Гипоталамус-негетативті қызметтерді реттеу орталығы



бет1/8
Дата14.11.2022
өлшемі472.5 Kb.
#464806
  1   2   3   4   5   6   7   8
Гипоталамус




Мазмұны
Кіріспе...................................................................................................................
1. Гипоталамус-негетативті қызметтерді реттеу орталығы.....................
1.1. Артқы ми.......................................................................................................
2. Сопақша ми..................................................................................................
2.1. Ортаңғы ми....................................................................................................
2.2. Қызыл ядро...................................................................................................
3. Торлы құрылым немесе ретикулярлық формация................................
3.1. Мишық...........................................................................................................
3.2. Ішкі секреция бездері. Гормондар. Гипофиз. Эпифиз .............................
Қорытынды...........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................


Кіріспе

Гипоталамус 'hypo'— төмен, астында, қалыптан төмен; thalamos - камера, бөлім) - көру төмпегінің (таламустың) төменгі жағында, көру жүйкелерінің қиылысы мен үлкен ми аяқшаларының аралығында орналасқан аралық мидың бөлігі. Ол үшінші ми қарыншасының түбі мен қабырғасын құруға қатысады.
Гипоталамус - сұр төмпектен (tober cinereum), гипофизден - hypophysis — (эндокринді без) және емізікше денеден (corpus mamillare) тұрады. Гипоталамустың сыртқы беті ақзаттан (өткізгіш жолдар), ішкі беті — қыртысасты вегетативті ядроларды (тыныс алу, қан және лимфаайналым, дене қызуы, жыныстық қызметтер т.б.) түзетін сұрзаттан құралған.
Гипоталамустың вегетативтік орталықтары — организмдегі қан қысымын, дене қызуын, май-су алмасуын, эндокринді бездер жұмыстарын реттеуге қатысатын мультиполярлы нейроциттер ядроларынан тұрады.
Гипоталамус ядролары(гипоталамические ядра) — мультиполярлы нейроциттерден құралған, гипоталамуста орналасқан сұрзаттық орталықтар, яғни ядролар.
Гипоталамустың сүрзаттық орталықтары алдыңғы, ортаңғы және артқы бөлімдерге бөлінеді. Аталған ядролар нейроциттері биологиялық тұрғыдан тым белсенді және жүйке жүйесі медиаторларымен салыстырғанда, алыстан және ұзақ уақыт әсер етуге бейімделген нейрогормондар бөледі. Гипоталамустың алдыңғы бөлімі — нейросекрет бөлетін ірі мультиполярлы нейроциттер құрайтын жұп супраоптикалық және паравентрикулалық ядролардан тұрады.
Ядролар нейроциттерінің эндоплазмалық торында протеинді (нонапептидтер) нейрогормондар түзіледі. Оларға вазопрессин және окситоцин гормондары жатады.
Окситоцин мен вазопрессин гормондарының қызметі парасимпатикалық жүйке жүйесінің қызметіне сәйкес келеді, яғни бұлар мүшелер құрамындағы бірыңғай салалы ет ұлпасы қабықтары мен қабаттарына әсер етеді. Сондықтан, гипоталамустың алдыңғы ядролары нейроциттерін — холинергиялық нейроциттерге жатқызады.
Вазопрессин мен окситоцин гормондары нейросекреторлы нейроциттер аксондары бойымен жылжи ағып, медиальды дөңес пен гипофиз аяқшасы арқылы гипофиздің артқы нейрогипофиз бөлігіне өтіп, қан капиллярлары қабырғасымен жанаса орналасқан ұсақ денешіктер (Херринг денешігі) түрінде аяқталады. Гормондар кейіннен организмге керекті мөлшерде соңғы денешіктерден қанға өтеді.
Гипоталамустың ортаңғы және артқы бөлімдеріндегі ішкі- негіздік (медиобазальдық) және төмпектік (туберальды) ядролары, қызметі симпатикалық жүйке жүйесіне сәйкес келетін ұсақ мультиполярлы нейроциттерден құралған. Сондықтан, бұл ядроларды — адренергиялық нейроциттерге жатқызады. Аталған нейроциттер гипофиздің безді бөлігі — аденогипофиздің гормондар түзу процесін реттеп отыратын, қарапайым молекулалы олигопептидті аденогипофизотропты гормондар бөледі.
Бұлар өз кезегінде гипофиз аденогипофизінің гормондар бөлу қызметін күшейтетін — либериндерге (күшейткіш гормондар) және керісінше, аталған қызметті баяулататын — статиндерге (баяулатқыш гормондар) бөлінеді. Гипоталамустың гормондар бөлу қызметін мидың жоғары бөлімдері бөлетін нейроаминдер (дофамин, норадреналин, серотонин, ацетилхолин) мен гормондар (эндорфиндер, энкефалиндер) реттеп отырады.

Hypothalamus image.png


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет