|
Павлодар облысы әкімдігінің
2009 жылғы 25 желтоқсан
“Павлодар облысы дамуының
2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы”
№ 259/18 қаулысына
қосымша
|
Павлодар облысы денсаулық сақтау саласын дамытудың
2010-2014 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
-
Миссия мен пайымдауы
Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының миссиясы: облыс халқына сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының пайымдауы: облыс халқына сапалы медициналық және дәрілік көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету, денсаулық сақтау жүйесімен басқарманың тиімділігін арттыру, кадрлық ресурстарды дамыту.
-
Ағымдағы жағдайды талдау
Денсаулық сақтау бюджеті 2004 жылдан бастап 2008 жылға дейінгі кезең ішінде 2,5 есеге (5415,0 млн. теңгеден 13284,1 млн. теңгеге дейін) көбейтілді. 1 тұрғынға арналған шығындар осы кезең ішінде 8504 теңгеден 17796 теңгеге дейін немесе 2 есеге артты.
Демографиялық көрсеткіштердің талдауы бойынша 2004 жылдан бастап 2008 жылға дейін туушылық 1000 тұрғынға шаққанда 14-тен 17,3-ке дейін немесе 1,2 есеге өсті. Халықтың табиғи өсімі 1000 тұрғынға шаққанда 2,6-дан 5,7-ге дейін немесе 2,3 есеге дейін көбейтілді.
2007 жылы өткен жылмен салыстырғанда сәби өлім-жітімінің көрсеткіші 1000 тірі туылғанға шаққанда 14,9-дан 10,7-ге дейін төмендеді. 2008 жылы тірі туудың жаңа критерийлеріне көшуіне байланысты сәби өлім-жітімінің көрсеткіші 1000 тірі туылғанға шаққанда 20,0-ді құрады және республикалық көрсеткішке сәйкес келеді.
Ана өлім-жітімінің көрсеткіші 2007 жылмен салыстырғанда 100 мың тірі туылғанға шаққанда 43,3-тен 7,8-ге немесе 5 есеге дейін төмендеді. Облыс бойынша ана өлім-жітімі республикада ең төмен болып табылады.
Туберкулез аурушаңдығының талдауы бойынша 2005 жылдан бастап жылына 6-7% -ға төмендеу тенденциясы байқалды, 2008 жылы көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 141,5-ті құрады. Оған алдын алу жұмысының жақсартылуы әсер етті.
Қатерлі жаңа ісіктер аурушаңдығы 100 мың тұрғынға шаққанда 1998 жылдан бастап 2006 жылға дейін 13%-ға өсті, соңғы 2 жыл ішінде аурушаңдықтың және өлім-жітімнің тұрақтандырылуына тенденция байқалды. Жаңа химиялық препараттарды қолдану және емдеудің жаңа стандарттарын енгізу аурушаңдықтың және өлім-жітімінің тұрақтандырылуын қамтамасыз етеді. Ерте анықтау және онкологиялық сақтық мақсатында жыл сайын медициналық қызметкерлер оқуды әр түрлі деңгейлерде өтеді.
Жүрек-қан тамыры ауруларының аурушаңдығы 2004 жылдан бастап 2008 жылға дейінгі кезең ішінде 21%-ға көбейтілді, өлім-жітім 8%-ға өсу тенденциясына ие. Жүрек қан-тамыр ауруларынан өлім-жітім 2008 жылы халықтың жалпы өлім-жітім көрсеткішінен 51,1%-ды құрады және өсуге тенденциясы бар. 2008 жылы оның 3,4%-,а төмендегені белгіленді, көрсеткіш 2007 жылы 604,8-ге қарсы 100 мың тұрғынға шаққанда 581,1-ді құрады.
Облыс бойынша жалпы аурушаңдық 2004 жылдан бастап 2008 жылға дейін 100 мың тұрғынға шаққанда 1079886,0-ден 123887,5-ке дейін өсті. Өлім-жітім көрсеткіші 2008 жылы 2004 жылдың деңгейінде қалды және 1000 адам тұрғынға шаққанда 11,4-ті құрады.
Аурушаңдық және өлім-жітім көрсеткіштері бірқатар себептермен түсіндіріледі:
1) халықтың қартаюы (халықтың регрессивті түрі) – халықтың жалпы санында балалардың үлесі төмендеді және 50 жастан жоғары тұлғалар үлесінің көбеюі байқалуда, туғаннан 15 жасқа дейінгі балалар – 19,5%, 15-49 жастағы тұлғалар – 57,4%, 50 жастан жоғары – 23,4%;
2) Павлодар облысы өндірістік аймақ болып табылады, облыс аумағында ірі өндірістік кәсіпорындар бар - мұнай өңдеу, электролиз, алюминий, ферроқорытпа зауыттары, олар қаланың шегінде орналасқан;
3) облыстың үш ірі ауданы бұрынғы Семей ядролық полигонының аумағына жақын орналасқан;
4) халықтың бұқаралық топтарына профилактикалық тексерулер өткізу және ауруларды белсенді анықтау.
Денсаулық сақтау саласын дамытуға әсер ететін факторлар болып мыналар табылады:
1) дәрігер кадрлардың тапшылығы 300 адамнан аса, соның ішінде ауылда – 80;
2) халықтың басым көпшілігінде өзінің денсаулығын сақтауда және нығайтуда қызығушылықтың болмауы, бұл азматтардың денсаулықтары үшін көбінесе мемлекеттік жауапкершілікке әкеледі.
2014 жылға дейін денсаулық сақтаудың негізгі стратегиялық бағыттары мыналар болып табылады:
1) халықтың денсаулығын сақтау және нығайту, ана мен бала денсаулығын жақсарту;
2) әлеуметтік маңызды аурулардан аурушаңдықты және өлім-жітімді төмендету, салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты сақтау үшін ортақ жауапкершілік.
Жақын арадағы үш жылда облыс денсаулық сақтау саласын дамыту үшін мына болжамды факторлар әсер етеді
№ р/с
|
Тенденциялар және қолданыстағы өзгерістер
|
Денсаулық сақтауды
басқармасының жұмысына
әсер ететін факторлар
|
1
|
2
|
3
|
1
|
Демографиялық жағдай
|
|
|
Күтілетін туушылықтың өсуі: 1000 тұрғынға шаққанда 2008 жылы - 17,29; 2012 жылы - 19,84.
Халықтың жалпы санында балалардың үлес салмағын көбейту: 2008 жылы - 19,4%;
2012 жылы - 20,2%.
65 жастан жоғары тұлғалардың үлес салмағын төмендету: 2008 жыл - 9,3%; 2012 жыл - 8,6%.
Еңбекке қабілетті жастағы халық санының өсуі (2008 жылы - 501,515 мың адам; 2012 жылы - 512,115 мың адам).
Қала тұрғындар санының өсуі (2008 жылы - 495,3 мың адам; 2012 жылы - 499,4 мың адам)
|
Ана мен баланы қорғау жөніндегі медициналық қызметтердің көлем-дерін ұлғайту, бұл облыстың босануға жәрдемдесу ұйымдары желісін кө-бейтуді қажет етеді.
|
2
|
Денсаулық жағдайы
Қан айналымы жүйесі ауру-лары 100 мың тұрғынға шаққанда 2008 жылы – 1690,4; 202 жылы – 2258,9.
Онкологиялық аурушаңдық 100 мың тұрғынға шаққанда 2008 жылы – 265,3; 2012 жылға болжам
|
Қажеттіліктің өсуі:
1)медициналық кадрларда (кардиохирургтер, эндокринологтар, онкогематологтар);
2) мультрезистенттік түрмен ауыра-тын науқастарды емдеу үшін және созылмалы түрмен ауыратын науқастарға хосписті ашу үшін бөлім-шелерді кеңейте отырып, халықаралық
|
|
Қант диабеті 100 мың тұрғынға шаққанда 2008 жылы – 167,4; 2012 жылы – 205,4.
Туберкулезбен жалпы аурушаң-дықты төмендету 100,0 мың тұрғынға шаққанда 2008 жылы – 141,5; 2012 жылға болжам – 130,5.
|
стандарттарға жауап беретін заманауи денсаулық сақтау нысандарында.
Резервті қатардың препараттарын-дағы қажеттіліктің 2 есеге өсуі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |