Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 1/30



Дата25.07.2016
өлшемі185.1 Kb.
#220716
түріБағдарламасы

Жұмыс бағдарламасы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.1/30



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Химия және химиялық технологиялар кафедрасы

«Жобалау негіздері және кәсіпорындардың құрал-жабдықтары» пәнінің


5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының студенттеріне арналған
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар


Мемлекеттік жалпыға міндетті

мамандықтың білім стандарты

мен типтік бағдарлама

негізінде әзірленген

пәннің жұмыс бағдарламасына

бекіту парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/31


БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

__________ Пфейфер Н.Э.

2012 ж. «___»___________

Құрастырушы: аға оқытушы _________________ Тугамбаева Т.Б.
Химия және химиялық технологиялар кафедрасы
«Жобалау негіздері және кәсіпорындардың құрал-жабдықтары» пәні бойынша 5В072100 Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы студенттеріне арналған
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жұмыс бағдарламасы мемлекеттік жалпыға міндетті мамандық стандарты 3.08.347-2006 және типтік бағдарлама негізінде әзірленген, 2006 жылдың 22 маусымында ЖОӘК бұйрығымен бекітілген.


Кафедра отырысында ұсынылды 20___ж. «___» _________, №___Хаттама
Кафедра меңгерушісі __________Жапаргазинова К.Х. 20___ж. «___» _________
ХТжЖ факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20___ж. «___» _________, № ___ хаттама


ОӘК төрағасы ___________Нургожин Р.Ж. 20___ж. «___» _________
КЕЛІСІЛГЕН

ХТжЖФ деканы ___________Ахметов К.К. 20___ж. «___» _________


мақұлданды:

ОӘБ бастығы ___________Варакута А.А. 20___ж. «___» _________


Унивеситеттінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20___ ж. « ___ » ___________ № ___ хаттама



1 Пәннің мақсаты мен міндеттері
Пәнді оқыту мақсаттары – органикалық заттар өндірісінде қолданылатын негізгі машиналар мен аппараттардың құрылысымен және негізгі типтеріменн, оларды дайындайтын материалдардың ерекшеліктерімен, аппараттардың негізгі параметрлерін есептеу әдістемелерімен, мұнай-химия өндірісінің құрал-жабдықтарымен танысу және біліктілікті меңгеру. Шина және резина өнеркәсібінің арнаулы жабдықтауларын оқып игеру. Кәсіпорындарды жобалау негіздерін оқып игеру.
Пәнді оқыту міндеттері – пәнді оқу барысында студенттердің құрылғылар мен өндірістік орындардың басқы жоспарының жоба түрлері, жобаланған ұйым есебімен құрылыс жобалаумен байланысы нормативті құжаттар жүйесі бойынша керекті ақпаратты таңдау мәселелері шешіледі
Студентте түсінік болуы керек:

  • химиялық технологияда қолданылатын негізгі аппараттар мен агрегаттар туралы;

  • химиялық технологияда қолданылатын аппараттардың және агрегаттардың негізгі габариттік размерлерін есептеу әдістері туралы;

  • химиялық технологияда қолданылатын аппараттардың құрылыстық материалдарын таңдау туралы.

білуі керек:

  • химиялық технологияның жалпы көрсеткіштеріне әртүрлі факторлардың, тәртіптердің әсерін;

  • химиялық технологияның аппараттарының және агрегаттарының жұмыс істеу қабілеттілігінің критерийлерін.

істей білуі керек:

  • жабдықтардың түрін және оны құрастыру үшін құрылыстық материалдарды таңдауды;

  • химиялық технологияның аппараттары мен агреагттарын эксплуатациялау кезіндегі сенімділік талаптарын таңдауды;

тәжірибелік дағдыға ие болуы керек:

  • аппараттардың түйіндерін және бөлшектерін есептеу;

  • технологиялық жабдықтардың эксплуатациялық шарттарына байланысты құрылыстық және габариттік размерлерін есептеу.


2 Пререквизиттер:

Курсты оқып игеруде келесі пәндерден алған білімдер қажет: жалпы химиялық технология, химиялық өндірістердің негізгі процестері мен аппараттары, жалпы химиялық технология, Қолданбалы механика, Химия технологиялық процестерді басқару жүйелері




Пәннің тақырыптық жоспары





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/10




3 Пәннің мазмұны

3.1 ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ



Тақырыптар атауы

Сағаттар саны

Дәріс

Зерт.

Тәж

СӨЖ

1

Кіріспе

1,5







20

2

Зауыт құрал-жабдықтарының сыныптамасы

6

4

3

22,5

3

Аппараттар бөлшектерін есептеу

3

6

3




4

Аппараттың мекемділігі

1

2

3




5

Мұнайхимия өндірісінің құрал-жабдықтары

2







20

6

Шина және резина – техникалық өнеркәсіптің арнаулы жабдықтары

5




3

20

7

Кәсіпорындарды жобалау негіздері

4

3

3




Барлығы:

22,5

15

15

82,5

Барлығы пән бойынша

135


3.2 Пәннің теориялық бөлімінің мазмұны

Тақырып 1. Кіріспе

Курстың мақсаты, оның мағынасы және басқа пәндермен байланысы. Оқу процесіндегі пәннің ролі.

Мұнай химиясы және мұнай өңдеу зауыты аппараттары мен машиналарының күйі және даму жолы. Мұнай химиясы, мұнай өңдеу, полимерлер мен эластомерлерді өндіру және өңдеу құрал-жабдықтарының конструкциясына қойылатын талаптар. Өңдеуші құрал-жабдықтардың дамуының негізгі бағыттары.

Құрал-жабдықтардың сыныптамасы, оқу процесінде компьютерлік технологияны пайдалану.



Тақырып 2. Зауыт құрал-жабдықтарының сыныптамасы

Машина және аппараттар сыныптамасы. Органикалық заттар өндірісі бойынша негізгі аппараттар: ректификациялық, абсорбциялық, десорбциялық колонналар, олардың түйіндері мен бөлшектері.

Гидромеханикалық аппараттар: тұндырғыш, сүзгі, жоғарғы және төменгі қысымды сепараторлар, бұлғауыштар және т.б. аппараттар.

Жылуалмастырғыш аппараттар, тоңазытқыштар мен конденсаторлар.

Реакция жүретін аппараттар. Каталитикалық крекинг, риформинг, гидротазалау реакторы мен регенераторы және негізгі түйіндері мен бөлшектері.

Құбырлы пештер. Негізгі түйіндері мен бөлшектері. Қысымда жұмыс істейтін ыдыстар мен резервуарлар.

Центрифугалар, сүзгіштер, араластырғыштар және басқа машина мен аппараттар.

Құбырлар: есептері мен материалдары.

Машина мен аппаратты дайындағанда қолданылатын материалдар. Материалдарды таңдау. Көміртекті және легирленген болатты қолдану аймағы және олардың кейбір маркілері. Шойын, түсті металдар және металл емес материалдардың қолдану аймағы.

Материалдардың механикалық қасиеті және олардың ортаға байланысты өзгеруі.

Біліктеу машинасы. Анықтамасы, мақстаы, құрылысы, жетегінің қозғалысы, сыныптамасы және техникалық сипаттамасы. Біліктеу машиналарын қолданатын жерлер.

Червякты машиналар. Анықтамасы, мақсаты, құрылысы, жетегінің қозғалысы, сыныптамасы және техникалық сипаттамасы. Червякты машиналардың қолданылатын жерлері.

Каландрлер. Анықтамасы, мақсаты, құрылысы, жетегінің қозғалысы, сыныптамасы және техникалық сипаттамасы.

Құю машиналары. Анықтамасы, мақсаты, құрылысы және техникалық сипаттамасы. Қалыптар, түрлері, құрастыру әдістері.

Вулкандау қазандықтары және пресс-қазандықтар. Анықтамасы, қызметі, құрылысы және техникалық сипаттамасы.

Вулкандау престері. Анықтамасы, мақсаты, құрылысы және техникалық сипаттамасы. Вулкандау қалыптары, олардың құрылысы, материалы, есептеу жолдары, пайдалану орындары.

Престеу жабдықтары. Сыныптамасы. Компрессиондық және грансферлік претеу престері. Механикалық және гидравликалық престер.

Экструзиялық машиналар. Экструзия (сығымдау) процесінің маңызы. Сыныптамасы. Червякті, червяксіз және біріккен экструдерлер. Жұмыс істеу реті және құрылысы.



Тақырып 3. Аппараттар бөлшектерін есептеу

Химиялық аппараттардың негізгі бөлештерін есептеу.

Беріктік қоры және шектелген кернеу. Шектелген кернеуді таңдау.

Ішкі қысыммен жұмыс істейтін, жұқа қабырғалы цилиндрлі аппараттың қабырғасын есептеу.

Аппарат қабырғасының беріктігі мен тұрақтылығын ұлғайтатын мекемдік сақинаны пайдалану.

Қалпын сақтайтын және беріктігін жоғарылататын мекемдік сақинаны есептеу.

Қысыммен жұмыс істейтін, қалың қабырғалы цилиндрлі аппараттың қабырғасын есептеу ерекшеліктері. Қалың қабырғалы ыдыстардың бойында пайда болатын температуралық кернеу.,

Түп құрылысының түрлері және оларды пайдалану аймағы. Эллиптикалық, сфералық, жартылай шар, конус тәріздес және жазық түптердің беріктігін есептеу. Қысыммен жұмыс істейтін түптерді есептеу ерекшеліктері.

Жазық қақпақтардың әртүрлі құрылыстары. Әртүрлі әдістермен жазық қақпақты бекітуді есептеу.

Аппарат қабырғасындағы тесіктерді мекемдеу. Фланец қосылыстар және оны есептеу әдістері. Төсемге қолданылатын материалдар мен құрылысы. Фланец қосылысында пайдаланатын болт пен шпилканы есептеу.



Тақырып 4. Аппараттың мекемділігі

Аппаратқа әсер ететін желдің күшін есептеу. Аппарат орналасқан фундаментке түсетін кернеу күшін анықтау. Фундаменттік болтты есептеу.жер сілкіну күшінің тік орналасқан аппаратқа әсерін есептеу.



Тақырып 5. Мұнайхимия өндірісінің құрал-жабдықтары

Полиэтилендерді төменгі (ТТПЭ), жоғары тығыздықта (ЖТПЭ) алу аппараттарының құрылысы мен жұмыс істеу реттері.

Полистирол, поливинилхлорид полимерлерін алу полимеризаторлары.

Ацетиляторлар, моноаппараттар, поликонденсаторлар. Сапалы араластыру және сапалы ығыстыру реакторлары. Жылулық баланс құру жолдары.



Тақырып 6. Шина және резина – техникалық өнеркәсіптің арнаулы жабдықтары

Тоқыма және металл кордты резиналау, оны пішу, жинау үшін дайындама бөлшектерін жасайтын үздіксіз автоматтық тізбектердің құрамы және жұмыс істеу реті.

Протектор өндірісіндегі үздіксіз тізбектер, оның жұмысы.

Ернеулік сақиналар мен канаттарды дайындауға арналған құрал-жабдықтар.

Покрышканы жинау жабдықтары. Білезікті станоктар. Жинау станоктары. Покрышка жинайтын үздіксіз тізбектер. Олардың жұмысын автоматтандыру. Покрышканы бояйтын қондырғылар. Тасымалдау жабдықтары. Покрышканы вулкандау жабдықатыр.

Форматорлар. Форматор-вулканизаторлар. Покрышканы вулкандау үшін үздіксіз тізбектер. Оны автоматты басқарудың элемнеттері.

Түйіндеу станоктары. Жеке және көп позициялық вулканизаторлар.

Тозған покрышканы қалпына келтіру жабдықтары. Қарауға, покрышканың бетін дайындауға және протектор орнықтыруға арналған жабдықтар. Протекторды жұқа тақтамен біріктіру әдісі арқылы орнықтыратын станоктар. Покрышканы қалпына келтіру вулканизаторлары.

Пішінсіз бұйымдарды дайындау жабдықтары. Пішінсіз бұйымдарды ауалы ортада, ерітіндіде және жоғары жиіліктегі токтың жәрдемімен үздіксіз вулкандау тізбектері.

Тасымалдағыштық таспалар және жетектік белдіктерді дайындау жабдықтары. Таспа өзекшесін дайындауға арналған ағымдық тізбектер. Өзекшелерді қаптайтын агрегаттар. Тасымалдау таспалары мен жетектік белдіктер өндірісінде қолданылатын вулкандау жабдықтары. Көп цилиндрлі вулкандау престері. Барабанды вулканизаторлар.

Сыналы белдіктер дайындау жабдықтары. Сыналы белдіктерді вулкандайтын машиналар мен аппараттар.

Шланг өндірісінің жабдықтары., шланг жинау машиналары, орау және өру машиналары. Шлангінің ағымдық өндірісі, құрал-жабдықтары. Олардың өндірісінде қолданылатын вулкандау құрал-жабдығы.



Тақырып 7. Кәсіпорындарды жобалау негіздері

Органикалық заттардың технологиясы бойынша өнеркәсіптерді тұрғызу және қайта құрудың техникалық құжаттардың жоба-комплексі.

Өндіріс жобасын дайындау және құрастыру реті. Жобаны құрастырғанда жеткешілік ететін құжаттар.

Жобалуаға аранлаған тапсырма – жобалаудың негізгі құжаты. Тапсырманың мазмұны, жасаудың және бекітудің тәртібі.

Өндірістің технологиялық үлгісі, жобаның негізі. Өндірістің қуаты, пайдаланатын материалдар мен жабдықтардың саны және өндірістік жер көлемі, берілген өнімдердің түрі мен өнімділігіне негізделген. Материалдық, жылулық және технологиялық есептеулер. Автоматты жобалау жүйелерін пайдалану.

«Негізгі өндірістің технологиясы және ұйымдастыру» жоба тарауының құрастыру реті мен методикасы.

Технологиялық процестерді қамтамасыз ету үшін үйдің және ғимараттың мөлшерін және конструкциясын таңдау. Стандартты және номиналды үй конструкциялары.

Жабдықтарды орналастыру тәртібі. Өндірістік сұлулық.

Өнеркәсіп өндірісін жобалағандағы қауіпсіздік техникасы, негіздері және қоршаған ортаны қорғау шарттары.

Өндірістік және тасымалдау жүйесін жобалау негіздері.

Кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жабудағы техникалық шешімнің әсері.

Жобаның техника-экономикалық көрсеткіштерін есептеу.




3.3 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР МАЗМҰНЫ



Тақырып атауы

Мазмұны

Әдебиет

2

Зауыт құрал-жабдықтарының сыныптамасы

Органикалық заттар өндірісі бойынша негізгі аппараттардың есептеулері

[3] б. 25-34

[10] б. 65-92



3

Аппараттар бөлшектерін есептеу

Химиялық аппараттардың негізгі бөлештерін есептеу

[3] б. 35-59

4

Аппараттың мекемділігі

Аппаратқа әсер ететін желдің күшін есептеу.

[3] б. 60-117

[10] б. 465-501



7

Кәсіпорындарды жобалау негіздері

Кәсіпорындарды жобалауда материалдық, жылулық және технологиялық есептеулер.

[3] б. 118-176

[10] б. 247-281




3.4 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР МАЗМҰНЫ



Тақырып атауы

Мазмұны

Әдебиет

2

Зауыт құрал-жабдықтарының сыныптамасы

Зауыт құрал-жабдықтарының есептеулері, оларды таңдау

[2] б. 25-34

[4] б. 65-92



3

Аппараттар бөлшектерін есептеу

Химиялық аппараттардың негізгі бөлшектерін есептеу, оларды таңдау

[1] б. 35-59

4

Аппараттың мекемділігі

Аппаратқа әсер ететін желдің күшін, фундаментке түсетін кернеу күшін анықтау. Фундаменттік болтты есептеу. Жер сілкіну күшінің тік орналасқан аппаратқа әсерін есептеу.

[1] б. 60-117

[3] б. 465-501



6

Шина және резина – техникалық өнеркәсіптің арнаулы жабдықтары

Шина және резина – техникалық өнеркәсіптің арнаулы жабдықтарын таңдау және есептеу әдістемелері

[2] б. 60-117

[3] б. 465-501



7

Кәсіпорындарды жобалау негіздері

Кәсіпорындарды жобалауда материалдық, жылулық және технологиялық есептеулер. Жобалау схемаларын құрастыру

[2] б. 118-176

[4] б. 247-281





3.5 СӨЖ МАЗМҰНЫ



СӨЖ түрі

Бақылау формасы

Бақылау түрі

Сағат саны

1

Дәріс сабақтарына дайындық

Оқу жетістіктерінің журналы

Сабаққа қатысуы

7,5

2

Зертханалық сабақтарына дайындық, үй тапсырмаларын орындау

Зертханалық сабақтарда жауап беру

Ауызша тексеру

4

3

Тәжірибелік жұмыстарға дайындау

Дәптерде конспект

Ауызша тексеру

7,5

4

Курстық жобаны орындау

Курстық жоба

Безендіру

30

5

Аудитория сабағының мазмұнына кірмеген материалды меңгеру

Конспект

Ауызша тексеру

25,5

6

Бақылау шараларына дайындық

Оқу жетістіктерінің журналы

МБ 1, МБ 2

8

Барлығы:

82,5



Аудиториялық сабақтарға кірмеген курстың қосымша материалдарын оқу

Тақырып 1. Кіріспе

  1. Мұнай өңдеу зауыттары (МӨЗ) және мұнай химиясы зауыттарының (МХЗ) құрал-жабдықтарында қолданылатын легирленген және көміртекті болат маркілері

  2. МӨЗ және МХЗ құрал-жабдықтарында қолданылатын түсті металдар маркілері

Тақырып 2. Зауыт құрал-жабдықтарының сыныптамасы.

1.Мұнай өңдеудің құрал-жабдықтары мен құбырларын тат басудан қорғаудың қазіргі заманғы әдістері

2. Құбырлар компенсаторларының ролі және түрлері


  1. Червякты машиналар

  2. Құю машиналары

Тақырып 5. Мұнайхимия өндірісінің құрал-жабдықтары

1. Алкилдеу және полимерлеу қондырғыларының технологиялық режимі. Қондырғылардың қызметі

2. МӨЗ және МХЗ атмосферасына бөлінетін зиянды тастандылар көздері

3.Өнеркәсіптік орындарға арналған атмосфераға шығарылатын зиянды тастандылар нормативтері

4. СНжЕ бойынша жарылуға-, өртенуге қауіптілік дәрежесі бойынша Павлодар мұнай-химия зауыты өндірісінің категориясы

Тақырып 6. Шина және резина – техникалық өнеркәсіптің арнаулы жабдықтары

1.Покрышкаларды вулкандау бөлімшесі

2. Жүк шиналарын шығаратын шина зауытының дайындық цехы

3. Жеңіл шиналарды шығаратын шина зауытының дайындық цехы



  1. Ауыл шаруашылығының шиналарын шығаратын шина зауытының дайындық цехы

  2. Жеңіл шиналарды шығаратын шина зауытының автокамералық цехы

  3. Жүк шиналарын шығаратын шина зауытының автокамералық цехы

  4. Жеңіл машиналарға арналған покрышкаларды жинақтау цехы

  5. Ауыл шаруашылық машиналарына арналған покрышкаларды жинақтау цехы

  6. Жүк машиналарға арналған покрышкаларды жинақтау цехы

  7. Покрышкаларды вулкандау цехы

  8. Конвейерлі таспаларды шығаратын цехтың жинақтау бөлімшесі

  9. Шина зауытының дайындық цехының негізгі құрал-жабдығы

  10. Резина араластырғыштар типтері

  11. Резина өндірісінің құрал-жабдықтарын жасауға қолданылатын материалдар

  12. Резина өнеркәсібінің құрал-жабдықтарын сақтандыра және жоспарлы жөндеу

  13. Вулкандау процесінің негізгі түрлері




Мамандықтың жұмыс оқу жоспарынан үзінді



Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/32






Оқу жұмыс жоспарынан үзінді

050721-Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы



Пәннің атауы: «Жобалау негіздері мен кәсіпорындар құрал-жабдықтары»

Оқыту түрі

Пәннің еңбек сиымдылығы

Бақылау түрлері

Семестр

Сағат семестрлер бойынша бөлінуі

кред

ак.сағ.

кред

аудиториялық сабақтар

(ак. сағ.)



СӨЖ

(ак. Сағ.)



Жал

ауд

ОӨЖ

Емт.

Сын.

Кж

Кжұм

Жал

Дәр.

Тәж..

Зерт.

Жал

СОӨЖ

ЖОБ негізінде күндізгі

3

135

52,5

82,5

7




7




7

3

52,5

22,5

15

15


82,5

45

Кафедра меңгерушісі __________Жапаргазинова К.Х. «02» сәуір 2012 ж.



6 Әдебиет
Негізгі әдебиет

  1. Жантасов Қ.Т., Молдабеков Ш.М., Айбалаева О.Д., Жантасов М.Қ.,Альмаханов Б.А. Жобалау негiздерi және өндіріс жабдықтары. Шымкент 2005, 264 бет.

2. Ахбердиев А., Молдабеков Ш.М. Химиялық технологияның негізгі процестері және аппараттары, 1-ші бөлім. – Алматы. 2002, РБК, 302 б.

3 Ахбердиев А., Молдабеков Ш.М. Химиялық технологияның негізгі процестері және аппараттары, 2-ші бөлім. – Алматы. 2003, РБК, 311 б.

4 Павлов К.Ф., Романков П.Г., Носков А.А. Химиялық технологияның процестері және аппараттары пәнінің мысалдары мен есептері (бірініші, екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы тарауларының қазақ тіліндегі аудармалары. – Шымкент. 2002.
Қосымша әдебиет

5 Тугамбаева Т.Б., Баймухамбетова М.Г. Электрохимиялық өндірістер технологиясы: Сыртттай оқыту түрінің студенттеріне арналған бақылау жұмыстарын орындаудың әдістемелік нұсқаулары. Павлодар. Кереку. – 2007.



6 Бірімжанов Жалпы химия. Алматы. Рауан. – 2002.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет