Неврология, психиатрия және психология кафедрасы
044/56-15
12 беттің 3 беті
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
МАЗМҰНЫ:
1. Түсіндірме жазба
2. Пәнді оқытудың жоспарлы
нәтижелері
3. Пәннің мазмұны және тақырыптық жоспары
4. Білім беру үрдісін ұйымдастыру және жүзеге асыруға қойылатын талаптар
5. Жоспарланған білім беру нәтижесін бақылау
6. Ұсынылған әдебиеттер және оқыту құралдары
Неврология, психиатрия және психология кафедрасы
044/56-15
12 беттің 4 беті
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
1. Түсіндірме жазба
Осы жұмыс оқу бағдарламасы ҚРЖМББС мен үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасына
өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР ДСжӘД министрлігінің 29.07.2016ж.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес 0302000 - «Мейіргерлік ісі»
мамандығы бойынша, 0302033 «Жалпы практика мейіргері» біліктілігіне әзірленді.
Мейіргерлерді «Неврологиядағы мейіргерлік іс»
пәні бойынша оқыту болашақ
мамандардың кәсіби біліктілігін қалыптастырудың ажырамас бір бөлігі болып табылады.
Пәнді оқытуға 28 сағат көлемінде практикалық сабақ қарастырылған. Бағдарламада
қарастырылған бөлімдер мен тақырыптар тізімі толығымен өткізілуге міндетті болып
табылады, оларды тереңдетіп және кеңейтіп өзгертуге болады. Осы жұмыс оқу
бағдарламасы
студенттердің анатомия, физиология, фармакология негіздері, мейіргерлік
іс негіздері пәндерінен алған білім, білік, іс-әрекет және қатынас дағдыларын жетілдіруге
бағытталған. Бағдарламада терапиядағы мейіргерлік іс, педиатриядағы мейіргерлік іс,
хирургия және реанимациядағы мейіргерлік іс, акушерство және гинекологиядағы
мейіргерлік іс пәндерімен интеграция қарастырылған. Арнайы
іскерлік пен дағдыларды
қалыптастыру үшін тиімді технологияларды, оқытудың жеке және сараланған әдістерін
таңдау маңызды болып табылады. Cтудентте базалық және кәсіптік құзыреттіліктерді
қалыптастыруға негізделген модульдік оқыту құрылымы енгізілді.
Практикалық
сабақтарда топты топшаларға бөліп өткізу қарастырылады. Білім алушылардың
неврологиялық науқастарға күтім жасау барысында дағды мен біліктілікті игеруге,
неврологиялық жағдайларды қарап тексеру әдістерін меңгеруге,
тексеру техникасын,
алғашқы көмек көрсетуді үйренуге осы жұмыс оқу бағдарламасында ұсынылған
практикалық сабақтарды емдеу мекемелерінде өткізу қарастырылған. Оқыту барысында
қазіргі таңдағы оқу-әдістемелік әдебиеттерді, жаңа оқу
және анықтамалық құралдарды,
электронды оқулықтарды, мультимедиялық оқыту бағдарламаларын пайдалану
ұсынылады. Пән аяқталғансон саралы сынақ тест түрінде тапсырылады.