Бағдарламасы Жосалы кенті, 2015 жыл Мазмұны



бет2/9
Дата04.07.2016
өлшемі0.85 Mb.
#176008
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Агроөнеркәсіп кешені
Аудан экономикасын дамытуда агроөнеркәсіп кешенінің маңызы зор.

2011 жылы ауылшаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 5 165,9 млн. теңгені құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 89,8 пайызды құрады.

2012 жылы ауылшаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 6 009,4 млн. теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 109,6 пайызға артты.

2013 жылы ауылшаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 6 032,6 млн. теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 101,2 пайызға артты.

2014 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 5 910,2 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 97,0 пайызды құрады.
Ауылшаруашылық өнімінің жалпы көлемі (млн.теңге)

Көрсеткіштің аты

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл



Ауылшаруашылық өнімінің жалпы көлемі, млн.теңге

5165,9

6009,4

6032,6

5910,2

Өткен жылға, %

89,8

109,6

101,2

97,0

2011 жылы аудан бойынша 21395 га жерге ауыл шаруашылық дақылдары егілді.

2012 жылы ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары бойынша 20 246 гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдары орналастырылды.

2013 жылы ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары бойынша 20 542 гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдары орналастырылды

2014 жылы ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары бойынша 21 403 гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдары орналастырылды



Егін шаруашылығының даму динамикасы.

Егіс көлемі, гектар




2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Жалпы егіс көлемі, мың гектар

21395

20246

20702

21387

Дәнді дақылдар

12305

11820

12559

14421

оның ішінде: күріш

12265

11770

12509

14321

картоп

1399

1400

1400

1082

көкөніс

827

690

690

507

бақша дақылдары

688

688

825

703

Барлық жиналғаны, тонна

күріш

52996

52136

48144

50989

картоп

13960

21790

21457

16632

көкөніс

8985

12273

14166

8415

бақша дақылдары

8295

13149

14825

12675

Орташа өнімділік, центнер/гектар

күріш

43,2

43,5

39,1

38,8

картоп

99,9

155,6

155,5

153,7

көкөніс

108,4

178,1

175,8

166,0

бақша дақылдары

121,1

191,3

207,0

180,3

2011 жылы ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекет тарапынан барлығы 355 505 мың. теңге субсидия берілді.

2012 жылы ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекет тарапынан барлығы 319 140 мың. теңге субсидия берілді.

2013 жылы ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекет тарапынан барлығы 454,8 млн. теңге субсидия берілді.

2014 жылы ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекет тарапынан барлығы 676,6 млн. теңге субсидия берілді.

2015 жылы ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекет тарапынан барлығы 603,5 млн. теңге субсидия берілді.

2011-2014 жылдарда мал басының динамикасы

мың бас


2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл



2014 жыл

%


2013 жыл

Мал басы:
















МІҚ оның ішінде:

22,1

23,0

23,8

23,3

98,0

Сиыр

10,1

10,3

11,4

11,1

97,4

Қой-ешкі

47,8

50,4

48,8

43,5

89,1

Жылқы

3,4

4,2

4,7

4,6

98,0

Түйе

1,9

2,1

2,3

2,3

100,0

2011 жылы мүйізді ірі қара 22100 бас, қой және ешкі 47800 бас, жылқы 3400 бас, түйе 1900 бас, болды. 2010 жылмен салыстырмалы түрде мүйізді ірі қара 1,0 пайызға, жылқы 10,0 пайызға өсті.

Аудан бойынша 3 335 тонна ет, 4 534 тонна сүт, 1249 мың дана жұмыртқа өнімдері өндірілді.

2012 жылы мал саны өткен жылмен салыстырғанда өсіп отыр. Атап айтқанда мүйізді ірі қара 4,0 пайызға, қой мен ешкі 5,0 пайызға, түйе 11,0 пайызға, жылқы 24,0 пайызға өсті.

3 325 тонна ет, 4 618 тонна сүт, 905,0 мың дана жұмыртқа өнімдері өндірілді. 2011 жылмен салыстырғанда сүт өнімдері 101,8 пайызға өсіп, ет 99,7 пайызға, жұмыртқа 72,4 пайызға төмендеді.

2013 жылы мүйізді ірі қара 23800 бас, қой және ешкі 48800 бас, жылқы 4700 бас, түйе 2300 бас, болса, үй құстары 18500 басқа жеткен. 2012 жылмен салыстырмалы түрде мүйізді ірі қара 3,0 пайызға, жылқы 12,0 пайызға, түйе басы 10,0 пайызға, құс 2,0 пайызға өсті.

Аудан бойынша 3 447 тонна ет, 5 315 тонна сүт, 926,0 мың дана жұмыртқа өнімдері өндірілді. 2012 жылмен салыстырғанда ет 103,7 пайызға, сүт 115,1 пайызға, жұмыртқа 102,3 пайызға өсті.

2014 жылдың 11 айында мүйізді ірі қара 23132 бас, қой және ешкі 45676 бас, жылқы 4909 бас, түйе 2366 басқа жеткен. 2013 жылдың тиісті кезенімен салыстырмалы түрде мүйізді ірі қара 9,3 пайызға, жылқы 14,8 пайызға, түйе басы 0,3 пайызға пайызға өсті.

Аудан бойынша 3 107 тонна ет, 5 266 тонна сүт, 721,60 мың дана жұмыртқа өнімдері өндірілді.

2012 жылы мал басын асылдандыру жұмыстарын жандандыру мақсатында «Сыбаға» бағдарламасы аясында несие арқылы шаруа қожалықтары 9 бас асыл тұқымды қазақтың ақ бас сиырының бұқасын және 92 бас аналық сиыр сатып алды.

2013 жылы Мал басын асылдандыру жұмыстарын жандандыру мақсатында «Сыбаға» бағдарламасы аясында несие арқылы шаруа қожалықтары 13 бас бұқа және 215 бас аналық сиыр сатып алды.

2014 жылы «Сыбаға» бағдарламасы аясында 5 шаруа қожалығы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Қызылорда филиалынан 48,0 млн теңге несие алып, оған 267 бас аналық, 14 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды.

«Құлан», «Алтын асық», «Ырыс» бағдарламалары аясында Қармақшы ауылдық округіндегі «Ибрагим» шаруа қожалығы 5,0 млн.теңге, Ақтөбе ауылынан Сәрсенов Қалдыбай 4,0 млн. теңге көлемінде қаржыға қой шаруашылығын дамытуға ниет білдіріп, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан несие алуға құжаттар даярланды. Сол сияқты Ақжар ауылының тұрғыны Сайлаубеков Өркен 250-300 бас қой алып өсіруге, Жаңажол ауылынан 40-50 бас көлемінде қой өсіруге ниет білдіріп, олардың құжаттарын даярлау жұмыстары жасалуда.

2015 жылы «Сыбаға» бағдарламасы аясында 4 шаруа қожалығы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Қызылорда филиалы және «Қорқыт елі НС» ЖШС арқылы 22,5 млн теңге несие алып, оған 126 бас аналық, 4 бас асыл тұқымды бұқа алып, тұқымдық түрлендіруге қатыстырылды.

«Құлан» бағдарламасы аясында Қармақшы ауылдық округінен Жеке кәсіпкер Б.Қыстаубаев 7,0 млн теңге, Ақтөбе ауылдық округінен «Дос» шаруа қожалығы 5,5 млн теңге несие алып, 55 бас бие, 6 бас асыл тұқымды айғыр алып өсіруде. Иіркөл ауылдық округінен «Сүйінтай» шаруа қожалығы 11,0 млн теңгеге жобасын өткізіп,қаралуын күтуде.

Жергілікті мал тұқымын асылдандырудың өнімділігі мен сапасын жақсартуға байланысты «Казагромаркетинг» акционерлік қоғамының ақпараттық талдау жүйесіне 22 шаруашылық енгізілсе, оның 19-ы тұқымдық түрлендіру талаптарына сай жұмыс атқаруда.

Ауданда 2015 жылдың 1 қаңтарына жалпы 10749 бас аналық болса, оның 1245 басы тұқымдық түрлендіруге қатыстырылып, 11,6 пайызын құрады.
Агроөнеркәсіп кешенінде негізгі проблемалар:

-ауыл шаруашылығы техникаларының физикалық және моральдық тозуы;

-шаруашылық құрылымдардың қажетті көлемде техника сатып алуға мүмкіншіліктерінің жоқтығы;

-ауыл шаруашылығы өндірісінің майдалануы;

-толық мөлшердегі құрама жемнің жетіспеушілігі және оның салдарынан мал мен құстар өнімділігінің төмендеуі;

-азық-түлік тауарларының ішкі нарығында терең өңделген өңірлік тауарлар үлесінің төмендігі;

-экономиканың аграрлық саласына инвестиция тарту деңгейінің төмендігі;

-жайылымдық жерлердің тозуы;

-шалғайдағы жайылымдық жерлерді қалпына келтіру үшін суландыру көздерін жөндеу жұмыстарының кешеуілдеуі;

-өңірде мал шаруашылығы өнімдерін (жүн, тері, елтірі) өңдейтін кәсіпорындардың болмауы.


Шағын және орта бизнес, сауда
2011 жылы ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1996 бірлікті құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 3,8 пайызға өсіп отыр. Онда жұмыспен қамтылғандар саны 4683 адамды құрап, 8,4 пайызға көбейген.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында 820,3 млн. теңгенің өнімі өндіріліп (тауарлар, жұмыстар мен қызметтер), 2010 жылмен салыстырғанда 16,0 пайызға өсіп отыр.

Сондай-ақ, 2011 жылы шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке түскен салықтар мен түсім көлемі 303,2 млн. теңгені құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 122,6 пайыз болды.

2012 жылы ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2041 бірлікті құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 2,3 пайызға өсіп отыр. Онда жұмыспен қамтылғандар саны 4836 адамды құрап, 3,3 пайызға көбейген.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында 916,4 млн. теңгенің өнімі өндіріліп (тауарлар, жұмыстар мен қызметтер), 2011 жылмен салыстырғанда 11,7 пайызға өсіп отыр.

2012 жылы шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке түскен салықтар мен түсім көлемі 356,1 млн. теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 17,5 пайызға өсті.

Аудан кәсіпкерлері мен тұтынушылары түрлі қаржы ұйымдары арқылы жалпы құны 807,8 млн теңгенің несиесіне қол жеткізді.Оның ішінде 558,0 млн теңгесі тұтыну несиесі болса, 249,0 млн теңгесі нақты жобалар бойынша бөлінген.

2013 жылы ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2223 бірлікті құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 115,0 пайызға өсіп отыр. Онда жұмыспен қамтылғандар саны 2502 адамды құрап, 113,0 пайызға көбейген. Шығарған өнім көлемі 105,3 пайызға, бюджетке түсірілген салықтар мен алымдар 104,6 пайызға өсті.

2014 жылы тіркелген шағын субъектілердің саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,6 пайызға, онда жұмыспен қамтылғандар саны 13,5 пайызға өсті. Шығарған өнім көлемі 9,2 пайызға, бюджетке түсірілген салықтар мен алымдар 2,0 пайызға өсіп отыр.

1000 тұрғынға шаққандағы шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілері саны 3,7 ден 4,0-ке дейін көтерілді.

Шағын кәсіпкерліктегі өзекті мәселелер:

-несиелік ресурстарға шағын кәсіпкерліктің қолжетімділігінің төмен деңгейі (банктік құрылымдардың несиелік ресурстарды берудегі жоғары талап қоюы);

-әкімшілік кедергілерді қысқарту және жеңілдету мақсатында өткізілген шараларға қарамастан, ережелердің әрекет ету механизмінің әлі де қиын және ұзақ үдеріс болып қалуы;

-инновациялық экономикада шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жеткіліксіз қатысуы, яғни бизнесті жүргізу барысында жаңа ғылыми жаңалықтар мен технологиялар енгізудің жеткіліксіз қолданылуы

-шағын бизнестің кредиттік ресурстарына қол жетпеуі;

-өнімдерді өңдеу саласы дамымауы..

Ауданда бөлшек тауар айналымы 2011 жылы 1871,5 млн. теңгені құрады немесе 2010 жылмен салыстырғанда 5,7 пайызға, 2012 жылы 2235,5 млн. теңгені құрады немесе 2011 жылмен салыстырғанда 14,1 пайызға, 2013 жылы 3040,8 млн. теңгені құрады немесе 2012 жылмен салыстырғанда 32,1 пайызға. 2014 жылы аудан бойынша бөлшек сауда тауар айналымы 2 млрд 747 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,5 пайызға өсті.

Инновациялар мен инвестициялар

ҚР Үкіметінің 2010 жылдың 14 сәуіріндегі №302 Қаулысы бойынша индустриаландырудың өңірлік Картасына аудан бойынша 1 жоба іске асырылды Көмірсутек шикізаты мен шайылған мұнай қалдықтарын өңдеу бойынша қондырғы ( «БИС»ЖШС), мұнай өнімдерінің күші – 25,0 мың.тонна/жыл, 20 жұмыс орны құрылды. Жобаның құны – 300,0 млн.теңге. Аймақтық үйлестіру кеңесіне индустрияландыру картасына енгізілуге 2011 жылы 1 жоба, 2012 жылы 4 жоба ұсынылып, қолдау тапты.

2012 жылы «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы бойынша 1 жоба ұсынылып, картаға енді.

Картаға енген «Дорстрой» ЖШС-нің «Қорқыт ата зиярат етушілер орталығы» жобасы. Жалпы құны 450,0 млн. теңгені құрайтын бұл жоба іске қосылды. Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында инфрақұрылым тарту жұмыстары 197,0 млн.теңгеге жүргізілді

2013 жылы облыстық өңірлік индустрияландыру картасына енгізуге аудан тарапынан екі жоба ұсынылып картадан тыс бақылауға алынды. Олар «АНК-Даулет» ЖШС-нің «Темір-бетон бұйымдарын және құрылыс материалдарын шығаратын кіші зауыты» - құны 51,0 млн.теңге, «Мир-2001» ЖШС-нің «Заманауи технология ендіру арқылы бетон бұйымдары цехын ашу» құны 64,0 млн.теңге. Қазіргі таңда «Мир-2001» ЖШС-нің бетон бұйымдары цехы ашылып, өз өнімдерін шығаруда.

2011 жылы аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 1 833,0 млн. теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 22,0 пайызды құрады.

2012 жылы аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 6 679,0 млн. теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 3,6 есеге өсті. Негізгі қорға тартылған инвестициялардың құрылымы қаржыландыру көздеріне қарай мынадай болып қалыптасты: бюджет қаржысының үлесі 32,4 пайыз, басқа көздер үлесі 67,6 пайызды құрады.

2013 жылы аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 49 366 млн. теңге болып, 2012 жылмен салыстырғанда 7,4 есеге артты.

Негізгі қорға тартылған инвестициялардың құрылымы қаржыландыру көздеріне қарай мынадай болып қалыптасты: республикалық бюджет 9,8 пайыз , жергілікті бюджет 2,1 пайыз, жеке қаражат 18,6 пайыз, шетел қаражаты 0,04 пайыз, қарыз қаржылары 69,5 пайыз.

2014 жылы аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 29 116,0 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезенімен салыстырғанда 56,7 пайызды құрады.

Негізгі инвестиция тарту көлемінің төмендеуі себебі аудан аумағындағы бірқатар ірі жобалардың аяқталуына байланысты болып отыр. 2014 жылы 2 үлкен ауқымды «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» және «Бейнеу-Бозой-Шымкент» жобалардың аяқталуынан инвестиция көлемінің серпіні 2013 жылға қарағанда едәуір төмендеді.
2011-2014 жылдарда инвестицияның өзгеру динамикасы млн теңге

Инвестиция

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2014 жыл % 2013 жыл

Барлығы

1833

6679

51 351,0

29 116,0

56,7

Өзекті мәселелер:

-әлсіз салааралық экономикалық интеграция;

-өндірістік инфрақұрылымның дамымауы;

-кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тозуы;

-алдыңғы қатарлы технологиялар мен өнеркәсіптің ішкі төлем-қабілеттілік сұранымының болмауы;



Бағыт: Әлеуметтік сала
Білім

Мектепке дейінгі білім.

«Балапан» бағдарламасы аясында біршама жұмыстар атқарылуда. Ауданда 25 мектепке дейінгі балалар мекемелері бар (1840 бала тәрбиеленуде), (оның 3-уі жеке меншік, 170 бала тартылған).

Сондай-ақ, 20 шағын орталықтар жұмыс жасайды. Бүгінде бұл мекемелер 3-6 жастағы балалардың 94,6 пайызын қамтып отыр. 2014 жылы Төретам кентінен 280 орындық балабақша ашылды.

2015 жылы «Балапан» бағдарламасы аясында Ақай ауылында 280 орындық балабақша, Төретам кентінде 60 орындық жеке балабақша, Жосалы кенінде 70 орындық жеке балабақша пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Бұл мәселелер өзінің толықтай шешімін тапқан кезде, яғни 2015 жылдың аяғына 3-6 жас аралығындағы балалар 100,0 пайыз балабақшамен қамтылатын болады.
Жалпы орта білім

Барлық игіліктің бастауы – білімде. Бүгінгі күні ауданда 22 орта, 1 орталау мектепте білім берудің жалпыға міндетті оқу стандартына сәйкес 8743 оқушы оқып білім алуда.

Аудандық білім бөліміне қарасты мектептерде 1368 мұғалім жұмыс жасайды. Оның ішінде 77 жоғары, 507 бірінші санатты, 417 мұғалім екінші санатты мұғалімдер. Олардың 1233-і жоғары білімді, 7-і аяқталмаған жоғары, 128-і арнаулы орта білімді мұғалімдер.

Балаларға заман талабына сай білім мен тәрбие алуына жағдай жасау мақсатында білім нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, ұстаздардың біліктілік деңгейін көтеруге баса назар аударылуда.

2011-2012 оқу жылындағы Ұлттық бірыңғай тестке 599 оқушының 434-і қатынасты. Оқушының орташа балдық көрсеткіші - 64,92 құрады.

2012-2013 оқу жылындағы Ұлттық бірыңғай тестке өтініш берген 300 оқушының 294-і қатынасты. Аудан мектептеріндегі бітірушілердің орташа балл көрсеткіші – 75,64 болды. ҰБТ қорытындысымен 7 бітіруші «Алтын белгі», 3 үміткер «Үздік аттестат» иегері атанды.

2012-2013 оқу жылында мектеп бітіруші 510 түлектің қазіргі таңда 62-і жұмысқа орналасып, жоғарғы оқу орнына 209 оқушы, грантқа 100 оқушы түсті , оның ішінде облыс әкімінің 14 грантын жеңіп алды.

2013-2014 оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестке өтініш берген 451 мектеп бітірушінің 281-і (62,3%) қатысты. Мектеп бітірушілердің ҰБТ қорытындысымен орташа балл көрсеткіші 76,82. 5 бітіруші «Алтын белгі», 4 үміткер «Үздік аттестат» иелері атанды.

20134-2015 оқу жылында Ұлттық Бірыңғай Тестке өтініш берген 427 мектеп бітірушінің 265-і (62,1%) қатысты. Мектеп бітірушілердің ҰБТ қорытындысымен орташа балл көрсеткіші 83,1.(облыс бойынша орташа көрсеткіші 81,7 балл)

2014-2015 оқу жылына 1 және 2 сыныптағы 1999 оқушы ыстық тамақпен 100,0 пайызға қамтамасыз етіліп отыр.

Ауданда жастар мен жас отбасылар үшін әр түрлі әлеуметтік қызметтерді жүзеге асыру бойынша үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс беруді орналастыру жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, Жастарды қолдау орталығы жұмыс жасауда.

Қармақшы ауданы бойынша 14-29 жас аралығында 13302 жас тіркелген. Бұл аудан тұрғындарының 25 пайызын құрайды. Жыл сайын жастар қоғамдық ұйымдарының, жастардың әлеуметтік маңызды жобаларының және іс шараларының саны артуда.

2012 жылы «Жастар саясаты саласындағы іс-шараларды ұйымдастыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1 796 мың теңге көлемінде қаржы бөлініп, 2 әлеуметтік тарсырысқа конкурс өткізілді. Соған сәйкес, «Қармақшы Жастары» жастар қоғамдық бірлестігі «Жастар арасында діни экстремизмнің көріністерінің алдын алу бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» лоты бойынша, «Қорқыт елі-Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігі «Жастар саясаты саласындағы іс-шараларды ұйымдастыру» лоты бойынша жұмыстар жүргізді.

Жастар ұйымдарының ұйымдастыруымен 2012 жылы діни экстремизм және дінге байланысты басқа да өзекті мәселелер жөнінде барлық кент, ауылдық округтерде «Дін және зайырлы мемлекет», «Дін және жастар», «Дін және қоғам» және басқа да тақырыптық 13 семинар, 31 мамыр – саяси құғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Зұлмат жылдар зобалаңы зардапты» атты митинг, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерінің 20 жылдығына орай «Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер - егіз ұғым» атты мерекелік шара, дүниежүзілік нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Есірткісіз болашақ!», Елбасы Жолдауын жастар арасында насихаттау мақсатында «Жолдаудың сөзі – Жастардың көзімен» атты шығарма байқауы, «Болашақ бүгіннен басталады!» атты акция аясында «Гүлденсін Қармақшы!» тақырыбында тазалық шарасы, «Ескерткіштер - ел мұрасы» атты аудандық акция, 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай жас ақындар мүшәйрасы, тазалық акциясы, спорттық сайыстар мен мерекелік кеш және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақытын тиімді пайдалану бағытында түрлі спорттық, мәдени шаралар өткізілді.

Сонымен қатар, 2012 жылдың ІІ жартыжылдығынан бастап «Қорқыт елі-Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігі облыстық ішкі саясат басқармасы тарапынан «Қызылорда облысы мен Байқоңыр қаласы жастары арасында әріптестік пен қарым-қатынас орнату бойынша қызмет жұмысын ұйымдастыру» жобасына жарияланған конкурстың жеңімпазы болып танылып, Байқоңыр қаласы мен Төретам, Ақай елді мекендерінің жастары арасында түрлі мәдени-танымдық, спорттық шаралар ұйымдастыруда.

Аудан бойынша Көмекбаев елді мекеніндегі №185 орта мектепке тоқсан сайын, Жосалы кенті № 250 мектеп-лицейінің 109 оқушысы, Төретам кентінде №80, №269 Ақай ауылындағы № 99 орта мектептердің оқушылары күнделікті тасымалмен қамтамасыз етілген. Тасымалды қажет ететін оқушылар 100 пайыз тасымалмен қамтылды.

Білім саласы бойынша 2011 жылы Қызылтам елді мекенінде 100 орындық мектеп салынды, Ақай ауылында 600 орындық мектеп салынуда. 2 балабақша (№6, №19 балабақша) және 4 орта мектеп ғимараттарына (№26, №29, №113, №106 мектептер) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2015 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының І - бағыты аясында облыстық бюджеттен 87 857 мың теңге бөлініп, Жосалы кентінде №105 орта мектептің және №2 «Жұлдыз» балабақшасының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Білім саласы мен жастар саясатының өзекті мәселелері:

-12 жылдық білім беруге ауысуына байланысты мектептердің материалдық базасын толықтыру қажеттілігі;

-профессионалды-техникалық бағыттағы мекемелердің материалдық базасының және техникалық қамтамасыз етілуінің төмендігі;

-жастар арасындағы патриоттық сезімнің жеткіліксіз деңгейі;

-жұмыспен қамту нарығында жоғарғы білімі бар болғанмен дара мамандықтарға сұраныстың жоқ болуы.

Денсаулық

«Дені саудың жаны сау» дейді халық даналығы. Осы тұрғыда салауатты өмір салтын насихаттай отырып, халық денсаулығын сақтау және аурудың алдын алу бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Көрсетілген медициналық қызметтің сапасын жақсарту мақсатында жаңа технологиялар ендірілді. Ана мен бала денсаулығын сақтау технологиясы бойынша: Босану кезінде жатырдан қан кетудің алдын алу мақсатында 320,0 мың теңгеге 30 ампула «пабал» дәрісі алынып, пайдаланылды. Жүктіліктің үзілу қаупін тоқтату мақсатында 340,6 мың теңгеге «трактоцил» дәрісі алынып, 12 жүктіліктің сақталынды Осы технологиялар арқасында 2012-2014 жыл аралығында ана өлімі тіркелген жоқ.

Медицина ұйымдарына кезек-кезегімен жаңа нысандар салынуда. Мысалы, Өткен жылы Төретам кентінде ауылдық емхана, Иіркөл, Алдашбай ахун ауылындарында фельдшерлік акушерлік пунктер, Қызылтам елді мекенінде медпункт пайдалануға берілсе, ағымдағы жылы Жосалы кентінде 250 келушіге арналған емхана, Ақай, ІІІ-Интернационал ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылыстары пайдалануға берілді. Жосалы кентіндегі 250 келушіге арналған емхана құрылысы пайдалануға берілді.Сонымен қатар аудандық орталық ауруханасының күрделі жөндеу жұмыстары мен электр желісін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

ІІІ-Интернационал ауылдық аурухана, Ақтөбе, Қармақшы ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылыстарының, аудандық орталық аурухананың кәріз жүйесін, кәріз сарап стансасын, биологиялық тазарту стансасын қайта жаңғырту, су айдау мұнарасын монтаждау жобасының жоба-сметалық құжаттары әзірленді.

Денсаулық сақтау саласының бір мәселесі – кадр тапшылығы. «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы шеңберінде ауданға 24 маман жұмысқа тартылды. Оларды орнықтыру мақсатында 2014 жылы тұрғын үй үшін жеңілдікпен несие (49,5 млн теңгеге) және көтерме жәрдемақы (3,1 млн теңге) төленді.

Төретам кенті мен Ақай ауылында 4 штаттық бірлігі бар қосымша №2 бригада жұмыс жасауда.

Жосалы кенті теміржолдың арғы бетіндегі тұрғындар үшін аудандық емхана бөлімшесі 30,0 млн. теңгеге сатып алынып.

Денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жедел медициналық көмек көрсету қызметіне 5 санитарлық автокөлік және жаңа медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды.

Ауданда демографиялық ақуал жақсаруда. 2013 жылы 1310 бала дүниеге келген, өткен жылдың тиісті кезенімен салыстырғанда 101,5 пайызға өсті, ал өлгендер саны 341 адам болып, өткен жылдың тиісті кезенімен салыстырғанда 9,1 пайызға төмендеген.

2015 жылдың 1 қаңтарына аудан халық саны 53852 адамды құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезенімен салыстырғанда 100,5 пайзыға өсіп отыр.

100,0 мың тұрғынға туберкулезбен ауру деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 78,1 пайызды құрап отыр.

Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында 22 дәрігер 83 орта медицина қызметкерлері біліктілік көтеру оқу орындарында болды. 7 -дәрігер мастер кластық оқуды тәмамдады.

аудан бойынша денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер:

-медициналық кадр жетіспеушілігі және біліктілік деңгейінің төмен болуы;

-әлеуметтік маңызы бар аурулар деңгейінің жоғарылауы;

-медициналық көмек сапасының төмен болуы;

-денсаулық сақтау ұйымдарының материалды-техникалық базасын одан әрі толықтыру.


Халықты әлеуметтік қорғау

2011 жылдан бастап тұрақты және нәтижелі еңбекпен айналысуға ықпал ету жолымен халықтың табысын арттыру мақсатын көздейтін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы №636 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының тапсырмасына сай әзірленген «Жұмыспен қамту-2020 Жол картасы» бағдарламасын (бұдан әрі – Жұмыспен қамту-2020) жүзеге асыру басталды. Бағдарламаны облыста жүзеге асыру мақсатында іс-шаралар Жоспары бекітілді.

Ауданда жұмыспен қамтудың аумақтық комиссиялары құрылды, олардың құрамына мәслихат депутаттары енгізілді. Жұмыспен қамту бағдарламасын табысты жүзеге асыру үшін арнайы ауданда Жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырылды.

2011 жылы бірінші бағыты бойынша орталық арқылы 61 азаматқа қайта даярлау оқу орындарына, 108 азаматқа кәсіптік оқуға жолдама берілді.

Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыс орындары және жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша 151 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына тартылып, 85 азамат жастар тәжірибесінен өтті. 947 жұмыссыздар қоғамдық жұмыстарға тартылып, 1784 жұмыссыз азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша 16,0 млн теңге ұтысқа ие болып, 6 азамат шағын несиелер алды. Олар 18 жұмыссыз азаматты жұмыспен қамтып отыр

Бағдарламаның үшінші бағытына қатысуға Көмекбаев ауылдық округіне қарасты Шобанқазған, Кекірелі елді мекендерінен 48 отбасы 265 адам ниет білдірді. Оның ішінде 44 отбасы Т.Көмекбаев ауылына және 4 отбасы Қызылорда қаласына көшуге ниет білдірген. Т.Көмекбаев ауылындағы екі пәтерлі 15 тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Қазіргі таңда онда, 30 отбасы ( 170 адам ) тұрып жатыр.

Бағдарламаның төртінші бағыты бойынша: Жаңажол, ІІІ– Интернационал ауылдық округтеріндегі орталық алаңдарын абаттандыру жұмыстарына 41,0 млн теңге қаралып, аудан /кент/ ауылдық округ әкімі және шаруа қожалықтары / жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері арасындағы өзара ынтымақтастық туралы келісімдер жасалынды. Қазіргі таңда келісім бойынша тиісті абаттандыру жұмыстары жүргізілді

2012 жылы жұмыс іздеуші ретінде жұмыссыздыққа 2550 жұмыссыз азамат тіркеуге алынды. 858 жұмыссыз азамат ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды. 801 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Аудан бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға мемлекет тарапынан 297,0 млн теңгеге әлеуметтік төлем түрлері төленді. Мүгедектерді әлеуметтік қолдау мақсатында кресло-арбалар, таяқтар мен балдақтар және басқа да құралдармен, қамтамасыз етіліп келеді.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде 2012 жылы кәсіптік оқу курстарына 150 азамат жолданып, 113 азамат оқу орындарымен қамтылды.

Сонымен қатар қайта даярлау курстарына 75 азамат оқу курстарымен қамтылды.Қазіргі таңда қайта даярлау курстарынан өткен азаматтардың 10 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Осы бағдарлама аясында дипломнан кейінгі жастар тәжірибесіне 132 жас маман жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 249 азамат жолданды.

«Нұр-Рай» шағын несие ұйымы арқылы 46 азамат 78 млн теңге шағын несие алып, өз жоспарларына сәйкес жұмыстарын жүргізуде.

Төртінші бағыты бойынша әріптестік аясында мемлекет тарапынан 21,0 млн теңге бөлініп, Жаңажол ауылының 1 көшесі жарықтандырылып, орталық алаңы абаттандырылды. Тағзым алаңы, шаруашылық ғимараты, сауда орталығы мен мейрамхана жеке сектор арқылы абаттандырылды. Бұған «Жаңажол» ЖШС тарапынан 120,0 млн теңге жұмсалды.

Сонымен қатар Ш-Интернационал ауылына 20,0 млн теңге бөлініп, орталық алаңы абаттандырылды.

2013 жыл көлемінде жұмыс іздеуші ретінде жұмыссыздыққа 2441 жұмыссыз адам тіркелді. 815 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 13 мүгедек азамат жұмыспен қамтылды

2013 жылға аудан бюджетінде жұмыссыздарға қоғамдық жұмысқа 38,2 млн теңге қаражат бөлініп, оған 891 жұмыссыз азаматтар жіберілді.

Жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында жыл көлемінде 10 рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіліп, жәрмеңке барысында 165 жұмыссыз азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды.

2013 жылы аз қамтылған 534 азаматтарға 10302,0 мың теңгеге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі 6148 балаға 87564,3 мың теңге мемлекеттік жәрдемақы, 2634 отбасына 133 549 мың теңге тұрғын үй көмегі тағайындалып, төленді.

Сонымен қатар үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек 86 балаға 3409,8 мың теңге әлеуметтік көмек төленді.

2013 жылға жергілікті өкілетті органдардың шешімімен жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмекке облыстық және аудандық бюджеттерден барлығы 51291,0 мың теңге қаржы бөлініп, 891 адамға 51 289,6 мың теңге әлеуметтік көмек көрсетілді.

2013 жылға әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу үшін 2681 адамға 18554,2 мың теңге әлеуметтік көмек көрсетілді

Мүгедектерді әлеуметтік қолдау мақсатында кресло-арбалар, таяқтар мен балдақтар және басқа да құралдармен, қамтамасыз етіліп келеді.

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмекке 2014 жылға жергiлiктi бюджеттен бөлiнген 6989,0 мың теңге қаржыдан 2014 жылы 72 отбасының 332 адамына 6989,0 теңге тағайындалып төленді, қаралған қаржының 100 пайызы игерілді.

Аз қамтамасыз етiлген отбасылардың 18 жасқа дейiнгi балаларына арналған мемлекеттiк жәрдемақысын төлеуге 86405,0 мың теңге қаржы қаралған, оның ішінде 2014 жылы 1832 отбасының 5531 баласына 86391,2 мың теңге жәрдемақысы тағайындалып, жылдық қаржының 100 пайызы игерiлдi.

2014 жылға тұрғын үй көмегі 1941 отбасыға 123597,4 мың теңге көмек тағайындалды.

Үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмекке 3551,0 мың теңге қаржы бөлінді. Ағымдағы жылы 97 балаға 3368,8 мың теңге тағайындалып төленді.

2013 жылы Республикалық бюджеттен «Жастар тәжірибесіне» 90 жас маманды жұмыспен қамтуға 20900,0 мың теңге қаралып, аудан көлеміндегі 66 жұмыс беруші мекемелерге 121 жас маман жолданып, оның ішінен 12 азаматы тұрақты жұмыс орындарына орналасты.

«Әлеуметтік жұмыс» орындарын ұйымдастыруға республикалық бюджеттен 24049,0 мың теңге қаралып, 45 жұмыс беруші мекемелерге 166 жұмыссыз азаматтар жолданып, жыл соңында 50 азамат тұрақты жұмыс орындарымен қамтылды.

2014 жылы аудан бойынша «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына 2014 жылға 489,8 млн теңге қаржы қаралды. 2014 жылы бағдарламаға қатысушы ретінде хабарласқан 560 адаммен әлеуметтік келісім шарт жасалды, оның ішінде өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 80 адам, жұмыссыздар саны – 480адам.

Бірінші бағыты бойынша ауданда 4 жобаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен 186,1 млн теңге, жергілікті бюджеттен 18,8 млн теңге, барлығы 204,9 млн теңге қаржы қаралған. Жоспарланған 4 жобаға, атап айтқанда, Жосалы кентіндегі №6 «Айсұлу» балабақшасы және Иіркөл ауылындағы №106 орта мектеп, Тұрмағанбет ауылындағы №29 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстары мен ІІІ-Интернационал ауылындағы ауылдық дәрігерлік амбулаторияның құрылысына жұмыссыз азаматтар есебінен үстіміздегі тамыз айының 15-ші жұлдызына 12 адам (70,6%) жұмыспен қамтылды. (жоспар 17 адам).

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша республикалық бюджеттен 1 кезеңге (транш) көлемі 217,40 млн теңге қаржы қаралған. Қаралған қаржы есебінен 109 азаматқа шағын несие тарату жоспарланған. Несие қаржысының 100,4 млн теңгесі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалына бөлініп, бүгінгі күнге 55 азаматқа 100,4 млн теңге шағын несие қаржысы таратылып толық игерілді.

Ағымдағы жылғы 1 кезеңге бөлінген қаржының 117, 0 млн. теңгесі «Байқоңыр» Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациясы» Ұлттық Компаниясы» АҚ-ына бөлініп шағын несие ұйымдары, кредиттік серіктестіктер арасында конкурс жарияланып, конкурс қортындысы бойынша «Нұр-Рай» ШНҰ» ЖШС 108,0 млн. теңгеге жеңімпаз болып танылды. Бүгінгі күнге 42 азаматқа 108,0 млн теңге шағын несие таратылып игерілді.

«Наурыз-Орда» кредиттік серіктестігі» ЖШС №7 лот бойынша 9,0 млн теңгені таратуға жеңімпаз болып танылып, кредиттік серіктестіктің 3 құрылтайшысына 9,0 млн. теңге шағын несие қаржысы таратылып игерілді.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша жоспарға сәйкес 90 адам «кәсіпкерлік негіздері» курстарымен толық қамтылды. Шағын несиелендіруге республикалық бюджеттен 1 кезеңге (транш) 109 адамға 217,4 млн тенге қаржы қаралып бүгінгі күнге 122 адамға 257,3 млн теңге шағын несие қаржысы беріліп толық игерілді.

Бағдарламаның «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмыспен қамтамасыз ету» жөніндегі үшінші бағытының 1 компоненті «Оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойынша республикалық бюджеттен «Кәсіптік даярлау курсына» -90 адам жоспарланып, 14722,0 мың теңге, «Қайта даярлау курсына» -40 адам жоспарланып, 6317,0 мың теңге, «Біліктілігін арттыру курсына» – 20 адам жоспарланып, 2473,0 мың теңге қаржы қаралған.

«Оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойынша кәсіптік даярлау оқу курстары ағымдағы жылдың қыркүйек айынан басталады деп жоспарлануда. Жұмыс беруші мекемелер тарапынан Төретам кентінде орналасқан «Болашақ-Құрылыс» ЖШС-гі 16 мамандық бойынша 123 азаматты оқытуға сұраныс беріп, 10 айлық кәсіптік оқу курстарына 90 адамға жолдама берілді.

«Біліктілігін арттыру курсына» – 20 адам жоспарланып, 2473,0 мың теңге қаржы қаралған. 2014 жылғы тамыз айының 14-ші жұлдызынан бастап жұмыс беруші мекемелерден түскен сұранысқа сәйкес мемлекеттік тапсырыс негізінде Байкоңыр «Космос» колледжімен келісім-шарт жасалынып, 20 жұмыссыз азамат біліктілігін арттыру курстарымен қамтылып оқуда.

«Кәсіптік оқуға» - 90 адам жоспарланып, 90 жұмыссыз адам кәсіптік оқу курстарымен қамтылып оқуда. Оның ішінде: «Қызылорда политехникалық колледжі» газбен және электрмен дәнекерлеуші мамандығына-5 адам, аспазшы мамандығына-6 адам; «Қызылорда құрлыс және бизнес колледжіне» Ағаш ұстасы мамандығына-6 адам; Қызылорда «Қызмет» колледжіне Шаштараз мамндығына-4 адам, Бастауыш білім беру мамандығына-2 адам; Байқоңыр «Космос» колледжіне Үйлермен мен ғимараттар салу және пайдалану мамандығына-13 адам, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығына-15 адам, Қармақшы «Аграрлы-техникалық колледжіне» Аспазшы мамандығына-13, тігінші мамандығына-14, электромонтер мамандығына-12 адам.

2014 жылғы жоспарға сәйкес «Жастар тәжірибесіне» 100 жас маманды уақытша жұмыс орындарымен қамту жоспарланған. Республикалық бюджеттен қаралған қаржы көлемі 20026,0 мың теңге. Қазіргі таңда жастар тәжірибесіне 125 жас маман 62 мекемеге жұмысқа тартылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 85 адам үшін республикалық бюджеттен қаралған қаржы көлемі – 19285,0 мың теңге. Қазіргі таңда әлеуметтік жұмыс орындарына - 239 адам 49 мекемеге жұмысқа тартылды.

Үшінші бағыттың ІІ компоненті бағыты бойынша Т.Көмекбаев ауылында салынуға жоспарланған 7 екі пәтерлі қызметтік тұрғын үйдің құрылысына 10 пайыздық үлесін қосқан ЖШС «Дарын-Ж» мекемесі. 2013 жылы республикалық бюджеттен 84762,0 мың тенге қаралып, инженерлік инфрақұрылымын дамытуға 2014 жылы бөлінген қаржы көлемі 7041,0 мың теңге толық игеріліп пайдалануға берілді.

Өзекті мәселелер:

-аймақтың экологиялық кедейшілік аймаққа жататындығы;

-сұраныс бойынша қажетті (жеткілікті) жұмыс күшіне деген ұсыныстың болмауы;

-кейбір мәселелер бойынша әлеуметтік қорғаудың құқықтық базасының жетілмегендігі.



Мәдениет

Ауданда 1 аудандық мәдениет үйі, (1 халық театры), 3 ауылдық мәдениет үйі, 11 ауылдық клуб үйлері, 1 жылжымалы мәдени – демалыс кешені аудан халқына қызмет көрсетеді.

2011 жылы мәдениет саласы бойынша 1136 көпшілік-мәдени шаралар өткізілді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекесі аясында Сыр өңіріндегі шығармашылық өкілдер арасында 17 номинация бойынша «Елім менің» облыстық байқауларға қатысты.

Аудан өкілдері Алматы қаласында өткізілген халықаралық «Бозторгай ХІІІ» балалар шығармашылығына арналған байқауына «Ән» жанры бойынша қатысты, Байқоңыр қаласында өткізілген «Мой родной край», Қостанай қаласында өткізілген «Золотой микрофон» ән-би байқауларына қатысып І орындарды женіп алды.

Сонымен қатар «Асыл мұра», «Айголек», «Ақмаңдайым» республикалық байқауларға қатысты.

«Қазақстан-2030 », «Болашақтың іргесін бірге қалайық», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында», «Бір ел-бір кітап», «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» тақырыптарда кештер, доңгелек столдар өткізілді.

Мәдени мекемелердің материалдық-.техникалық базалары нығайтылды. аудандық мәдениет үйіне концерттік костюмдер, жарық, дыбыс күшейткіш аппаратурасы мен музыкалық аспаптар, жылжымалы сахна, Алдашбай ахун, Ақжар ауылдық клубтарына компьютер, Қуаңдария, Алдашбай ахун ауылдық клубтарына 150 данадан театр креслолары алынған.

2012 жылы аудандық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен 70,0 млн. теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржыға бу қазандығы ғимараттан тысқары орналастырылып, ішкі беті қайта жаңғыртылып, шатыры жаңартылды.

2012 жылы Төретам кентіндеге 150 орындық клубтың құрылысы пайдалануға беріліп, Тұрмағамбет, Ақжар, Ақай елді мекендерінде дәл осы жобадағы клубтардың құрылысы 2013 жылы пайдалануға берілді.

Мәдениет саласының материалдық-техникалық базасы 39,8 млн теңгеге нығайтылды. Оның ішінде ауылдық клубтарға музыкалық аппаратура, жылжымалы сахна, мәдениет үйіне сахналық киімдер, конференцияға арналған құрал жабдықтар, орг техника және мемлекеттік рәміздер алынды сатып алынды.

Облыстық мәдениет басқармасы тарапынан музыкалық аппаратура, концерттік киімдер мен музыкалық аспаптармен жабдықталған «Зерде» автокөлігі сыйға тартылды.

2014 жылы Дұр Оңғар ауылындағы мәдениет үйі абаттанып, ІІІ-Интернационал ауылының мәдениет үйінің жылу жүйесіне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

«Қорқыт ата» мемориалды кешеніне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. (жалпы құны 701,0 млн теңге). Жосалы кент орталығынан мұражай-кітапхана құрылысы басталды.

Аудан бойынша 1 аудандық кітапхана, 1 аудандық балалар кітапханасы, 1 кенттік, 1 қалалық және 14 ауылдық кітапхана аудан халқына кітапханалық мәдени қызмет көрсетеді.

Кітапханаларда компьютер саны 19, ақпараттық қажеттіліктер үшін аудандық орталық кітапхана ИНТЕРНЕТ жүйесіне қосылып, кітапхананың электронды оқу залына қажетті компьютерлер қойылып, оқырмандарға интернет жүйесі арқылы қызмет көрсетілуде. Кітапханаларды озық технология үлгілерімен қамтамасыз ету мақсатында кітапхана-библиографиялық процестерді автоматтандыру жұмысына сәйкес РАБИС бағдарламасымен жұмыс жүргізілуде.

Қармақшы ауданы көлемінде 85 тарих және мәдениет ескерткіштері мемлекет қорғауына алынған. Оның ішінде 3-уі республикалық маңызы бар. 51 жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері, 31 – ескерткіш алдын-ала есепке алынған тарихи-мәдени мұра объектілерінің тізіміне енгізілген.

Қала құрылысы және сәулет ескерткіштері: Тұрғын үй - 8, мұнара - 3, бюст - 4, ҰОС - на арналған ескерткіш-белгі - 1, су қыспақты мұнара - 4, теміржол вокзал ғимараты - 1, тарихи тұлғаларға арналған ескерткіш-белгі - 1, кесене - 13, сағана - 1, мазар - 2, ескерткіш-кешен - 2, желдиірмен - 1, қорым - 2. Барлығы – 43.

Археологиялық ескерткіштер: Қалашық-30, тарихи орындар-7, бекіністі мекен-1, қорған-3, жерлеу кешені-1. Барлығы – 42.

2013 жылы облыстық бюджеттен - 7, аудандық бюджеттен - 13 ескерткіштің қорғау тақталары орнатылса, 18 ескерткіштің төлқұжаты рәсімделді. Бүгінгі таңда барлығы 45 ескерткішке қорғау тақтасы орнатылып, 72 ескерткіштің төлқұжаты жаңаланды.

2014 жылға жергілікті бюджеттік комиссияға, тарих және мәдениет ескерткіштерінің төлқұжаттарын жаңалауға, қорғау тақталарын орнатуға, қорғау аймағын белгілеу жұмыстарын жүргізуге ұсыныстар жасалып, нәтижесінде 1 (Қорқыт Ата ескерткіш кешені) ескерткіштің қорғау аймағын белгілеуге және 3 ескерткіштің төлқұжатын жаңалауға қаржысы шешімін тапты.

Өзекті мәселелер:

-мәдениет нысандарының (мәдениет үйлері, мұражайлар, кітапханалар ғимараттары мен үй-жайларын) жаңартудың тұрақты қажеттілігі;

-тарихи ескерткіштерге жататын мәдениет нысандарының қанағаттанарлықсыз жағдайы;

-ақпараттандырудың жеткіліксіз жағдайы;

-халықтың мәдени-демалыс шараларына белсенді қатысуға құштарсыздығы.



Дене шынықтыру және спорт, туризм

Спорт саласында дене шынықтыру және спортты дамытудағы ең басты көрсеткіштердің бірі - дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың үлесі артты.

2011 жылы аудан халқының 20,4 пайызы дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданған болса, 2012 жылы бұл көрсеткіш 22,0 пайызға жетті.

2013 жылы аудан халқының 23,0 пайызы дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданған болса, 2014 жылы бұл көрсеткіш 24,0 пайызға жетті.

Ауданда 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен «Спорт клубы» жұмыс жасауда. Бұл мектептерде спорттың 9 түрінен аудан орталығы мен елді мекендерде тұратын 1340 оқушы жаттығуда. Спорт клубында жас спортшыларға 39 жоғары білімді, тәжірибелі жаттықтырушылар дәріс беруде.

2014 жылы 27 спорт–нұсқаушы штат бірлігі бөлінді. Оның ішінде аудан орталығы Жосалы кентіне - 8 штат, Байқоңыр қаласында - 3 штат, Төретам-2 штат, Ақай, Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай Ахун, Тұрмағанбет, Ақжар, Қармақшы, Дүр Оңғар, Ақтөбе, ІІІ-Интернационал, Иіркөл, Қызылтам ауылдарында әр қайсысына -1 штаттан бөлініп жұмыстар атқарылуда. Спорт-нұсқаушыларда шұғылданушылар саны 4860-ге жетті.

Ерекше айтып кетейік, Байқоңыр қаласына 2011 жылы 3 әдіскер - инструктор штаты болса, өткен жылы 2 инструктор штаты қосылып, Ақай, Төретам, Байқоңыр қаласы тұрғындары үшін барлығы 7 инструктор қызмет көрсетуде.

Жосалы кентіндегі №15 спорт мектебінің және Ақжар, Ақтөбе ауылдық спорт мектептерінің ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар №16 ІІІ-Интернационал ауылындағы спорт мектепбіне спорттық киімдер мен құрал-жабдықтар, автокөлік сатып алынды. Бұған облыстық бюджеттен 16,6 млн теңге қаржы бөлінді

Ауданда 1 халықаралық, 1 республикалық, 3 облыстық, 75 аудандық деңгейде жарыстар өткізіледі. 2014 жылдың бүгінгі күнге дейін аудан спортшылары спорт түрлерінен жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаттарында 15-алтын, 7-күміс 20-қола медальды жеңіп алды.

Ауыл жастарының бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруда мақсатында елді мекендерде 22 спорт алаңдары салынды. Сонымен қатар Жосалы кентінде 300 орындық стадион құрылысы пайдалануға берілді.

Өзекті мәселелер:

-спорттық мекемелердің материалдық-техникалық базаларының әлсіздігі;

-сапалы спорттық мүлік пен жабдықтың болмауынан, спорттық резерв пен халықаралық дәрежедегі спортшыларға жоғарғы деңгейде дайындалуға мүмкіндіктің болмауы;

-балалар-жасөспірімдерге арналған спорттық клубтар жүйесінің төмендігі;

-бұқаралық демалыс орындарында қарапайым спорт алаңдары мен құрылымдарының жеткіліксіздігі;

-халықтың бұқаралық дене шынықтыру және сауықтыру мәселелеріне жеткіліксіз көңіл бөлу.



Ішкі саясат

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру.

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру – аймақтағы ішкі саяси ахуалды айқындайтын бірден-бір көрсеткіш болып табылады және Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып ұлттық бірлікті нығайтудың, аудандағы тілдік ахуалды жаңғыртуға тиімді жағдай жасаудың маңызды факторы болып табылады.

Мемлекеттік ұйымдарда іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі. Тоқсан сайын мемлекеттік мекемелерден кіріс-шығыс айналымы жөніндегі ақпар алынып бақылау қамтамасыз етілген. Шығыс құжаттарындағы мемлекеттік тілдің үлесі 100 пайыз.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 шілдедегі №878 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы қызметкерлері келіп ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша ауданда байқау сынақтары тапсырылды.

2014 жылы 56 адамды оқыту үшін жергілікті бюджеттен 1825,0 мың теңге қаржы бөлінді. Осыған орай 2014 жылдың 1-30 сәуір аралығында «Қазтест» бағдарламасына сәйкес жергілікті ұйымдардағы қызметкерлерге арналған семинар –тренинг өткізілді. Тамыз айында жас ақын Тұрар Бекмырзаев Шымкент қаласында өткен «Кәнеки, тілім сөйлеші!» атты республикалық шешендік өнер байқауына қатысып, бас жүлдені жеңіп алды.

Тілдерді қолдану мен дамытудың бағдарламасына сай аудандық бюджеттен 400 мың теңге қаржы бөлініп, толық игерілді. Орыс ұлт өкілдерінің арасында «Тіл-достықтың тірегі» атты қазақ тілі білгірлернің сайысы өткізілді. ІІІ-интернацинал ауылында қазақ,түрік, кәріс ұлттарының арасында «Тіл-халық жанын танудың кілті» атты достық фестивалі өткізілді. «Тілдің үш тұғырлы» саясатына байланысты «Тіл дарын – 2012» аудандық олимпиада өткізілді.

Өзекті мәселелері:

тіл туралы заңнамаларды бұзғандығы үшін қолданылатын әкімгершілік санкциялардың болмауы түрінде көрініс беріп отырған айқын құқықтық механизмнің жоқтығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет