Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 3/31



Дата28.06.2016
өлшемі210.21 Kb.
#163769
түріБағдарламасы

Жұмыс бағдарламасы



Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/31



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
«Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау» кафедрасы

«Инженерлік жүйелер-1» пәнінен

5В04200 «Сәулет» мамандығының студенттеріне арналған
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар


Мамандық бойынша

элективтік пәндер каталогы

негізінде әзірленген пәннің

жұмыс бағдарламасын бекіту парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/30





БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

________ Н.Э.Пфейфер

2012ж. «___»_________
Құрастырушы: аға оқытушы ____________ К.К.Каскирбаев

Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау кафедрасы


«Инженерлік жүйелер-1» пәні бойынша

050420 «Сәулет» мамандығының студенттеріне арналған


ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Жұмыс бағдарламасы мемлекеттік жалпыға міндетті мамандық стандарты ҚР МЖМБС 3.08.356 – 2006 мен ҚР БжҒМ жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі Республикалық оқу - әдістемелік кеңесінде 2006 ж. 22 маусымында бекітілген және іске қосылған типтік оқу бағдарламасы негізінде әзірленген
Кафедра отырысында ұсынылған 20__ ж. «___»_____________№___хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________________ В.Т. Станевич
Факультеттің әдістемелік кеңесімен құпталған __________________________

20__ ж. «___»_____________№ __хаттама


ӘК төрағасы ____________________ Г.А. Жукенова
КЕЛІСІЛГЕН:

Факультет деканы ___________ М.Қ. Күдерин 20__ ж. «___»_____________


ЖжӘҚБ ҚҰПТАЛДЫ

ЖжӘҚБ бастығы __________Е.Н. Жуманкулова20__ ж. «___»_______________



1 Пәннің мақсаттары мен міндеттері және оның оқу процессінде алатын орны
1.1 Пәннің мақсаты:

«Инженерлік жүйелер-1» пәні «5В0420-Сәулет» мамандығы бойынша базалық пәндер қүрамына енген.

«Инженерлік жүйелер-1» пәні 2 бөлімнен қүралған: «Қалалар мен тұрғын үйлерді сумен жабдықтау және канализациялау жүйелері» және «Жылу-газбен қамту және желдету»

«Қалалар мен тұрғын үйлерді сумен жабдықтау және канализациялау жүйелері» бөлімінде табиғи көздерден суды алу, сарқынды суларды суаттарға ағызу, табиғи және сарқынды суларды тазалау, ауыз суды сыртқы құбырлар торабымен тұрғын үйлер мен ықшам аудандарға жеткізу, ауыз суды үйдің ішінде тарату қүбырлары және үйлсрден сарқынды суларды сыртқы канализацияға әкету мэселелері қарастырылған. «Жылу-газбен қамту және желдету» бөлімінде жылумен қамту көздері, аудандарды қалаларды және ғимараттарды жылу-газбен қамту сүрақтары, ғимараттарды жылыту және желдетудегі есептеулердің негізгі әдістері және жабдықтарды таңдау шарттары қарастырылады.

Келешек мамандарға қалалар мен елді мекеңдердің, әртүрлі азаматтық және өнеркәсіптік үйлердің қүбыр торабын, канализациясын, жылыту, жылу-газбен қамту, желдету, ыстық сумен жабдықтау және санитарлы-техникалық жабдықтар жүйелері мен ғимараттарын есептеу және жобалау бойынша теориялық және практикалық білім беру.

Пәннің бағдарламасы бойынша лекциялық және практикалық сабақтар өткізу көзделген.



1.2 Пәнді оқытудың міндеттері

Елді мекендер мен қалалардың сумен жабдықтау, канализация және жылугазбен қамту жүйелері, сонымен қоса тұрғын және қоғамдық үйлердің санитарлы-техникалық және желдету жабдықтары туралы түсінік беру.

«Инженерлік жүйелер-1» пәнін оқып білу нәтижесінде студент міндетті білуге:

-қалалық қүрылыс пен шарушылыкта инженерлік жүйелердің санитарлы-техникалық маңызын;

-сумен жабдықтау, канализация, жылу-газбен қамту және желдету жүйелерін есептеу мен жобалаудың негіздерін;

-үйлер мен ғимараттардың инженерлік жабдықтары саласындағы отандық және шет елдік ғылым мен техникадағы қазіргі заман жетістіктерін;



орындауға:

-кала аумағында, жеке үйде түрлі инженерлік жабдьщтары мен ғимараттарын жайғастыру және жобалаумен қатысты шешімдерді қабылдауды;

-үйлер мен ғимараттарды сумен жабдықтау, канализация, жылу-газбен қамту және

желдету инженерлік жүйелерінің конструктивті бөлшектерін есептеуді;



игеруге:

-үйлердің сәулеттік келбетін ескере отырып инженерлік жүйелерді жобалауда казіргі заман технологияларьш, инженерлік жүйелердің жобалауы және құрылысы бойьшша негізгі нормативіік қүжаттарды меңгеруді.


2 Пререквизиттер

-математика-1;

-сәулет-1;

-компьютерлік графика-1;

-кұрылыс материалдары-1:

-гедезия-1.



Постреквизиттер:

-құрылыс конструкциялары-1;

-құрылыс өндірісінің технологиясы-1;

-инженерлік абаттандыру және көліктер.


3 Пәннің мазмұны


ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

р/с

Тақырып атауы


Сағаттар саны

Дәріс-

тер


Тәжі-

рибе


Зертха-

налық


СӨЖ

1

2

3

4

5

6

1

Қалалардың сумен жабдықтау жүйелері

2

1

-

6

2

Сумен жабдықтау көздері және су алатын ғимараттар

2

1

-

4

3

Табиғи суды тазарту

1

0,5

-

5

4

Сыртқы су құбыр торабы

2

1

-

5

5

Үйлерді сумен жабдықтау жүйелері

3

1,5

-

10

6

Үйлердің канализация жүйелері

3

1,5

-

6

7

Сыртқы канализация торабы

2

1

-

4

8

Сарқынды суды тазалау

1

0,5

-

3

9

Арнайы ғимараттар мен үйлердің сумен жабдықтау және канализациялау ерекшеліктері

1

0,5

-

3

10

Ғимараттың энергиямен қамтылуы

1

0,5

-

4

11

Жылу көздері

1

0,5

-

6

12

Орталыктандырылған жылумен қамту

2

1

-

4

13

Газбен жабдықтау

2

1

-

10

14

Ғимараттар мен құрылымдады жылыту

3

1,5

-

6

15

Ғимараттарды желдету және ауамен баптау

2

1

-

4

16

Қоршаған ортаны қорғау

2

1

-

10

Барлығы:

30

15

-

90


3.1 Теориялық курстың мазмұны

3.1.1 Қалалардың сумен жабдықтау жүйелері – 2 сағат. Сумен жабдықтау жүйелері және схемалары. Су түлыну мөлшерлері және тәртібі. Сумен жабдықтау жүйелерін және схемаларын таңдау. Судың есептік шығындары мен еркін арындары. Сумен жабдықтаудың аймақтық жүйесі.

3.1.2 Сумен жабдықтау көздері және су алатын ғимараттар – 2 сағат. Сумен жабдықтаудың жер беті және жер асты көздері. Олардың сипаттамасы, Өзеннен, теңізден, көлден, су қоймаларынан және жер асты көздерінен су алу ерекшеліктері. Жер беті суларын қабылдаушы ғимараттар: жағалаудағы және арналық су алғыштар, олардың конструкциялары және қолдану аймағы. Санитарлық қорғау аймағы. Сорғышты бекеттер және олардың жабдықтары. Ортадан тепкіш сорғыштар. Сорғыштар конструкциясы, жұмыс принципі және оларды таңдау.

3.1.3 Табиғи суды тазарту – 1 сағат.

Табиғи судың сапасын жақсарту әдістері. Табиғи суды тазарту бекетінің схемалары. Реагенттік шарушылықты ұйымдастыру. Тазарту бекетінін ғимараттары және олардағы процесстер: араластырғыш пен тұндырғыштар (суды каогуляциялау, тулдыру), сүзгіштер мен хлорлағыш (сүзгілеу, зарарсыздандыру). Суды өңдеудің арнайы әдістері: жұмсарту, стабилизациялау, темірсіздендіру.



3.1.4 Сыртқы су құбыр торабы – 2 сағат.

Сыртқы су тасымалдау тораптарының схемалары. Торапты бағыттау (трассировкасы). Су тасымалдау торабын конструкциялау: тораптағы құбырлар, арматура және ғимараттар. Тораптың жатқызу терендігі. Тораптардың есептік схемалары. Гидравликалық есептеудің негіздері. Реттеуші және сақтаушы сыйымдылықтар: су мұһаралары және резервуарлар.



3.1.5 Үйлерді сумен жабдықтау жүйелері - 3 сағат. Үйлерді сумен жабдықтау жүйелері мен схемалары. Үйдің түрі мен сэулеттік көрінісінің ішкі су тасымалдау схемасын таңдауға эсері. Үй ішінде су қүбыр торабьш өткізу. Ішкі су қүбырының жабдықтары мен материалдары. Су енгізу буынын жайғастыру. Су өлшеу түйіндері. Арын жоғарылатушы қондырғылар. Ішкі су қүбыр жүйесін есептеу. Ыстық сумен жабдықтау жүйесін жасау ерекшеліктері. Ішкі су тасымалдаудың арнайы жүйелері: өртке қарсы, ауыз су, суару.

3.1.6 Үйлердің канализация жүйелері – 3 сағат.

Ішкі канализация жүйелері. Тораптар өткізу. Шығу түйінін орналастыру. Ішкі канализация тораптарының материалдары мен жабдықтары. Торапты конструкциялау: үлестіруші қүбырларды және жинаушы коллекторларды орналастыру. Сарқынды сулардың мөлшерлері және есептік шығындары. Канализация торабын есептеу. Торапты желдету. Ішкі су түсіргіштер (водостоки).



3.1.7 Сыртқы канализация торабы – 2 сағат. Ішкі кварталдық канализация торабы: оның, міндеті мен қүрылымы. Ішкі-кварталдық канализация торабын есептеу. Осы тораптың бойлық профилін қүру. Канализация тораптарының жүйелері және схемалары, оларды таңдау шарттары. Қаланың сыртқы тораптарының қүрылымы. Торапты бағыттау. Қүбырлар мен материалдар, тораптың жатқызылу тереңдігі. Су әкетудің мөлшері және реті. Гидравликалық есептеу ерекшеліктері. Нөсерлік канализация.

3.1.8 Сарқынды суды тазалау – 1 сағат. Сарқынды су ластануының құрамы. Сарқынды суларды суаттарға ағызу шарттары. Сарқынды суларды тазалаудың жасанды және табиғи әдістері: механикалық, биологиялық, физика-химиялық және табиғи тазалануға жақын әдістер. Сарқынды суларды механикалық өңдеу ғимараттары: керегелер, қүм ұстағыштар, түлдырғыштар. Сарқынды суларды биологиялық тазалау ғимараттары: биосүзгілер, аэротенктер және екінші сатылы тұндырғыштар.

3.1.9 Арнайы ғимараттар мен үйлердің сумен жабдықтау және канализациялау ерекшеліктері – 1 сағат. Әуіздерді сумен жабдықтау: жүйелері және схемалары, судың есептік шығынын анықтау, құрылымы және жабдықтары.

Әуіздерден су әкету:қолданылған суды тазалау үшін физика-химиялық тазалау әдісін пайдалану. Суды зарарсыздандыру тәсілдері.



3.1.10 Ғимараттың энергиямен қамтылуы – 1 сағат. Ғимаратты энергиямен қамтудың негізгі алатын орны. Жылу тулынушылардың түрлері. Жылыту кезеңі жайында түсінік және біздің республикамыздағы жылыту ұзақтылығының негізгі мағлұматтар, маусымдық және жыл бойындағы жылу жүктемесі.

Жыл ішінде маусымдық және жылдық жылу жүктемесі байланысыньщ факторы.

Ғимараттың жылуылғалды және ауалы режимі. Оларды қамтамасыз ету әдісі мен құрылғысы.

3.1.11 Жылу көздері – 1 сағат. Ауа алабы мен қоршаған ортаны қорғауды ескере отырып жылу көздері орналасатын жерді таңдау. Отын. Отындар жайлы жалпы мағлұматтар. Отындардың жекелеген,түрлеріне қысқаша сипаттама. Жағу кондырғысы мен аз және орташа қуатты қазан қондырғылары. Жағу қондырғысының жалпы сипаттамасы. Қазан қондырғылары және өндірістік объектілер мен ғимараттарды жылумен қамтуға арналған қазандардың құрылымы. Аудандық қазандықтар және жылуэлектрорталығы (ТЭЦ). Атомдық жылуэлектрорталығы (АТЭЦ). Қазандыктарды жобалаудағы негізгі принциптер. Жылу көздерін жобалағанда шешілетін техника-экономикалық есептер.

3.1.12 Орталыктандырылған жылумен қамту – 2 сағат. Орталықтандырылған жылумен қамту жайында жалпы мағлұматтар. Тұтынушылардың маусымдық және жылдық жылу жүктемесі. Жылумен қамту жүйелерінің классификациясы. Бу және су жылумен қамту жүйесінің жылутасымалдағыштары. Жылутасымалдағыш демеуіштеріне қойылатын талап, олардың артықшылығы мен кемшілігі. Жылу торабы. Жылу торабын таңдау сулбесі мен трассасы. Жылумен қамтудың ашық және жабық жүйесі. Жер үсті және жер асты жылу торабындағы орнықтарының түрлері. Жылу торабының кұрылыстық және механикалық қүрылымы. Жылу торабын жобалауда шешілетін техника-экономикалық есептер. Жылу түлынушылардың суды жылыту торабына жалғау сүлбесі. Жылыту пунктері.

3.1.13 Газбен жабдықтау - 2сағат. Газбен қамту. Газбен қамту көздері. Табиғи, жасанды және сүйытылған газдардың сипаттамасы, олардың физика-химиялық қүрамы. Табиғи газдың қалдығы түрған коммуналдық пен өндірістік орындарды отынмен қамтуды және қала экологиясы мен ауа алабын тазартудағы ролі.

Қаладағы газды түлыну. Түтынушылардың газ шығынының нормасы. Қалада таратылатын газ торабы, олардың классификациясы мен орналастыру сүлбесі. Газ тарату станциялары мен газ реттеу пункттері (ГРС, ГРП), олардың қалада орналасуы. Газды сақтау. Түлынушыларды сүйытылған көмірсутек газымен қамту жүйесі (СУГ). Түлынушыладағы газ баллоны және резервуарды СУГ қондырғысы.



3.1.14 Ғимараттар мен құрылымдады жылыту – 3 сағат. Жылыту туралы жалпы түсінік. Жылыту жүйесінің жіктелуі. Жылыту жүиесіндегі жылутасымалдағыштар, олардың артықшылығы мен кемшілігі. Берілген жылутасымалдағышқа қойылатын талаптар.

Жылыту жүйесіндегі негізгі қүрылымдық элементтері. Жылыту аспаптары. Жылыту аспаптарына қойылатын талаптар. Жылыту аспаптарының түрлері және олардың сипаттамасы.

Сумен жабдықтау жүйелері. Принципиалді сүлбесі, әсер ету принципі. Жүйедегі судың айналым сипаты бойынша сумен жылыту жүйесінің жіктелуі; Магистралді қүбырлардың орналасуы бойынша жіктелуі; қүбырдағы судьщ қозғалыс бағыты бойынша; жылыту аспаптарының жалғану әдісі бойынша жіктелуі.

Бумен жылыту жүйесі. Принципиалді сүлбесі, әсер ету принципі. Бу қысымы бойынша бумен жылыту жүйесінің классификациясы, конденсат қүбырларының сүлбесі бойынша, бу құбырлары мен конденсат құбырларының орналасуы бойынша.

Ауамен жылыту. Желдету жүйесімен біріктірілген ауамен жылыту. Жылыту аспаптары, агрегаттар, ауамен жылыту жүйесінің калорифері.

Жылытудың әр түрлі түрі: ошақтық, газды, электрлі. Жылыту жүйесінің қондырғысы: ауа жинағыштар, кеңейткіші шанақтар, сорғыштар, элеваторлар, жылытқыштар, құбырлар мен бекітпелі аспаптйр. Жылыту жүйесіндегі гидравликалық есептер. Жылыту жүйесіндегі құбырлар диаметрінің гидравликалық есептерінің ерекшеліктері мен әдістері.



3.1.15 Ғимараттарды желдету және ауамен баптау – 2 сағат. Бөлмені желдету және ауамен баптаудың гигиеналық негізі. Ауа ортасының метеорологиялық жағдайы (температура, ылғалдылық, ауа араласуының жылдамдығы, қоршаулардың ішкі бетінің температурасы). Ылғалды ауа құрамы мен қасиеті. Ылғал ауаның 1-d. диаграммасы.

Бөлме ауасындағы зиянды заттар. Зиянды заттар бөлінетін көздер және олардың адамға әсері.

Бөлмедегі ауа алмасу. Бөлмеге бірлік уақытта берілетін таза ауа мөлшері бойынша немесе оньщ еселігі бойынша және де бөлінетін зиянды заттар түріне байланысты ауа алмасуда анықтайтын әдістер.

Желдету жүйесінің жалпы классификациясы және оларды қолдану. Ауа беретін және ауа шығаратын желдету жүйесі. Қайтарым желдету жүйелері. Жалпы алмасу, жергілікті, араласқан және апаттық желдету жүйелері. Табиғи және механикальщ желдету. Жылу мен желдік арын эсерінен табиғи ұйымдастырылмаған және үйымдастырылған желдету.

Өндірістік ғимараттардағы аэрация. Табиғи өзекті (ауа тартатын және ағымды ауа шығаратын) желдету жүйесі, әр түрлі ғимаратта эсер ету принципі. Дефлекторлар. Механикалық желдету жүйесі, эр түрлі ғимаратта эсер ету принципі. Дефлекторлар. Механикалық жүйесі, оньщ қолданылуы.

Ауа баптау жүйесі (АБЖ). АБЖ қүрамы, АБЖ классификациясы (комфортты, технологиялық; жергілікті және орталықты кондиционерлер; бір аймақты және көп аймақты АБЖ). Орталық және жергілікті кондиционерлер қүрылымы.

Ауамен жылыту және ауамен баптаудағы жылыту жүйесін жобалау негізі. Жылу мен газды түлыну жүйесін жобалағанда шешілетін техника-экономикалык есептер.

3.1.16 Қоршаған ортаны қорғау – 2 сағат. Ауа алабының ластанудағы экологиялық аспектісі. Атмосфераны ластайтын заттардың таралу сипаттамасы. Желдету жүйесі арқылы және технологаялық калдыктар шығаратын өндірістік мекемелерден отьш жаққан кезде ауа алабын ластануын ескеретін жалпы тараулар қолдану. Желдетуден және технологиялық калдыктарды санитарлы тазалау. Қоршаған ортаны қорғау шараларының тиімділігі мен экономикалық бағасы.

Альтернативті жылу көздерімен ғимаратты энергиямен қамту. Күн энергиясын, геотермальды су, биоконверсия және желдің энергиясын пайдалану.


3.2 Тәжірибе сабақтардын мазмұны

  1. Үйлерді сумен жабдықтау жүйесін таңдау - 1 сағат.

  2. Үйлердің ішкі су құбыр жүйесін құрастыру - 1 сағат.

  3. Үйлердің ішкі су құбырының аксонометриялық схемасын құрастыру - 1 сағат.

  4. Ішкі су құбыр торабьш гидравликалық есептеу – 2 сағат.

  5. Үйлердің канализация жүйелерін және схемаларын таңдау – 1 сағат.

  6. Үйдің канализация торабын бағыттау, сарқынды суларды қабылдауыштар мен түсірушілерді орналастыру – 2 сағат.

  7. Аула канализациясын бағыттау – 1 сағат.

  8. Аула канализациясын есептеу – 1 сағат.

  9. Жылыту аспаптарьшың қажетті бет ауданын анықтау – 1 сағат.

  10. Ауа алмасу есебі – 1 сағат.

  11. Табиғи қысы мен ауа өткізгіштер есебі – 1 сағат.

  12. Ауа алмасу еселігі – 1 сағат.

  13. Газ құбырлары есебі – 1 сағат.



3.3 Студенттің өздік жұмысының мазмұны

3.3.1 СӨЖ құрылымы және жалпы мазмұны

Кесте 1 – Оқыту күндізгі формасы үшін СӨЖ-дің құрылымы мен жалпы мазмұны



р/с

СӨЖ түрі


Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәріс сабақтарға дайындалу

-

Сабаққа қатысу

30

2

Тәжірибелік сабақтарға дайындалу

Жұмыс дәптері

Сағаттар көлемі

15

3

Тәжірибелік сабақтың есептеріне дайындалу

Жұмыс дәптері

АБ арналған тест

10

4

Дәріс сабақтар мазмұнына кірмеген материалдарды қамту

Файл-есеп беру

АБ 1 мен АБ 2 нәтижелері

15

5

Бақылау жұмыстарға дайындалу




Емтихан

20

БАРЛЫҒЫ

90


3.3.2 Студенттердің өзіндік жұмыстарының ұсынылған тақырыптары

1 Суды тұщыландыру тәсілі.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 245-247 б]

2 Арынды қамтамасыз ету бойынша ішкі су құбырлары схемасын таңдау.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 156-158 б].

3 Канализация торабындағы қүдықтар:олардың түрлері мен құрылымы.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 389-390 б].

4 Моншалар мен кір жуатын мекемелерді сумен жабдықтау және канализациялау.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 405-406 б].

5 Атомдық жылу электр өндірістік орталығы.

Ұсынылатын әдебиет: [4, 356-359 б].

6 Жылумен қамту жүйелерін жіктеу.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 342-344 б].

7 Желдету ауамен жылыту және ауа самалдату жүйелерін жобалау негіздері.

Ұсынылатын әдебиет: [1, 241-243 б].

Ұсынылатын әдебиет тізімі
Негізгі оқулық
1 Калицун В.И. Основы водоснабжения и канализация. Учебник. М.: Стройиздат, 1977.

2 Николадзе Г.И. Сомов И.А. Водоснабжение. М.: Стройиздат, 1989.

3 Тихомиров К.В. Теплотехника, теплогазоснабжение и вентиляция. Л.: Стройиздат, 1991.

4 Трегубенко Н.С. Водоснабжение и водоотведение. Учебное пособие. М.: Высшая школа, 1989.

5 СНиП РК. Водоснабжение. Наружные сети и сооружения. – Астана, 2002.

6 СНиП РК 4.02.05-2001. Отопление, вентиляция и кондиционирование.- Алматы: Комитет по делам строительства МЭиТ, 2002.


Қосымша оқулық
7 Кедров В.С. Ловцов Е.Н. Санитарно-техническое оборудование зданий: Учебник для вузов. М.: Стройиздат, 1989.

8 Николадзе Г.Н. Коммунальное водоснабжение и канализация. Учебник. М.: Стройиздат, 1983

9 Прозоров И.В. и др. Гидравлика, водоснабжение и канализация городов: Учебник для вузов. М.: Высшая школа, 1975

10 Тян А.Д. Гидравлика в примерах и задачах. Алматы: Рауан, 1990.

11 Чекаев А.Т., Торубара В.Н. Водоснабжение промышленного комплекса. Учебное пособие. А.: Мектеп, 1986.

12 СНиП РК 4.04.01-2001. Стоительная климотология. Комитет по делам строительства МЭиТРК. Астана, 2002.





Мамаңдықтың

жұмыс оқу жоспарынан

көшірме




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.1/10




5В042000 «Сәулет» мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме
Пәннің атауы «Инженерлік жүйелер-1»


Оқу

формасы


Бақылау формасы

Білім алушылардың жұмыс көлемі, сағатпен

Курс және семестр (сағаттарды) бойынша сағаттарды бөлу

Емтихан

сынақ

Курстық жоба

Курстық жұмыс

ЕГЖ

Бақылау жұмыс

Барлығы

Дәрістер

Тәжірибе

Зертхана

СӨЖ

жалпы

аудитор

СӨЖ

Жалпы орта білім негізінде күндізгі

6

-

-

-

-

-

135

45

90

6 семестр

30

15

-

90



Пәннің жұмыс бағдарламасымен келісу парағы



Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.1/11




2009 – 2010 оқу жылына

«Инженерлік жүйелер-1»

пәнінің жұмыс бағдарламасымен келісу парағы


КЕЛІСУ ПАРАҒЫ

Мамандандырушы кафедра

Кафедра меңгерушісі А.Ж.Т.

Қолы

Келісімдеген күн

1

2

3

4



































Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет