-2001» ЖШС-нің «Заманауи технология ендіру арқылы бетон бұйымдары цехы» - жалпы құны 64,0 млн.теңге. Қазіргі уақытта серіктестік «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 64,0 млн. теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, жаңа үлгідегі қуаттылығы ауысымға 150 шаршы метрлік бетон тротуарлық плитка, бордюр шығаратын Германиялық зауытты іске қосты.
2. Ақай ауылдық округінен құны 23,0 млн. теңге құрайтын жеке кәсіпкер Ф.Шенеусізованың «Автоклавтық емес газобетоннан блок дайындау цехын құру» жобасы. Жоба бойынша жер телімін алу және құрылыс жұмыстарын жүргізуге әзірлік жасалуда.
3. Жеке кәсіпкер Г.Бертлеуованың «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автодәлізі бойынан «С» категориялы сервистік қызмет көрсету кешені» жобасы. Жоба құны 287,1 млн. теңге.
Кешенде кафе, дүкен, автокөлік жөндеу орталығы, май құю бекеті, шағын және ірі көлемді автокөліктерге арналған автотұрақ жұмыс жасайтын болады. Жоба іске қосылғанда 15 адам жұмыспен қамтылады. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
4. Жеке кәсіпкер Ш.Қарбаевтың «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автодәлізі бойынан «С» категориялы сервистік қызмет көрсету кешені» жобасы. Жоба құны 164,9 млн. теңге.
Кешенде кафе, дүкен, автокөлік жөндеу орталығы, май құю бекеті, шағын және ірі көлемді автокөліктерге арналған автотұрақ жұмыс жасайтын болады. Жоба іске қосылғанда 15 адам жұмыспен қамтылады. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Достарыңызбен бөлісу: |