2.3. Орта мерзімді келешектегі аумақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі проблемаларының, тәуекелдерінің, тежеуіш факторларының, бәсекелестік артықшылықтарының және мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы
2007-2009 жылдары экономикалық өсудің оң қарқыны табиғат ресурстарында негізделетін өңір экономикасының құрылымында түбегейлі жылжуға әкелген жоқ, экономиканың өндіру секторына инвестициялардың өсуі және өңдеу өнеркәсібі үлесінің аздап өсуі (2007 жыл – 34,8%, 2008 жыл – 34,4%, 2009 жыл – 38,9%) байқалады. Облыс экономикалық кеңістігінің сапасы тек қана Қостанай, Рудный, Лисаков қалалық агломерациясының аймағында жақсарып келе жатыр, елді мекендер тұрғындарының тығыздығы, жолдардың тығыздығы және байланыстылылығы өсуде.
Денсаулық сақтау, білім беру және тұрғындарды әлеуметтік қорғау салаларында оң серпін байқалуда, өңірдің ірі корпорациялармен әлеуметтік әріптестігі және мемлекеттің коммерциялық емес секторлармен әріптестігі дамуда.
Өңір дамуындағы әлеуметтік-экономикалық нәтижелердің кешенді сипаттамасы өңірдің дамуындағы күшті және әлсіз тұстарын, оның шектеулері мен даму мүмкіндіктерін анықтаған басымдалған SWOT-талдауында көрсетіледі.
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
Ауыл шаруашылығының маңызды экономикалық әлеуеті, топырақтың жоғары бонитеті
Минералдық шикізаттар қорының болуы тау-кен өндірісінің дамуы үшін негізін құрайды
Қостанай тұрғындарының қалаға шоғырлану ұйытқысының және оның халық шоғырланған аймағының, қаңқалық тіректі құрылымы түйінінің қарқынды дамуы
Елдің аумағында шекара маңында орналасуының есебінен облыстың маңызды транзиттік әлеуеті
Осы заманғы кәсіби білім үшін рерурстар кешенінің болуы: инфрақұрылым, профессорлық-ұстаздар құрамының жоғары біліктілігі
Денсаулық сақтаудың тұрақты әлеуеті: туберкулезбен және онкологиялық аурулармен ауырудың төмендеуі
Бала туу санының ұлғаюы
Денсаулық сақтау қызметтері нарығының болуы
Дамыған кәсіби дайындықтар инфрақұрылымының есебінен жұмыссыз-дық деңгейінің төмендігі
Тұрғындардың жан басына шаққандағы етпен, бидаймен және картоппен қамтамасыз етілуінің жеткілікті деңгейі
Шағын және орта бизнесті дамыту үшін инновациялық әлеует элементтері кешендердерінің болуы (бизнес- инкубаторлар, ӘӨК)
Тренерлі және лидерлі базадағы дамыған тұрғындарға кең қызметтегі ҮЕҰ белсенді секторлары
|
Экономика салаларының дамуына тосқауыл болатын желілердегі ысырабтың жоғары деңгейі және өсіп жатқан энергия тапшылығы
Салалық теңгерімнің жоқтығы: өндіріс және инвистициялар көлеміндегі өндіру өнеркәсібінің басым үлесі, шағын бизнестің әртараптандырылу деңгейінің төмендігі
Өнеркәсіп салаларында жоғары технологиялық және ғылымды қажет ететін өнімдерді шығару жөніндегі өндірістің болмауы
АӨК және өнеркәсіптің шикізаттық бағыты
Өңірдің оңтүстік бөлігіндегі игерілмеген-шаруашылық аумақтарының жоғары пайызымен халықты орналастырудың нүктелі-ошақтық біртексіз түрі
Село инфрақұрылымдық әлеуетінің біртексіз өсу дәрежесі
Ауыл тұрғындарының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт қызметтеріне біртексіз қол жетімділігі
Азаматтар үшін тұрғын үйге қол жеткізудің жеткіліксіз деңгейі
Қалалық жерлердегі канализациялық және су құбырлары желілерінің 70%-дан 100% дейінгі тозуы
Көлік жолдарының 57,8%-ы қанағаттандырмайтын жағдайда болуы
ҮЕҰ шектеулі ресурстік базасы, салалық мемлекеттік органдардың және қалалар мен аудандар әкімдіктерінің әлеуметтік қызметтер көрсету үдерісінде ҮЕҰ төмен деңгейде тартылуы
|
Мүмкіндіктері
|
Қауіп-қатерлері
|
Қостанай облысының РФ-мен шекарада мультитранспорттық түйін ретінде қолайлы геоэкономикалық орналасуы
Үдемелі индустрияландыру бағдар-ламасы шеңберіндегі мемлекеттік қолдау өңдеу өнеркәсібінің үлесін ұлғайтуға және өңірдің экономикасын әртараптандыруға мүмкіндік береді
ӘӨК және өңірлік бизнес-инкубаторлардың қызметін белсендіру ісі өндірістік және инновациялық бағыттағы шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік береді
Көзделген инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде облыс экономикасы даму әлеуетінің жоғарылауы
Қоғамдық сектордың ресурстарын тиімді игеру үшін мемлекеттің жеке меншік және коммерциялық емес секторлармен институтционалдық әріптес-тігінің дамуы
Тұрғын үй құрылысын дамыту және жалға берілетін тұрғын үй құрылысын дамыту тұрғындардың орта жігін тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді
Ауылдық өндірушілер кооперация үдерісінің белсендіру есебінен ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу дәрежесін ұлғайту
Кеңестік қамтамасыз ету мақсатында телемедицинаны пайдалану
Салалық басқармаларда және аудандар мен қалалар әкімдіктерінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты енгізу және ұлғайту арқылы салалық және аумақтық қағидат жөніндегі азаматтық қоғам институттарын дамыту тұрақты қоғамдық-саяси жағдаймен қамтамасыз етуге себебін тигізеді
|
Энергия тапшылығы сақталуының салдарынан облыс экономикасының даму жылдамдығының төмендеуі
Технологиялық дамуда және өңірлік экономиканың салалық сәйкессіздіктерінде артта қалу салдарынан ішкі нарықтың импорттық тәуелділігінің ұлғаюы
Қаржы-несие жүйесінің сақталуы тұрақсыздығынан құрылыс кешендерінің тоқырауы
Кәсіби білім беру жүйесінде сәйкессіздіктің сақталуы еңбек ресурстарына сұраныстың қанағаттылығына кері әсер етеді
Жолдар жағдайларының нашарлауы
Тазарту құрылыстары аздап жаңашаландырылған жағдайда экологиялық жағдайдың нашарлауы
Тұрғындардың өмір сүру деңгейі сапасы төмен болуының нәтижесінде әлеуметтік шиленісушіліктің күшеюі
Ішкі және сыртқы көшіп-қонудың салдарынан тұрғындар санының азаюы
Қоғамдық-саяси ахуалды тұрақсыздан-дырушы факторларының қалыптасуы
|
Басым стратегиялық талдау нәтижелері 5 жылға арналған аумақтық дамудың пайымдауын, мақсатын, міндеттерін анықтауға, проблемаларды шешудің жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.
2.4. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау
Облыста қазіргі уақытта 17 өңірлік бағдарлама және 2 стратегия іске асырылуда.
Бағдарламалар әкімшілері өңірлік бағдарламалары мен есептерінің оларды іске асыру туралы мазмұнын талдау негізінде 2009 жылы әкімші осы бағдарламалардың жоспарланған іс-шараларының іске асырылу дәрежесін көрсететін жиынтық кесте құрастырылған (23-кесте).
23-кесте
Іске асыру кезеңінде Қостанай облысындағы өңірлік бағдарламаларды іске асыру дәрежесі
Жоспарланған шаралардың барлығы
|
Орындалды
|
Қалыпты іске асырылуда (50%-дан жоғары орындалу)
|
Нашар іске асырылуда
(20-50%-ға орындалу)
|
Орындалмаған (20%-дан төмен орындалу)
|
«2007-2009 жылдарға арналған Қостанай облысын газдандыру» өңірлік бағдарламасы
|
30
|
18
|
4
|
2
|
6
|
«2004-2010 жылдарға арналған Қостанай облысының ауылдық аумақтарын дамыту» өңірлік бағдарламасы
|
95
|
94
|
99%
|
0
|
0
|
«2006-2010 жылдарға арналған Қостанай облысының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту» өңірлік бағдарламасы
|
54
|
39
|
72%
|
0
|
0
|
«2006-2010 жылдарға арналған Қостанай облысы бойынша ауыз су» өңірлік бағдарламасы
|
84
|
52
|
62%
|
0
|
0
|
«2007-2010 жылдарға арналған Қостанай облысында ЖҚТБ індетіне қарсы күрес» өңірлік бағдарламасы
|
32
|
24
|
75%
|
0
|
0
|
2007-2010 жылдарға арналған «Асыл мұра» тілдерді дамыту және қызмет етуінің облыстық бағдарламасы
|
73
|
64
|
87%
|
0
|
0
|
2007-2011 жылдарға арналған Қостанай облысының дене шынықтыру мен спортты дамытудың өңірлік бағдарламасы
|
27
|
24
|
88%
|
0
|
0
|
«2008-2010 жылдарға арналған Қостанай облысының электр жылу энергетикасының дамуы» өңірлік бағдарламасы
|
68
|
65
|
95%
|
0
|
0
|
2008-2010 жылдарға арналған Қостанай облысындағы тұрғын үй құрылысы өңірлік бағдарламасы
|
22
|
17
|
77%
|
0
|
0
|
«2008-2010 жылдардағы Қостанай облысының қоршаған ортасын қорғау» өңірлік бағдарламасы
|
29
|
24
|
82%
|
0
|
0
|
2006-2010 жылдарға арналған Қостанай облысындағы жемқорлыққа қарсы күрес өңірлік бағдарламасы
|
44
|
37
|
84%
|
0
|
0
|
Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы шеңберіндегі Қостанай облысының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату стратегиясы
|
29
|
17
|
58%
|
0
|
0
|
Ұлттық деңгейдегі тіректі қала шеңберінде Қостанай қаласының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату стратегиясы
|
80
|
64
|
80%
|
0
|
0
|
«2009-2011 жылдарға арналған Қостанай облысының облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ұстау және дамыту» өңірлік бағдарламасы
|
15
|
14
|
93%
|
0
|
0
|
«2008-2015 жылдарға арналған Қостанай облысының энергия сақтау» өңірлік бағдарламасы
|
42
|
|
|
|
|
«2008-2010 жылдарға арналған Қостанай облысының тұрғын үй-коммуналдық саласын дамыту» өңірлік бағдарламасы
|
64
|
64
|
100%
|
0
|
0
|
2008-2010 жылдарға арналған Қостанай облысының денсаулық сақтауын дамыту және реформалау өңірлік бағдарламасы
|
75
|
71
|
94,6%
|
0
|
0
|
2007-2011 жылдарға арналған Қостанай облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың өңірлік бағдарламасы
|
40
|
|
|
|
|
2009-2011 жылдарға арналған құқық түсіндіру жұмыстары, құқық мәдениетінің деңгейін одан әрі дамыту, азаматтарды құқықтық тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі өңірлік бағдарлама
|
16
|
|
|
|
|
2010-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» өңірлік бағдарламасы
|
5
|
|
|
|
|
Жалпы барлық бағдарламалар аяқталу сатысында, негізі барлық бағдарламалар бойынша бюджеттік қаражаттар игерілді, жоспарланған іс-шаралар іске асырылды.
3. ӨҢІРДІ ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМДАУЫ
Қостанай облысы өңір тұрғындарының өмір сүруі мен жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар жасауға қабілетті, тартымды кәсіпкерлік ортасы бар және ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да үстеме құны жоғары бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруға бағытталған серпінді дамып келе жатқан әртараптандырылған экономикасы бар агроөнеркәсіп кешенінің даму деңгейі бойынша жетекші-өңір болады.
2015 жылы Қостанай облысы:
өндірістік күштерді аумақтық орналастыру тірек-қала Қостанайда және серік қалаларда, шекара маңындағы және ауылдық аумақтарда дамитын болады.
Негізгі капиталға инвистициялардың өсу қарқыны 2009 жылға қарағанда 2015 жылы – нақты 18%.
Жоғары даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендер санының ұлғаюы 2015 жылы 295 бірлікті құрайды.
Агроөнеркәсіп кешені азық-түлік қауіпсіздігі, экономиканың әртараптануы және халықтың жұмыспен қамтылуын жоғарылатудың факторы ретінде дамитын болады.
Ішкі нарықтың азық-түліктік тәуелсіздігін қамтамасыз ету – 100%.
Ауыл шаруашылығының сапалы өнімдерін өндіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату – 100%.
Аграрлық саланың экспорттық әлеуеті 2015 жылға қарай экспорттың жалпы көлемінде 21,6%-ға дейін (2009 ж. – 20%) ұлғаяды.
2015 жылға қарай етті қайта өңдеу үлесін 12% дейін, сүтті – 34% дейін жоғарылату қажет.
Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 2015 жылға қарай ауыл аймақта ауылдық елді мекендердің жалпы санынан 40%, шағын қалаларда – 100% құрайды.
Озық технологиялардың көмегімен өңделетін дәнді дақылдар аумағының көлемін 2015 жылға қарай 100% дейін ұлғайту (2009 жылы – 78,4%).
2015 жылға қарай ауыл шаруашылығы малдарының санындағы ІҚМ – асыл тұқымды мал басының үлесін 14%-ға дейін ұлғайту (2009 жылы – 7%).
Экологиялық ахуал қоршаған табиғатты ұтымды пайдалану мен қамтамасыз ету және қоршаған ортаға экологиялық салмақты төмендету арқылы жақсартылады.
Стационарлық ластандыру көздерінен атмосфераға зиянды заттарды шығарудың көлемдерін 2015 жылға қарай 2,1% (2009 ж. – 1,07%) төмендету.
Ормандарды және орман шаруашылығын қайта өндіруді 2015 жылға қарай – 1700 гектарға ұлғайту.
Жабайы аңдардың бағалы түрлерінің, оның ішінде ерекше маңызы барларының санын (жыл сайын 10%-ға) ұлғайту.
Тұрғындардың тұрмыс сапасы және әл-ауқаты өңір экономикасының өсуіне байланысты жақсаруда.
2009 жылдың деңгейіне қарағанда 2015 жылға қарай ЖӨӨ-нің 16%-ға нақты өсуі.
ЖӨӨ-де өнеркәсiп үлесінің 2015 жылы 23%-ға дейiн (2009 ж. – 22,1%) ұлғаюы.
ЖӨӨ құрылымында өңдеу өнеркәсібі үлесінің 2015 жылы 7%-ға (2009 ж. –6,5%) ұлғаюы.
Жалпы экспорт көлемiндегi шикізат емес экспорт үлесінің 15%-ға дейiн (2009 ж. – 13,2%) ұлғаюы.
ЖӨӨ энергия сыйымдылығының 2015 жылға қарай 10%-ға төмендеуі.
ЖӨӨ құрылымында шағын және орта бизнес үлесінің 2015 жылы 19,9% (2009 жыл – 16%) ұлғаюы.
Инновациялық-белсендi кәсiпорындар үлесінің 2%-ға дейiн (2009 ж. – 1,5%) ұлғаюы.
Еңбек өнiмдiлiгi өнеркәсiп және агроөнеркәсiп кешендерiн жетiлдiру есебiнен өсетiн болады.
Өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнiмдiлiгiнің 1, 2 есе (2009 жылы – 8,7 млн. теңге) ұлғаюы.
2015 жылға қарай АӨК-дегі еңбек өнiмдiлiгi 1,8 есе ұлғаяды.
2015 жылға қарай металлургиялық салада еңбек өнiмдiлiгiнің 1,5 есе ұлғаюы (2009 жыл – 100%).
Машина жасаудағы еңбек өнiмдiлiгiнің 1,3 есе ұлғаюы (2009 ж. – 9,5 млн. теңге).
2015 жылға қарай жеңiл өнеркәсiпте еңбек өнiмдiлiгi 5,0 млн. теңгені құрайды (2009 ж. – 3,3 млн. теңге/адам).
Еңбек қорларының сапасы облыстың тұрғындарын сапалы біліммен және жұмыспен қамтамасыз ету арқылы жақсарады.
Бiлiм жүйесi сапалы және қол жетімді болады.
Бірінші кезекте кадрлық әлеуетті дамыту жөніндегі шаралар есебінен және облыстағы орта білімде мамандандыруды дамыту есебінен орта білімнің сапасы әлемдік деңгейге жеткізіледі. ТжКБ мен орта білімнен кейінгі білім мамандар дайындап шығару құрылымы жағынан да, олардың білімдерінің сапасы бойынша да облыс экономикасының қажеттеріне лайықты болады, және облыс бизнесі кейпін өзгерту мен жаңарту үдерісінде белсене қатысатын болады.
2015 жылы жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесiнiң енгiзілуі.
2015 жылы жұмыссыздық деңгейi – 5,5% ұлғаюы (2009 ж. – 6,3%).
Жұмысқа орналастыруға жәрдем сұраған тұлғалардан, жұмысқа орналасқан тұлғалардың үлесінің 2015 жылы – 80% ұлғаюы.
Облыс тұрғындарының полицияға деген сенімінің болжамдық деңгейі 2015 жылы – 54%.
Халықтың өмір сүру сапасын жоғарылату халықты әлеуметтік қолдаудың біртұтас және тиімді жүйесін қалыптастыру, денсаулығын жақсарту және қолдау арқылы жақсарады.
Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесін (ДБҰЖ) енгізу аясында мыналар қамтамасыз етілетін болады:
емделушілердің дәрігер және дәрігерлік ұйымды еркін тандау құқықтары;
халыққа көрсетілетін дәрігерлік жәрдемнің сапасын жоғарылату;
тиімді дәрігерлік жәрдем көрсету және қаржыландырудың тиімді жүйесін құру арқылы халықтың денсаулығын жақсарту.
Облыстық қалалардың көп бейінді ауруханаларында көрсетілетін кардиохирургия, ортопедия-травматология, нейрохирургия, гематология, онкология, гастро-энтералогия және иммунобиологиялық, биохимиялық зертханалық диагностика бойынша емдеудің инновациялық әдістері әрі қарай дамитын болады.
Ауыл тұрғындарының дәрігерлік және дәрі-дәрмектік көмекке қол жетімділігін жақсарту мақсатында дәріханалар ашу жоспарланып отыр. Телемедицинаны әрі қарай дамыту және жылжымалы кешендерді енгізу жалғастырылады, бұл халыққа, оның ішінде ауыл тұрғындарына көрсетілетін дәрігерлік көмектің сапасын жақсартады және қол жетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Облыстық және республикалық бюджеттен берілген нысаналы ағымдағы трансферттердің есебінен облыстық дәрігерлік ұйымдарды материалдық-техниқалық жарақтандыру жақсарады. Дәрігерлік ұйымдар сапалы дәрігерлік жәрдем көрсету үшін қазіргі жоғары технологиялық дәрігерлік құралдармен жабдықталады. Емдеу-алдын алу ұйымдарының қызметшілері диагностика, емдеу және ауруларды сауықтырудың жаңа технологияларына үйретілетін болады. Өткізілетін нысаналы алдын-алу тексерулері, оның ішінде скринингтик тексерулер ауруды ерте кезеңдерде анықтауға және дер кезінде емдеуге және сауықтыруға мүмкіндік береді.
Электр және жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және телекоммуникациялық дамудың жағдайын жақсарту арқылы көлік инфрақұрылымының деңгейін жоғарылату.
Қызметтерді пайдаланушылардың көрсетілетін қызметтермен қанағаттануы 2015 жылға қарай – 60% (2009 жылы – 0%, сауалнама өткізілмеген).
Табиғи газбен қамтамасыз етілген елді мекендердің үлесі 2015 жылға қарай – 23% (2009 ж. – 8,1 %).
Қалпы жақсы және қанағаттандыратын жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 2015 жылға қарай 68% дейін (2009 ж. – 46%).
Облыс дамуының басты стратегиялық мақсаты тұрақты өткізу нарықтары бар ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілетті индустриялық және агроөнеркәсіптік кешенді қалыптастыру болып табылады.
Өңірдегі басты мақсатты іске асырудың маңызды нәтижесі халық әл-ауқатының жоғары деңгейін, денсаулық сақтауда, әлеуметтік қамтамасыз етуде, білімде, мәдениетте, спортта өмір сүру сапасының, көлік инфрақұрылымының және қолайлы тұрғын үйдің жоғары стандартарын қамтамасыз ететін серпінді дамып жатқан, теңгерімделген және бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыру болып табылады.
Бағдарламаны орындаудың әр кезеңінде оны іске асырудың құралдары Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша Іс-шаралар жоспары, тиісті мемлекеттік құрылымдар басқармаларының стратегиялық және операциялық жоспарлары, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың бизнес-жоспарлары мен жобалары болып табылады. Үстеме құны өте жоғары жеке салаларды басым дамыту үшін жағдайлар, сондай-ақ сарапшылар өсімнің барынша жоғары қарқындарын болжап отырған салалардың басым дамуы үшін ұйымдастыру-экономикалық алғышарттарын тиімді әкімшілеу және жасау. Дамудың бюджеттік қаражаттарын тиімді пайдалану.
4. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕРДІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ
1-бағыт: Өңір экономикасының дамуы
Мақсаты: Өнеркәсіпті әртараптандыру және бәсекеге қабілеттігін арттыру арқылы оның тұрақты және теңгерімді дамуын қалыптастыру.
1. Өңір экономиқасының институционалдық дамуының жалпы бағыттары
ҚР Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қостанай облысы үшін басым салалар:
1. АӨК
2. Машина жасау
3. Тау-кен-металлургиялық өнеркәсіп
4. Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру
5. Көлік және коммуникация
Өнеркәсіп
Достарыңызбен бөлісу: |