Бағдарламасы Нысан пму ұС 18. 3/31


Конституционалдық морфология және жыныстық деморфизм



бет3/3
Дата07.07.2016
өлшемі1.57 Mb.
#183570
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3

14. Конституционалдық морфология және жыныстық деморфизм

Конституционалдық морфология және оның жалпы сипаттамасы. Соматотип туралы түсінік. Адам дене дамуы оқуының конституциональдық морфологиямен байланысы. Адам конституциясының негізгі компоненттері: дене мөлшері, дене бітімі, үйлесімділігі, дене салмақ құрылысы, дененің этнотерриторияльдік, вариативтілік мөлшері. Дененің жалпы және жеке бітімдері. Адам конституциясын оқып үйренудегі антропоскопия мен антропометрияның әдістері. Антропометриялық аспаптары. Антропометрия мен антропоскопия өткізу ережелері. Тексеру материалдарын бірінші өндеу. В.Бунактың дене бітімдердің үйлесімділік түрлері. Дене бітімінің үйлесімділік нүсқалардың жеңілдік схемалар. Адам денесінің даму және өсу кезеңіндегі дене бітімі үйлесімдерінің өзгерістері. Дене салмағының құрамдары, оның компоненттері және оларды аныктау әдістері. Май компонентін жас шамасы сипаттамасы. Самототиптердің топтастыруы және олардың сипаттамасы. И.В. Черноруцкийдің, В.Г. Штефко, АД.Островскийдің П.В.Бунактың, И.Г.Галант, В.П.Чтецовтардың схемалары және олардың топ қызметтік сипаттамасы. Дененің мөлшері мен салмақтың мөлшерін бағалауы. «Арманды» дене салмағы. Д.А. Ждановтың „дене салмағын" жасандыру принципі. Дененің сымбаты және оның анатомиялық негізі. Дене сымбатын топтастыру. Дене сымбатын жас шамасы өзгерістері. Адам дене сымбатын анықтау өдістері.

Жыныстық диморфизм. Жыныстың пайда болуы. Ерлер мен әйелдердің морфологиялық айырмашылығы (дене өлшемдері, дене салмақ компоненттердің үйлесімділігі, жеке мүшелердің және жүйелердің дамуы). Генетиктер, жыныстың генетикалық және соматикалық айырмашылығы. Олардың онтогенездік айырмашылығы.

15. Спорттық морфология

Спорттық морфологияның мазмұны мен әдісі. Медициналық-биологиялық пән және спорттық морфологияның байланысы. Спорттық морфологияның міндеттері.

Спорттық морфологияның әдістері: антропометриялық (дене салмақтың компонентерін анықтау, плантография және педометрия, динамометрия, гониометрия дене түрлерін анықтау), антропоскопиялық, рентгенологиялық, ультардыбыстық эхолокация, микроскопиялық зерттеу, педагогикалық төжірибе, жануарлармен эксперименттер. Спорттық морфологияны топтастыру. П.Ф. Лесгафт- қызметтік жөне теориялық анатомияның негізін қалаушы. Спортгық морфология негізінің қалыптастырудағы М.Ф.Иваницкий еңбегінің мәні.

Дене шынықтыру, оқытушыларға, жаттығушыларға оқу- жаттығу процестерді (спорт жаттығуларды) ғылым арқылы құрау үшін, жекелендіру мен спорттық нәтижесін прогноздану үшін спорттық морфологияның маңызы.

Бейімделудің жалпы теориялық негізі. Бейімделу мен қайта бейімделу туралы түсінік. Қозғалыстың көп қызметтік жүйесі және оның компоненттері. Бейімделу реакцияларын анықтайтын факторлар: мөлшердің әсер етуі, бір мерзімді, көп мерзімді әрекеттері, организмнің реакциясы. Организмнің реакция шамасы туралы түсінік (оның реактивтілігі). Реакция шамасын анықтайтын факторлар: тұқым қуалаушылық, физиологиялық жағдайы, жынысы, жас шамасы, денсаулығы, алғашқы төжірибе, дене құрылысы
(конституциясы) жөне тағы басқалар. Стресс-морфофункциональдық бейімделудің механизмі сияқты. Бейімделудің кезеңдері және оның морфологиялық сипаттамалары (алаңдау, қарсылық және әлсіреу).

Организмді дене күші жүктемелеріне үйрену жолдары. Спорттық өрекет жағдайына бейімделудегі регенерацияның, атрофияның, гипертрофияның мәндері. Регенерация түрлері. Бейімделудің компенсаторлык, жән деструктивтік өзгерістері. Спорттық әрекет жағдайына организмнің рационалдық және рационалдық емес бейімделу критерийлері. Сүйектердің остеондардың структуралық өзгерістері. Сүйектердің тығыз және кемікті заттардың өзгеруі. Бейімделуді басқару және оның морфологиялық бакылау.

Күшті жүктемелерге бейімделу. Сүйек жүйесі. Сүйектің өсуінің қызметтік ерекшеліктері. Сүйектің құрылысы мен қызметтік шарттасқандығының негізгі зандылықтары. Спортшыларды сүйекті бейімдеудегі нормалардың мәні. Сүйектің химиялық құрамының өзгеруі. Спортшылардың денесіндегі (омыртқа бағанасы мен қабырткалар), аяқ - қолдарындағы, бас сүйеғіндегі бейімделу өзгерістері.

Сүйектердің байланыстары. Байланыстардың синовиальдік, фиброздық және шеміршекті өзгерістері. Спортшылардың буындарындағы компонентгердің өзгеруі (сүйектердің бір-бірімен түйісіп жанасатын буын беттері, буын қабы, буын саңылауы). Спортшылардың буындарындағы козғалыстардын, топографиясы.

Бұлшық ет жүйесі. Микро және ультрамикроскопиялык деңгейдегі бұлшық ет талшықтарының морфофункциональдык өзгерістері. Бұлшық ет тамырлардың және жүйкелердің өзгерістері. Бұлшық еттердің сыртқы пішіндердің өзгерістері: көлемі, ұзындығы, талшықты және сіңірлі бөліктердің сәйкестігі. Бұлшық еттің ішкі өзгерісі: ет талшықтарының бағыттары мен орналасу жағдайын өзгерту, эндомизийдің және перимизийдің құрылыстарын. Спортшылардың бұлшық етіндегі күштің топографиясы.

Ішкі мүшелер, жүрек-тамырлар, жүйке жүйесі жөне эндокринді аппарат. Асқазанның бейімделуі-оның қабырғаларының құрылымы және қызметі (эвакуаторлық, секреторлық және экскреторлық); бауырдың-оның мөлшері және ішкі құрылысы; бүйректердің салмағы, мөлшері, нефронның компоненттері; жүрек- оның салмағы, мөлшері, қуысы, миокарды, перифериялық тамырлары, қанның микроциркуляторлық жолы, қан тарату жүйесі, оның үлгі элементтері, жүйке жүйенің қыртыс және қыртыс асты структуралары, перифериялық жүйке тармақтары және оның шеткі аппараттары,гипофиздің және бүйрек үсті бездердің.

Спортқа іріктеу кезіндегі морфофункциональдық көрсеткіштердің мөні. Спотрттағы іріктеудің формасы мен әдісі. Спорттық іріктеудегі морфологиялық үлгі мен әнеге. Спорттық іріктеудің анатомоантропологиялық өлшемдері. Спорттық іріктеу кезінде қолданылатын морфологиялық көрсеткіштерге әулеттік және шеттік орталық әсердің салыстырмалы мәні.
Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
Тақырып 1 Организм қүрылысының жасушалық және ұлпалық деңгейі

1 Жасушаның негізгі бөлігі, пішіні және мөлшері. Жалпы және арнаулы мәндегі органеллдер. Органеллдердің, жасушаның пластикалық және энергетикалық процестеріне қатысуы. Ядро және оның құрылымдық компоненттері. Ядроның құрылысы мен пішіні. Хромосомдар. ДНҚ, тұқым туралы түсінік. Ядрошықтың функционалды маңызы.

2 Ішкі ортадағы ұлпалар, олардың құрамы, қызметі және топтастырылуы.

3 Шеміршек ұлпа, оның сан алуан түрлілігі, құрылысы мен атқаратын қызметінің сипаттамасы.

4 Жүректің бұлшық ет ұлпасы, оның қаңқалык бұлшық еттерден айырмашылығы. Кардиомиоцит және оның құрылымдық компоненттері, олардың ажырауы. Жүректің ерекше бұлшық еттерінің сипаттамасы.
Әдебиеттер [1-15]

Тақырып 2 Жалпы диамикалық морфология

1 Тұрақты бұрыш. Қозғалыс аппараты элементтердің озарлығы және олардың сыртқы дем алу сақтайтын бағыттау жұмысы. Жеке жаттығуларды орындау кезінде қамтамасыз ету жүйелерінің (ішкі мүшелердің, жүрек-қан тамырларыдың) қалыптары. Дене қозғалысының немесе қалыпты жағдайдың организмге әсері.

2 Дене тәрбиесі сабақтарында және спортпен айналысқанда орындалатын қолдың негізгі қимылдары. Затты денеге жақындатқанда, денеден итергенде, қолмен соққы бергенде, бұлғау қозғалыстарда, қолмен тірену кездерінде және локомоторлық функцияларын орындағанда қозғалыс аппараттың жұмыстары.

3 Дене тәрбиесі сабақтарында және спортпен айналысқанда орындалатын аяқтың негізгі қимылдары. Аяқпен локомоторлық функциясын, рессорлық және тіректік қозғалыстарын жүргізгенде қозғалыс аппаратының жұмысы. Дененің ерекше қалыптарында (аяқтың ұшымен көтерілгенде, отырғанда және т.б.) секіргенде, аяқпен соққы бергенде тірек-қимыл, аппаратының қызметтік сипаттамасы.


Әдебиеттер [1-15]
Тақырып 3 Жеке динамикалық тәнтану

1 Жүру. Жүрудің фазалары, кезендері, дөуірі. Жүру кезінде адам денесіне эсер ететін сыртқы және ішкі күштер. Тірексіз кезінде бұлшық еттер жұмыстардың рекшеліктері. Жүру кезіндегі қол мен аяқтардың үйлестіру қиысқан қозғалыстары. Жүруге дененің жалпы ауырлық орталығының орын ауыстыруы. Жүрудің әр кезеңіндегі тірек- қимыл аппаратының жұмысы. Жүрудің алуан түрлері.

2 Жүгіру. Жүгіру мен жүрудің ара қашықтықтары. Жүгірудің фазалары. Жүгіруде жеке фазалары мен кезендерінде дене тұрақтылығының сипаты.

3 Айналдыру қозғалысының жалпы сипаттамасы жөне оларды топтастыру. Сыртқы және ішкі күштердің өзара әрекетінің ерекшеліктері. Артқа шыр айналу (сальто)- еркін білік (ось) маңындағы дене қозғалысы. Артқа шыр айналу кезіндегі қимылдың кезеңі мен сатысы. Артқа шыр айналу негізіндегі тыныс алу.


Әдебиеттер [1-15]
Тақырып 4 Ішкі секрециялық мүшелер

1 Ішкі секрециялық мүшелердің жіктелуі. Қан жөне жүйке жүйелерімен қызметтік байланысы. Гормондар және олардың адам организміне әсері.

2 Эпифиз, гипофиз. Орналасуы, құрылысы және атқаратын қызметі.

