Бағдарламасы және Қр президентінің «Қазақстан-2050»



Дата23.02.2016
өлшемі181.61 Kb.
#3301
түріБағдарламасы
Жаңақорған аудандық денсаулық сақтау саласы бойынша 2015 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар жайлы
АНЫҚТАМА
Елбасымыздың жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011- 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасынан туындайтын міндеттерді іске асыру мақсатында Жаңақорған ауданының денсаулық сақтау саласы 2015 жылы медициналық қызметті жетілдіру, медициналық қызметтің сапасын арттыру, халықты қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету, профилактикалық медицинаны дамыту, аурудың алдын алу шараларын жеткілікті деңгейде жүзеге асыру, алғашқы медициналық көмекті жетілдіру, ана мен бала денсаулығына барынша мән беру бағыттары бойынша жұмыстар атқарды.

2015 жылы 81249 аудан халқына – 1 аудандық аурухана, 6 ауылдық аурухана, 1 емхана, 1 туберкулез қарсы күрес диспансері, 17 дәрігерлік амбулатория, 8 фельдшерлік - акушерлік бекет, 10 медициналық бекет медициналық қызмет көрсетті.

Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарында 148 – 18,2 жоғары білімді дәрігер, 649 – 79,9 орта буынды медицина қызметкерлері қызмет етеді. Оның ішінде 37 - (25,0%) дәрігердің біліктілік санаты болса, 247 -(38,0%) орта буын қызметкерлерінің біліктілік санаттары бар.

Медициналық қызметтің сапасын арттыру мақсатында сала жұмысын жетілдіре түсуге баса назар аударылып, ұлттық ғылыми орталықтармен байланыстар орнатылып, мамандар арасында тәжірибе алмасулар, семинар-кеңестер, арнайы дәрістер тұрақты өткізілуде.

Жаңақорған аудандық денсаулық сақтау саласына бюджеттен бөлінген қаржы көлемі 2015 жылы 886 млн 235 мың 861 теңгеге жетті, оның ішінде республикалық бюджеттен 771 млн 922 мың 230 теңге, облыстық бюджеттен 114 млн 313 мың 631 теңге бөлінді. Сондай ақ Жандық нормативтің ынталандыруын құраушыға (СКПН) 2015 жылы 54 млн 981 мың 775 теңге бөлінді.

Демографиялық көрсеткіштер: 2015 жылы 877 бала туылып, 81249 халық санына шаққанда туылу көрсеткіші - 10,8 құрап, (2014 жылы 13,4) былтырғы жылмен салыстырғанда көрсеткіш - 2,6 промильге төмендеді. Аудан бойынша 2015 жылдың 6 айында жалпы қайтыс болған адамдар саны – 194 – 2,4- ді (2014 жылы - 199 - 2,6) құрап отыр, 2014 жылмен салыстырғанда өлім көрсеткіші 0,2 - ге төмендеп, табиғи өсім көрсеткіші -8,4 болды. Оның ішінде қан айналым жүйесі аурулары бойынша қайтыс болғандар саны – 56 - 68,9 (2014 жылы – 27 - 35,2). Қатерлі ісік аурулары бойынша қайтыс болғандар – 26 - 32,0 (2014 жылы – 29 - 37,8) былтырғы жылмен салыстырғанда 3 жағдайға төмендеп отыр. Үй жағдайында қайтыс болғандар саны - 141 (2014 жылы - 150), оның ересектері - 124, 0 - 14 жас аралығындағы балалар - 17, 0-5 жас - 12, 0-1 жас - 3. Ана өлімі мен Туберкулез ауруы бойынша жыл көлемінде қайтыс болғандар жоқ.

Аудан бойынша барлық дәрігерлік қабылдау 2015 жылдың 6 айында – 166337, 1 тұрғынға шаққанда 2,0 көрсеткішті (2014 жылы – 177102 – 2,3) құрап отыр, 2014 жылмен салыстырғанда 0,3 - ке төмендеген.


Аурушаңдық. Аудан бойынша тіркелген жалпы аурушаңдық саны – 2015 жылдың 6 айында – 26446 – 325,4 (2014ж. – 24662 – 321,8) болса, Сырқатшылдық 2015 жылдың 6 айында – 38833 - 477,9 (2014 жылы – 35847 -467,8) 2014 жылмен салыстырғанда біршама жоғарылау байқалады.

ҚР ДСМ-нің 2011 жылғы 16 наурыздағы № 145 бұйрығына сәйкес халықтың нысаналы топтарын профилактикалық тексеруден өткізу жұмыстары бойынша: жүрек қан тамыр аурулары жоспарда- 5500, орындалуы - 3241 (58,93%), анықталғаны - 248 (7,65 %), қант диабеті бойынша, жоспарда - 5500, орындалуы - 32,85 (59,73 %), анықталғаны - 48 (1,46 %), глаукома бойынша, жоспарда - 5288, орындалуы - 3619 (68,44 %), анықталғаны - 5 (0,14 %), сүт безінің қатерлі ісігі бойынша, жоспарда - 1502, орындалғаны - 476 (31,69%), анықталғаны - 35 (7,35 % cr-1), жатыр мойны ісігі бойынша.жоспарда - 1310, орындалуы - 387 (29,54 %), анықталғаны - 6 (1,55 %), тоқ және тік ішек қатерлі ісігі бойынша, жоспарда - 2499, орындалуы - 1354 (54,18 %), анықталған ауру жоқ, өңеш және асқазан қатерлі ісігі бойынша жоспарда - 1816, орындалуы - 724 (39,87 %), анықталғаны - 1 (0,14 % cr-1), қуық асты безі ісігі бойынша жоспарда - 618, орындалғаны жоқ. Скринингтік тексеру кезінде анықталған аурулар диспансерлік есепке алынып, емдеу сауықтыру жұмыстары жүргізілуде.

Жаңақорған ауданы бойынша қазіргі таңда 25666 0-14 жас аралығындағы балалар болса, оның 12633-і қыз бала, 13033-і ұл бала, аудан орталығында -9258 бала, ауылдық жерде - 16408 бала есепте тұрады. 25666 баланың 1 жасқа дейінгісі-1963, 1-2 жас аралығы- 2122, 2-5 жас- 8003, 1-5 жас -10125, 0-5 жас- 12088, 5-14 жас -15485, мектеп оқушылары- 14332, бала-бақшаға баратын бала- 3996, ұйымдасқан топта- 18328, 7338- ұйымдаспаған топтағы балалардан тұрады.

Үстіміздегі жылдың 6 айында -877 бала туылып, туылу көрсеткішіміз- 10,8-ді құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда-152 балаға, көрсеткіш- 2,6-ға төмендеген.

0-14 жас аралығындағы өлген балаға қорытынды жасайтын болсақ биыл- 26 бала өліп, өлім көрсеткіші-1,0 болып былтырғы жылмен салыстырғанда 9 балаға, көрсеткіш- 0,3-ке артып тұр. (2014 ж- 17 бала- 0,7). Оның ішінде 0-1 жас аралығындағы сәбилер шетінеуіне тоқталатын болсақ: биылғы жылы 10 бала шетінеп, жалпы 14 жасқа дейінгі өлімнің 38,5 пайызын ( 2014 ж – 12 - 70,6), 0-5 жас аралығында - 21 бала шетінеп - 80,7 пайызды ( 2014 ж- 16 бала – 94,1 ) құраса. 5-14 жас аралығында 5 бала шетінеп - 19,2 пайызды құрады. (2014 жылы - 1 бала - 5,2 пайыз)


Сәбилер шетінеуі:

1 жасқа дейінгі шетінеген 10 баланың: ерте неонатальды 0-6 күн аралығындағы- 4 бала шетінеп, көрсеткіш- 4,6 промильді, (2014 ж- 3 бала -2,9 промиль ), кеш неонатальды 7 күннен -1 ай аралығында - 2 бала шетінеп, көрсеткіш- 2,3 промильді ( 2014 ж- 4-3,9) постнеонатальды 1 ай мен 12 ай аралығында - 4 бала шетінеп, көрсеткіш- 4,6 промиль (2014 ж- 5 бала -4,9 промиль), өлі туылғандар 14 жағдай, көрсеткіш- 15,7 промильды құрады (2014 ж- 6-5,8 промиль). Бұл жерде өлі туылу былтырғы жылмен салыстырғанда 8 жағдайға, көрсеткіш- 9,9 промильге өсіп тұр.



Сәбилер шетінеуінің шетінеу орнымен талдағанда: шетінеген 10 баланың 5-і -50,0 пайызы перзентханада (2014 ж -7-58,3 пайыз), оның АА перзентхана бөлімінде -1-20,0 пайыз, 4-і -80,0 пайызы ОПО-та шетінеген.

Ауруханада 2 бала -20,0 пайыз (2014 ж- 1 бала -8,3 пайыз):

Үйде – 3 бала шетінеп - 30,0 пайызды құрады (2014 ж- 4 бала -33,3 пайыз):

Шетінеу себептеріне тоқталатын болсақ; инфекциялық-паразитарлық аурулармен 2 бала шетінеп, 1 жасқа дейінгі шетінеген баланың -20,0 пайызын құраса (2014 ж- 0-0), тыныс алу жолдарымен өлім тіркелген жоқ, (2014 ж- 1-8,3 пайыз), перинатальдық кезеңнің себептерімен- 5 бала- 50,0 пайыз(2014 ж- 7 бала -50,0), туа бітті ақаумен- 1 бала-10,0 пайыз(2014 ж- 0-0), бақытсыз жағдаймен 2 бала- 20,0 пайыз болып былтырғы жылмен салыстырғанда 2 балаға көрсеткіш- 13,3 пайызға төмендеген. (2014 ж 4 бала-33,3 пайыз)

Ана мен бала өлімін төмендету мақсатында ауыр жағдайдағы науқастарға облыс орталығының мамандарымен телемедицина арқылы – 15 нәрестеге кеңес алынып, медициналық көрсетілімдерге байланысты – 15 –і де ОПО –қа ары қарай ем алу үшін ауыстырылды.



0-5 жас аралығындағы бала өлімі: 0-5 жас аралығында 21 бала өліп, көрсеткіш-2,1 құрап былтырғы жылмен салыстырғанда 5 балаға-0,5 промильге жоғарылап тұр. (2014 жылы 16 бала- 1,5 промиль ) Оның ауруханада 4-і- 19,0 %, перзентханада -1 -4,8 % , ОПО- 4-19,0 % , үйде 12 бала шетінеп -57,1 пайызды құрады. Аурухана мен перзентханада өлген балдар былтырғы жылмен салыстырғанда 1 жағдайға артса, ал үйде өлім жағдайы былтырғы жылмен салыстырғанда 7 балаға көрсеткіш- 25,8 промильге көтеріліп тұр. (2014 ж 5-31,3 промильді құраған).

0-5 жас аралығындағы бала өлімін шетінеу себептерімен талдағанда:

Тыныс алу жолдарымен екі жыл қатарынан бір деңгейде 2-9,5 «2014 ж- 2-12,5) болса, басқа да себептермен 1-4,8 (2014 ж-2-12,5) 2 есеге төмендеп, перинатальды кезеңнің себептерімен 5-23,8 болып, былтырғы жылмен салыстырғанда 2 жағдайға- 20,0 пайызға төмендесе (2014 ж- 7-43,8 пайыз), жұқпалы аурулармен соның ішінде менингитпен 2 жағдай тіркеліп- 9,5 пайызды құрап былтырғы жылмен салыстырғанда екі есеге жоғарыласа, (20104 ж- 1-6,3) улану мен бақытсыз жағдаймен 10 бала -47,6 промиль болып 2,5 есеге жоғарылап тұр (2014 ж-4-25,0)



5-14 жас аралығындағы бала өлімі: 5 бала өліп- 0,3 (2014 ж-1-0,1) 5 жағдайда үйде тіркеліп, 100,0 пайызды құрады.

Шетінеу себептеріне келсек: Туа бітті ақаумен 1 бала -20,0 пайз, улану мен бақытсыз жағдайлар 3 бала-60,0 пайызды құрап былтырғы жылмен салыстырғанда 100,0 пайызға артса, басқа да себептермен 1 жағдай тіркеліп-20,0 пайыз болып былтырғы жылмен салыстырғанда бір деңгейде болып тұр.

Барлық шетінеген сәбилерге медициналық талдаулар жасалып, кемшілік жіберген медицина қызметкерлеріне әкімшілік шара қолданылды.

0-14 жас аралығындағы балалардың аурушаңдығы: 2015 жылдың 6 айында -13333 аурушаңдық тіркеліп былтырғы жылмен салыстырғанда 1819 - 68,2 промильге төмендеп кеткен. Соның ішінде едәуір төмендеп кеткен аурушаңдықты атап айтатын болсақ: тыныс алу жолдарымен – 26,0 промильге, нерв жүйесі аурулары- 19,7 промильге, қан және қан айналым ауруларымен -17,5 промильге, эндокринді жүйе аурулары -6,7 промильге төмендеп кеткен.

1 жасқа дейінгі балдардың фондық аурулары рахит- 26 бала -12,8 % болып, 49 балаға -24,1 %-ға төмендеген, салмағы аздық 79-39,1 % бір деңгейде, қаны аздық 156 бала -77,2%, 35 балаға -16,7%-ға төмен, ЭКД 61 бала - 30,2%, 17 бала -8,6 %-ға жоғары.

Ана сүтімен тамақтану 1 жасқа дейін 1954 бала -96,6%, 6 айға дейін- 1824 бала -90,2 % болып бір деңгейде болса, 9 айлық пен 12 айлық балалар арасында ана сүтімен тамақтану былтырғы жылмен салыстырғанда төмендеп кеткен.

Аудан бойынша 42 мектеп бар онда 15924 бала оқиды. Аурушаңдық-2690-168,9 промиль. Балабақша саны- 58, 2758 бала барады, аурушаңдық 806-292,2 промиль.



0-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдердің алдын алу тексеруі бойынша жоспарланған 24891 баланың, 12506-50,2 пайызы тексеруден өтті. 3 жасқа дейінгі 1940 баланың 680-35,1 пайызы өтті. Барлық тексеруден өткен баланың алғаш аурушаңдық 22,2 пайызды құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда төмен көрсетіп тұр. «Д» есепте -1497 -12,2 пайыз бала есепте тұрады.

ҚР ДСМ-нің № 786-шы бұйрығына сәйкес тегін дәрі дәрмектің игерілуі 50-65 пайызға игерілді.



Гепатит В және С түрімен скринингтік тексеру: жоспарланған 141 баланың – 40-28,3 пайызы ИФА әдісімен тексеруден өтіп, оң нәтиже шыққан жоқ.

Скринингтік тексеру перзентханада туылған балаларға аурикулодиагностика, фенилкетонурия мен гипотиреозға 671 баланың 659-98,2 пайызы тексеруден өтті. Тексерілмеген 12 баланың, 1- перзентханада шетінеп, 11-і ОПО-қа ауыстырылған.



Кәмелетке толмағандардың арсынан биылға Бесарық елді мекенінен 1 жағдай тіркеліп, өліммен аяқталды.

Мүмкіндігі шектеулі 362 баланың сауықтыру жұмыстары бойынша -149- 41,1 пайызы бала амбулаторлық ем, 69- 19,0 бала стационарлық ем, күндізгі емдеу бөлімінде -31 -8,6 , жоғарғы мамандандырылған емдеу мекемелерінде -29 -8,0, санаторлық ем—12 -3,3 пайызы ем алды.

Аурухананың балалар бөлімі 15 төсектік орынға жұмыс атқарады. 2015 жылдың 6 айында 248 бала ем алып шықты, оның 1 жасқа дейінгісі- 132. Төсек айналымы көрсеткіші 2014 жылмен салыстырғанда 3,3-ке төмендеген. Орындалу пайызы -86,5 (2014 ж- 107,9 пайыз) Биыл ауруханада өлім жағдайы тіркелген жоқ. (2014 ж-1- 0,3 промиль)

Туа бітті жүрек ақауымен 93 бала есепте тұрады, оның 37-не ота жасалған, мүмкіндігі шектеулі бала саны-33.

Аудан бойынша әйелдер саны 40174, оның ішінде ұрпақты болу жасындағылары – 16980. 2015 жылдың 6 айында жүктілікпен есепке алынған әйелдер саны – 967 (2014 жылы - 1040), оның 12 аптаға дейінгісі – 809 – 84% ( 2014 жылы - 919 – 98,5%). 2015 жылдың 6 айында Экстрагениталды аурулардың көрсеткіші бойынша барлығы – 1527 – 160,0 (2014 жылы – 1264 – 135,0) Экстрагениталды аурулар арасында ең жиі кездесетіні анемия – 744 – 75,3 % (2014 жылы – 711 – 76,0 % ), несеп жолдары ауруы - 515 – 43,4 % (2014 жылы – 174 – 40,1%), жүрек қан тамыр аурулары - 17 – 1,9 % (2014 жылы – 21 – 2,2 %) - ды құрап отыр. Экстрагениталды аурулар көрсеткіші жоғары деңгейде сақталынуда (1 жүкті әйелге 1-2 аурудан келеді).

Есептік кезеңде аудан бойынша 949 босану болды. Оның 878 облыс көлемінде болса, 71 әйел облыс көлемінен тыс жерде босанған. 2014 жылмен салыстырғанда босану саны-145-ке азайған. Жүкті әйелдерді босануға жатқызу №17 бұйрыққа сай жүргізілуде, бірақ жүкті әйелдің жүктілігінің асқынуына байланысты жүкті әйелдер жедел түрде ОПО жолдануда.Осындай себеппен биылдыққа 37әйел ОПО жатқызылды. Портал арқылы 187 жүкті әйел жатқызылды.



Мерзімінен бұрын босану 2015 жылдың 6 айында - 44 - 4,6 % (2014 жылы 43 – 4,7%), Кесар тілігі 2015 жылдың 6 айында – 82 - 8,6 % (2014 жылы 73 – 7,8%),

2015 жылдың 6 айында 956 (949 роды + двойня –7 бала) бала туылды, оның тірі туылғаны 942, оның ішінде шала туылғаны – 44 - 4,6 %, 2014 жылы 915 (910 роды + двойня - 5) бала туылды, оның ішінде 909 тірі бала туылды,оның ішінде шала туылғандар – 43 - 4,7%.

Перинаталды өлім көрсеткіші 17-10,7‰ (2014 жылы – 9 - 9,8%), оның шала туылғаны 7 - 41,1% (2014 жылы – 6 - 66%). Ерте неонаталды өлім 3-3,1‰ (2014 жылы 3-3,3%), өлі туылу – 14-14,6 ‰ (2014жылы – 6 - 6,5%). Былтырғы жылмен салыстырғанда перинаталды өлім көрсеткіші 6,5‰ – тен 14,6 ‰ көбейген.

Перинаталды өлімнің құрылымында мерзімінде туылғандармен мерзімінен бұрын туылғандардан 2-ге артып тұр. (2014 жылы -1:2). Перинаталды өлімнің себептері:



І- орында – Ұрықтың құрсақ ішілік гипосиясы мен асфиксиясы 6-60% ,(2014- 1-33%)

ІІ-орында – СДР -4-40 % .


Перинаталды өлімді азайтудың жолдары:

1 . №452 бұйрыққа сай туу жасындағы әйелдердің экстрагениталды ауруларын ерте анықтап, жүктілікке дейін сауықтыру.

2 . Осы бұйрық бойынша «А» тобына жататын әйелдерді жүктілікке алдын-ала дайындау алгоритмін сақтау.

3 . «Б» тобына жататын әйелдерді контрацепциямен қамтамасыз етуді арттыру.

4 . Жүктіліктің асқынуларын ерте анықтау, уақытылы ауруханаға жатқызу.

5 . Жүктілікті жүргізу және босанудың дұрыс тәсілін анықтау.

6. Ұрықтың патологиясын уақтылы анықтап, емдеу.

Ана өлімі тіркелген жоқ. (2014ж -0, 2015-0ж)

Аборттар.

Жарты жылдық қорытындысы бойынша барлығы 39 - 4,1 % аборт жасалынды (2014 ж – 29 - 3,1%), оның ішінде - түсік саны 27, мед.аборт - 12.



Критикалық жағдайлар : Жүкті әйелдер арасында критикалық жағдайларға мониторинг жүргізілуде. Атап айтқанда 2015жылдың 6 айында 11 критикалық жағдай тіркелсе, оның 2-уі ОПЦ-ға аударылып, тиісті көмек көрсетілді, ал 5 жағдайда ОПО-дан қажетті мамандар келіп, емдеу шараларын толықтырды, ал 4 жағдайда орталық ауруханада мамандар тиісті шаралар қолданып, көмек көрсетті. Себептері: Эклампсия-3, Преэклампсия ауыр дәрежесі-1, Мерзімінен бұрын жолдасының ажырауы. Қан кету-7.

Жүктілікке абсолютті карсы көрсеткіші бар әйелдер саны -173. Оның ішінде қазіргі таңда жүктілікпен тіркелгендері-6. Босанғаны-7, оның 2- Алматыда (НЦАГиП), 5- Кызылордада (ОПО).

2015жылы контрацепцияға жұмсалған қаржы-881520тенге, контрацепциямен қамтылу-6914-40%, оның ішінде қауыпты топтағы әйелдердің контрацепциямен қамтылуы-117, әлеуметтік жағдайы төмен топтағы әйелдердің контрацепциямен қамтылуы-207-65%.

2013-2014 жылдары АНУ-дан 3 акушер-гинеколог, 4 акушерка , ЭПУ-дан 2 акушер-гинеколог, 2 акушерка мастер-класстан д2р3с алды.

2015 жылдың қыркүйек айында АНУ-дың облыстық координаторы мен бас маман акушер-гинекологын ауданға шақырып, іс-тәжірибелік көмек көрсетуді ұлғайтпақпыз.



Ұрпақты жастағы әйелдерді сауықтыру мақсатында ҚР ДСМ 03.07.2012 жылғы № 452 бұйрығы бойынша тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп отыр.
Қазіргі таңда туу жасындағы әйелдер 5 топқа бөлініп профилактикалық байқаудан, бас дәрігермен бекітілген кесте бойынша өтіп, контрацепцияға жоспарланып, сауықтыру жұмыстары жургізілуде.

Барлық әйелдер саны - 40174, ТЖӘ — 16980 — 49,4% құрайды. Туу жасындағы әйелдердің контрацепциямен қамтылғаны – 902 - 9,4%, 1Б топтағы әйелдер саны – 926 - 9,6%, 1Б топтағы әйелдердің контрацепциямен қамтылғаны – 342 (1Б топтағы әйелдер санының – 36,9%, 2Б, 3Б, 4Б топтардағы (ЭГЗ және гинекологиялық ауруларымен) 6382- 66,7%, олардың контрацепциямен қамтылғаны – 338 – 5,2%, 2В бақылау тобындағы әйелдер саны 172 – 1,7%, контрацепциямен қамтылғаны – 110 – 63,9%, 5-ші бақылау тобындағы әйелдер саны – 244-2,5% контрацепциямен қамтылғаны – 112, яғни 45,9 пайызды құрайды. 1А, 2А, 3А, 4А бақылау топтарындағы әйелдер саны – 1833-19,1%, олардың предгравидарлық оқытумен қамтылғандары – 236 – 12,8%. Есептік кезеңдегі терапевт, ЖТД туу жасындағы әйелдер - 9557, оның ішінде экстрагенитальды аурулармен анықталғаны – 2063, жүктілікке қауіпті эктрагенитальды аурулармен анықталғандары – 6, әлеуметтік қауіпті топтағы анықталған әйелдер – 15, есептік кезеңдегі акушер-гинекологтармен тексерілген туу жасындағы әйелдер - 7621, гинекологиялық аурулармен анықталған әйелдер – 96, экстрагенитальды аурулармен есепке алынған жүкті әйелдер – 68, жүктілікке қауіпті экстрагенитальды аурулармен есепке алынған жүкті әйелдер – 7, жүктілікке қауіпті экстрагенитальды аурулармен босанған әйелдер – 7, контрацепциямен қамтылғаны – 5, кезең соңында қауіпті болып табылатын экстрагенитальды аурулармен тұратын жүкті әйелдер – 6.

Аудандық аурухананың 2015 жылдың І-жарты жылдығында атқарған жұмыстары

2015 жылы ауданның 81249 халқына, 160 төсектік аудандық орталық аурухана, 15 төсектік тәулік бойы қызмет атқаратын Төменарық ауылдық бөлімшесі, 10 төсектік тәулік бойы қызмет атқаратын Қандөз, Талап, Қожакент ауылдық бөлімшелері, 8 төсектік тәулік бойы қызмет атқаратын Келінтөбе ауылдық бөлімшесі, 7 төсектік тәулік бойы қызмет атқаратын Бірлік ауылдық бөлімшелері жұмыс жасайды.



Тұрғындарды төсек-орынмен қамтамасыз етілуі: 10 мың тұрғынға шаққанда 2015жылы-27,0(облыс 100 мың тұрғынға шаққанда 2015 ж – 24,4 –ні) құрады.

Ауруханаға жатқызу жоспары: 2015 жылдың І- жарты жылдығында науқасты жатқызу жоспары - 4354. Жатқызылған науқас саны - 4461, яғни 107 науқасқа артық жатқызылған. Ол 2,3 пайызды құрайды.

Төсек жұмысының атқарылуы: Аурухана бойынша жалпы орташа жату күні -7,6 (2014ж-7,7), төсектің орындалу пайызы - 94,5 % (2014ж - 105,4%) 2014 жылмен салыстырғанда 10.9 пайызға кем.Төсек айналымы - 20,3 (2014ж - 21,0), 2014 жылмен салыстырғанда 0,7-ге аз. Төсек жұмысы -153,5 (2014ж - 163,6) 2104 жылмен салыстырғанда 10,1 көрсеткішке төмен.

Өлім көрсеткіші: 19 - 0,4 % (2014ж 19 - 0,4%). 2014 жылмен салыстырғанда бір көрсеткішті құрап отыр. Қайтыс болған науқастарға патанатомиялық зерттеу жүргізілмеген.

Өлім көрсеткішін бөлімше бойынша талдасақ: Хирургия бөлімшесі - 3, Терапия бөлімшесі - 13, жұқпалы аурулар бөлімшесі - 3.

Жатқызылу тәртібі: 2015 ж І-жарты жылдығында емделіп шыққан науқастардың жоспарлы түрде түскені – 1536 - 35,0% , шұғыл түскені – 2925 - 65,0%. БМСКК жолдамасымен – 2467 - 55,3%, аудандық емханадан – 835 -18,7%, жедел жәрдем арқылы – 611 - 13,6%, өздері келіп қаралғаны – 524 -11,7%, тағы басқалары – 11 - 0,2%.

Бюро порталдың мәліметі бойынша: 2015 жылдың 6 айында шеттетілген науқас тіркелген жоқ.

Науқастарды стационарлық электронды бағдарламаның 2015 ж І-жарты жылдығында негіссіз (деффект) жатқызылған науқастар туралы мәліметі (ЭРСБ) бағдарламасының қорытындысына сәйкес: Тәулік бойы стационарда ем алған 1113 науқастың стационарлық медициналық карталарын емдеу, диагностика хаттамаларына сай жүргізілмеуі және амбулаториялық-емханалық ұйымдарымен күндізгі стационарда жүргізіп ем алу қажеттілігін анықтап, негізсіз (деффект) жатқызылғанын көрсетіп отыр. Бұл жалпы 2015 ж. І-жарты жылдығында емделіп шыққан 4461 науқастардың 24,9 пайызын құрап отыр

Диагноз қайшылығы: 2015ж. І-жарты жылдығында стационарға жатқызылған науқастардың 10 диагноз қайшылығымен жатқызылғандар. Бөлімше бойынша сараптасақ хиругия-2, балалар бөлімі-8 науқас. Жолданған емдеу ұйымдары КДП-3, БМСК-5,жедел жәрдем арқылы-2.



Күндізгі стационар: Амбулаториялы-емханалық қызметі бар «Жаңақорған аудандық орталық аурухана» күндізгі емдеу бөлімі- 80 төсек. 2015 жылы емделіп шыққан науқас саны - 1358 (2014ж - 1095) 2014 жылмен салыстырғанда 263 науқасқа артқан, 60 жастан жоғары жатып ем алғаны - 453 (2014ж - 303), мүгедектер - 87 (2014ж - 110), «Д» есептегі науқастар-960, (2014ж-780). Өткізілген төсек күндері- 10864 (2014ж-8760) орташа жату күні-8,0 (2014ж-8,0), төсектің орындалу пайызы-100% (2014ж-78,3%),жақсарумен шыққан науқастар-1217 (2014ж-1011),жазылумен шыққан науқастар-141 (2014ж-81). Күндізгі бөлімге жатып ем алған науқастардың негізгі бөлігін тыныс алу жүйесі бойынша-258, ас қорыту жүйесі бойынша-185, несеп зәр шығару жүйесі бойынша- 422, қан айналым жүйесі бойынша-305, жүйке жүйесінің аурулары-89, сүйек –буын. бұлшық ет жүйесінің аурулары-86, басқалар-13.

Жедел жәрдем бөлімі: : 2015ж. І - жарты жылдыдығында 7472 (2014 - 6952) шақыртылуға жедел жәрдем көмегі көрсетілді. 1000 халыққа шаққанда 251,8 (2014ж - 248,7). 14 жасқа дейінгі көрсетілген жедел жәрдем көмегі - 2076 (2014ж - 1918), 1000 халыққа шаққанда 71,5 (2014ж - 66,1). Шақыртуға жедел жәрдемі кешігіп көмегінің көрсетілуі - 7 (2014ж - 10). Көрсетілген көмек түрлерін сараласақ бақытсыз жағдайына - 156 (2014 - 170), кенеттен ауырып шақырту жағдайына - 6608 (2014 - 6595), жүктілікпен ауырғаны және босанушыларға шақырылғаны - 100 (2014 - 187). Барлық шақыртылуға бөлінген уақыт - 679 сағат (2014ж - 951 сағат). Нәтижесіз шақырту - 3(2014ж-2), негіссіз шақыртуға шеттетілу жасалғаны - 1 (2014ж - 2), Амбулаториялық көрсетілген көмек саны - 53 (2014ж - 35). Стационарға жатқызылуға әкелінген науқас саны - 608 (2014ж - 592), стационарға жатқызылғаны - 550 (2014ж - 559), стационарға жатудан бас тарқан науқас саны - 58 (2014ж - 33). Стационардың қорытынды диагнозымен сйәкестігі 548 (2014ж - 556).

Телемедицина: 2015 жылдың І - жарты жылдығында - 79 (2014ж - 49) телеконсультациямен, телеконференциялар өткізілді.

Санавияциялық көмек: 2015жылдың І - тоқсанында 101 науқас облыстық емдеу мекемелеріне жолданып, 131 науқасқа облыстық мамандар келіп және телефон арқылы кеңестері берілді. (Облыстық емдеу мекемелеріне жолданған науқастарды сараласақ. 37 - і облыстық медициналық орталықтың инсульттік бөліміне, 4 - уі облыстық медициналық орталықтың хирургия және нейрохирургия бөліміне, 5 - і кардиологиялық орталыққа, 47-і облыстық перинатальдық орталыққа, 4-уі облыстық балалар ауруханасына жолданды . Сондай ақ 131 науқасқа мамандар шақыртып кеңес алынғаны , кеңес алынған бөлімшелер перзентхана,ренимация бөлімшелері -101, хирургия бөлімі-2, терапия бөлімі-22, балалар бөлімі-2, гинекология-1, инфекция-2)

Талдаулар: Аудандық орталық аурухана әкімшілігі 2015 жылдың І-жарты жылдығында 19 рет Емдеу-бақылау және сапа кеңесінің кезекті отырысын өткізіп, жіберілген кемшіліктеріне сәйкес дер кезінде жауапты мамандардармен талдау жүргізіп, түсініктері алынып жіберілген кемшіліктеріне байланысты әкімшілік тарапынан шаралар көруге ұсыныстар жасалынды.

Енді бөлімшелер бойынша:

Перзентхана бөлімшесінде: 2015 жылдың І- жарты жылдығында 680 (2014ж-851) әйел босанып шыққан, 2014 жылдың І-жарты жылдығымен салыстырғанда 171-ге азайған;орташа жату күні-3,7 (2014-4,4), төсек жұмысы -126,4 (2014ж-173,1) орындалу пайызы-74,4% (2014ж-108,3%), үйде босанғаны-3-0,4% (2014ж-7-0,8%); уакытылы босану- 661 - 98,0% (2014ж-831-97,1%); егіз босану-0-0,0% (2014ж-3-0,3%) операция кесар,сечение-14-2,0% (2014ж-29-3,4%) 15-ке азайып-1,4% құрады,акушерлік кышқашпен алу-2-0,3% (2014ж-2-0,2%), босанғаннан кейінгі қан кету-7-0,8% (2014ж-7-0,8%) гестозбен босанғаны-12-1,8% (2014ж-11-1,2%) преэклампсия жеңіл түрі-9-1,3% (2014ж-8-0,9%) преэклампсия ауыр түрі-2-0,3% (2014ж-3-0,3%) эклампсия-1-0,2% (2014ж-1-0,2%) перинатальді өлім-7-10,3% (2014ж-3-3,5%) 4 –жағдайға өскен, өлі туылғаны-6-8,9% (2014ж-3-3,5%) 3 жағдайға артты, антенаталді өлім-6-100% (2014ж -3-100%) 2 жағдайға артқан, интранатальді өлім-0-0,0% (2014-0-0,0%), нәрестелердің аурушандығы-41-61,1% (2014ж-76-88,9%). 35 жағдайға төмендеген- 27,8 пайызды құрады.

Жүктілік патологиясы және гинекология бөлімшесі бойынша:571(2014ж-564) науқас емделіп шыққан: төсек айналымы-38,6 (2014ж-28,2) орташа жату күні—6,7 (2014ж-6,5) төсек жұмысы-190,4 (2014-208,1) орындалу пайызы-112,0 (2014ж-130,1) жоспарлы жатқызылғаны-145 (2014-75) жедел түрде-426 (2014-489).Жасалынған операциялар -4( Құрсақтан тыс жүктілік-2, кіші кесар тілігі-0,аналық без кистасы-1, апоплексия яичника-0, жатыр перфорациясы (ампутация матки)-0, ампутация матки (миома матки)-1, удаление плипа шейки матки-0). (2014-9) . 2014 жылы бөлімшеде тіркелген түсік саны- 72 (2014ж-59) оның ішінде ерте түсік саны-58 (2014ж-38), кеш түсік саны -14 (2014ж-10), жасанды түсік саны -31(2014ж-11) медициналық көрсетілім бойынша жасалынған.

Балалар бөлімі бойынша:2015жылдың І-жарты жылдығында -248 (2014-296) бала емделіп шығып, 48 жағдайға азайған, орташа жату күні-9,0 (2014-9,0), төсектің орындалу пайызы-86,5 (2014-107,9)-21,4% кем.Бөлімшеде 2015 жылдың І жарты жылдығында қайтыс болған бала-0 (2014-1). Жоспарлы түрде жатқызылғандар саны-7 (2014-11). Жандандыру бөлімінде ем алған бала саны-54, оның ішінде 5 балаға санавияция шақырылды. Телемедицина, телефон арқылы кеңес алынғаны-0. Бірден жандандыру бөліміне түскені-45, балалар бөлімінен ауысқаны-5. Жандандыру бөлімінде орташа жату күндері 3 күннен аспаған. 5 бала облыстық балалар ауруханасына келісім бойынша емін жалғастырып тексерілу мақсатында ауыстырылды. Емделуге түскен аурулардың дерт анықтамасымен қарама қайшылығы 2015 жылдың І жарты жылдығында-8 ( емхана-1, жедел жәрдем-2, БМСКК-5) (2014ж-9).

Терапия бөлімі бойынша: 2015жылдың І-жарты жылдығында -731 (2014-609) наукас емделіп шыккан. 2014 жылмен салыстырғанда 122 наукаска өскен.Орташа жату күні-8,7 (2014-8,7), төсектің орындалу пайызы-112,7(2014-112,3), 0,4% артқан: өлім көрсеткіші-1,8%(2014-1,6%) 0,2 пайызға жоғарылап, қайтыс болған наукастардың саны-13 (2014-10) болып, 3 жағдайға көтерілген, емделіп шыққан наукастардың жоспарлы түскені-351 (2014-248), шұғыл түрде жатқызылғаны-380(2014-368), 103 жағдайға жоспарлы жатқызылғандардың саны артқан. Жатқызылған науқастарды сараласақ Емхана рақылы-77, БМСКК арқылы-455, жедел жәрдем арқылы-139, өздері келіп қаралғаны-60, өзге жағдаймен-1.

2015 жылдың 6 айында: Қан айналым жүйесі аурулары-394, тыныс алу жүйесі ауруы-73, ас қорыту жүйесі ауруымен-22, жүйке жүйесі ауруы-19, несеп бөлу жүйесі-5, сүйек-буын, бұлшық ет жүйесі аурулары-46, т.б. аурулар-172.

2015 жылдың 6 айында терапия бөліміне жедел коронарлы синдром диагнозымен 8 науқас жатқызылды, оның 3-уі ЖКС ST тісшесінің жоғарлауынсыз диагнозымен ОМО-ның кардиология бөліміне ауыстырылды: екеуіне тромболизис жасалынып ОМО Кардиология бөліміне ауыстырылды. 4- науқас ЖИА инфаркт миокарды жеделдеу кезеңі диагнозымен стационарға жатқызылды, 1-науқас ЖИА тұрақсыз стенокардия диагнозымен ОМО кардиоорталыққа ауыстырылды. (инфаркт миокардының жеделдеу кезеңінде түсуіне байланысты тромболизис жасалынған жоқ).

Жедел ми қан айналымы бұзылысы диагнозымен 74 науқас жатқызылды, 51-і ишемиялық, 22-сі геморрогиялық инсульт. Оның 5 науқас стационарда қайтыс болды (5- геморрагиялық инсульт ).



Жұқпалы аурулар бөлімшесі бойынша:2015жылдың І-жарты жылдығында -628 (2014ж-614) емделіп шықты. Орташа жату күні-7,1(2014ж-7,4) төсектің орындалуы-92,7%(2014ж-98,0%) толық жазылып шыққаны-584-93,%(2014ж-563-91,2%); жақсарып шыққаны-42-6,6% (2014-35-5,6%), өзгеріссіз шыққаны 2-0,3%(2014ж-19-3,0%) өлгені-3-0,4 пайыз (2013ж-2-0,3 пайыз) қайтыс болған.

Аурухана ішілік жұқпалы ауруларды бақылау жасау жұмысы:2015 жылдың І-жарты жылдығында барлығы-495(2014ж-340) санитарлық-бактериологиялық зерттеулер жүргізген, оның ішінде хирургия бөлімінен, перзентхана бөлімінен, жүктілік патология-гинекология бөлімінен, қабылдау бөлімінен,тері жіңішке аурулар бөлімінен,күндізгі стационардан оң нәтиже берген. Осы атап көрсетілген зерттеу нәтижелері бойынша №364 қаулыға сәйкес іс-шаралар жүргізіліп, қадағаланды. Бөлім меңгерушілеріне санитарлық ұйғарым беріліп, жасалынған жұмыстары қадағаланды. АИТВ-ға 339 науқас тексерілді. 2015 жылдың 6 айлығында хирургиялық жарақатты инфекция анықталған жоқ, босанудан кейінгі асқынулар, ауруханаішілік инфекция тіркелеген жоқ. ҚР Үкіметінің 12.01.2012ж. №33 қаулысына сәйкес аурухананың хирургиялық ота жүргізу жұмыстарымен хирургиялық әдістерге қатысы бар және ине шаншу, таңу, егу бөлмелерінің 186 медицина қызметкерлері ВГВ және ВГС маркерлеріне ИФА әдісі арқылы тексеруден өткізіліп, оң нәтиже анықталғаны 2-у, қайта тексеруге жіберіліп, оң нәтиже анықталғандарға бас дәрігердің атына мәлімдеме жазылып, жұмыс орындарын басқа жаққа ауыстырылды. Науқастар арасында ИФА әдісі арқылы 91 науқас тексеруден өттті, оның 10 науқастан ВГВ анықталды.

Пат-анатомиялық қызмет жайында: 2015 жылдың І-жарты жылдығында қайтыс болғандардың саны-19 ересекпен, балалар; пат-анатомиялық тексерулер саны-5 (2014ж-3), барлығы перинатальдық өліммен тіркелгендер. Клиникалық диагноз және патанатомиялық қорытынды бойынша қарама қайшылық-0.Патанатомиялық зерттеу былтырғы жылмен салыстырғанда 2 жағдайға, яғни 3,3 пайызға азайған.

Ақпараттық-насихат жұмыстары

Аурудың алдын алу, халық арасында ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында Салауатты өмір салтын қалыптастыру, емхана жанындағы денсаулық мектептерімен тығыз байланыс орнатылып, 2014 жылы көптеген бірлескен іс - шаралар ұйымдастырылды. Сондай - ақ сала жұмысындағы жаңалықтар мен түрлі аурулардың алдын алу жөніндегі танымдық мақалалар жарияланып келе жатқан ауданымыздың денсаулық сақтау саласының төл басылымы «Денсаулық – ұлт байлығы» газеті тұрақты шығарылып, халыққа таратылуда.



Алға қойылған мақсаттар


  • Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының индикаторлық көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету;

  • Ана мен бала және ұрпақты болу жасындағы әйелдердің денсаулығын қорғау жұмысын жандандыру;

  • Скринингтік бағдарламалардың орындалу сапасын арттыру;

  • Онкологиялық және туберкулездік қырағылықты арттыру;

  • Емдеу-диагностикалық жұмыстарын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында аудан бойынша медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктерін жетілдіру және мастер-класс тәжірибесін тиімді пайдалану;

  • Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің қолжетімділігін арттыру;

  • Емдеу және алдын алу ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту;

  • Өз деңгейінде орындалмаған көрсеткіштер бойынша нақты жұмыстар жүргізілетін болады;

  • Медициналық қызмет этикасы мен медициналық деонтология мәселелері қатаң назарға алынып, азаматтарды қабылдау, арыз-шағым мәселелеріне баса мән берілу;

  • Емдеу және алдын алу ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында нақты шаралар қабылдау;

  • Қазіргі заман талабына сәйкес электронды ақпараттық жүйелер жұмысы жетілдіру;

  • Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы және Қазақ Хандығының 550 жылдығы аясында облыстық іс-шаралар жоспарын басшылыққа ала отырып, тиісті жұмыстарды ұйымдастыру;

  • Аудандық орталық аурухана мен аудандық туберкулезге қарсы күрес диспансерімен, сондай-ақ тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасымен бірлескен іс-шара жоспары аясында жұмыстарды жалғастыру.



«Амбулаториялық-емханалық қызметі бар

Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы»

ШЖҚ МКК бас дәрігері : С.Е.Ысқақов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет