БАҒдарламасы пән «Баға белгілеу»
Пәннің тақырыптық Нысан жоспары ПМУ ҰС Н 7.18.2/10 1.2 050508 «Есеп және аудит», 050509 «Қаржы» мамандықтарының жалпы орта білім негізіндегі, күндізгі оқу түрі, т. ж. 2008 тақырыптық жоспары
Курс компоненттері Дәріс сабақтарының тізімі Тақырып 1 Баға белгілеудің теориялық негіздері«Баға белгілеу» курсының пәні. Баға нарық категориясы ретінде. Баға белгілеудің әдістемесінің ғылыми негіздемесі. Құн заңы – тауар өндірісінің объективті экономикалық заңы. Бағаның функциялары: есесптік, ынталандырушы, бөлуші, реттеуші. Баға белгілеудің мақсаттары: өмір сүруді қамтамасыз ету, пайданы максимизациялау, нарық бөлігін жаулап алу, өткізімді қамтамасыз ету. Баға белгілеу принциптері: сұраныс пен ұсыныс заңдарының талаптарын сақтау, ішкі және әлемдік бағалардың ара байланысы, ауылшаруашылығы және басқа да салалар арасындағы бағалық пааритетті сақтау. Бос, монополисттік бәсекелестіктегі, олигополия мен монополия нарығындағы баға белгілеу ерекшеліктері. Баға белгілеу үрдісі: әдістемесі, маңызы. Нарықтық баға белгілеу шарттарындағы кәсіпорын: баға белгілеу бойынша жұмысты ұйымдастыру мен реттеу.
Баға жүйесінің түсінігі. Баға жүйесінің құрылымы: көтерме бағалары, құрылыс өнімдерінің бағалары, сатып алу бағалары, бөлшектік бағалар, көлік пен байланыс тарифтері. Бағаның әртүрлі блоктарының арасындағы арабайланысы мен арақатынасы. Бағаның классификациясы, олардың критерилері және қасиеттері. Бағаның құрылымдық элементтері. Тауар қозғалысы кезеңдеріне қатысты баға құрылымы: кәсіпорынның көтерме бағасы, өнеркәсіптің көтерме бағасы, бөлшектік баға. Есептік, басылым бағалары. Трансферттік баға. Сату-сатып алу (фактурлық баға) бағалары, катты және жылжымалы баға. Тақырып 3 Баға деңгейіне әсер ететін факторы Бағаға әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды талдау: шығындар, тұтынушылар, бәсекелестер, өтім каналының қатысушылары, мемлекет. Бағаны негіздеу кезінде шығындардың ролі. Өнімнің өздік құны – бағаның алғашқы негізі. Шекті шығындарды талдау – баға белгілеу стратегиясын жасап шығаруға және негіздеуге қажетті шарт. Баға мен тұтынушының сатып алынған заттарының арасындағы байланыс. Баға туралы шешім қабылдау кезінде икемділіктің ролі. Бағалық және бағалық емес бәсекелестік. Бағаларды мемлекеттік реттеу. Тақырып 4 Баға белгілеу әдістері Тауарға алғашқы баға белгілеудің есептеу әдісі. Толық және тура шығындар негізінде баға белгілеу. Мақсаттық пайданы қамтамасыз ету әдістері. Параметрлік әдістер. Бәсекелестікке бағытталған әдістер: көшбасшы артынан еру әдістері, тендерлік әдіс. Әр әдістің артықшылықтары мен кемшіліктері, қолдану шарттары. Тақырып 5 Баға саясаты және баға стратегиясын таңдау Фирманың мақсаттары және олардың баға белгілеу саясатындағы көрінісі. Баға саясаты және фирманың бағалық стратегиясы. Баға белгілеудің жасалған стратегиясына қатысты бағалық саясатты әзірлеу. Бағалық стратегияны әзірлеу кезеңдері: алғашқы ақпаратты жинақтау, стратегиялық талдау, стратегияның құрылуы. Қазіргі заманғы бағалық стратегиялардың түрлері және оларды жүзеге асырудың нәтижелері. Тақырып 6 Баға белгілеу тактикасы Бағалардың ынтамен өзгеруі. Жеңілдіктер жүйесін қолдану. Жеңілдіктер түрлері: төлемдер үшін қолма-қол, мерзімдік, бонустық, арнайы. Сатып алудың үлкен көлеміне жеңілдіктер: некумулятивтік және кумулятивтік жеңілдктер. Баға белгілеудегі тәуекел. Инфляция шарттарында баға белгілеу. Баға стратегиясының негізденген кезіндегі инфляциялық тосуды бағалаудың ролі. Инфляцияны сипаттайтын көрсеткіштер. Баға жағдайы туралы сыртқы мәлімет. Бағаны келісіп дайындау. Тақырып 7 Маңызды салалық кешенінің өніміне баға белгілеудің ерекшеліктері Өндірістік – техникалық бағыттағы өнімнің нарығының ерекшеліктері. Өндірістік – техникалық бағыттағы өнімге баға белгілеудің негізгі мәселелері. Өндірістік-техникалық бағыттағы өнімге бағаны құру. Жанармай -энергетикалық, металлургиялық, машинажасау, көлік кешенінде баға белгілеу. Құрылыс өніміне баға белгілеудің ерекшеліктері. Сметалық нормативтер жүйесі. Сметалық құжаттардың құрылымы. Бағаны құрылыс-монтаждық жұмыстарға белгілеу. Агроөнеркәсіптік кешен жүйесінде баға белгілеуа: баға жүйесі, бос сатып алу бағалары. Тауарлар менқызметтерге бөлшектік бағалар. Баға белгілеу позициясымен тұтыгушы тауарларының құрылымы. Тұтыну тауары мен қызметіне баға белгілеудің спецификалық приемдері. Тұтыну тауары мен қызметіне баға белгілеу. Тақырып 8 Дүниежүзілік бағалар және оларды құрудың механизмі Дүниежүзілік бағалардың негізгі түрлері. Дүниежүзілік бағалар туралы ақпарат көздері және оларды қолдану ережелері. Дүниежүзілік бағаларды құрудың негіз құрушы факторлары: өндіріс шығындары және айналымдар, сұраныс пен ұсыныс арсындағы қатынас және олардың баға белгілеудегі реттеуші ролі. Дүниежүзілік бағалардың құрылуына және қозғалысына әсер ететін басқа факторлар: инфляция, саяси өзгерістер, спекуляция, валюталық курс. Халықаралық келісім-шарттардың бағалары. Ұлттық нарықтардың ішкі бағаларының дүниежүзілік бағалармен арақатынасы. Дүниежүзілік және ұлттық бағалардың деңгейлерінің сәйкес келмеуі. Тақырып 9 Сыртқы сауда бағалары Сыртқы сауда бағаларын құрудың негізгі принциптері. Экспорттық және импорттық тауарларға ұлттық және сыртқы сауда бағаларының жүйесі. Экспорттаушы және импорттаушы тауарларға бағаларды құру ережелері. Сыртқы сауда бағалары және олардың бағаға көліктік және жеткізу бойынша басқа да шығындарға қатысты классификациялау. Экспорттық және импорттық тауарларға ішкі бағалар, оларды құрудың принциптері мен әдістері. Баға белгілеудің және өнеркәсібі дамыған елдерде бағаны реттеудің тәжірибесі. Студенттердің өзіндік дайындықтарына арналған тақырыптар Тақырып 1 Баға белгілеудің теориялық негіздеріБос, монополисттік бәсекелестіктегі, олигополия мен монополия нарығындағы баға белгілеу ерекшеліктері. Баға белгілеу үрдісі: әдістемесі, маңызы. Нарықтық баға белгілеу шарттарындағы кәсіпорын: баға белгілеу бойынша жұмысты ұйымдастыру мен реттеу. Әдебиет: [2], 8-14 бет; [4], 5-9 бет. Бақылау нысаны: конспект Тақырып 2 Баға жүйесі және оның классификациясы Тауар қозғалысы кезеңдеріне қатысты баға құрылымы: кәсіпорынның көтерме бағасы, өнеркәсіптің көтерме бағасы, бөлшектік баға. Есептік, басылым бағалары. Әдебиет: [2], 20--28 бет; [3], 12-29 бет.
Баға мен тұтынушының сатып алынған заттарының арасындағы байланыс. Баға туралы шешім қабылдау кезінде икемділіктің ролі. Бағалық және бағалық емес бәсекелестік. Бағаларды мемлекеттік реттеу. Әдебиет: [2], 38-49 бет; [1], 12-44 бет. Бақылау нысаны: конспект Тақырып 4 Баға белгілеу әдістері Бәсекелестікке бағытталған әдістер: көшбасшы артынан еру әдістері, тендерлік әдіс. Әр әдістің артықшылықтары мен кемшіліктері, қолдану шарттары. Әдебиет: [1], 50-65 бет; [4], 54-62 бет. Бақылау нысаны: конспект Тақырып 5 Баға саясаты және баға стратегиясын таңдау Баға саясаты және фирманың бағалық стратегиясы. Бағалық стратегияны әзірлеу кезеңдері. Қазіргі заманғы бағалық стратегиялардың түрлері және оларды жүзеге асырудың нәтижелері. Әдебиет: [3], 73-82 бет; [7], 58-71 бет. Бақылау нысаны: конспект Тақырып 6 Баға белгілеу тактикасы Инфляция шарттарында баға белгілеу. Баға стратегиясының негізденген кезіндегі инфляциялық тосуды бағалаудың ролі. Инфляцияны сипаттайтын көрсеткіштер. Әдебиет: [4], 280-302 бет, [8] 53-61 бет. Бақылау нысаны: конспект Тақырып 7 Маңызды салалық кешенінің өніміне баға белгілеудің ерекшеліктері Жанармай -энергетикалық, металлургиялық, машинажасау, көлік кешенінде баға белгілеу. Агроөнеркәсіптік кешен жүйесінде баға белгілеуа: баға жүйесі, бос сатып алу бағалары. Әдебиет: [1], 73-82 бет; [6], 70-79 бет. Бақылау нысаны: конспект Тақырып 8 Дүниежүзілік бағалар және оларды құрудың механизмі Дүниежүзілік бағаларды құрудың негіз құрушы факторлары: өндіріс шығындары және айналымдар, сұраныс пен ұсыныс арсындағы қатынас және олардың баға белгілеудегі реттеуші ролі. Әдебиет: [5], 115-121 бет, [8] 57-73 бет. Бақылау нысаны: конспект Тақырып 9 Сыртқы сауда бағалары Экспорттаушы және импорттаушы тауарларға бағаларды құру ережелері. Сыртқы сауда бағалары және олардың бағаға көліктік және жеткізу бойынша басқа да шығындарға қатысты классификациялау. Әдебиет: [3], 74-93 бет; [9], 48-64 бет. Бақылау нысаны: конспект Курс саясаты Семестр уақытында студент барлық оқу кестелерімен және бақылау жұмыстарын тапсыру кестелерімен сәйкес барлық оқу сабақтарына қатысуы тиіс. Дәрістік және тәжірибелік сабаққа қатысу 1 баллмен бағаланады. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізіміне сәйкес әр дәрістік және тәжірибелік сабаққа студент дайындалып, қарастырылған мәліметтерге талқылама жасап, белсенді қатысуды қабылдауы тиіс. Белсенділік қатысу сапасы негізінде бағаланады. Белсенділіктің максималды бағасы әр сабақта хабарланып тұрады. Студенттің өздік жұмыстары СӨЖО уақытында бағаланады, баллдар бақылау шараларынның күнтізбелік кестесіне сәйкес қойылады. Тапсырмалар оқытушы қойылған мерзімінде орындалады. Қойылған мерзімнен кейін жұмысты тапсырса 5% бағаға төмендетіледі. Барлық жұмыстар жұмыс дәптерлеріне жазбаша түрде ресімделеді. Межелік бақылауды бағалау (МБ) 100 балдық шкала бойынша анықталады. Пән бойынша межелік бақылауға ағымдағы үлгерімдері (АҮ) бойынша балдары бар студентер жіберіледі. Ағымдағы үлгерім және межелік бақылау бағалау нәтижесі арқылы пән бойынша студенттің рейтингі (Р1 және Р2) анықталады: Р1(2) = ТУ 1(2)*0,7 + РК1(2) *0,3 Егер де студент межелік бақылау өтпесе немесе межелік бақылау бойынша 50 балдан төмен алса, онда рейтинг анықталмайды. Пәнді оқып білу барлық өткен мәліметтермен қоса емтиханмен қорытындыланады. Емтиханға кіру үшін міндетті түрде:
Емтихан 100 баллмен бағаланады. Емтихан тест түрде өткізіледі. Қорытынды баға формула бойынша есептелінеді , мұндағы РД – межелікке жіберу бағасының цифрлік эквиваленті Э – емтиханға бағасының цифрлік эквиваленті. Бірігіп жұмыс істеген кезде келесі ережелер қалыптасуы тиіс: 1) оқытушы мен студенттер арасында бір біріне деген сыйластық болуы тиіс. 2) сабаққа міндетті түрде кешікпеуі тиіс. Сабаққа қатысу әп сабақта белгіленеді; 3) сабақ барысында ұялы телефонды өшірулері тиіс; 4) себепті салдарға байланысты сабаққа келмегендерге қайта жұмыс жасау мүмкіндігі бар; 5) барлық тапсырмалар өз уақытында орындалуы тиіс; 6) сабаққа студенттер дайын болып келулері тиіс; 7) сабақта белсенді болыңдар; 8) академиялық тәртіптің саясаты және этикалары университетіміздің ішкі тәртіп ережелерімен сәйкес болуы тиіс. Ағымдағы үлгерімді бақылаудың іс-шараларының календарлық графигі
Шартты белгілер: к – конспект, гл. – глоссарий, жд – жұмыс дәптері, ас – ауызша сұрау, Т -- тестілеу жүктеу/скачать 251.81 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |