2. Шет ел психологиясында тұлға түсінігін зерттеу теориялары Теориялар аясындағы тұлға.
Көптеген теориялар психологиялық оқулықтарда берілмейді, американдық тұлға теориялар басқа елдердің теорияларын мойыңдай бермейді, тек тұлға теориясын жасаушы Фрейд, Юнг, Адлер болмаса, әрі көптеген теориялар өз «ұясында» қала береді, жаңа теориялар келе береді. Теорияларға контент анализ жасасақ, барлық классикалық теориялар шыққанына көп уақыт болды, тіпті тұлға теориясы жайлы американдық оқулық 1967 жылы шықсада олар қайта басылып шығып жатыр.
Бүгінгі тұлға теорияларының жағдайы қалай, сол американдық оқулықтан кейін өзгерді ме, бүгіндері тұлға теориясында әлеуметтік конструкционизм методологиясы үстемдік жасауда, олар кез келген теорияны немесе ұғымды әлеуметтік контекстте суреттейді. Солардың ішінен теориялардың үш тобын бөлеміз - біріншісі операциялық немесе клиникалық бағдарланғандар, тұлға теорияларының ішінен қызығу туғызатыны экзистенциалды бағдарлану тұлға теориялары - бір жағынан Фрейдті екінші жағынан Хайдегерді жақтайтын М.Босстың теориялары-тұрмыстық анализ теориялары, логотерапия - В.Франкл (1990-1997).
Қандай теориялар көп оқылады - 1.Фрейд, 2.Юнг, 3.Адлер, олардың оппоненті 4.Роджерс, 5.Скиннер, 6.Оллпорт, 7.Маслоу, 8.Фромм, аралық статуста Кэттелл, Келли, Эриксон, Бинсвангер, Босс, Шелдон, кейінгі орында Доллард, Миллер, Салливан, Меррей, Роттер, Хорни, Айзенк, Левин ең соңында.
Ең көп оқылатыны - психоанализ, бихевиоризм, гуманистік психология. Жаңа американдық тұлға теориялары бағытында екі бағыт үстемдік етеді - біріншісі, әлеуметтік когнитивті бихевиоризмнен шыққан Дж.Роттер, А.Бандура, екіншісі каузальды (себеп, басқа мінез-құлықтан себеп іздейді) атрибуцияға байланысты мінез-құлық пен мотивацияны регуляция жасайтын эгогендік ықпал, яғни тұлға әуел бастан социумға қосылған, мінез-құлық грамматикасы, ережелер, сөз дамиды.
Тұлға теориялары өте көп олардың бәрі оқулықтарда беріле бермейді. Шет ел психологиясында көп оқылатын теориялардың алдында тұрғандары, олар, З.Фрейд, К.Юнг, А.Адлер, К.Роджерс теориялары алдыңғы қатарды алады, оларға Б.Скиннер, Г.Оллпорт, А.Маслоу, Э.Фромм, А.Бандураның еңбектері қосылады.
Келесі орында Р.Кэттелл, Дж.Келли, Э.Эриксон, Л.Бинсвангер, У.Шелдон алса, келесі топты Дж.Доллард, Н.Миллер, Г.Салливан, Г.Меррей, К.Хорни, Г.Айзенк алады. Осыдан көріп отырғанымыздай көбінесе писхоанализ бихевиоризм гуманистік психология үштігі көп қылады, оқулықтарда көп жазылады.
Кеңес психологиясында жазылған теорияларда басты деген төрт теорияларды көрсетуге болады іс-әрекеттік концепцияға негізделген мәскеулік мектеп (А.Н.Леонтьев, Л.И.Божович), ленингард мектебі (Б.Г.Ананьев, В.Н.Мясищев), грузин мектебі (Д.Н.Узнадзе), пермь мектебі (В.С.Мерлин). Кейінірек бұл мектептерді жалғастырған теориялардың қатарына А.Г.Асмолов, Б.С.Братусь, Ф.Е.Василюк, Д.А.Леонтьев, А.В.Петровский, В.А. Петровский, В.И.Слободчиков және тағы басқалардың еңбектерін айтуға болады.
Тұлға теорияларының ішінен таңдап, олардың қайсысын оқулыққа кіргізу керек деген сұрақ өте күрделі болып табылады. Соған қарамастан тұлға феноменінің табиғатын аша алатын, нақты жағдайды көрсете алатын теорияларға шолу жасау мүмкіндігі автордан байланысты болады.
Негізгі екпінді шет ел теориялардағы тұлға мәселесі қалай анықталады, олардың кеңес психологиясында және қазіргі психологияда алатын орнына қарай және кеңес психологиясындағы негізгі теорияларға және олардың бұл күндері жалғасын тауып отырған теорияларға жасала отырып оқырмандарға психология ғылымындағы тұлға түсінігінің мәнін ашу болып табылады.
ПІет елдік теорияларда әрине тұлғаны түсіндіруде, оны анықтауда әсер еткен, адамзат баласының өмірінде ұлы із қалдырған ұлы классиктерге де екпін жасалады (Гиппократ, Платон, Аристотель), сол сияқты ұлы ойшылдардың еңбектеріне сүйенбей тұлға түсінігін талдау мүмкін еместігі көрсетіледі (Кант, Гоббс, Локк, Спиноза, Ницше).
Ал кейінгі тұлға теорияларын қалыптастыруға негіз болған еңбектерді айтуға болады, олар Шарко мен Жаненің, Фрейдтің, Юнгтің клиникалық бақылаулары, гештальттық дәстүрлер мен В.Штерн еңбектерін айтуға болады. Кешірек эксперименттік психология мен үйрену теорияларының тұлға теорияларын жасауға негіз болды. Келесі бір негізді психометриялық зерттеулер береді.
Шет елдік теорияларда тұлғаны әрқалай түсіндіреді, ағылшын тілінде тұлға епті деген мағынаға келеді. Индивидтің тұлғасы әртүрлі жағдайда әртүрлі адамдардың позитивті реакциясын алуға ұмтылатын тиімділігімен бағаланады. Сондықтанда курстарда «тұлғалық тренинг» деп аталады.
Оқушының тұлғалық проблемасын айтқанда мұғалім оқушының педагогпен, оқушылармен қанағаттанған қатынас орната алу үшін әлеуметтік ептілігі адекватты емес екені туралы айтады. Индивидтің қоршағандарға әсері туралы айтқанда индивид «агрессиялы тұлға», «тіл алғыш тұлға», «қорқынышты тұлға» дегендер туралы түсініледі.
Оллпорт әдеби шолуларда тұлға туралы елуге жуық анықтаманы бөліп көрсетеді. Оллпорт ол анықтамаларды ажырату үшін биосоциалды және биофизикалық деп атады. Биосоциалды анықтамаларда тұлға терминінің тұрмыстық қолданылуына сәйкес келеді, тұлғаны индивидтің «әлеуметтік стимулды құндылығы» дегенмен ара қатыстырылады, Яғни басқалардың реакциясы субъектінің тұлғасын анықтайды, оған Оллпорт тұлға тек басқалардың реакциясымен ғана анықталмайды деп қарсы болып оған биофизикалық анықтамаларды қосады, тұлғаның сипаттамалары мен саналарын кіргізеді.
Басқа анықтамаларда индивидті бағалауда оның маңызды деген қасиеттерін кіргізеді, ал тағы бір анықтамаларда тұлғаның ұйымдастырушы немесе интеграциялаушы функциясын көрсетеді, тұлға индивидуалды мінез-құлықтың әртүрлі түрлерін реттейді деп айтады. Тағы бір анықтамаларда тұлғаны мінез-құлықтың уникалды немесе индивидуалды аспектілерімен береді, индивидті басқа адамдардан ажырату үшін сол анықтаманы қолданады.
Кейбір теоретиктері тұлға адамның маңыздылығын құрайды деп санайды. Сонымен шет елдік теорияларда тұлғаны тұлға теориясын жасаған авторлардың өздерінің жеке зерттеген бақылаулары негізінде жасалған эмпирикалық түсініктерімен түсіндіріледі. Біз тұлға феноменін өз эксперименттері мен жеке бақылау нәтижелерінде ашып көрсеткен соның негізінде жазған басты теориялардың кейбіреулеріне тоқталамыз.
3. Классикалық психоанализ.
Белгілі психолог ғалым З.Фрейд (1856-1939) бейсаналық писхологияны еркін ассоцациялар әдісімен қырық жыл зерттеді. Көптеген қолдау мен қарсыластарға тап болған З.Фрейд заманымыздың атақты психологтарының бірі болып саналады. Негізгі еңбектері «Түстерді талқылау» (1900), «Күнделікті өмірдің психопаталогиясы» (1901), «Психоанализ бойынша жалпы кіріспе лекциялар» (1917), «Психоанализ очерктері» (1940) және тағы басқалар.
Тұлғаның құрылымы. Тұлға үш негізгі жүйелерден тұрады: ид, эго және суперэго («ол», «Мен», «жоғары Мен»). Әрқайсылары өз функцияларына, қасиеттеріне, компоненттеріне, әрекет принциптеріне, динамикаларына, механизмдеріне ие болса да олар бір бірімен өте тығыз байланыста болады.
Мінез-қүлық осы үш жүйенің өзара әрекетінің өнімі болып табылады. Ид тұлғаның бастапқы жүйесі: ол матрица соның нәтижесінде эго мен суперэго дифференциалданады. Ид туа берілетін, туғанда қатысатын инстинктерден тұратын психикалық құбылыс. Ид-психикалық энергиялардың резервуары, екі басқа жүйелер үшін энергияны қамтамасыз етеді.
Ид дене процестерімен байланысты, энергияны сонда жұмсайды. Фрейд бойынша ид «шынайы психикалық болмыс», себебі ол объективті болмыс жайлы білмейді, субъективті бастан кешірулердің ішкі әлемі. Энергия көбейгенде ид оны көтере алмайды, зорығудың дискомфортты күйі ретінде бастан өткізіледі.
Организмнің зорығу деңгейі жоғарылағанда яғни сыртқы стимуляция-ның нәтижесі не ішкі қозудың салдары болып табылатын ид - бірден зорлануды алып тастауға әрекет жасайды, организмді ыңғайлы үнемі болатын төменгі энергетикалық деңгейге қайтып әкелуге әрекет жасайды. Ид эрекет ететін зорланудың редукция принципі қанағаттану принципі деп аталады.
Өз міндетін орындау үшін, ауырған күйден қашу үшін, қанағаттану алу үшін ид екі процесті жасайды: рефлекторлық әрекет (туа берілген автоматты реакциялар, мысалы түшкіру, әдетте олар зорығуды жояды) және біріншілей процесс, ол күрделі реакция оған түс көру, галлюцинация, аутистік ойлау жатады (объект бейнесін жасау арқылы энергияны босатып жіберуге талпынады, мысалы, аш адам тамақтың менталды бейнесін жасайды). Осы менталды бейнелерді орындайтын тілектер ид белгілі жалғыз болмыс болып табылады.
Эго. Организмнің қажеттіліктері сәйкес реалды әлеммен өзара әрекетті талап етумен байланысты эго пайда болады. Ид мен эгоның айырмашылығы мынада, ид тек субъектілік болмысты ғана біледі, ал эго ішкі мен сыртқыны ажыратады. Эго реалдылық принципіне бағынады және екіншілей процесс арқылы әрекет етеді.
Реалдылық принципінің мақсаты қанағаттандыру объектісі табылғанға дейін зорығудың алдын алады. Екіншілей процесс ол реплистік. Екіншілей процесс ол реалистік ойлау. Эго екіншілей процестің арқасында қажеттіліктерді қанағаттандыру жоспарын тұжырымдайды, содан кейін оны тексереді.
Эго тұлғаның орындаушы органы, ол әрекет есігін ашады, әрекет неге сайкес келетіндерді ортадан алып алады, қандай инстинктер қалай қанағаттандырылатынын шешеді. Өте маңызды орындау функцияларын жүзеге асыра отырып эго амалсыздан идыдан, суперэгодан, сыртқы дүниеден келетін қайшылықты, командаларды интеграциялауға талпынады, осы күрделі міндет эгоны күш салу күйінде ұстайды.
Алайда эго идының ұйымдасқан бөлігі, ид мақсаттарының артынан ілеседі, оларды фрустрацияламайды, эго идыдан бөлек өмір сүрмейді, одан ылғида тәуелді болады. Оның басты рөлі организмнің инстинкті сұраныстары мен ортаның шарттарының арасында делдал болу, оның жоғарғы мақсаты организмнің тіршілігін қолдау.
Суперэго. Дәстүрлі түсініктер мен құндылықтардың идеалдардың ішкі презентациясы. Суперэго тұлғаның моралды күші, болмысты емес идеалдарды береді, қанағаттану үшін емес жетілу үшін қызмет етеді. Оның негізгі міндеті моралдық стандарттардан шығатындардың не дұрыс не дұрыс емес екенін бағалайды. Суперэго ата-анадан келетін жазалау мен мадақтауға жауап ретінде дамиды. Жазадан қашу үшін бала өз мінез-құлқын ата-анасы талап еткендей ұйымдастыруға үйренеді.
Дұрыс емес жасалған әрекет үшін алған баланың жазасы эгоның бір жүйесі ар-ұятқа инкорпорацияланады. Баланы сол үшін мадақтаған әрекеттері оның эгоның тағы бір жүйесі идеалдарына қосылады, осы екі процестің механизмдері интроекция деп аталады. Бала ата-анасының моралды нормаларын қабылдайды.
Ар ұят адамды кінә сезімін сезу үшін жазалайды, эго идеал оны мадақтайды, оған мақтаныш тудырады. Ата-аналық бақылаудың орнына қалыптасқан суперэгодан кейін өзіндік тексеру келеді. Өзіндік тексерудің негізгі функциялары: ид импульстарына қарсыласу «сексуалды және агрессиялық импульстар»; реалды мақсаттарды моралды максаттарға ауыстыру үшін эгоны «көндіру»; жетілгендік үшін күресу.
Сондықтанда суперэго идымен, эгомен оппозицияда болады және әлемді өз бейнесімен жасауға тырысады. Алайда суперэго идының иррационалдығы сияқты, эго сияқты инстинктерді тексеруге ұмтылады. Эгодан айырмашылығы сол суперэго инстинкті қажеттіліктердің қанағаттануын жауып тастайды. Ид, эго, суперэго біздің тұлғаны басқарады деп қарастырмау керек.
Ол жүйелік принциптерге бағынатын әртүрлі психикалық процестерді атау үшін ғана түсініліп қаралады. Әдеттегі жағдайда бұл принциптер бір біріне қарсы келмейді, бір бірін жоққа шығармайды. Олар эгоның басшылығымен бірыңғай команда ретінде жұмыс жасайды. Тұлға нормада үш бөлікті жағдай ретінде емес, бірыңғай тұтастық болып жұмыс жасайды. Ид тұлғаның биологиялық құрамы, эго психологиялық құрамы, суперэго әлеуметтік құрамы болып табылады.
Тұлғаның динамикасы. Инстинкт қозудың соматикалык көзінің ішкі туа берілген психологиялық репрезентациясы. Психологиялық репрезентациясы тілектер, дене қозуы, ал одан шыққандарды қажеттіліктер деп атайды. Фрейдтің ойынша ортада орналасқан қозу көздері инстинктерге қарағанда тұлға динамикасы үшін аса маңызды емес. Инстинкт психикалық энергиялар кванты.
Инстинктер психикалық энергиялардың қосындысын береді. Инстинкт қайнар көз, мақсат, объект және импетусқа ие, қайнар көз дене күйі немесе қажеттіліктер, мақсат сол дене қозуларын жоюмен байланысты, объект қажеттіліктерді қанағаттандыру шарты, импетус инстинкттің күші. Фрейдтің инстинктер теориясына сәйкес инстинктердің мақсаты мен қайнар көздері өмірде тұрақты болып қалады, физикалық жетілу қайнар көзін ауыстырады немесе оны алып тастайды.
Жаңа дене қажеттіліктердің дамуына байланысты жаңа инстинктер пайда болады. Энергиялардың бір объектіден басқасына ауысуы тұлға динамикасының маңызды сипаттамасы. Ол адам мінез-құлқының әртүрлі және иілгіш болатындығын көрсетеді. Барлық әдеттер, қызығулары, талғамдары энергиялардың инстинкті объект таңдаулардан шығып ауысып отырады, бәрі инстинктерден шығарылады.
Фрейдтің мотивация теориясы бойынша инстинктер адам мінез-құлқының жалғыз қайнар көзі деп саналды. Фрейд инстинктердің тізімін жасауға ұмтылған жоқ. Органикалық қажеттіліктердің идентификациясы психологтың емес, физиологтың міндеті деп саналды. Фрейд инстинктерді екі топқа жіктеді: «өмір инстинктері» жэне «өлім инстинктері».
Өмір инстинктері индивидтің тірі қалуы мен көбеюін қамтиды (аңсау, секс), өмір инстинктер арқылы жанданған энергия либидо деп аталды. Өмір инстинктерінің ішіндегі сексуалды инстинктерге Фрейд көп мән берді, психоанализ аясында адам не жасайды соның бәріне осы инстинкт жапсырылды. Сексуалды инстинкт жалғыз емес, яғни эротикалық тілектерді оятатын бір қатар дене қажеттіліктері болады, тілектердің әрқайсысы өзінің дене аймақтарында қайнар көздеріне ие болады олар эрогенді зоналар деп аталады (ауыз, ерін, анальды облыс, жыныс мүшелері).
Сору оралды қанағаттануды, бөліп шығару аналды қанағаттануды, жыныс мүшелерін үйкелеу гениталды қанағаттандыруды шақырады. Балалық кезде сексуалды инстинктер бір бірінен тәуелді болмайды, пубертатқа жеткенде олар араласу бағытына ие болады.
Өлім инстинктері Фрейд өзі атағандай деструктивті инстинктер болып табылады, олар өмір инстинктері сияқты аса танымал емес сондықтанда олар туралы білетініміз аз деп көрсетеді Фрейд, алайда олар өз миссияларын орындаудан қаша алмайды. Фрейдтің пікірі бойынша әрбір адам бейсаналы деңгейде өлгісі келетін тілегі болады.
Алайда Фрейд өлім инстинктерінің соматикалық қайнар көздерін анықтауға талпынбады, осы иистинктердің жұмысын жасайтын энергияларға да атау бермеді. Өлім инстинктерінің болуы туралы ойды Фрейд Фехнерм тұжырымдаған тұрақтылық принципін негізге алды. Ол принцип бойынша барлық өмірлік процестер органикалық емес әлемнің тұрақтылығына оралуға ұмтылады.
«Қанағаттану прииципінің басқа жағы» деген еңбегінде Фрейд ол инстинктерді түсіндіріп кетеді. Адамдағы өлім инстинктіне ұмтылу тұрақтылық принципінің психологиялық репрезентациясы. Өлім инстинктерінің маңызды дериваттарының бірі агрессиялық оянулар, агрессия өзіндік бұзылу. 1941-1945 жылғы соғыстан кейін Фрейд бұл инстинктер де сексуалды инстинктер сияқты маңызды мотив болып табылады деді. Өлім инстинктері мен өмір инстинктері бір бірімен араласып кетеді (махаббат қатты қуанудан қатты өшігуге әкеледі).
Тұлғаның динамикасы ид, эго, суперэго жақтан психикалық энергияны бөлу мен қолдану тәсілдерімен анықталады. Ид басынан-ақ барлық энергияға ие болады, ол энергияны рефлекторлық әрекеттер үшін қолданады және біріншілей процесс арқылы тілектерді үшін қолдануға жұмсайды.
Инстинктерді қанағаттандыратын әрекетке энергияны әкелу объект таңдау және объект катексис деп аталады. Катексис термині Фрейдке жатпайды оданда бұрын қолданылған бірақ ағылшын тілінен аудару өте қиын шамамен «инвестицациялау» немесе «салу» деген мағынаны береді. Идының энергиясы тез өтеді, бір әрекеттен басқасына тез ауысып отырады.
Эгоның өзінде энергия болмайтындықтан ол оны идыдан алып отырады. Идыдан энергияны алып өз процестеріне эго қосуы идентификация механизмімен жүзеге асады. Идентификация Фрейдтің ең қиын күрделі ұғымдардың бірі және түсіну өте қиын. Ид ақыл мазмұнын, перцепцияны, ес бейнелері болсын айырмашылықты көрсете алмайды, ал катексис сол үшін қажет болып табылады.
Жеткілікті энергияны алып алғаннан кейін эго енді басқаша қолданады, оны екіншілей процесс арқылы қанағаттандыруға жұмсамайды. Энергияның бір бөлігін әртүрлі психикалық процестерді жоғарғы деңгейге шығару үшін қолданады, басқа бір бөлігін идының импульсивті иррационалды белсенділігін ұстап тұру үшін қолданады. Сол ұсталып тұратын күштер антикатексис болып табылады.
Егерде иды жағынан қауіп көп төнетін болса эго онда қорғаныс механизмдерін жасайды. Қорғаныс механизмдері сонымен қатар эгоға суперэго жағынан келген қысымды кетіру үшін қолданылады, алайда ол қорғаныстарға да энергия қажет болады. Тұлғаның орындаушы органы ретінде эго энергияны үш жүйелерді интеграциялау үшін қолданады, эго интеграциялаушы функциясының мақсаты тұлғаның ішкі гармониясын жасау, яғни эгоның ортамен өзара әрекетін тиімді жүзеге асырады.
Идентификация механизмі суперэгоның жүйелерінің энергетизациясы үшін жауап береді. Тұлғаның динамикасы ояту күштерінің, катексистің ұстап қалу күштерінің, антикатексистің өзара әрекетінен тұрады.
Мазасыздану. Тұлғаның динамикасы көп жағдайда қажеттіліктерді сыртқы әлем объектілерімен өзара әрекет арқылы қанағаттандыру қажеттілігімен анықталады. Фрейд мазасызданудың үш түрін көрсетті: реалды мазасыздану, невротикалық мазасыздану, моралды мазасыздану немесе кінә сезімі.
Реалды мазасыздану немесе қорқыныш ол сыртқы әлемнің қауіптері, невротикалық мазасыздану жаза алу қорқынышы, моралды мазасыздану ол ар ұят қорқынышы. Мазасызданулардың функциялары адамды келе жатқан қауіп қатерден қорғап қалу. Кешірек келетін мазасызданудың прототипі туғанда берілетін зақымдану болып табылады. Эго мазасызданулармен күресе алмаса онда қорғаныс механизмдеріне жүгінеді.
Тұлғаның дамуы. Тұлға зорығудың төрт қайнар көзінің негізінде дамиды: физиологиялық өсу процестері, фрустрациялар, конфликтілер, қауіп. Идентификация мен араласу екі әдісі арқылы индивид фрустрацияларды, конфликтілерді, мазасыздануларды шешуді үйренеді.
Идентификация. Фрейд идентификация ұғымын әдеттегі иммитация ұғымына қатысты қолданды, бала өз ата-анасымен идентификацияланады. Әрбір жас кезеңдерінде өзінің идентификацияланатын фигуралары болады, идентификацияның көп бөлігі бейсаналықта өтеді.
Адамға біреумен ылғида идентификациялану міндетті емес, оларды таңдайды, қажетін ғана идентификациялайды. Идентификация жоғалтқан объектілерді қайтару әдісі болып табылады, қорқыныштан да идентификация болады, бала жазадан қашу үшін ата-ананың шектеу салуымен идентификацияланады.
Араласу. Фрейдтің пікірінше өркениеттің дамуы алғашқы объект таңдауларды шектеумен және әлеуметтік рұқсат етілген мәдени және творчестволық каналдарға өтумен байланысты мүмкін болады. Жоғарғы мәдени жетістіктерді проекциялау сублимация деп аталды.
Араласудың бағыты екі факторлармен анықталады: алмасатын объект түп нұсқаға қаншалықты ұқсас және қоғам тарапынан болатын шектеулер. Ауыстыратын объект катексистерді қалыптастыру тәсілі тұлға дамуының ең қуатты механизмдері болып саналады. Қызығулардың, құндылықтардың, қатынастардың барлық жүйесі осы алмасудың арқасында пайда болады.
Эгоның қорғаныс механизмдері. Өте қатты мазасыздану болғанда оны азайту үшін жедел шара қолдануды қажет етеді, оны қорғаныс механизмдері деп атайды. Маңызды қорғаныс механизмдері: ығыстыру, проекция, реакцияларды қалыптастыру, фиксация және регрессия.
Барлық қорғаныс механимздері екі жалпы сипаттамаға ие болады:
1) олар болмысты жоққа шығарады, фальсификациялайды, бұрмалайды.
2) олар бейсаналы әрекет етеді, адам олардың бар екенін сезбейді.
Ығыстыру. Бұл психоанализдің ең ерте ұғымдарының бірі. Фрейд өз теорияларында ид, эго, суперэгоны тұжырымдамастан бұрын психикалықты үш облысқа бөлді: саналы, сана алды және бейсаналық. Сана алды күйі қажет кезде саналы бола алатын психикалық материалдан тұрады, ал бейсаналықтың мазмұны санаға жетпейді, ығыстырылады.
Фрейд өзінің тұлға теориясын қайта қарастырғанда ығыстыру ұғымы эгоның қорғаныс механизмдерінің біреуін атау үшін қолданылды. Фрейд саналы, сана алды, бейсаналық терминдерінен бас тартып олардың орнына ид, эго, суперэгоны қолданды, осыған байланысты ығыстыру мен ығыстырылғандар бір схемада бірге бола алмайтын болды.
Ол ығыстыруды эгоға, ал ығыстырылғандарды идыға жатқызды.
ЬІғыстыру объект таңдау өте қатты мазасыздануды тудырғанда антикатексис арқылы санадан қуылған кезде пайда болады. Ығыстыру өзіне жолды антикатексис арқылы салады немесе араласу формасында өз көрінуін табады.
Бірде қалыптасқан ығыстыруды кетіру оңай емес. Адам енді қауіп жоқ деп тыныштансада соған сенседе ол мүмкін емес, себебі ығыстыруды реалдылықты көрмейінше «шашып» тастауға болмайды. Сондықтанда ересектер өздерінде көптеген балалық қорқыныштарды ұстайды: сол қорқыныштарға реалды негіз жоқ деген мүмкіндіктерді өзінде таба алмайды.
Проекция. Эго әдетте невротикалык немесе моралдық мазасыздануға қарағанда реалды мазасызданумен жеңіл басқара алады. Егерде мазасызданудың қайнар көзді өзінің меншікті жабайы импульстарға емес сыртқы дүниеден іздесе адамның мазасыздану күйі жеңілденеді.
Невротикалық немесе моралдық мазасызданулардың объективті қорқыныштарға өтетін механизм проекция деп аталады. Әдетте адам «ол мені жек көреді» десе ол «мен оны жек көрем» дегенді білдіреді. Проекция екі жақты міндет атқарады, ол мазасыздануды төмендетеді, қауіпті азайтады және адамға жаулардан қорғану деген сылтаумен өз импульстарын көрсетуге мүмкіндік береді.
Реакцияларды қалыптастыру. Санада импульс мазасыздануларын немесе сезімдерді оның қарама-қарсы сипатына ауыстырады, мысалы махаббат өшпенділікке ауысады.
Фиксация жэне регрессия. Адам туғанынан кемелденуге дейін бір қатар сатыларды басынан өткізеді. Алайда әрбір жаңа қадам белгілі бір фрустрация мен мазасыздану тудырады, нормалды даму не тоқтап қалады не уақытша тоқтап қалуы мүмкін. Адам белгілі бір даму сатыларында тоқтап қалуы мүмкін себебі жаңа қадам мазасыздануға толы болады.
Мысалы өте қатты тәуелді бала және оның фиксациясы: мазасыздану оның тәуелсіздігіне кедергі келтіреді. Қорғаныстың осы типімен регрессия тығыз байланысты. Адам зақымданған бастан кешірулерді алғанда неғұрлым ертеректегі жас сатысына кетеді. Мысалы бала бірінші күні мектепке келгенде қорқып, инфантилді мінез-құлық көрсете бастайды, жылайды, саусағын сорады, мұғалімге жабысады, бұрышқа тығылады.
Фиксация мен регрессия әдетте олар салыстырмалы күйлер болып табылады; адам сирек фиксацияға немесе регрессияға барады. Фиксация мен регрессия тұлға дамуының теңсіздігі үшін жауапты болады.
Даму сатылары. Бала алғашқы бес жылда динамикалы дифференциалды сатыларды бастан өткізеді, содан кейін бес алты жаста латентті кезең келеді онда динамика тұрақтана бастайды. Жеткіншек жасында динамика қайтадан күшейеді содан соң біртіндеп ересек жасына өткен сайын төмендей бастайды.
Фрейдтің ойынша баланың алғашқы бес жылдағы өмір тұлғаның қалыптасуында шешуші рөл атқарады. Дамудың әрбір сатысы алғашқы бес жылда белгілі бір дене аймақтарына реакция беру ерекшеліктерімен анықталады. Бірінші сатыда бір жасқа дейін созылады, динамикалық белсенділіктің облысы ауыз болып табылады.
Оралды сатыдан кейін бөліну функциясына байланысты катексис пен антикатексис дамиды оны аналды саты деп атайды. Ол екі жасқа дейін созылады, одан кейін фалли сатысы келеді, мұнда жетекші эрогенді зоналар жыныс мүшелері болады. Осы оралды, аналды, фалли сатылар прегениталды сатылар деп аталады. Содан кейін бала ұзақ латентті сатыға тап болады динамикалық тұрғыдан мазалы тұрақты саты болып саналады.
Бұл уақытта импульстар ығыстырылады, жеткіншек жасындағы динамикалық қайта туындаулар прегениталды импульстарды белсендіреді, егерде оларды эго сәтті сублимацияласа, трансформацияласа, ауыстырса онда адам жетілудің финалды сатысы гениталды сатыға өтеді.
Оралды саты. Тамақ ауыз кеңістігімен байланысты болатын қанағаттанудың негізгі қайнар көзі. Оралды белсенділіктің екі тәсілі тамақты қабылдау мен тістеу кейінгі қалыптасатын мінездің протиптері болып саналады. Оралды қабылдаудан болатын қанағаттану қабылдаудың басқа тәсіліне ауысуы мүмкін, мысалы адам білімді меңгерумен немесе меншікке ие болумен байланысты қанағаттану алады.
Мысалы сенгіш адам ол сол тұлғаның оралды инкорпоративті деңгейіне тіркеліп қалған адам: ондай адам барлығын оған кім не айтады соның бәрін қабылдай береді. Тістеу немесе оралды агрессия ауысып, сарказм немесе дауласуға бейім тұратын форманы алады.
Оралды сатыда бала шешесінен толық тәуелді болады, оны жұбатады, тамақтандырады, тербейді, дискомфорттан сақтайды, осы кезеңде тәуелділік сезімі қалыптасады, тәуелділік сезімі өмір бойы жалғасады оның «Мені» өсседе ол жалғаса береді, адам мазасыздану мен қауіпті сезгенде бірінші орынға шығады.
Фрейдтің ойынша тәуелділіктің ең айқын симптомы ол анасынын құрсағына қайта оралғысы келу сезімі.
Анальды саты. Тамақ ішіліп, енді ол қорытылып, қалдықтары шығарылады, рефлекторлы шығарылады. Фекалийлердің шығуы дискомфорт көзін жояды және жеңілдену сезімін береді. Баланы дәретке отырғызуға үйреткенде шамамен екі жастан бастап ол инстинкті импульстарды сыртқы реттеу сатысының маңызды, бірінші кезеңін бастан кешіреді. Ол қанағаттануды аналды зорланудан алыстатады. Шешесі дәретке отырғызуды үйретудің қандай әдісін қолдануына байланысты балада мінез қырларының қалыптасуына әсері болады.
Егерде шешесі қатал, репрессивті әдістер қолданса бала фекалдарды ұстап қалып жібермей іші қатып қалады. Бұл реакция мінез-құлықтың басқа түрлеріне таралса онда балада «ұстамдылық» мінез дамиды, ол бір беткей және қолы тар болады. Сонымен қатар балаға репрессиялы шараның әсерінен бала түсінбей фекалдарды ыңғайсыз қажетсіз кезде бөлсе ол кейін барлық өзін ұстай алмайтын түрлердің бәріне ие болады: қатыгез, себепсіз деструктивтілік, өзінің ойына келгенін жасау, салақ т.с.с.
Егерде шешесі керісінше баладан фекалдарын шығаруды сұрап оны ерекше мадақтап отырса онда балада фекалдарды шығарудың маңызды екендігі жайлы түсінік пайда болады. Ол кейін балада креативтілік пен продуктивтіліктің негізі болады. Басқада көптеген мінез қырлары аналды сатыда қалыптасады.
Фалли саты. Бұл сатыда (3-5 жас) тұлғалық дамудың негізін сексуалды және агрессиялы сезімдер қалайды. Мастурбация мен фантазиядан қанағаттану алған балалық эротикалық белсенділік бұл сатыны эдип комплекстеріне бағыттайды, яғни эдип комплекстер қарсы жынысты ата-ананы катексиялайды және өз жынысындағы ата-ананы жау көреді, ұл мен қыз балада олар әртүрлі өтеді, балада кастрация қорқынышы болады, оны Фрейд кастрациялық мазасыздану деп атады, қыздарда кастрация комплексі болады, бұл жағдай бала бес жасқа келгенде санадан ығыстырылады, модификацияланады. Эдип комплекстер тұлғада терең із қалдырады.
Гениталды саты. Прегениталды кезең катексистері сипаты бойынша нарциссицтік болып табылады. Индивид өз денесін манипуляциялап қанағаттану алады. Жеткіншек жасында осы өзіне ғашық болу немесе нарциссизм ерекше объект тандауға өтеді. Жеткіншек басқаларды нарциссистік емес, эгоистік емес, альтуристік мотивпен жақсы көреді.
Сексуалды аттракция, социализация, топтық белсенділік, кәсіби анықталу, өмірлік өмірге дайындық пайда болады. Жеткіншек сатысының соңына қарай әлеуметтенген, альтуристік катексистер әдеттегі сублимациялар мен идентификациялар ретінде тұрақтана бастайды. Оралды, аналды, фалли сатылар катексистері араласып, гениталды импулсьтармен синтезделеді.
Зерттеу әдістері. Фрейд терапевтік ситуацияда қолданган, мәліметтер жинаған арнайы техникаларының кейбіріне тоқталамыз. Еркін асоциациялар мен түс көруді талдау. Истерияны зерттеуде Фрейд сол кезде атақты болған гипноздан басқа жаңа әдісті естиді, катарсис немесе «әңгімемен емдеу».
Пациент әрбір симптомның бірінші көрінуін содан кейін оның қалай жоғалғаны туралы әңгімелейді. Осы әдістің негізінде Фрейд өзінің ерекше еркін ассоцациялар әдісін жасады. Пациент санасына не ой келеді ол қандай болсада соны баяндайды, басына не келеді бәрін айтуы керек, оларды логикалы, құрылымды етіп жасауға пациент тырыспауы керек, терапевт енжар рөл атқарады, пациенттің сөзін бөлмейді, пациент тыныш бөлмеде кушеткаға жатқызылады. Осы шартты сақтаған пациент Фрейдтің ойынша ең ақырында өзінің бала кезде басынан өткізген күйлерге әкеледі. Ассоциативті сөздік лабиринтті көптеген нәрселер ашылады.
Түстерді талдау. Ол бір жеке әдіс емес, ол еркін ассоцациялар әдісінің жеке бір түрі, ол пациенттің басына келгенін айтудың табиғи түрі. Алғашқы Фрейдтің пациенттері спонтанды түрде түстерді естеріне түсірді, содан соң еркін түрде оларды еркін ассоцациялады. Түстерді қайта айтып шығу және оларды еркін ассоцациялау адам тұлғасының динамикасы жайлы керемет қайнар көздер деп санады Фрейд.
Осы сәулеленудің нәтижесінде ол өзінің түстерін талдады. Фрейдтің ойынша түстер адам ақылының мазмұны мен жабайы әрекеттері жайлы мәлімет береді. Түстерді жасайтын жабайы әрекеттерді Фрейд бірінші процестер деп атады, бірінші процестер тілектерді орындауға ұмтылады немесе қалаған бейнелер арқылы зорығуды алып тастайды. Пациенттердің түстері арқылы олардың еркін ассоцацияларына ие бола отырып Фрейд адам ақылының қол жетпейтін облысына кіре алды және сол арқылы тұлғаның негізін аша алды.
Оқиғаларды талдау. Фрейд тек кейбір оқиғаларды ғана жариялады, ол кәсіби этиканы сақтап бәрін жариялаған жоқ. Ол тек алты оқиғаны ғана жариялады. Солардың бірі Шребер оқиғасы алайда ол Фрейдтің пациенті болған жоқ. Фрейд өз анализін сот Дэниел Шребер жасаған паранойді автобиографиялық суреттеген жұмысқа сүйеніп жасады.
Келесі оқиға өз әкесі өз баласын Фрейдтің көмегімен жазып шығарған бес жасар Ганстың фобиясы болды. Ал қалған төрт жағдайда Фрейд өзі терапевт болды («Дора», «Қасқыр адам», «Тышқаны бар адам», «Әйелдер гомосексуализмі»).
Фрейдтің өзіндік талдауы. Фрейд үшін эмпирикалық мәліметтердің маңызды көздері өзінің меншікті бейсаналық материалдары болды. Фрейд өзіндік талдауды өзінің түстерін талдаудан бастады, соның негізінде ол түс көру теориясы мен балалық сексуалдылық теориясын жасады. Өзінің тұлғасында өз пациенттерінде болатын сол конфликтілерді, иррационалдылықты, қайшылықтарды көрді. Фрейд өзінде тексермей ешқандай гипотеза жасамаған. Өзінің барлық өмірінде ол өзін талдаумен айналысқан.
Психоанализді талдау. Барлық теориялар психоанализ сияқты ең көп сынға ұшыраған жоқ, психоанализге күлді де, оларды сынады да, қарсылықтарды көп көрді. Фрейдтің теориялары соңғы кездері тіпті қатты сынға ұшырады, гуманизм, механистік және детерминистік ғылыми ықпалмен өте тығыз байланыста болды деп санады. Бұл күндері теория адам туралы өте мардымсыз, көңілсіз жағдайларды суреттейді деп санайды.
Феминистік бағыт Фрейдті әйелдер психологиясына қатысты тіпті жек көреді. Әрине барлық сынаған жағдайларды баяндауды мақсат етпейміз, көптеген сындар психоанализ мәліметтері бұрмаланған, интерпретациясы жеткіліксіз деп санады және олар әлі күнге дейін жалғасуда.
Соның кейбіріне тоқталайық. Фрейд бақылауды қадағаланбайтын жағдайда өткізді, Фрейд өзі де мойындады сеанс кезінде пациенттердің барлық айтқандарын толық тіркемеген, біраз уақыттан кейін ғана тіркеп, соныңда, соның негізінде жұмыс жасағанын айтты. Пациенттердің айтқанына сенген, оның шын екенін басқа әдістерді қолданып зерттемеді деп сынады. Фрейд адамның мінез-құлқы туралы терең білімдерді тек бейсаналық облыс ғана береді деді.
Алайда Фрейд эмпирикалық мәліметтерді квантификацияламады, соның арқасында оның бақылауларының статистикалық мәнділігі мен сенімділігін анықтау мүмкін емес болды. Көптеген сұрақтар туындайды, Фрейд «алдаған жағдайларына өзіне қажет еткендерді апарған жоқ па, пациенттердің еркін ассоцациялары шыныменде еркін болды ма, әлде Фрейд тыңдағысы келгендерді ғана айтты ма, мәліметтері қаншалықты сенімді, міне осы сияқты сұрақтар психоанализдің валидтылығы туралы күмән тудырады.
Осыған байланысты психоанализдің ұшыраған көптеген қиындықтарға қатысты атақты психоаналитик Лоуренс Куби фундаменталды ғылым ретінде психоанализдің шектеулілігі жайлы былай дейді: «Жалпы алғанда шектеулер мынаған байланысты, аналитикалық процестің негізгі жоспары қажетті ғылыми валидттылықты бере алады, алайда қиындықтар мен бірінші процестерді тіркеу, саналы мен бейсаналық процестердің байланысын еркін зерттеу қиындықтары, өзгергіштіктерді сандық бағалау қиындықтары гипотезаларды ұлғайту не азайтуды анықтаудағы қиындықтар, айтқан [ болжамдардың валидтылығы сияқты жағдайлар көптеген ғылыми проблемалардың арасында әлі өз шешуін таппаған сұрақтардың бірі».
Кейбір сынаулар мына жағдайға көңіл бөлді, катексис пен антикатексистің өзара әрекетті сандық өлшеу туралы психоанализ үндемейді, адамның бастан кешкендер зақымданған күй болу үшін қаншалықты интенсивті болу керек, эго инстинкті импульстарды ұстап алу үшін қаншалықты әлсіз болу керек деген мәселелер болды. Осындай сыни жағдайларға қарамастан психоаналитикалық теория қазіргі жаңа әлемдік деңгейде статусы неге жоғары?
Маңыздысы мынада, барлық мінез-құлық теориялары ғылыми жағынан жеткіліксіздіктері көптеп саналады. Психологияға әлі ұзақ жол керек осы жағдайды шешкенге, психолог өзі шешеді қай теорияны басшылыққа алу керек екенін. Психоанализ адам үшін маңызды болып табылатын сұрақтарды аса ашық жариялайды, соны шешкісі келеді, бұл жағдай бұл күндері жаңашыл сипаттағы адамдардың көңілінен шығуда.
Достарыңызбен бөлісу: |