3 Ұйқы безінің эндокриндік бөлігі, бүйрек үсті бездері, олардың орналасуы, құрылысы және атқаратын қызметі.

4 Жыныс бездерінің ішкі секреторлық бөлігі. Аталық безі және аналық бездерінің ішкі секрециялық маңызы.

5 Организмнің жалпы қызметін реттеуде ішкі секрециялық бездердің мәні. Тура және кері байланыстары.


Әдебиеттер [1-15]
Тақырып 5 Жас шамасының морфологиясы

  1. Организмнің өсуі мен дамуының негізгі зандылыктары. Жас шамасын дәуірлеу.

2 Биологиялық жас шамасы туралы түсінік. Биологиялық жас шамасының бағалық көрсеткіштері мен нормативті таблицалар. Tic жас. Сүйек жас. Дене өлшемдерінің жас өзгерістері.

3 Биологиялык жас шамасы, қозғалыстағы жас шамасы және дене құрылысы қасиеттері. Жыныс жағынан жетілу мерзімін бақылау, дене мөлшері және қозғаушы сапалардың дамуы.

4 Жыныс пісіп жетілуі және оның морфофункциональды сипаты. Ұл мен қыздың жыныстық жағынан жетілу ерекшеліктері. Организмнің даму, өсу, акцелерация және онтогенез факторлары.
Әдебиеттер [1-15]
Тақырып 6 Конституциональдық морфология және жыныстық диморфизм

1 Адам конституциясының негізгі компоненттері: дене мөлшері, дене бітімі, үйлесімділігі, дене салмақ құрылысы. Дененің жалпы және жеке бітімдері.

2 Адам конституциясын оқып үйренудегі антропоскопия мен антропометрияның әдістері. Антропометриялық аспаптары. Адам денесінің даму және өсу кезеңіндегі дене бітімі үйлесімдерінің өзгерістері. Май компонентін жас шамасы сипаттамасы.

3 Дененің мөлшері мен салмақтың мөлшерін бағалауы. «Арманды» дене салмағы. Д.А. Ждановтың „дене салмағын" жасандыру принципі.

4 Дененің сымбаты және оның анатомиялық негізі. Дене сымбатын топтастыру. Дене сымбатын жас шамасы өзгерістері. Адам дене сымбатын анықтау өдістері.
Әдебиеттер [1-15]
Тақырып 7 Спорттық морфология

1 Бейімделу мен қайта бейімделу туралы түсінік. Бейімделудің кезеңдері және оның морфологиялық сипаттамалары (алаңдау, қарсылық және әлсіреу). Организмнің реакция шамасы туралы түсінік (оның реактивтілігі). Реакция шамасын анықтайтын факторлар. Стресс-морфофункциональдық бейімделудің механизмі сияқты.

2 Организмді дене күші жүктемелеріне үйрену жолдары.

а) сүйек жүйесінің бейімделуі: сүйектің өсуінің қызметтік ерекшеліктері. Сүйектің химиялық құрамының өзгеруі. Спортшылардың денесіндегі (омыртқа бағанасы мен қабырткалар), аяқ - қолдарындағы, бас сүйеғіндегі бейімделу өзгерістері.

б) микро және ультрамикроскопиялык деңгейдегі бұлшық ет талшықтарының морфофункциональдык өзгерістері. Бұлшық ет тамырлардың және жүйкелердің өзгерістері. Бұлшық еттердің сыртқы пішіндердің өзгерістері, эндомизийдің және перимизийдің құрылыстары.

в) ішкі мүшелер, жүрек-тамырлар, жүйке жүйесі жөне эндокринді аппараттың өзгерістері.


Әдебиеттер [1-15]

Зертханалық сабақтардың мазмұны

Зертханалық сабақ № 1 Организм құрылысының жасушалық және ұлпалық деңгейі

Сабақтың мақсаты: ұлпалардың құрылысы және структуралық ерекшеліктері туралы білім негізінде студенттерді микроскопиялық деңгейде эпителиальды, сүйек және бездер ұлпаларды тануды үйрету; органеллдердің жасуша тіршілігіндегі атқарытын ролін анықтау.

1 Қабықты, ауыспалы, бездер эпителийдерді зерттеу. Бездердің пішіндері мен құрылымы.

2 Сүйек ұлпасын, жасушалық элементтері мен жасуша аралық заттардың ерекшелігін зерттеу. Пластикалық сүйек ұлпа. Сүйектің микроскопиялық құрылысы. Сүйектің пластинкалары, олардың құрылыстары және орналасуы. Остеон- құбыр тәріздес сүйектегі тығыздалған заттардың кұрамдық бөлшегі. Қатқыл талшықты сүйек ұлпа. Сүйек ұлпасының регенерациясы.

3 Бұлшық етті ұлпаларды зерттеу. Бұлшық еттің өзіндік қасиеттерін, алуан түрлілігін қарастыру. Біріңғай салалы бұлшық ет үлпасы: оның орналасуы және атқаратын қызметіне байланысты ерекшеліктері. Біріңғай салалы бұлшық ет жасушалары, миофибриллдер, протофибриллдер. Көлденең жолақ бұлшық ет ұлпасы. Бұлшық ет талшығы (мион)-қаңқаның бұлшық ет ұлпаның негізгі элементі болып табылады, оның пішіні мен мөлшері.

4 Қорытындылар.

Әдебиеттер [1-15]
Зертханалық сабақ № 2 Қаңқа сүйектер және олардың байланыстары

Сабақтың мақсаты: адамның қаңқа сүйектерін және олардың байланыстарын оқып білу

1 Дене қаңқасы. Омыртқа бағанасы. Оның негізгі бөліктері. Омыртқа құрылысының жалпы көрінісі. Мойын, кеуде, бел омыртқаларының құрылысындағы ерекшеліктері. Омыртқа бағананың бас сүйектермен байланысуы. . Омыртқа бағананың физиологиялық тұрғыда иілуі жөне оның қызметтік мәні. Омыртқа бағананың қозғалысын демонстрациялау.

2 Кеуде қуысы. Кеуде қуысының сүйектік негіздері. Кеуде қуысы қабырғаларының доғалары, төсасты бұрыш. Кеуде қуысының тұтастығы, пішіндері. Кеуде қуысының жас шамасы және оның жыныс арқылы көрінетін ерекшеліктері. Адам денесінің сыртқы қабатында кеуде сүйектер құрылыстардың проекциясы. Кеуде сүйектердің қозғалысын көрсету.

3 Бас қаңқасы. Бас сүйектердің жалпы сипаттамасы. Ми және бет сүйектері. Бас сүйектер құрылысының ерекшеліктері.

4 Қол және аяқтың қаңқасы. Сүйектері, орналасуы және құрылысы. Сүйектер байланыстары. . Қол және аяқ сүйектердің қозғалыстарын көрсету.

Әдебиеттер [1-15]
Зертханалық сабақ № 3 Қаңқа бұлшық еттері

Сабақтың мақсаты: басты, мойынды, дене және кол-аяқтардың қозғалтатуына, айналуына қатысты бұлшық еттерді және олардың қызметтік топтарын зерттеу; олардың орналасуын және беку орындарын білу.

1 Омыртқа бағанының мойын бөлігінің алға иілуіне қатысатын бұлшық еттерді, олардың орналасуын, басталатын және бекитін орындарын зерттеу; бас қозғалысына, алға және артқабүгүіне, айналуына қатысатын бұлшық еттер.

2 Омыртқа бағанының бел бөлігінің иілуіне қатысатын бұлшық еттерді, олардың орналасуын, басталатын және бекитін орындарын зерттеу; құрсақ бұлшық еттері. Әртүрлі тірек калпында қүрсақ бұлшық еттердің қызметтері, құрсақ қуысының сығымдалуы және оның спортшылар үшін атқаратын қызметі.

3 Тыныс қозғалысына қатысатын бұлшық еттер. Көкет, оның орналасуы, құрылысы мен атқаратын қызметі. Қабырғааралық бұлшық еттер (сыртқы және ішкі). Тыныс алудың түрлері.

4 Қолдың бұлшық еттері. Қолдың иық белдеу сүйетерінің қозғалысына қатысатын бұлшық еттер. Білек сүйектердің қозғалысына қатысатын бұлшық еттердің қызметтік топтары: бұгу, жазу, пронация, супинация, олардың басталатын жері мен бекуі. Қол басының және саусақтардың қозғалысына қатысатын бұлшық еттердің қызметі.

5 Аяқтың бұлшық еттері. Ұршық (жамбас- сан) буынындағы санның қозғалысына қатысатын бұлшық еттер. Тізе буынында балтыр сүйектердің балтырды қозғалтатын бұлшық еттер. Аяқ бастың бақайлардың қозғалысқа келтіретін бұлшық еттер, олардың басталатын жері мен бекуі.
Әдебиеттер [1-15]
Зертханалық сабақ № 4 Ішкі мүшелер

Сабақтың мақсаты: адамның ас қорыту, тыныс алу және несеп - жыныс жүйелерін зерттеу; функционалды маңызына ерекше мән беріп қарастырылатын жүелерге жалпы сипаттама беру.

1 Ас қорыту жүйсін зерттеу. Бөлімдерінің ерекшеліктерін, орналасуын, құрылысын және функционалды маңызын белгілеу.

2 Тыныс алу жүйесін қарастыру. Тыныс жолдары және тыныс алу органдары.

3 Несеп-жыныс жүйе. Несеп шығару мүшелердің жалпы көрінісі. Ер адамның жыныстық мүшелерінің жалпы көрінісі. Әйел адамдардың жыныстық мүшелерінің жалпы көрінісі.

4 Қарастырған жүйелер жұмысы және олардың байданысы туралы қорытындылар жасау.

Әдебиеттер [1-15]
Зертханалық сабақ № 5 Жүрек қан тамырлар жүйесі

Сабақтың мақсаты: жүректің құрылысын, қанмен қамтамасыз етілуін және жүйкелендірілуін, үлкен және кіші қан айналымдағы тамырларды зерттеу.

1 Жүректін пішіні, орналасу жағдайы, жоғарғы қабаты, шеттері, шекарасы. Жүректің құрылысы: эндокард, миокард, эпикард, перикард. Жүректің қақпақшалары. Жүректің қанмен қамтамасыз етілуі және жүйкелендірілуі. Жүректің өткізу жүйесі және атқаратын қызметінің мәні.

2 Үлкен қан айналымдағы тамырлар. Қолқа. Оның бөліктері мен орналасу жағдайы. Қолқа доғасының бұтактары. Артериялар. Үйкы артерия, бүғана асты артерия, қолдағы артериялар, қолтық асты, қар, шынтақ, шыбық, қол бас. Төмендеген қолқаның бөліктері: кеуде қолқа жөне құрсақ қолқа.Аяқтағы артериялар. Веналар.

3 Кіші қан айналымдағы өкпе тамырлар. Өкпе діңі, өкпенің артериялары мен өкпе веналары.

4 Адам өміріндегі жүрек қан тамырлар жүйесінің манызы туралы қорытынды жасау.


Әдебиеттер [1-15]
Зертханалық сабақ № 6 Жүйке жүйесі

Сабақтың мақсаты: бас мидың бөлімдерінің орналасуын, құрылысын және атқаратын қызметтерін зерттеу.

1. Сопақша ми. Оның ораласуы, ақ және сүр заттардың құрылыстары. Ромб тәрізді шүңқыр. Сопақша мидың негізгі ядролары, олардың жергіліктері және аткаратын қызметтері.

2 Артқы ми. Оның бөліктері. Ми көпірі, оның құрылысы, орналасуы, атқаратын қызметі. Мишық, оның орналасуы, құрылысы және басқа жүйке жүйенің бөлімдерімен анатомиялық байланысы. Мишықтың ядролары және олардың қызметтік маңызы. Мидың төртінші қарыншасы.

3. Ортаңгы ми. Оның бөлімдері, олардың орналасуы, құрылысы, байланыстары. Ортаңғы мидың төбесі және оның қызметінің мәні. Ми сабақтардың ядролары және олардың қызметтері.

4 Аралық ми. Оның бөлімдері. Таламус, эпиталамус, метаталамус және гипоталамус, олардың орналасуы, құрылысы және атқаратын қызметінің мәні. Мидың үшінші қарыншасы және оның қатынастары. Ми діні мен жүлынның ретикулярлы формациясы туралы түсінік. Оның кызметтік мәні.

5 Ми қабықтары: қатты, торлы, тамырлы. Бас мидың қатты қабы. Мидың қатты қабының тамырлары. Торасты кеңістіктер, цистерналары. Жүлын-ми сүйықтықтың айналмалуы. Жұлынның кабылары,олардың оналасу ерекшеліктері.

Әдебиеттер [1-15]
Зертханалық сабақ № 7 Сезім мүшелері

Сабақтың мақсаты: дәм және иіс сезу мүшелерінің құрылысын зерттеу; терінің құрылысын және тері рефепторларды қарастыру.

1 Дәм сезу мүшесі. Тілдің шығыршықты қабықшасы, тілдің дөм сезу бүрлері, олардың орналасулары. Дәм сезу анализаторлардың рецепторлары, өткізгіш жолдары жөне орталығы.

2 Иіс сезу мүшесі. Мұрын құрылыстарының тыныс алу жөне иіс бөлімдері. Иіс сезу жүйке және оның шеткі аппараты. Иіс сезу рецепторлары, өткізгіш жолдары, қыртыс асты жөне қыртыс орталықтары.

3 Дененің жалпы сыртқы қабаты. Тері, оның құрылысы, атқаратын қызметі. Эпидермис, нағыз тері (дерма). Тері астырғы қабаты. Терінің қосымшалары: шаш, тырнақ жөне май шығару бездері. Терінің қан тамырлары. Тері рецепторлары, олардың қыртыс асты жене қыртыс орталықтары.

Әдебиеттер [1-15]


ОӨЖ мазмұны




ОӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындық




Сабаққа қатысуы

30

2

Тәжірибе сабақтарына дайындық

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысуы

15

3

Зертхана жұмыстарына дайындық

Суреттер, конспект

ДС рұқсатнама

15

4

Зертханалық жұмыстарды қорғау және есепті дайындау

Есеп

ЗЖ қорғау

15

5

Аудитория сабағының мазмұнына кірмеген материалды меңгеру

Конспект


Сабаққа қатысуы

35

6

Реферат дайындау

Реферат


Рефератты қорғау

8

7

Бақылау шараларына дайындық




МБ 1, МБ 2

2

Барлығы:

120


Өздік оқуға арналған тақырыптар
1 Адам организмінің қүрылысына материалистік және идеалистік көзқарастарының күресі.

2 Адам организмінің қалыптасуындағы өлеуметтік биологиялық факторлардың маңызы.

3 Адам денесінің жалпы ауырлық орталығы (ЖАО) немесе жалпы салмақ орталығы (ЖСО) мен жеке дене бөлшектерінің ауырлық орталықтары. Дененің жалпы ауырлық орталықтарын анықтау әдістері.

4 Бұлшық ет жұмысы мен бастырық (рычаг) заңы. Бұлшық еттердің бөліктері. Адамның қозғалыс аппаратындағы I, II, III түрі бастырықтардың сипаты.

5 Лимфатикалық жүйе және оның жалпы көрінісі.

6 Иммуногенез мүшелері. Орналасуы, құрылысы, атқаратын қызметі.

7 Гормондар олардың адам организміне әсері.

8 Орта жүйке жүйесінің өткізгіш жолдары және олардың рефлекторлық доға құрауына қатынасуы.

9 Талдағыштар туралы морфологиялык білімді дамыту туралы Павлов ілімінің мөні.

10 Организмнің даму, өсу, акцелерация және онтогенез факторлары.

11 Спорттық іріктеудің анатомоантропологиялық өлшемдері.

Рефераттар тақырыптары




  1. М.Ф.Иваницкий бойынша түру қалпының мінездемесі, түрудың түрлері.

  2. Жүрудің анатомиялық мінездемесі.

  3. Жүгірудің анатомиялық мінездемесі

  4. Қолмен асылып түрудың анатомиялық мінездемесі

  5. Тақыммен асылып туру қалпының анатомиялық мінездемесі

  6. Тіреу қалпының анатомиялық мінездемесі

  7. Шалқасынан (төрт тағандап) түру (көпір) қалпының анатомиялық мінездемесі

  8. Секірудің анатомиялық мінездемесі

  9. Сальтоның анатомиялық мінездемесі

  10. Сүйек- буын аппаратының анатомиялық мінездемесі

  11. Бүлшық еттердің дене шынықтыру жаттығуларға бейімделуі.

  12. Жүрек тамырлар жүйесінің дене шынықтыру жаттығуларға бейімделуі.

  13. Жүйке жүйенің дене шынықтыру жаттығуларға бейімделуі.



Мамандықтың оқу Нысан

жоспарынан ПМУ ҰС Н 7.18.3/35

көшірме

050108 – Дене шынықтыру және спорт мамандықтың



оқу жоспарынан көшірме




Оқу түрі

ақылау түрлері

Студенттің оқу жұмысының көлемі

Курс және семестр бойынша сағаттардың бөлінуі

Барлығы

1 курс

емт

сын

кж

бж

бәрі

ауд

өзд

дәр

Тәжір


зертх

СМӨЖ

СОЖ

1

Күндізгі орта білім негізінде

2










180

60

120

30

15

15

60

120


Әдебиеттер

  1. Спорттық морфология негізіндегі тәнтану. Жүмашева С.К. Алматы, Республика, 1994.

  2. Анатомия человека. Иваницкий М.Ф. Томдар 1-11. М., ФиС, 1965, 1966.

  3. Анатомия человека. Привес М.Г. Л. Медицина, 1969

  4. Атлас анатомии человека. 3 том. М. Медицина, 1974.

  5. Анатомия человека. Учебник для студентов институтов физической культуры. Под ред. Козлова В.И. М., ФиС, 1978

  6. Анатомия человека. Методическое указание для студентов заочного обучения. Гладышева А.А. М., 1980

  7. Анатомия человека. Учебник. Под. ред. Гладышевой А.А, М., ФиС, 1984.

  8. Анатомия пөнінің төжірибелік сабақтарға арналған өдістемелік нүсқаулар. Юмашева С.К., Алматы, 1993.

  9. Анатомия человека. Сапин М.Р., Брыскина З.Г. Учебное пособие. М., Просвещение. 1995.

  10. Адам анатомиясы. Керимбеков Е.Б.Алматы, Рауан, 1992.

  11. Адам анатомиясы. Рақышев А. Алматы, Білім 1995.

12 Движение человеческого тела. Иваницкий М.Ф. Учебное
пособие, М, ФиС, 1985.

13 Методические указание к лабораторным занятиям по анатомии


(нервная система и органы чувств). Алма-Ата, 1985.

  1. Практикум по анатомии человека 4.1. (М., ФиС, 1969.

  2. Нервная система и органы чувств. Рашидов И.И., Алматы, 2000.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет