Бағдарламасы «Әскери өнер тарихы»



бет9/10
Дата12.06.2016
өлшемі2.66 Mb.
#129842
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2. Қасымов Әлібек Хамидұлы.1954 жылы 18-ші қыркүйекте Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1975 жылы Алматы жоғары жалпы әскери бұйрық училищесін «офицер-инженер» мамандығын және 1985 жылы Фрунзе атындағы әскери акедемиясын бітірді. 1975-1982 жылдар аралығында Калининград облысында танк дивизиясының взвод командирі, рота командирі, батальон командирінің орынбасары. 1985-1992 жылдар аралығында Штаб бастығы, мотоатқыштар полкінің командирінің орынбасары, аға офицер, бөлім бастығы, Закавказ әскери округ штабының орынбасары. 1992 жылы мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 40-шы армиясының штаб орынбасары. 1992 жылы Қорғаныс мимнистірінің бірінші орынбасары болып сайланды. 1995 жылдың 16-ші қазанынан 1996 жылдың 30-ші қазанына дейн Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметін атқарды.

Марапаттары:ІІ-дәрежелі даңк ордені, ІІІ-дәрежелі Қарулы Күштер орденімен, СССР-дің 2 медальімен марапатталды.




3.Тоқпақбаев Сәт Бесімбайұлы(1939 ж.т.) – әскери қайраткер, ген.-полковник. 1993 – 95 ж. ҰҚК төрағасы, 1995 – 97 ж. республикалық ұланның қолбасшысы, 1999 – 2001 ж. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болды.

Сәт Бесімбайұлының кәсіби офицер екендігіне, маман­дығының музыкаға жақын еместігіне қарамастан, өнер десе ішер асын жерге қоятын қасиетінің арқасында, ол кісі Респуб­ликалық Ұланға басшылық жасаған тұста қазақ өнері жаңа заманға сай ерекше сипатқа ие болды. Қарамағындағы әскери қыз­меткерлерге әдетте аса талапшыл Сәт оркестрдің мүше­лерімен тілдескенде жанары жылыұшырай, жұмсақ сөйлейтін. Өйткені, оның ойынша, өнер адамдарының бәрі нәзік те сыршыл, сезімтал да сырмінез. Оның бұл мінезін кейбіріміз асыра пайдаланып та жататынбыз. Алайда, бізге келгенде әкедей қамқор, айрықша мейірімді, кешірімшіл де кішіпейіл-тін. Сонысына қарай аса бір ыстық ықыластың жетегіндегі біздер де жанымыз қалмай қызметке берілетінбіз. Өйткені, жаныңа жақын ерекше адамның көңіліне қаяу түсіру – әртіс үшін, әрине, ең үлкен соққы болар еді.

Сәт Бесімбайұлы Республи­ка­лық Ұланға қолбасшылыққа келгенге дейін Президент ор­кестрі қатардағы шағын ғана му­зыкалық ұжым еді. Тікелей Ел­ба­сының өзіне бағынышты Ұланға басшы қызметке келген С.Тоқ­пақ­баевқа қойылған басты талап – жас мемлекеттің айбы­нын асқақтататын әскери жасақ­ты жасандыру және сол қарулы жасақтың рухын өнермен көтеру еді. Сонымен қатар, Президент оркестрінің негізгі міндеті елі­мізге ресми сапармен немесе қо­наққа келген шет ел басшыла­ры­на протоколдық жүйеде өтетін мәдени шараларда халқымыздың дәстүрлі өнерінен бастап, дүние жүзіне кеңінен тараған музы­калық шығармаларды жоғары деңгейде орындау болатын. Сол себепті, Президент оркестрі үр­мелі аспаптар оркестрінен кеңе­йіп, өзіндік келбеті бар халық ас­паптар, камералық шекті аспап­тар, би ансамблдері, үрмелі ас­паптар “Диксиленді”, өнердің барлық бағыттарын қамтыған әншілер ұжымы болып құрыл­ғанда Сәт Бесімбайұлы окестрге елдің ішінен өнерге алғаш қадам басқан талантты жастарды тарта бастады. Осы орайда, халқымыз­дың “Бұлақ көрсең — көзін аш” деген қанатты сөзін қағида еткен Сәкең, өмірдің асау айдынына талай өнер саңлақтарын шыға­рып, жас өнерпаздың желкенінің жығылмауына жәрдем жасады, ұмтылыстарын ынталандырып, бойларына қанат бітірді. Жас өрендердің өнер жолында биік белестерге көтерілуіне бар мүмкіндік тудыруға тырысатын ол, менің пайымдауымша, ай­дын­ға ұласатын бұлақтардың басынан тұнатындығынан хабар­дар болса керек.

Сол жастар қазір еліміздің өнер сахнасындағы өзгеше бір жұлдыздар легін құрды. Мәселен, Бекболат Тілеухан ол кезде Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерва­ториясы­ның аспирантурасын жаңа ғана тәмамдап жатқан жас әнші еді. Аспирантурадан соң ұстаздық етіп жүрген Бекболаттың ұйым­дастырушылық қабілетін ашып берген Сәкең болатын. Әркез ка­бинетіне шақырып алып кеңесіп, жол нұсқап, істің ыңғайын түсін­діретін. Бекболаттың сазгерлігіне де Президент оркестрі аз әсерін тигізген жоқ. Өйткені, оркестрдің берекесін арттырып, жарық жұл­дызы болған ол өзінің бірқатар туындыларын оркестр қатарында жүріп жазды. Іздену мен үйренуді мақсат еткен және әнші қылқо­бызбен ән айту жанрын өте биік деңгейге жеткізіп, халық сана­сынан өше бастаған Доспамбет, Қазтуған сынды жыраулардың толғауларына жаңадан жан бі­тірді. Сонымен қатар, әріптестері Рүстем Күлшебаев, Оралхан Сәдуақасовтармен бірлесе оты­рып, халық әндері мен күй­лерін жаңа эстрадалық өңдеулер­мен байытып, бүгінде кең тара­ған этно-эстрада стилінің негізін қалаушылардың бірі болды.





4. Алтынбаев Мұхтар Қапашұлы — Штаб бастықтары комитетінің төрағасы — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, армия генералы. 1996 жылдың қазан айының 30-нан бастап, 1999 жылдың 9-шы тамызына дейін Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі болды.

Қысқаша өмірбаяны



1945 ж. 10 желтоқсанда Қарағанды қаласында туған. Қазақ.

1977 ж. — Армавир жоғары әскери ұшқыштар ӘШҚ училищесін бітірді.

1985 ж. — Кеңестер Одағының Маршалы Г.К. Жуков атындағы ӘШҚ Әскери командалық академиясын бітірді. Саяси ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын Қарағанды қаласының шахталарында бастады.



1962 ж. қыркүйегінен 1966 ж. қазанына дейін жұмысшы, шахта қазушысы.

1964 ж. өндіріс пен оқудан қол үзбестен ұшқыштар даярлау жөніндегі Қарағанды авиациялық орталығын бітірді.

1965 жылдың желтоқсанынан ААФЖЕҚ Кинель-Черкасск авиациялық оқу-жаттығу орталығының курсант-ұшқышы. Әскери қызметке қабылданғаннан кейін әр түрлі жауапты басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

197275 жж. — авиациялық буынның командирі, авиациялық эскадрилья командирі, истребитель авиациясы полкі командирінің ұшу дайындығы жөніндегі орынбасары.

1979 ж. желтоқсанында Уральск әскери округінің истребитель авиациясы полкінің командирі болады. М.Алтынбаевтың қолбасшылығы кезеңінде полкте бір де бір оқыс ұшу оқиғалары болған жоқ және еліміздің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері арасындағы ең үздігі атанды.

1982 ж. тамызынан — Кеңестер Одағының Маршалы Г.К. Жуков атындағы ӘШҚ Әскери командалық академиясының тыңдаушысы.

198588 жж. — дивизия командирінің орынбасары, Түркістан әскери округінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс дивизиясының командирі.

1992 ж. ақпанында Түркістан әскери округінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс корпусының командирі болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін Мұхтар Қапашұлы өз Отанына оралады және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес құрылған егеменді мемлекеттің Қарулы Күштерінің қалыптасуына белсене қатысады.



1992 ж. мамырында ӘШҚ әскерлерінің қолбасшысы — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.

1993 ж. қарашасынан Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары.

1994 ж. қыркүйегінен ҚР әскери-әуе күштерінің қолбасшысы.

1996 ж. қазанынан — Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.

2000 ж. наурызынан — Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшысы.

2001 ж. желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды.

2007қантардан — Штаб бастықтары комитетінің төрағасы — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары.

Марапаттары

Орденмен және көптеген медальдармен марапатталған.

Ұшқыш-мерген. Жетілдірілген соңғы МиГ және Су тектес истребительдердің қазіргі заманғы барлық түрлерін шектеусіз басқаруға рұқсаты бар.

АҚШ авиациялық базаларының бірінде атақты америка F-16жойғыш ұшағымен ұшу өнерін көрсеткен жаңа тәуелсіз мемлекеттердің тұңғыш ұшқышы болып табылады. Осыған орай америка мамандары М.Алтынбаевтың кәсіби шеберлігіне жоғары баға берді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 ж. мамырдың 6-ында № 112 Жарлығымен «Халық Қаһарманы» атағы берілді және «Халық Қаһарманы» Алтын жұлдызы мен «Отан» ордені табыс етілді.




5. Даниал Кенжетайұлы Ахметов — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі, саяси қайраткер, экономика ғылымы доктор (2003). Павлодар индустриалық институтын бітірген (1976). «Региональные особенности обеспечения устойчивого социально-экологического развития в Казахстане» деген тақырыпта доктор диссертациясын қорғады. «Құрмет Белгісі» (1986), 2-және 3-дәрежелі «Барыс» (1999, 2004) ордендерімен және медальдармен марапатталған. 2007 жылдың қаңтар айынан бастап, 2009 жылдың 17-ші маусымына дейін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болды.

Қысқаша өмірбаяны



1954 ж. маусымның 15-індеПавлодарда туған.

1976 ж. Павлодар индустриалды институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы.


1976–1981 ж. «Павлодар тұрғынқұрылыс» тресінде мастер, аға прораб

1981–1983 ж. Екібастұз қалалық партия комитетінде нұсқаушы

1983–1987 ж. «Екібастұзшахтақұрылыс» комбинатында бас инженердің орынбасары, партком хатшысы

1987–1991 ж. Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары

1992 ж. бастан Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы, содан кейін Павлодар облыстық әкімшілігінің басшысы.

1993-1997 ж. Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды.

199799 жж. аралығында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

1999 ж. қазанынан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, бірінші орынбасары болды.

2001 ж. қарашасынан Павлодар облысының әкімі болды.

2003 жылдың маусымынан — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметінде болған.

2003 ж. Мәскеуде «Қазақстандағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудің аймақтық ерекшеліктері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Экономика ғылымының докторы.

Институтты бітіргеннен кейін құрылыстарда мастер, аға прораб, «Екібастұзшахтқұрылыс» трестінде жетекшілік қызметінде, Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, «Екібастұзэнерго тұрғынүйөндірісқұрылысы» тресінің басқарушысы қызметтерін атқарды.



2007 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР Қорғаныс министрi.

Марапаттары



1999 ж. «Барыс» 3-і дәреже

2004 ж. «Барыс» 2-і дәреже

«Құрмет белгісі» және медальдер.

Отбасылық жағдайы

Үйленген. Бала мен қызын тәрбиелеуде.




6. Алтынбаев Мұхтар Қапашұлы — Штаб бастықтары комитетінің төрағасы — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, армия генералы.


7. Жақсыбеков, Әділбек Рыскелдіұлы —

1954 ж. шілденің 26-ындаҚостанай облысында туған.

1978 ж. Бүкілодақтық кинематография (Мәскеу қ.) мемлекеттік университетін тәмамдаған,

1987 ж. Плеханов атындағы халық шаруашылығ институтында «материалдық-техникалық жабдықтаудың ұйымдастырушысы» мамандығы бойынша қайта даярлықтан өткен.

Қазақ КСР Мемкино жүйесінде, материалдық-техникалық жабдықтау органдарында жұмыс істеп, кәсіпорындарға басшылық еткен.



198895 жж. көпсалалы «Цесна» корпорациясының басшысы.

1995 ж. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына сайланады.

1996 ж. Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалады.

1997 ж. желтоқсанынан 2003 ж. маусымына дейін Астана қаласының әкімі.

2003 ж. шілдесінен2004 ж. желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі.

2004 ж. желтоқсанынан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы.

2008 ж. қаңтарынанНұр Отан халық демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

2008 ж. қараша айынан Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

Марапаттары

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев», III дәрежелі «Барыс» ордендерiмен, басқа да үкіметтік наградалармен марапатталған. 2009 жылдың 24 маусымнан бастап қазіргі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.



Қазақстан Республикасының әскери округтары.
1.«Шығыс» әскери округі.Бұл әскери округ Семейқаласындаорналасқан. Қазіргі уақытта округтің басшысы генерал-майор Рысбаев Василий Несіпқазыұлы.

 генерал-майор Рысбаев Василий Несіпқазыұлы


31 октября 1959 г., Алматы облысы Саты Кеген ауданында туған.
1983 жылы Алматы облысының,  жоғары орта әскери командалық училищесін бітіріп,
1996 жылы – М.В.Фрунзе атыңдағы әскери академияны тәмәмдайды.
1978 жыл мен1979 ж. – ВС СССР құрамында жедел қызмет атқарады.
Офицерлік әскери қызметін БМП оқу жаттығуын взводында танк дивизиясының командирлігінен бастайды.
1985 - 1992 ж. – Рота командирі, іскери оқу жаттығу бөлімінің бастығы - мотоатқыштар полкінің оқу жаттығу бөлімінің басқарма бастығының орынбасары болады.
1992 - 1993 ж. –  Штаб бастығы – заместитель командира отдельного дисциплинарлық батальон бөлімінің командир көмекшісі болды.
1996 -1999 ж. – Мотоатқыштар бөлімінің командирі.
1999 - 2000 ж. – Мотоатқыштар бригадасының бөлім командирі.
2000 - 2002 ж. – Оңтүстік әскери округінің Штаб бөлімінің командирі
2002 - 2003 ж. – Штаб бастығы – оқу жаттығу басқармасының көмекшісі болып істейді.
2003 - 2005 ж. – Механикаланған дивизия бастығы.
2005 - 2006 ж. – Механикаланған бригаданың өз алдыңда бастығы болады.
2006 - 2008 ж. – ВС РК Аэромобильді әскери бөлімінің қолбасшысы болады.
2008 - 2009 ж. – Аймақаралық әскери бөлімінің қолбасшының бірінші орынбасары болады. начальник штаба управления командующего войсками регионального командования «Астана». Амақтық әскери штаб басқармасының «Астана» қолбасшылар бастығы
2009 - 2010 ж. – Штаб бастығы – ВС РК Аэромобильді әскери қолбасшылар басқармасының бірінші орынбасары болып істейді..
 2010 жылы алғашқы уақытта – «Шығыс» Аймақтық Әскери қолбасшылар бөлімінің бастығы.
«ВС СССР Отан үшін» үшінші дәрежелі орденімен және айрықша белгі 7 медальмен марапатталады.

2. «Батыс» әскери округі.Бұл әскери округ қаласында орналасқан. Қазіргі уақытта округтің басшысы контр-адмирал Комратов Ратмир Әлімханұлы.

Комратов Ратмир Әлімханұлы 21.6.1951 жылы туған, Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласы – әскери қайраткер, контр-адмирал. Севастополь жоғарғы Әскери-теңіз инженер училищесін (1973), адмиралКузнецов атындағы Әскери-теңіз академиясын (1990) бітірген. 1973 – 1982 жылы Камчаткадағы (Ресей) 2-ші Флотилияның стратегиялық мақсаттағы ракеталық сүңгуір қайықтарында түрлі лауазымдық қызметтер атқарған. 1982 – 1988 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің 992-ші әскери өкілдігінде кіші әскери өкілден, осы өкілдік бастығының орынбасарлығына дейін қызмет атқарған. 1988 – 1990 жылы адмирал Кузнецов атындағы Әскери-теңіз академиясының тыңдаушысы. 1990 – 1992 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің 992-ші әскери өкілдігінің бастығы. 1992 – 2001 жылы ҚР Қорғаныс министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы бастығының орынбасары, Әскери-теңіз базасының командирі, Әскери-теңіз күштері қолбасшысының орынбасары, қолбасшысы, республика Қорғаныс министрлігінің генерал-инспекторы. 2001 – 2002 жылы Маңғыстау облысы әкімінің қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі орынбасары. 2002 жылдың ақпан айынан Батыс әскери округінің, қазіргі «Батыс» аймақтық қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы. К. КСРО мен Қазақстан Республикасының бірнеше медальдарымен марапатталған.



3. «Оңтүстік» әскери округі. Бұл әскери округ Ақтау қаласында орналасқан. Қазіргі уақытта округтің басшысы генерал-майор Жарболов Әлихан Бірімжанұлы. генерал-майор  Жарболов Әлихан Бірімжанұлы
1955 жылы 18 маусым айында  Целиноград облысы, Қорғалжын ауданында туған.
1976 жылы Алматы жоғары орта әскери командалық училищесін тәмәмдайды.
Офицерлік қызметін Германиядағы Кеңес Әскери тобында взвод бөлімінде бастайды .
1989 жылы М.В.Фрунзе атыңдағы Әскери Академияны аяқтайды..
Академияны ойдағыдай бітірген соң Түркістан әскери округінде қызмет істейді..
1993 жылы қаңтар айынан бастап әр тарапта офицерлік қызметін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде өткізеді.
2000 жылдың қаңтар айынан бастап, 2002 жылдың қаңтарына дейін – Оңтүстік әскери округін қолбасшысы болады.
2002 наурыз айынан - 2003 жылдың қарашасына дейін – ВС РК. Алматы әскери училищесін тәмәмдайды.
2003 қараша айынан бастап – ВС РК по әскери координацияның СНГ құрамындағы шет елдерімен ынтымастық орнатады., Военный атташеның өкілі болады.
2007 жылдың қыркүйек айынан 2008 жылдың қарашасына дейін – Әскери институттың құрлықтағы әскери бөлімінің бастығы, 
2008 жылы өараша айының  Қазақстан Республикасының президентінің қаулысымен «Оңтүстік» аймақтық әскери бөлімінде істейді.
Екінші дәрежелі "Айбын" орденімен, 13 медальімен марапатталады.
4. «Орталық» әскери округі.Бұл әскери округ Астана қаласындаорналасқан. Қазіргі уақытта округтің басшысы генерал-майор Алтынбаев Мүсілім Мұхтарұлы.
генерал-майор Алтынбаев Мүсілім Мұхтарұлы
1966 жылы 19 қаңтарда Қарағанды қаласында туған.
1987 жылы  ұшқыш-штурмандар даярлайтын Ставрополь жоғары авиациялық  училищесін аяқтады.
1995 жылы – ҚР ҰҚК институтының курсында.
1996-1998 жылдары РФ ҚМ Әскери дипломатиялық академиясының тыңдаушысы,  2003 жылы АҚШ Қорғаныс  лингвистикалық институтының ағылшын тілі курсын аяқтады, 2004 жылы АҚШ ҚК Ұлттық университетін бітірді. 
Лейтенанттан генералға дейінгі әскери қызметтің барлық баспалдақтарынан өтті, Республика Қарулы Күштерінің құрылуына, сондай-ақ тегеменді қазақстанның қорғаныс қабілетінің артуына қомақты  үлесін қосты.
1987 жылдың желтоқсанынан   бастап  төрт жыл бойы ӘШҚ  армияның  ӘШҚ  жалпы әскерлері дивизиясының  шабуылдаушы авиация полкінің  жауынгерлік басқаару командалық пунктінің офицері болды.  Кейін осы ӘШҚ корпустың  Штурманға енгізу пунктінің ПВО, одаң соң – аға штурман кіріп шығу тобының әскери бөлімінің басқарушысы болып жұмыс атқарады. Әскери қызметтің келесі бір түрі атташеге, келесі кезекте әскери атташе бөліміне тағайындалады.
2006 жылғы сәуірден ҚР ҚМ Штабтар бастықтарының орынбасарлығына тағайындалды, ҚР ҚМ  бас инспекциясын басқарды.
 2009 жылы «Астана» әскери өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары – қолбасшылық басқармасының  штаб батығы қызметін атқарды».
2010 жылдың наурызынан  «Астана» әскери өңірлік қолбасшылығының  қолбасшысы.
II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталға
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери нышандары.

Құрлық әскері.


Құрлықтағы әскерлерiнiң туы матадан, ағаш саптан және баудан тұрады.

Тудың матасы тiк бұрышты, көлемi: ұзындығы бойынша 2 м, енi бойынша 1 м, көгiлдер түстi жiбек файдан дайындалады. Матаның оң жағы мен сыртқы жағының ортасында шұғылалы күн мен қалықтап ұшқан қыранның нұсқасы алтын түстес жiбек жiппен жапсыра тiгiлген. Күн дөңгелегiнiң ортасы матаның жоғарғы шетiнен 45 см аралықта орналасқан. Бейненiң көлемi: биiктiгi бойынша - 65 см, енi бойынша - 75 см, Матаның оң жақ бетiнiң сол жағында және сыртқы бетiнiң оң жағында жоғарғы бұрышында қызыл түстi бес бұрышты жұлдыз бейнесi, жұлдыздың қарама-қарасы ұштары аралығының көлемi 30 см, жұлдыздың ортасы матаның сол (оң) жақ жиегiнен 32 см және жоғарғы жиегiнен 28 см аралықта орналасқан.

Матаның сол жағында оны ағаш сапқа өткiзуге арналған диаметрi 4 см тесiк бар.

Тудың сабы ағаштан дөңгелек қима етiп жасалынған, диаметрi - 4 см. Сап қара-қоңыр түске боялған, лакталған және төменгi жақ шетiнде металдан жасалған шығыршағы, ал жоғарғы жағында - алтын түстi әшекейлi ұштығы бар. Тудың алтын түстi жiбек жiптен ширатылып жасалынған бауы, шет-шетiнен екi шашағы бар. Баудың ұзындығы - 270-285 см.



Әскери-Әуе күштері.

Әскери-Әуе Күштерiнiң туы матадан, ағаш саптан және баудан

тұрады.


Тудың матасы тiк бұрышты, көлемi: ұзындығы бойынша 2 м, енi бойынша 1 м, көгiлдiр түстi жiбек файдан дайындалады. Матаның жоғарғы бөлiгiнде көлденеңiнен симметриялы ақ түстi сәулелер бейнеленген. Матаның оң жағы мен сыртқы жағының ортасында шұғылалы күн мен қалықтап ұшқан қыранның нұсқасы алтын түстi жiбек жiппен жапсыра тiгiлген. Бейненiң көлемi: биiктiгi бойынша - 65 см, енi бойынша - 75 см.

Матаның оң жақ бетiнiң сол жағында және сыртқы бетiнiң оң жағында жоғарғы бұрышында қызыл түстi бес бұрышты жұлдыздың бейнесi, жұлдыздың қарама-қарсы ұштары аралығының көлемi - 30 см, жұлдыздың ортасы матаның сол (оң) жақ жиегiнен 32 см және жоғарғы жиегiнен 18 см аралықта орналасқан.

Матаның сол жағында оны ағаш сапқа өткiзуге арналған диаметрi 4 см тесiк бар.

Тудың сабы ағаштан дөңгелек қима етiп жасалынған, диаметрi- 4 см. Сап қара-қоңыр түске боялған, лакталған және төменгi жақ шетiнде металлдан жасалған шығыршығы, ал жоғарғы жағында - алтын түстi әшекейлi ұштығы бар.

Тудың алтын түстi жiбек жiптен ширатылып жасалынған бауы, шет-шетiнде екi шашағы бар. Баудың ұзындығы - 270-285 см.

Әскери-Теңіз күштері.


Әскери-Теңiз Күштерiнiң туы матадан, ағаш саптан және баудан тұрады.

Тудың матасы тiк бұрышты, көлемi: ұзындығы бойынша 2 м, енi бойынша 1 м, жiбек файдан дайындалады. Матаның түсi көлденеңiнен симметриялы ақшыл-көк түстi, оң жағы мен сыртқы жағының ортасында шұғылалы күн мен қалықтап ұшқан қыранның нұсқасы бейнеленген, бейненiң көлемi биiктiгi бойынша -65 см, енi бойынша - 75 см.

Күн, шұғыла және қалықтап ұшқан қыранның бейнесi - алтын түстес.

Матаның оң жақ бетiнiң сол жағында және сыртқы бетiнiң оң жағында жоғарғы бұрышында зәкiр мен бес бұрышты жұлдыз бейнесi. Бейненiң көлемi енi бойынша 25 см, биiктiгi бойынша 35 см, бейненiң ортасы матаның сол (оң) жақ жиегiнен 32 см және жоғарғы жиегiнен 24 см аралықта орналасқан.

Зәкiрдiң бейнесi ақшыл-көгiлдiр түстi, ал жұлдыздың бейнесi қызыл түстi.

Матаның сол жағында оны ағаш сапқа өткiзуге арналған тесiк бар, оның диаметрi - 4 см, немесе бау өткiзуге арналған тесiк оның диаметрi - 1 см.

Тудың сабы ағаштан дөңгелек қима етiп жасалынған, диаметрi- 4 см. Сап қара-қоңыр түске боялған, лакталған және төменгi жақ шетiнде металдан жасалған шығыршығы, ал жоғарғы жағында - алтын түстi әшекейлi ұштығы бар.

Тудың алтын түстi жiбек жiптен ширатылып жасалынған бауы, шет-шетiнде екi шашағы бар. Баудың ұзындығы - 270-285 см.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет