УДК 811.1/8
Молдахметова Гульбаршин Еслямовна
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті магистранты
Ғылыми жетекшісі: PhD, Сейдалиева Гульдана Омаровна
Алматы, Қазақстан, forever820710@mail.ru
ШЕТТІЛДІК БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ ТАНЫМДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ҚҰЗЫРЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Аңдатпа
Қазақстан Республикасында білім беру жүйесіндегі реформалау үдерісі оның мазмұны мен сапасын арттыру, білім берудің ұлттық үлгісін жетілдіру, педагогикалық технологияларды ендіруге байланысты жаңаша педагогикалық көзқарасты қажет етеді. Дүниежүзі қоғамдастығы ақпараттық технологиялық дәуірде өмір сүруде, сондықтан да болашақ мамандарды даярлауда педагогикалық технологияларды игерген мамандарды даярлау бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Білім – қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі – адамның менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғы шарты – білім беру жүйесінің білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді.
Кілт сөздер: білім беру, таным, технология, құзырет, құзыреттілік.
Достарыңызбен бөлісу: |