Бағдарламасы Мазмұны Бағдарламаның паспорты


Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде медициналық көмекті ұйымдастыру, басқаруды және қаржыландыру жүйесін жетілдіру



бет6/7
Дата17.06.2016
өлшемі0.55 Mb.
#143189
1   2   3   4   5   6   7

5.4. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде медициналық көмекті ұйымдастыру, басқаруды және қаржыландыру жүйесін жетілдіру
Мақсаты: медициналық көмек және әлеуметтік қызметтерді көрсетудің тиімді және қолжетімді жүйесін құру.

Негізгі міндеттері

  1. МСАК-тің әлеуметтік бағытталған басымдық дамуына негізделген денсаулық сақтаудың тиімді жүйесін қалыптастыру;

  2. денсаулық сақтау саласында басқару және менеджмент жүйесін жетілдіру;

  3. денсаулық сақтау ісін қаржыландыру тетіктерін жетілдіру;

  4. медициналық көмектің жоғары сапалы және қолжетімді болуын қамтамасыз ету.


Қол жеткізу жолдары

4.1. әлеуметтік бағдарланған МСАК басымдықпен дамытуға негізделген денсаулық сақтау саласының тиімді жүйесін қалыптастыру жөніндегі шаралар мынадай бағыттарға шоғырландырылатын болады:

4.1.1 МСАК-ты жетілдіру:

Дамудың сапалы жаңа деңгейіне денсаулық сақтау саласының көтерілуі қызметтерді көрсету технологиясын түбегейлі өзгерту жолымен ғана қолжеткізуге болады және ең алдымен бұл МСАК қызметтерін қатысты болмақ.

МСАК-тың қолжетімділігін, тиімділігін, сапасы мен дамуын арттыру мақсатында жалпы дәрігерлік практика базасында МСАК-ты көрсетудің ұтымды нысандары мен әдістерін әзірлеу және енгізуді қосқанда кешенді жетілдіру жоспарлау отыр. МСАК жүйесіне әлеуметтік жұмыс институтін енгізу жолымен медициналық әлеуметтік бағыттылықты дамыту көзделіп отыр.

Емхананың құрылымын үш бөлімшеге бөлу арқылы оның құрылымын қайта қарау көзделуде, ол функциялық міндеттерді бөлуге және қаржыландыру үлгілеріне негізделеді.

Бірінші бөлімше: отбасылық денсаулық орталығы, оның құрамына дәрігерге дейінгі қабылдау, қарап-тексеру кабинеті (акушер), ем-шара кабинеті, егу кабинеті, қақырық жинау кабинеті және химизатр, дені сау бала кабинеті, профилактика және СӨС кабинеттері, сондай-ақ учаскелік терапевттердің, педиартрлар мен жалпы практика дәрігерлерінің кабинеттері кіреді. Онымен қатар, бұл бөлімшеде әлеуметтік жұмыскер мен психологтан тұратын әлеуметтік-психологиялық қызметтің болуы, сондай-ақ денсаулықты нығайту орталықтары және жастардың денсаулық орталығы болуы көзделуде. Бірінші бөлімшені қаржыландыру екі компонентті жан басы нормативі бойынша (бұдан – ЕКЖН) жоспарланады.

Екінші бөлімше: тіркеу орнынан, ақпараттық бюродан, статистика және анализ кабинетінен, күндізгі стационардан, функциялық диагностика кабинетінен, физиотерапиялық кабинеттерден, клиникалық биохимиялық зертханадан, функциялық диагностикалық кабинеттен, ультрадыбыстық кабинеттен, ренген және флюрографиялық, және эндоскопиялық кабинеттен тұратын қосалқы диагностикалық бөлімше. Бұл бөлімшені қаржыландыру медициналық қызметтер бойынша жүргізіледі.

Үшінші бөлімше: бейінді мамандардан (хирург, акулист, лор дәрігері және т.б.) тұратын консультациялық-диагностикалық бөлімше. Бұл бөлімшені қаржыландыру амбулаториялық тарификатор бойынша жүргізіледі.

Сонымен қатар, пилоттық жобалар ретіндегі өңірлердің дайындығына қарай жекелеген заңды тұлғалар ретінде төрт дербес отбасылық денсаулық орталығын құру көзделіп отыр. Бұл пилоттық жобаларды жарақтандыру республикалық бюджет қаражат есебінен жоспарланады, аталған орталықтардың жұмыс істеуі ЕКЖН бойынша қаржыландырылатын болады.

МСАК объектілері қызметінің профилактикалық бағыттылығын ынталандыру үшін екі компоненттен: базалық-шығындарын белгіленген нормасын, жыл сайын медициналық қызметтің нақты көлемімен ынталандырушыны қамтамасыз ету үшін бір адамға есептелетін ішінара қор иелену мен ЕКЖН енгізу жолымен қаржыландыруды жетілдіру көзделуде. Ынталандырушы компонент МСАК көрсететін медицина қызметкерлерінің қол жеткізген мақсатты индикаторларын: тіркелген халық арасындағы дені сау адамдар үлесі, ерте сатыда анықталған аурулардың үлес салмағы, емдеуге жатқызу деңгейі, арнайы мамандарға келіп қаралу деңгейі жедел медициналық жәрдемге жүгіну деңгейі болған жағдайда есептелетін болады


БҰДЖ шеңберінде емхананы және дәрігерді еркін таңдау қамтамасыз етілетін болады.

Осылайша бағдарлама шеңберінде МСАК-ты дамыту үшін мыналар жоспарланып отыр:

МСАК-тың және мамандандырылған көмектің функцияларын, өкілеттіктерін және қаржылануын дәл анықтап айыру жөніндегі нормативтік құжаттарды қайта қарау;

ЕКЖН-ды және МСАК ұйымдары мен медициналық қызметтерді ұсынатын басқа да өнім берушілер арасында өзара қарым-қатынастарды реттеу бойынша нормативтік базаны әзірлеуді және арнайы оқытылған кадрларды даярлауды қосқанда ішінара қор иелену моделін енгізу;

халықаралық нормативтер мен стандарттарға сәйкес жаңа объектілер құрылысына мақсатты бағытталған инвестициялар бөлу саясатын енгізе отырып, МСАК ұйымдарының құрылымын жетілдіру;

медицина қызметкерлерінің уәждемелерін, оның ішінде еңбекақыны көтеру тетіктерін енгізу;

дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің сандық арақатынасын оңтайлы деңгейге дейін жеткізіп, дәрігер өкілеттігінің бір бөлігін мейірбикелерге беру;

жағымды кәсіби имидж құру және медициналық қызметтің сапасын жақсарту мақсатында халықаралық талаптарға сәйкес орта медициналық персоналдың рөлі мен әлеуетін күшейту;

ауылдағы МСАК желілерін одан әрі дамыту және жетілдіру, оның ішінде ауылдың денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайту: денсаулық сақтау объектілерін салу, қайта жаңарту, күрделі жөндеу және ауылдық МСАК объектілерін белгіленген нормативке және денсаулық сақтаудың басым ұйымдар желісін дамытудағы қажеттілікті айқындау әдістемесіне сәйкес медициналық жабдықтармен және санитариялық автокөлікпен толық жарақтандыру;

ауылдың медицина қызметкерлері үшін экономикалық стимулдар мен жеңілдіктерді (тұрғын үй, бір жолғы жәрдемақылар беру, ауылдық жерлерде үш жыл жұмыс істеген жағдайда мемлекеттік білім беру несиелерін өтеу) енгізу;

кейіннен үш жыл бойы ауылда жұмыс істеу шартымен мамандарды даярлауға облыстық атқарушы органдар бөлетін мақсатты гранттардың үлесін (тиісті жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен) көбейту;

әлеуметтік қызметкерлердің институтын ұйымдастыру және денсаулық сақтау жүйесіне енгізу;

дәлелді медицина қағидаттары негізінде МСАК көрсету стандарттары мен хаттамаларын жетілдіру;

медициналық көмек сапасын басқару жүйесін (CQI) енгізу;

МСАК көрсететін ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту;

амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру;

бастапқы буын дәрігерлері, мейірбикелер мен әлеуметтік қызметкерлерді оқытудың халықаралық стандарттарына сәйкестігіне даярлау (халықпен жұмыс, аурулар профилактикасының тиімді әдістері, дәлелді медицина, психология, әлеуметтік жұмыс, отбасылық медицина саласында қажетті білімдер, дағдылар мен біліктерін қалыптастыру);

белсенді патронаж қызметін жетілдіру, оның ішінде қажетті құрал-жабдықтармен жарақтандыру;

жетуге жолы қиын ауылдық жерлер үшін мобильді медициналық бригадалар құру;

МСАК ұйымдары қызметінің тиімділігін көрсететін мақсатты индикаторларды әзірлеу (бекітілген тұрғындар арасында дені сау тұлғалардың үлесі, ерте кезеңде анықталған аурулардың ара салмағы, емдеуге жатқызу деңгейі, мамандарға қаралу деңгейі, жедел медициналық жәрдемге қаралу деңгейі).


жедел медициналық жәрдемді жетілдіру:

жедел медициналық жәрдемнің диспетчерлік қызметінің жұмысын жетілдіру;

негізсіз шақырулар мен пациенттерді тиісті жерге қайта жолдау санын азайту бойынша жаңа тетіктерді әзірлеу және енгізу;

жедел медициналық жәрдем қызметін даярлықтан өткен кадрлармен, оның ішінде парамедиктермен қосып толықтыру;

патология түріне, науқастың жағдайының ауырлығына қарай науқасты стационарға жеткізу бағдарын оңтайландыру;

әртүрлі патология түрлері бар науқастарды емдеуге жатқызуға дейінгі қарау хаттамасын енгізу;

материалдық-техникалық базаны нығайту;

пациенттерді тиімді іріктеу жүйесін (triage) енгізу;

медициналық көмек сапасын басқару (CQI) жүйесін енгізу;

жедел медициналық жәрдем жұмысының мақсатты көрсеткіштерін енгізу (шақыруға келген уақыты, стационарға жеткізу уақыты, емдеуге жатқызуға дейінгі өлім-жітім);

науқастарды авиация көлігімен тасымалдауды, оның ішінде қашық жерлерге тасымалдауды жетілдіру;

республикалық маңызы бар автожолдарда жол-көлік оқиғалары болғанда шұғыл медициналық жәрдем көрсету және құтқару жұмыстарының жүйесін дамыту;

төтенше жағдайлар, полиция, жол полициясы, өрт сөндіру қызметі қызметкерлерінің және көлік жүргізушілердің медициналық алғашқы көмек көрсету әрекеттерін үйлестіру.


      1. мамандандырылған медициналық көмекті дамыту

консультациялық-диагностикалық және стационарлық көмек, оның ішінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек (бұдан әрі – ЖМММ) көрсететін ұйымдардың қызметін жетілдіру:

мамандандырылған бөлімшелері бар көп бейінді ауруханаларды дамыту;

медициналық көмектің сапасын басқару жүйесін (CQI) енгізу;

консультациялық-диагностикалық және стационарлық көмек, оның ішінде ЖМММ көрсететін медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту;

стационарды алмастыратын технологияларды енгізу есебінен стационардағы төсек орын жұмысының (қарқындылық) тиімділігін арттыру;

стационарды алмастыратын диагностикалық және емдік технологиялар жүйесін жетілдіру және кеңейту;

медициналық көмектің сапасын көрсететін индикаторларды орындау негізінде медицина қызметкерлерін жүйесін енгізу;

медициналық көмек көрсетудің кезеңділігі және сабақтастығы қағидаттарын ескере отырып, пациенттерді емдеуге жатқызу өлшемдерін дәл анықтау;

консультациялық-диагностикалық және стационарлық көмек көрсететін ұйымдар, оның ішінде ЖМММ ұйымдарының қызметіне дәлелді медицина негізінде медициналық көмек стандарттары мен клиникалық хаттамаларды әзірлеу және енгізу;

стационардағы науқастардың тіркелімін жасау және енгізу;

жоғары технологиялық көмектің жаңа түрлерін енгізу, оның ішінде шұғыл жағдайларда; жоғары технологияны жергілікті деңгейде беру және енгізу;

телемедицина арқылы қашықтықтан консультациялық-диагностикалық көмек көрсетуді дамыту;

консультациялық-диагностикалық және стационарлық көмек көрсететін ұйымдар, оның ішінде медициналық көмек сапасын көрсететін ЖМММ ұйымдары жұмысының мақсатты көрсеткіштері жүйесін жетілдіру;

пациенттерді диагностикалау мен емдеу жөнінде шетелдік клиникалармен серіктестік өзара қарым-қатынастарды нығайту.


кезең-кезеңмен қалпына келтіріп емдеу, медициналық оңалту және паллиативті көмек жүйесін жетілдіру:

қалпына келтіру, оңалту, паллиативті көмек және мейірбике күтімі ұйымдарының желісін құру, оның ішінде жұмыс істеп тұрған стационарлар және санаторийлік-курорттық ұйымдардың бір бөлігін қайтадан бейіндеу есебінен құру;

қалпына келтіру, оңалту, паллиативті көмек көрсететін күндізгі стационарлар және үйдегі стационарлар желісін кеңейту;

кезең-кезеңмен қалпына келтіру, медициналық оңалту және паллиативті көмек көрсету ұйымдарының штат нормативтерін қайта қарау;

медицина қызметкерлерін паллиативтік көмек көрсету мәселелері бойынша оқыту бағдарламаларын әзірлеу;

қалпына келтіру, оңалту, паллиативтік көмек және мейірбике күтімі ұйымдарын білікті кадрлармен толықтыру;

жоғары технологиялық оңалту технологияларын енгізу;

қалпына келтіру, оңалту, паллиативті көмек және мейірбике күтімі ұйымдарының қызметіне науқастарды емдеу хаттамаларын және медициналық көмек көрсету стандарттарын әзірлеу және енгізу;

науқастардың тіркелімін құру және енгізу;

медициналық көмектің сапасын басқару жүйесін (CQI) енгізу;

қалпына келтіру, оңалту, паллиативті көмек және мейірбике күтімі ұйымдары жұмысының медициналық көмек сапасын көрсететін мақсатты көрсеткіштер жүйесін құру.
4.1.3. медициналық қызметтің әр түрлерін дамыту:

сот-медициналық сараптаманы жетілдіру:

жүргізілетін сот-медициналық сараптамалар сапасын арттыру;

сот-медициналық сараптамалық қызмет көрсетудің барлық кезеңінде оның қолжетімділік, тиімділік, сабақтастық деңгейін көтеру;

білікті кадрларды даярлау және қайта даярлау;

материалдық-техникалық базаны нығайту;

сот-медициналық қызметтің бірыңғай ақпараттық жүйесін құрып, сот-медициналық қызмет көрсету сапасын басқарудың тиімді жүйесін енгізу;

сот-медициналық сараптаманың қазіргі заманғы әдістерін (оның ішінде геномдық және спектральдық зерттеулерді) және сот медицинасының халықаралық стандарттарын енгізу;

сот-медициналық қызметкерлерінің құқықтарын кеңейту және жауапкершілігін күшейту, материалдық ынталандыруды енгізу;

ІІМ-мен, Қорғанысминімен, ТЖМ-мен, прокуратурамен және т.б. мемлекеттік органдармен ведомоствоаралық өзара іс-қимылды күшейту.
қан қызметін жетілдіру:

қан өнімдерінің сапасын басқару жүйесін дамыту;

республикалық референс-зертхана ашу;

қан мен оның компоненттерін ерікті түрде өтеусіз тапсыруды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы дамыту;

тұрақты донорларды тарту жүйесін дамыту:

материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жетілдіру;

білікті кадрларды даярлау және қайта даярлау;

қан препараттарын өндіретін зауыт салу.



зертханалық қызметті жетілдіру:

зертханалық қызметті орталықтандыру және экспресс диагностиканы дамыту арқылы оңтайландыру;

зертханалық зерттеулер сапасын басқару жүйесін дамыту;

білікті кадрларды даярлау және қайта даярлау;

қазіргі заманғы зертханалық жабдықтармен және реактивтермен жарақтандыру;

зертханалық қызмет жұмысының нысаналы көрсеткіштер жүйесін құру.


4.2. Денсаулық сақтау саласында басқару жүйесін және менеджментті жетілдіру мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

      1. Стратегиялық жоспарлаудың, басқарудың, қаржыландырудың халықаралық стандарттары мен қағидаттарын енгізу:

Жалпы денсаулық сақтау ісін басқару органдарының атқарушы функцияларын оларды кезең-кезеңмен мемлекеттік, мемлекеттік емес және қоғамдық ұйымдарға бере отырып, мемлекеттік қызметтерді ұсынатын мемлекеттік өнім берушілердің автономиясын көтере отырып, орталықсыздандыру стратегиясы жалғасатын болады. Бірқатар функцияларды: мемлекеттік кепілдік берген медициналық көмекті қаржыландыру, дәрілік заттармен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау саласындағы бақылауды орталықтандыру бір мезгілде қамтамасыз етілетін болады.

Кәсіби менеджерлер институты мен қазіргі заманғы басқару технологияларын қосқанда, денсаулық сақтау ұйымдарын басқарудың транспарентті нысандарын кезең-кезеңмен енгізу жалғасады.

Сонымен бірге денсаулық сақтауды басқарудың мемлекеттік органдардың қызметшілерін мемлекеттік басқару, стратегиялық жоспарлау, менеджмент және қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері бойынша міндетті оқытуды қамтитын денсаулық сақтау ресурстарын пайдаланудың қазіргі заманғы және тиімді әдістемелеріне басты көңіл бөлінетін болады.

Саланың экономикалық тиімділігін бағалау жүйесін құру мақсатында қазіргі заманғы халықаралық әдіснамалық тәсілдер негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жай-күйін зерделеу және талдау жүргізілетін болады.


Осылайша, болжау, бағалау және тәуекелді басқару жүйесін енгізу;

басқарушылық шешімдерді қабылдаудың ақпараттық жүйесін құру және енгізу;

медициналық ұйымдарға корпоративтік басқару қағидаттарын, оның ішінде оларға байқау кеңестерін енгізу арқылы енгізу;

денсаулық сақтау жүйесі қызметін экономикалық тұрғыдан талдау әдістемесін енгізу (саланың тиімділігін бағалау жүйесін құру);

денсаулық сақтау менеджерлері институтын енгізу;

басқарушылық шешімдерді қабылдаудың сапасын үздіксіз арттыру қағидаттарын енгізуге негізделген бақылау жүйесіне (CQI -PDCA) көшу жоспарланады.



      1. Басқарудың ресурс үнемдеуші технологияларын әзірлеу және енгізу:

аурухананы басқару саласындағы технологиялар трансферті;

төсек қорын оңтайландыру, МСАК қызметін одан әрі дамыту үшін ресурстарды қайта бөлу;

амбулаториялық-емханалық деңгейде стационарды алмастыратын диагностикалық технологияларды енгізу есебінен және кезең-кезеңмен қалпына келтіру емін ұйымдастыру есебінен (патронаж қызметі, емдеуді аяқтау және оңалту жүйесі) стационардағы төсек орын жұмысының қарқынын арттыру;

стационарлық көмек көрсететін медицина ұйымдары жұмысының (төсек айналымы, ауруханада болудың орташа ұзақтығы және т.б.) негізгі көрсеткіштерін тиімділіктің халықаралық стандарттарына сәйкес келтіру;

денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық жабдықтардың мониторингі, жабдықтардың техникалық жай-күйінің және оны тиімді пайдаланудың мониторингі жүйесін, оның ішінде қымбат тұратын жабдықтарды пайдалануды есептеу жүйесін жетілдіру;

жеткізуді басқару жүйесін енгізу;

есепке алынатын ақпараттың толық және өзекті болуын тексеру үшін есепке алу-есеп беру құжаттамасының үлгілерін қайта қарау, есептіліктің қайталануын болдырмау;

медициналық көмекті беру жөніндегі дербес есеп және статистикалық есептің автоматтандырылған жүйесін енгізу есебінен медициналық ұйымдарда қағаз түріндегі құжаттар айналымын азайту;

бастапқы мәліметтерді енгізу уақытын қысқарту, шаблондарды енгізу арқылы медициналық ақпаратты енгізу жүйесін оңтайландыру, білім беру тренингтерін қамтамасыз ету.



      1. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің тиімділігін арттыру:

Бәсекелестік ортаны құру, медициналық қызметтердің сапасын арттыру, басқару тиімділігін арттыру, сондай-ақ тиісті бюджет шығыстарын азайту мақсатында жекеменшік компанияларды мемлекеттік және ведомстволық медициналық объектілерді басқаруға тарту және денсаулық сақтау саласындағы жекеменшік секторды дамыту жоспарланып отыр. Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік, объектілерді, мүлікті, жабдықтарды жалға беру, жекеменшік компанияларға сенімгерлік басқаруға беру кеңінен пайдаланылып, ынталандырушы тарифтік саясат енгізілетін болады. Әкімшілік кедергілер, корпоративтік медициналық ұйымдар мен қызметтерді ұстау жойылатын болады.

Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік кәсіпорындардың қызметінің ашықтығын арттыру үшін корпоративтік басқару элементтерін енгізуді көздейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жалғастырылатын болады.



денсаулық сақтау ұйымдарының автономиялығын және дербестігін арттыру:

медициналық ұйымдарды акционерлік қоғамдар мен шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындарға кезең-кезеңмен ауыстыруды, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарына қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын кезең-кезеңмен енгізуді жалғастыру;

мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына басқарушылық шешімдер қабылдауда барынша дербестік беру;

денсаулық сақтау субъектілері арасында қызметтер мен құзыреттерді тиімді шектеу;

денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының арсында өзара іс-қимыл алгоритмін әзірлеу;

науқасты қараудың барлық кезеңінде сабақтастықты қамтамасыз ету (медициналық қызмет көрсетудің кезеңділігі).


жекеменшік секторды дамытуды ынталандыру

денсаулық сақтау саласында жекеменшік секторды дамыту үшін тиісті нормативтік және әдіснамалық базаны жоспарлы түрде жетілдіру;

артық әкімшілік кедергілерді жою;

ТМККК көрсетуге мүдделі бағдарланған корпоративтік медициналық желілер мен ұйымдарды қолдау мен дамытудың, аурулардың профилактикасының мемлекеттік бағдарламаларын іске асырудың және халықтың салауатты өмір салтын нығайтудың тетіктерін әзірлеу және енгізу, оның ішінде мемлекеттік тапсырысты орындауға медициналық қызметтерді ұсынушы жекеменшік өнім берушілерді тарту бойынша шаралар қабылдау;

жекелеген денсаулық сақтау объектілерін салу, жекешелендіру, негізгі құралдарды (ғимараттар, жабдықтар) сенімгерлік басқаруға және жекеменшік медицина ұйымдарына ұзақ мерзімді жалға беруді қамтитын денсаулық сақтаудағы мемлекеттік-жеке меншік серіктестік бағдарламасын кезең-кезеңмен іске асыру.
денсаулық сақтау ұйымдарында кадр саясатын жетілдіру:

Саланың адами әлеуетін басқаруды жетілдіру мақсатында Денсаулық сақтау саласының кадр ресурстарын дамыту тұжырымдамасы әзірленеді, кейбір медициналық қызметтерді орындау үшін медициналық емес білімі бар қызметкерлерді жүйелі түрде тарту басталатын болады.

Кадрларды, әсіресе ауылдық жерлерде орналасқан денсаулық сақтау ұйымдарында бекіту үшін денсаулық сақтау мамандары даярлауға, оның ішінде жеке инвестициялар мен демеушілік қаражатты тарту жолымен келісімдер негізінде жергілікті атқарушы органдардың мақсатты тапсырыстарын қалыптастыру практикасы жалғасатын болады.

Жұмыс істеп жүрген мамандардың біліктілік деңгейі саланың өзекті проблемасы болып отыр. Медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі жетілдірілетін болады. Материалдық факторлармен қатар құрмет, өзін-өзі құрметтеу және мойындау басты рөл атқаратындықтан, қоғамдағы медицина қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесі мен беделін көтеруге ерекше көңіл бөлінетін болады.

Осылайша бағдарлама шеңберінде мыналар жоспарланады:

денсаулық сақтау жүйесінің кадр әлеуетін дамытуды жоспарлауды және оны пайдаланудың тиімділігін арттыру тетіктерін қамтитын Денсаулық сақтау саласының кадр ресурстарын дамыту тұжырымдамасын әзірлеу;

денсаулық сақтау мамандарын даярлауға жергілікті атқарушы органдардың мақсатты тапсырыстарын қалыптастыру практикасын кеңейту;

денсаулық сақтау ұйымдарын басқаруға экономикалық білімі бар менеджерлерді тарту және оларды денсаулық сақтаудағы менеджментке оқыту жөніндегі нормативтік базаны қамтамасыз ету және құру;

медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру;

медицина қызметкерлерінің әлеуметтік статусын және кәсібінің беделін арттыру, оның ішінде дәрігерлердің кәсіби қызметін қолдау және жарыққа шығаруда бұқаралық ақпараттық кампаниялар;

кәсіби бедел мен кәсіби бәсеке институттарын дамытуды қосқанда дәрігерлерді кәсіби дамытудың республикалық және өңірлік бағдарламаларын әзірлеу;

медицина қызметкерлерінің кәсіби бірлестіктерін (кәсіби ҮЕҰ) рөлін арттыру және қолдау;

медицина қызметкерлеріне арналған әлеуметтік пакет жасауды қамтитын медицина қызметкерлерін әлеуметтік қорғау жөніндегі тетіктерді әзірлеу және енгізу;

карантиндік және аса қауіпті инфекциялар таралу қаупі болғанда медицина қызметкерлері үшін профилактикалық іс-шаралар жүйесін әзірлеу және енгізу.



денсаулық сақтау саласында ақпараттандыруды дамыту:

денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу және одан әрі жетілдіру;

ДБАЖ-да клиникалық алгоритмдер, хаттамалар және басқа да стандарттарды іске асыру;

шалғайдағы ауылдық елді мекендерге ДБАЖ инфрақұрылымын, коммуникациясын және бағдарламалық шешімдерін құру, аудан орталығынан алыстағы ауылдық медицина қызметкерлерін ДБАЖ ақпараттық ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз ету;

жедел жәрдем бригадаларын навигацияның GPS интеграциялаған жүйелері бар ұтқыр терминалдармен жарақтандыру, ұтқыр терминал құралдарымен ДБАЖ ақпараттық ресурстарына барғанда бригаданың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ықпалдастық шешімдерді әзірлеу;

халыққа ұсынылатын денсаулық сақтаудың электрондық қызметтерін дамыту;

республиканың денсаулық сақтау саласында бірыңғай білім беру кеңістігін құру үшін қазіргі заманғы коммуникациялық технологияларды, оның ішінде телемедицинаны пайдалану;

денсаулық сақтау кадрларын қашықтықтан оқытуды дамыту және кадр ресурстарын басқару үшін ДБАЖ-дың жұмыс істеп тұрған компоненттерімен оны ықпалдастыру;

медициналық білім беруге компьютерлік білім беру бағдарламаларын, мультимедиялық бағдарламаларды, компьютерлік және ақпараттық технологияларды енгізу;

рентген, ультрадыбыстық суреттер және ядролық-магниттік резонанстардың суреттерін ең жаңа есептеу техникасының пайдаланып суреттің цифрлы анализі үшін зерттеу нәтижелерінің нақтылығын жоғарылату және материалды өңдеу үрдісін жеделдетуге бұл салада математикалық әдістерді қолдану үшін медициналық суреттер банкін құру;

қан компоненттерінің есебі мен қорларын басқарудың тиімді жүйесі ретінде қан банкін құру; донорлар банкін жүргізу және қадағалау үшін ДБАЖ компоненттері бар қан банкін ықпалдастыру (әлеуетті донордың денсаулық паспортын қарау);

әлеуметтік елеулі аурулардың тіркелімдерін қалыптастыру;

Ұлттық телемедицина желісін дамыту (ұтқыр телемедицинаны кеңейту, халықаралық консультацияларды дамыту, селолық және ауылдық телемедицинаның жобасына кірмеген шағын қалалармен телемедициналық желімен және бейне конференц байланыспен қамту, дәрігерлер біліктілігін арттыру және студенттерді қашықтықтан білім беруге телемедицина технологиялары және байланыс арналарын пайдалану);

дәрілік заттарды сәйкестендіру, контрафактілі өнімді болдырмау мақсатында Республика аумағында дәрілік заттарды есепке алу және сәйкестендіру жөніндегі ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, кедендік бақылау жүргізу сәтінен бастап олардың қозғалысын бақылау.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет