БАҒдарламасы мазмұны 1 Кіріспе



бет3/23
Дата23.02.2016
өлшемі4.53 Mb.
#8960
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

2.2.1. Экономика

Өңірлік макроэкономика


Жамбыл облысының жалпы өңірлік өнімі 2010 жылы ағымдағы бағамен 446,4 млрд. теңгені, 2011 жылы – 634,3 млрд. теңгені, 2012 жылы – 763,9 млрд. теңгені, 2013 жылы - 880,7 млрд. теңгені, 2014 жылы – 982,2 млрд. теңгені құрады.

Бұл ретте Жамбыл облысының ЖӨӨ-нің нақты өзгеру индексі 2010 жылы алдыңғы жылға 107,6%-ды, 2011 жылы – 112,9%-ды, 2012 жылы - 109,8%-ды, 2013 жылы - 103,5% -ды, 2014 жылы - 100,7% құрады (ҚР -104,4%).

Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ көрсеткіші бойынша Жамбыл облысы ҚР-ның өзге өңірлерінен арасында 15-16 орындарда тұр. Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2010 жылы 429,0 мың теңгені және 2011 жылы – 603,3 мың теңгені, 2012 жылы - 718,7 мың теңгені, 2013 жылы – 817,6 мың теңгені, 2014 жылы – 899,8 тыс. теңгені құрады, орташа республикалық халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2010 жылы 1336,5 мың теңгені, 2011 жылы – 1665,1 мың теңгені, 2012 жылы -1807,3 мың теңгені, 2013 жылы - 2070,7 мың теңгені, 2014 жылы – 2258,1мың теңгені құрады.

Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өніміндегі Жамбыл облысының ЖӨӨ-нің үлес салмағы 2010 жылы 2,1%-ды, 2011 жылы – 2,3%-ды, 2012 жылы – 2,5%-ды, 2013 жылы - 2,5%-ды, 2014 жылы – 2,5%-ды құрады.



Жамбыл облысының ЖӨӨ-нің төмен үлес салмағы өңірдің табиғи-өндірістік әлеуетіне, сонымен бірге ауыл шаруашылығындағы өз бетінше жұмыспен қамтылудың басымды үлесіне (онда еңбек өнімділігің өсімі қиындатылған), мұнай және газ ірі кен орындарының жоқтығына (Маңғыстау және Атырау облыстарымен салыстырғанда) байланысты.

1 кесте




2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

ЖӨӨ

үлес салм. %

ЖӨӨ

үлес салм. %

ЖӨӨ

үлес салм.%

ЖӨӨ

үлес салм. %

ЖӨӨ

үлес салм. %

Облыс бойынша барлығы

446399,3

100

634251,9

100

763861,8

100

880659,3

100

982240,6

100

ауыл шаруашылығы

43927,7

9,8

60116,8

9,5

67770,9

8,9

84883,2

9,6

105602,3

10,8

өнеркәсіп

78345,7

17,6

117322,8

18,5

120754,9

15,8

154466,1

17,5

181965,9

18,5

құрылыс

40992,9

9,2

56010,5

8,8

93383,6

12,2

110618,5

12,6

97823,8

10,0

сауда

44102,2

9,9

75922,0

12,0

85979,9

11,2

87262,6

9,9

117279,1

11,9

көлік

45901,1

10,3

68179,0

10,7

84886,5

11,1

103053,9

11,7

109489,5

11,2

байланыс

6391,2

1,4

5443,7

0,8

6574,0

0,9

7194,1

0,8

8221,0

0,8

басқалар

186738,5

41,8

251257,1

39,7

304512,0

39,9

333180,9

37,9

361859,0

36,8

Инфляция деңгейі, %

107,9

108,6

106,0

104,7

107,5

ЖӨӨ құрылымында 2010 жылы өнеркәсіп үлесіне 17,6%, 2011 жылы – 18,5%, 2012 жылы - 15,8%, 2013 жылы - 17,5%, 2014 жылы – 18,5%, ауыл шаруашылығының үлесіне тиісінше – 9,8%, 9,5%, 8,9%, 9,6% және 10,8%, саудаға – 9,9%, 12,0%, 11,2%, 9,9% және 11,9%, көлікке – 10,3%, 10,7%, 11,1%, 11,7% және 11,2%, байланысқа – 1,4%, 0,8%, 0,9%, 0,8% және 0,8%, құрылыстың үлесіне – 9,2%, 8,8%, 12,2%, 12,6% және 10,0%, басқа салаларға - 41,8%, 39,7%, 39,9%, 38,3% және 37,8% сәйкес келді.

ЖӨӨ құрылымында 2010 жылдан бастап көлік және сауда қызметтерінің өсімі байқалуда. Аталған өсімге мемлекеттік және жеке секторлардағы тұтынудың өсімімен қамтамасыз етілген ішкі нарықтағы тауарларға және қызметке сұраныстың ұлғаюы, халық кірісінің өсімі, әкімшілік кедергілердің қысқаруы, кәсіпкерлер белсенділігінің іскерлік өсімі, Кедендік Кеңес елдерімен өзара сауда себеп болды.

2014 жылы құрылыс жұмыстары көлемінің орындалмауы есебінен (НКИ-79,9%) «ЖӨӨ алдыңғы жылға нақты көлем индексі» көрсеткіш жоспарланған көлемге қол жетпеді.

Жамбыл облысы тұрғындарының саны 2015 жылдың 1 қаңтарына 1098,7 мың адамды құрады.





2012

2013

2014

Тұрғындар саны, мың адам

1069,9

1084,5

1098,7

Облыс тұрғындарының саны 2014 жыл басымен салыстырғанда 14,2 мың адамға немесе 1,3%-ға өсті.

Табиғи өсімнің миграциялық кемуден асуынан облыс тұрғындарының саны өскен.

2014 жылы қайтыс болғандар саны 2013 жылға қарсы 4,7%-ға қысқарып, 7,6 мың адамды құрады.

Облыста туылғандар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,8%-ға артып, 29,7 мың адамды құрады.

Туу көрсеткішінің өсіміне және қайтыс болудың төмендеуіне байланысты тұрғындардың табиғи өсімі 2013 жылмен салыстырғанда 2,9%-ға өсіп, 22,2 мың адамды құрады.

Облыста миграциялық кему 2013 жылғы 6,4 мың адамнан 2014 жылғы 8,0 мың адамға дейін,немесе 23,6%-ға өсті.

Бұл ретте, алдыңғы жылмен салыстырғанда облысқа келгендер саны 7,7 %-ға, облыстан кеткендер - 12,5%-ға артты.

2014 жылы облысқа 16,1 мың адам келді, облыстан тыс 24,0 мың адам кетті.

Сытрқы миграция ағынында кетушілер саны келушілер санынан 142 адамға асты, миграциялық кему 2013 жылмен салыстырғанда 17,7%-ға өсті. Халықаралық миграциялық ағында ТМД елдерімен айырбас басымдылығы байқалады, онда 98,9% иммиграция және 94,5% эмиграция құрайды.

Яғни, миграциялық кему есепті жылы 2013 жылғы 6431 адам қарсы 7950 адамды құрады. Ең жоғарғы өсім Оңтүстік Қазақстан облысымен (1686 адам) және Алматы қаласымен (1181 адам) айырбас кезінде байқалды. Облыс бойынша ерекше маңызды миграциялық кему Алматы қаласымен (4544 адам), Алматы облысымен (2614 адам) және Астана қаласымен (2319 адам) байқалады.

Облыста жыл сайын номиналды табысының және орташа айлық еңбекақысының өсімі байқалады. Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 2014 жылы кәсіпорындардың толық шеңбері бойынша 81874 теңгені құрады, бұл 2013 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық есептеуде 6,7%-ға және нақты – 0,3%-ға төмендеген





2012

2013

2014

Орташа айлық еңбекақы, тенге

72296

75786

81874

номиналды %

116,9

104,9

106,7

нақты %

110,5

98,7

99,3

Халықтың орташа номиналды ақшалай табысы 2014 жылы 39601 теңгені құрап, 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,9%-ға өскен, нақты 0,1%-ға төмендеген.



 

2012

2013

2014

Номиналды ақшалай табы, теңге

34974

37040

39601

номиналды %

113

105,9

106,9

нақты %

106,8

99,7

99,9

Облыс бойынша 2011 жылы инфляция ең жоғары деңгейінде байқалып 108,6% құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша тұтыну бағалары индексі - 108,3%, азық-түлік емес тауарлары бойынша - 105,6%, ақылы қызметтер - 112,3%.






2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Тұтыну бағалары индексі, % о.і.

106,0

104,7

107,5

азық-түлік тауарлары

105,0

103,3

107,6

азық-түлік емес тауарлары

103,5

103,5

107,3

ақылы қызметтер

109,8

107,3

107,6

Талдау бойынша 2012-2014 жылдары инфляция деңгейінің жоғарғы көрсеткіші ақылы қызметтердің озық өсу қарқынына байланысты: 2012 жылы - 109,8%, 2013 жылы - 107,3%, 2014 жылы - 107,6%.

Осы топтың қосындысынан ақылы қызметтердің өсуіне ең үлкен үлес тұрғын - үй коммуналдық тарифтерінің көтерілуі қосты, олар 2012 жылы 10,1%-ға (оның ішінде тарту арнасымен тасымалдайтын табиғи газ – 24%-ға, орталықтан жылу беру – 11,3%-ға, ыстық су - 11,8%-ға, электрқуаты- 10,2% - ға), 2013 жылы - 7,3%-ға (оның ішінде суық су –72,3%-ға, қоқыс жинау –42,7%-ға, электқуаты –8,6%-ға), 2014 жылы – 8,3%-ға (оның ішінде тарту арнасымен тасымалдайтын табиғи газ,1 текше метрге – 31,8%-ға, суық су, арналық кәріз – 10,0%-ға, орталықтан жылу беру - 8,4%-ға, электрқуаты- 5,7% - ға, ыстық су - 3,9%-ға) құрады.

Қызмет көрсету саласында да өсім байқалды: 2012 жылы шаштараздардың және жеке қызмет көрсету орындарының қызметтері - 6,7%-ға, 2013 жылы - 14,4%-ға, 2014 жылы – 19,9%-ға, мейрамхана мен қонақ үй қызметтері тиісінше 9,8%-ға, 8,0%-ға, 10,4%-ға, медициналық қызметтері: 6,4%-ға, 25,0%-ға, 27,1%-ға, жолаушы көлік қызметтері: 4,6%-ға, 4,1%-ға және 5,2%-ға өсті.

Сонымен қатар 3 жыл ішінде азық-түлік тауарларының тұтыну бағалары индексінің өсуі байқалуда: 2012 жылы - 105%, 2013 жылы - 103,3% және 2014 жылы - 107,6%.

2012 жылдың басынан ең салмақты бағалардың өсуі етке - 11,2%, нанға - 7,1%, шайға - 6,5%, жеміс-жидектерге - 5,6% байқалды. 2013 жылы бағалар жұмыртқаға - 26,5%-ға, ұнға - 7,7%-ға, жеміс-жидектерге - 6,2%-ға, теңіз өнімдеріне - 5,6%-ға, шайға - 4,1%-ға байқалды.

2014 жылы бағалар жармаларға 19%-ға, қантқа -17,9%-ға, сүт өнімдеріне - 17,0%-ға, ұнға - 12,7%-ға, көкөністерге - 9,9%-ға, балалар тағамына - 9,2%-ға, жеміс-жидектерге - 7,2%-ға көтерілді.

Жанар - жағар май бағаларына 2012 жылы 4,9%-дан 2014 жылы 2,2%-ға төмендегені байқалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет