БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
4 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-14.05.01.20.31
/03-2010
|
Оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
«Психологияны оқыту әдістемесі»
|
Редакция № 2 02.09.09. орнына Редакция № 3 13.09.12.
|
«ПСИХОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» ПӘНІ БОЙЫНША
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
(050503 «Психология» мамандықтарына )
ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей 2010
Алғысөз -
ЖАСАЛЫНДЫ
Құрастырушы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің
“ Психология” кафедрасының аға оқытушысы Бураханова А.Т.
“______” __________ 2010 ж
2.ҚАРАЛДЫ
-
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің “Психология” кафедрасының отырысында
Хаттама №______"__»________ 2010 жыл
Кафедра меңгерушісі: Сатиева Ш.С.
2.2.ГФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында
Хаттама №______”__»________ 2010 жыл
Төрағасы _______ Колмогорова Г.Б.
3.БЕКІТІЛДІ
3.1.Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды
Хаттама №______”__»________ 2010 жыл
ОӘК төрағасы, бірінші проректор_________ Молдажанова А.А.
Мазмұны
1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Практикалық және лабораториялық сабақтар
4 Студенттің өздік жұмысы
1 ГЛОССАРИЙ
-
Әдіс – жол, танымдық және тәжірибелік қызмет тәсілі.
-
Оқыту әдісі – білім беру мазмұнын меңгеруді қамтамасыз етудегі оқытушы мен оқушылардың байланысты әрекеттерінің жүйесі.
-
Форма – сыртқы түр
-
Демонстрация – тәжербие, иллюстрация, психологиялық заңдылық құбылыстар арасындағы байланыстар.
-
Тәжірбие – құбылыстың шындығына көз жеткізуде белгілі әрекеттер орындау.
-
Әрекет – субьектінің қоршаған әлемімен динамикалық жүйде қарым – қатынасы.
-
Мотив – субьектінің қажеттілігін қанағаттандыруына байланысты іс- әрекетке ұмтылу.
-
Мақсат – іс - әрекеттің нәтежеге жетуге байланысты саналы қорытынды.
-
Адаптация – Организімнің ортаға бейімделуі.
-
Акселерация – Организімнің жедел дамып жетілуі.
-
Анализ – бүтінді бөлшектеп қарау процесі.
-
Аналогия – ұқсастық.
-
Астения – жүйке жүйесінің психологиялық әлсіздігі.
-
Афазия – сөздің бұзылуы.
-
Аффект – латын сөзі, қорқыныш, алаң болушылық
-
Бихевиоризм – ағылшын сөзі, мінез-құлық
-
Графология – грек сөзі, жазамын, оқу
-
Дедукция – жалпыдан жекеге көшу
-
Деректология – латын сөзі, келістік
-
Индивид – латын сөзі, жара, жеке
-
Индукция – жекеден жалпыға көшу
-
Интенция – латын сөзі, әрекеттену
-
Интеракционизм – бір-біріне әсер ету.
-
Интервью – сухбат, әңгімелесу.
-
Иррадация – жарық шығару, жарқырау, латын сөзі.
-
Коллектив – латын сөзі, жинақтаушы.
-
Коммуникация – латын сөзі, байланыстырамын, араласамын.
-
Комплекс – латын сөзі, байланыс.
-
Конверсия – латын сөзі, өзгеріс.
-
Константность – латын сөзі, тұрақты.
-
Конфликт – латын сөзі, қақтығыс.
-
Корпорация – латын сөзі, бірігу.
-
Лобильность – латын сөзі, тұрақсыз.
-
Лидер – латын сөзі, бастауыш, жүргізуші.
-
Операция – латын сөзі, әрекет.
2 Дәрістік материалдар
Психологияны оқыту әдістемесі пәні бойынша дәріс оқуға әдістемелік нұсқау
Жоғары оқу орнындағы дәріс сабақтары студенттердің шығармашылық ізденісте білімді меңгеру арқылы, ғылыми әдебиеттермен өзіндік жұмыс формаларын, стилін таңдауға мүмкіндік береді.
Лектор тыңдаушыларын объективті түрде ғана ақпараттандырып қоймауы тиісті. Дәрістегі ғылыми ақпарат сенімді түрде жеткізіліп, әдебиеттермен өзіндік істеуге бағыт берілуі тиіс.
Лектордың дәрісі мынадай функциялар атқарады:
-
Бағдарлаушы
-
Түсіндіру
-
сендіру
Бағдарлаушы қызметінде дәріс ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып ғылыми теория негіздерін қашан және қандай авторлармен тұжырымдалған, қандай объективті өмірлік қажеттіліктерге тәуелді екенін, қандай ғылыми әдебиеттерге сүйеніп бұл туралы терең оқуға болатындығына бағыт беріледі. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі де дәрістің бағдарлау қызметіне жатады.
Түсіндіру қызметі арқылы ғылыми түсініктер, түсіндірілетін теория немесе гипотеза айқындалады.
Сендіру қызметі арқылы лектор тұжырымдарын дәлелдемелер негізінде жасауы тиіс. Міндетті түрде фактіні дәлелдей білу қажет. Сендіру функциясы оқу дәрісінде өте маңызды. Студент ғылыми тұжырымдарды өзіндік сенім арқылы меңгеріледі. Лектор дәрісі қызықты өту үшін төмендегі психологиялық шарттар қажет;
-
аталған ғылыми жүйесінде білімдерді меңгеру;
-
дәріске деген студент қызығушылығын туғызу;
-
студенттер түсіндірілген материал жаңалығын сезінуге тиіс;
-
студенттердің жұмыс істеуге ынталандыруын туғызу.
Пән бойынша дәріс оқу әдістемесі.
-
тақырып бойынша негізгі түсініктерді аудиторияға жеткізу;
-
мазмұнды дәлелдеу;
-
материал мазмұның ақпараттығы;
-
материалдың проблемалылығы.
Дәріске негізгі және жан-жақты дайындық – оны жақсы оқудың бір мүмкіндігі болып табылады.
Психология пәнінің өзгешелігі.
Психология өзіндік бірқатар ерешеліктерге ие салыстырмалы түрде жаңа ғылымдар қатарына жатады.
-
адамзатқа ие ең күрделі құбылыстар туралы психологиялық ілім№
-
танымның объектісі мен субьектісі бірігетіндіктен психология ерекше орында болып табылады.
-
Психологияның ерекшелігі – оның қайталанбас тәжірибелік салдарларында екен.
-
Психология – перспективасы кең ғылымдардың бірі. Онымен болмай, түрлі аумақтағы ғылымдармен кең байланыстарға ие (бұнда біз биологиялық, математикалық, қоғамдық-саяси аспектілерін бөліп шығарамыз).
Психологияны зерттеу мақсаты оны гуманитарлық ғылым ретіндегі мазмұнындағы ерекшеліктері арқылы анықталады.
Гуманитарлық таным - зат емес, тұлғаны тануды ұйғаратын ғылыми танымның ерекше түрі. Яғни бұнда субьект-субьект қатынасы орнатылып, танымның дәлдігіне қарағанда оның тереңдігі маңызды болып табылады. Онымен болмай, психологиялық таным тек ғылыми-теориялық және логикалық ойлауды ғана емес, сонымен қатар образдық, көркемөнерлік, символикалық, көрнекі-әрекеттік және т.б. ойлау түрлеріне де мән береді. Осыдан психологияны оқытудың мақсаттарын шығарамыз:
-
Өмірлік қызмет барысының түрлі шарттарындағы қарым-қатынас пен өзара әрекеттесуді құрудың әдіс-тәсілдері мен білімдерін теориялық және практикалық түрде меңгеру;
-
Тек басқа адамдарды ғана-ақ емес, сонымен қатар өзін-өзі қайта құруды білу№
19 ғ басына қарай рухани өндірістің орнатылуы мен жоғарғы мектепте оқыту көпшіліктік сипатқа ие болады. Ендігәрі қстаз бен шәкірттің бір деңгейде тұрған заман басталғандықтан, дайын білімдерді бере салмай, оқушылар үшін білімтің ашылу үрдісін де ашып көрсету қажет болды.
Оқытушының қазіргі күндегі пәндік-академиялық қызметі өзіндік құрылымға ие:
-
Зерттеуші қызмет;
-
Нақты оқыту қызметі;
-
Сыртқы форма – аудитория;
-
ішкі форма – жеке тәжірибе.
Академиялық қызмет 2 функцияға ие: оқытушы және тәрбиелеуші.
а) Пәнді тарихи және логикалық-теориялық тұрғыдан талдауды; меңгеру процесінің психологиялық-педагогикалық тәсілдерін ұйымдастыруды ұйғарады.
б) пәннің дүниетнымдық аспектілерін ашып көрсету; кәсіби әдептілік; оқытудың ұжымдық формаларын ұйымдастырудың барлық түрлерін меңгеру т.б.
Пәннің негізгі міндетіне студенттердің меңгерген психологиялық білімдерін түсіндіру, қайта талдау мен басқаруды өткізе алуды қалыптастыру жатады.
Психологияны оқытудың мақсаттары гуманитарлық ғылым ретіндегі мазмұнының ерекшеліктерімен анықталады. Ондағы бастапқы рольді әлеуметік ғылымдар мен гуманитарлық танымның әдістері алады.
Гуманитарлық танымның ерекшеліктеріне зер сала, психологияны оқытудың мақсаттарын келесідей анықтауға болады:
1. Болашақ педагогтардың кәсіби білімдері аумағындағы психологияның мақсаттары:
- оқуға даярлықтың диагностикасы,;
- Мақсаттардың, мазмұнның, әдіс-тәсілдерді шыңдау баңыттарын талдау;
- Оқушылар ұжымы мен тұлғаның диагностикасы мен мінездемелерді құру;
- Мектептегі тәрбие үрдісін шыңдау бағыттарын талдау;
- оқу әрекеттері мен өзара тұлғалық қарым-қатынастарды талдау.
2. Студент тұлғасының даму аумағындағы психологияның мақсаттары:
- Болашақ педагогтың ғылыми көзқарасы мен құндылықтық бағдарын дамыту;
- студент тұлғасының өзіндік санасы мен өзін-өзі ұйымдастыруының дамуы;
- Психоло-педагогикалық көркемдің ойлаудың, зейіннің, естің, педагогикалық тактінің дамуы;
- қарым-қатынас қабілеттерінің дамуы.
Психологияны оқу барысында пайда болатын қиыншылықтарды психологиялық талдау.
-
Неліктен студенттер дәл психологияны оқыған кезде қиыншылықтарға тап болады?
-
Оларды қалай жоюға болады?
Теориялық білімді меңгеру қай уақытта анағұрлым нәтижелі және қиыншылықтарсыз өтетін болады? студенттер оқу кезінде теориялық ойлауды қолданған уақытта ғана. Теориялық ойлау оқытылып жатқан пәннің мәнін ашып көрсету мақсатын көздейді, ал эмпирикалық ойлау заттар мен құбылыстардың каталогизациясы мен классификациясын қарастырады.
Психологияны оқу кезінде студенттер ойлаудың қай түріне сүйенетіндерін қарастырсақ. Нәтижесінде мынадай кесте шығады:
Оқу тәсілі
|
Теориялық ойлау
|
Эмпирикалық ойлау
|
Оқыту тәсілі
|
Теориялық ойлау
|
|
|
Эмпирикалық ойлау
|
|
|
Ойлаудың теориялық түріне бағдарланған оқыту тәсіліне: оқу міндеттерінің жүйесі мен проблемалық тәсілді жатқызады.
Оқу міндеттерінің жүйесі тәсілі жақындағы және алдағы мүмкіндіктерге бағытталып, мақсат қою, мазмұндық талдау, мазмұндық жоспарлау, мазмұндық рефлексия, басқару, бағалау сынды оқу әрекетінің қалыптасып дамуына алғышарт болады.
Оқытудың проблемалық тәсілі жалпы дамуға, естің дамуына тірек болады.
Оқытудың бұл тәсілдері теориялық ойлаудың ары қарайғы дамуына үлес қосады, басым болып ойлау үрдістеріне арқа сүйейді, студенттерде оқу мәдениетін қалыптастырады.
Эмпирикалық ойлауға бағдарланған оқыту тәсіліне оқытудың барлық тәсілдері жатады.
Берілген тәсілдер басым түріне қарай оқу қызметінде ес процестерінің дамуы мен пайдаланылуына арқа сүйеді.
Теориялық ойларды пайдалануға бағдарланған оқу тәсіліне іздеу, зерттеу және өндіруші түрлерін жатқызады: олар мазмұндық рефлексияның дамуына, мазмұндық талдау, мазмұндық жомпарлауға, мақсаттарға, ішкі басқаруға әсер етеді.
Берілген тәсілдерді меңгерген студенттер оқу еңбегі мәдениетіне ие болады (яғни лекцияларды конспектілей, проблемаларды талдай алады және т.б.), онымен болмай, бұндай студенттерде ЖОО оқй үрдісінде ақыл-ой дамуында жоғары деңгейдегі өзгерістер байқалады.
Ойлаудың эмпирикалық түріне бағдарланған оқу тәсілінерепродуктивті тәсіл жатады.
Олардың сипаттамасы оқытудың дәстүрлі түрлерінің сипаттамасымен пара-пар. Алайда негізінен осы тәсілдерді қолданатын студенттерде теориялық ойлаудың әлсіз дамуы, оқу қызығушылықтарының тарлығы, тұрақты оқы мотивациясының жоқтығы, жоғары оқу үрейлілігі байқалады.
Дәл осы жағдайда студенттер қиыншылықтардың екі қатарына тап болады: қиыншылықтардың бірінші қатары – ол оқыту мен оқу тәсілдерінің арасындағы қарама-қацшылық ретінде көрінсе, екінші қатарында олар оқу міәндетін шешу кезіндегі олардың өздері ие білім деңгейі мен қажетті білім деңгейінің арасындағы қарама-қайшылық болып табылады.
Қиыншылықтар берілген материалдың үлкен көлемі болған кезінде кездеседі, себебі бүнда есте сақтау мен оқытуды қайта жаңғырту процестеріне арқа сүйеу жүреді.
Осылайша, біріншіден, психологияны оқу кезіндегі психологиялық емес факультетерде оқитын студенттері оқыту мен оқу міндеттеріне қарамастан қиыншылықтарға тап болады. Екіншіден, проблеманың өзегі оқу кезіндегі пайда болатын қиыншылықтарды кең танымдық қажеттіліктерді қалыптастыруға үлес қосып қиыншылықтар қатарына ауыстыруда болып табылады.
Дидактика принциптерінің жалпы сипаттамасы мен олардың психологияны оқыту әдістеріндегі жүзеге асырылуы.
Дидактика принциптерінің мәні мен ролін түсіну үшін келесі түсініктерді логикалық қатарға тұрғызу маңызды: «заңдылықтар» - «оқыту теориясы» - «проблема» - «форма» - «әдіс» - «тәсіл» - «құрал». Бұл түсініктердің логикасы: еориядан тәірибеге дейін екені енді ұғынықты. Дидактикадағы заңдылықтар: меңгеру әрдайым белсенді ақыл-ой қызметінде жүреді. Бұл заңдылықтар негізінде оқытудағы белсенділік және өзбеттілік процестері жүзеге асырылады. Дидактикада оқыту екіжақты процесс ретінде анықталады, бұл процесс ұстаз (оқытушы) бен оқушы (студент) арасындағы өзара әрекет ретінде жүзеге асырылады. Бұл үрдісте оқушылар танымдық әрекеттікң білім, ептілік, дағды және тәсілдерін меңгереді. Дидактикалық принциптердің мазмұнын ашсақ, оқыту теориялары педагогтарды оқу сбақтарын қалайша өткізу керек екендігіне, оқушылардың белсенділігіне ұалай күш беру керек екендігіне т.б. бағдарлайды. Оқыту теориясының алгоритмдері дидактика принциптерінің арқасында құрылып келді. Егер де формалар оқытуды ұйымдастырдуың тәсілдері болса, онда әдістер – оқушылармен өзара әрекет етудің тәсілдері болады екен. Әдістің өзіне тәсілдердің белгілі бірізділігі кіреді. Басқаша айтқанда, тәсіл дегеніміз – бұл әдістің органикалық бөлігі болып табылады. Осылайша, теориялар, әдістер мен тәсілдер дидактиканың заңдылықтары мен принциптерін жүзеге асырады. Қала берсе оқытудың құралдары – визуалды, дыбыстық-техникалық, кинематикалық және т.б. – дидактиканың өзіндік бір тілі болып табылады.
Педагогикалық ғылымдағы дидактиканың принциптері бірнеше ғасырлар бойы ойластырылып жасалынып жатыр. Олардың негізін салушысы болып ұлы славяндық педагог Ян Амос Коменский (1592-1670) саналады. Одан кейін оқытудың принциптерін батыс еуропалық және отандық педагогиканың классиктері жалғастырды. Сонымен қатар, дидактика принциптерінің жалғасы әлі де жүзеге асырылып жатыр. Олар екіге бөлінеді: классикалық және қазіргі күндегі пинциптер. Оларға қысқаша сипаттама беріп кетсек.
Бірізділік принципі ең басты оқу материалан зерттеудің тәртібі мен логикасын көрсетеді. Преемственность принципі конструктивті жоққа шығару идеясын көрсетеді. Оқытудағы саналылық пен белсенділік принципі оқушының материалды саналы, белсенді оқуын ұйғарады. Меңгерудің беріктігі принципі – жай сөзбен айтқанда – қайталау және жаттау.
Жоғарыда аталғандар – дидактиканың классикалық принциптері болып табылады. Дамыта оқыту принципі біз тек фактологиялық қана емес, сонымен қатар теориялық деңгейде ойлауға үйрету болып табылады.
Оқыту үшін оптимальды жағдайларды құру принципі – педагог пен оқушы арасындағы жағымды моральдық-психологиялық қатынастың құрылуы мен стихиялы стрестік конфликтілі жағдайлардың профилактикасы т.б.
Оқушылардың оқыту процесіне саналы түрде қатысуы принципі. Алға ұстар оқыту принципі оқу материалының меңгерілуі мен оқытылуының белгілі бір ритмін қамтамасыз етуге арналған.
Тірек принципі – білім беру үрдісіне тірек болатын конспектілерді енгізуді алғышарттайды, оларды дидактикалық сызбалар дейді. Дидактикалық сызба дегеніміз - өте қысқа, жүйелі түрде жасалынған, эмоционалды формада көрсетілген оқу материалы.
Қиыншылықтардың жоғары деңгейінде оқыту принципі оқушылардың ақыл-ой мүмкіндіктерінің белгілі бір шегінде жұмыс істеген кезінде қолданылады. К.Д.Ушинскийдің өзі-ақ ақыл-ой дамуын адам денелік дамуымен салыстырып көрсеткен болатын.
Оқытудың әрбір принципі өзіне тән дидактикалық қызметке ие болады.
Оқыту принциптері жүйелі жиынтық ретінде пәндік әдістемелердің теориялық тәректерінің бірі болып келеді. Жай сөөбен айтқанда, дидактика – жалғыз болса, қанша пән болса, соншама пәндік әдістемел түрлері болады екен.
Дидактикалық принциптердің пәндік әдестемелерінде жүзеге асырылуы – теория мен тәжірибенің байланысының жеке жағдайы болып табылады.
Пәнді оқытудың мақсатына – оқушылардың жалпы білім беруі жатады. Оқыту принциптері мұғалімді оқу пәнінің ерекшеліктеріне байланысты оларды қандай формада көрсетуі байғдарлайды. Мұғалім дидактикалық пинциптердің мәнін ұғынған кезде, оның ойлауы ғылыми ойлаумен беттеседі екен.
Дидактикалық принциптердің пәндік әдістемелермен байланысы біржақты болып келмейді. Бұнда теория мен тәжірибе байланысының ортақ диалектикасын ұйғару керек.
Психологияны оқытудың үрдісі: формалары, құралдары, әдістері.
Психология курсы бойынша лекция сабақтарын даярлау және өткізу.
Өмір бойы жоғары мектептегі оқытудың бастапқы ұйымдастырылған формасы мен әдістемесі лекция болып болып табылатын.
ЖОО лекция – оқытудың дидактикалық циклінің негізгі звеносы. Лекция сөзі латыннан «lection» - оқу дегенді білдіреді.
Лекция ежелгі Грецияда пайда болды. Ресейде оқытудың лекциялық формасын дамытқан М.В. Ломоносов болып табылады.
Оқытудың лекциялық формасы басқа ешбір сабақ түрімен ауыстырыла алмайтын кездер болады:
-
жаңа курстар бойынша оқулықтардың жоқ болуы кезінде лекция – ақпараттың негізгі қайнар көзі болып табылады;
-
нақты тақырып бойынша жаңа оқу материалының оқулықтарда әлі басылып шықпаған кезінде;
-
оқулықтың белгілі бір тақырыбы өзбетті оқу үшін тым күрделі болған кезе;
-
курстың негізгі мәселелері бойынша қарама-қарсы концепциялардың болуы кезінде.
Лекцияның артықшылықтары:
-
лектордың аудиторимен көркемөнерлік қарым-қатынасы, эмоционалды әсер етуі;
-
лекция – білімдердің негізін жалпы түрде алудың өте үнемді тәсілі;
-
лекция жақсы тыңдалып түсіндірілген кезде ойлау қызметін белсендендіреді.
Алайда оқыту процесі лекциядан басталып тәжірибелік сабақтарда жалғасып, өзбетті жұмыста тереңдетіледі.
Лекцияға қойылатын талаптар:
-
лекцияның әдепті жағы
-
ғылымилық пен ақпараттанғандық
-
дәлелденгендік
-
ашық, сенімді мысалдардың болуы
-
оқытудың эмоционалды формасы
-
тыңдаушының ойлауын белсендендіру
-
ойлауға арналған сұрақтарды қою
-
бірізді қойып сұрақтардың нақты құрылымы мен ашылу логикасы
лекция түрі мен құрылымы.
Құрылымы бойынша лекциялар бір-бірінен айырылады.
Тақырыпты ашу кезінде индуктивті әдісті қолдануға болады:ғылыми қорытындыларға әкелетін мысалдар мен фактілер, сонымен қатар индуктивті әдістерін де қолдануға болады:жалпы жағдайларды түсіндіріп, ары қарай нақты мысалдарда ашып көрсету.
ЖОО дәстүрлі лекция әдетте ақпараттанған болып табылады да, оның бәрнеше түрлері болады:
Кіріспе лекция – курстың мақсаты, пән жүйесіндегі рөлі мен орнымен таныстырылады. Бұнда ғылыми проблемалар қойылып, гипотезалар алға шығарылады.
Шолу лекциясы. Бұл қысқаша конспек емес, - білімбердің неғұрлым жоғары деңгейңнде жүйелендірілуі.
Лектордың мұндағы міндеті – студенттерге конспектілеуге мүмкіндік беру;яғни тыңдауға, ойластыруға, қайта ойластыруға, қысқаша жазуға.
Проблемалық лекция. Бұндағы оқытушының міндеті – проблемалық жағдай құрып, туденттерді проблеманы шешу жолдарын табуға көмектесу. Бұл үшін жаңа теориялық материалдарды проблемалық тапсырмалар формасында көрсетеді. Проблемалық лекцияның арқасында теориялық ойлаудың дамуы, пән мазмұнына танымдық қызығу, кәсіби мотивация, корпоративтілік қамтамасыз етіледі.
Лекция-визуализация. Лекция-визуализация көрнекілік принципінің жүзеге асыру жаңа мүмкіндіктерінің іздеуінің нәтижесі ретінде пайда болады.
Көрнекіленген лекция дегеніміз – визуалды формаға түрленген ауызша ақпарат болып табылады.алдын ала даярланған көрнекі материалдар келесідей талаптарға сай болуы қажет:
-
алынған білімнің жүйелілігін қамтамасыз етуі керек;
-
жаңа ақпаратты меңгеру;
-
проблемалық жағдайларды құру мен шешу;
-
визуализацияның түрлі тәсілдерін демонстрациялау.
Көрнекіленген лекциядағы маңызды нәрселер: белгілі бір визуалды бірізділік пен материалды таныстырудың белгілі бір ритмі, оның мөлшерленгендігі, оқытушының аудиториямен қарым-қатынасының шеберлігі мен стилі.
Бұндай лекцияға даярланудың негізгі қиыншылықтары – визуалды құралдарды жасап шығару мен лекцияны оқу үрдісінің режиссурасында.
Есепке алуға қажетті жағдайлар:
-
аудиториядағы даярлық мен білімділіктің деңгейі;
-
кәсіби бағыттылық;
-
нақты тақырыптың ерекшеліктері.
Екі адам қатысатын лекция. Лекцияның бұл түрі екі оқытушының диалогындағы материалда проблемалық оқытудың дамуы болып табылады. Бұнда екі маман теориялық және практикалық сұрақтарды шешудің шынайы жағдайларын модельдейді.
Бұндай лекцияның артықшылықтары:
-
студенттер ие білімдерді өзектеу;
-
проблемалық жағдай туындайды;
-
екі бастаудың арқасында студент таңдау жасай алады, педагогтың кәсіби біліктілігі алға шығады.
Алдын ала жоспарланған қателері бар лекция. Бұл лекцияның қызметі:
-
студентердің зейінін белсендендіру;
-
олардың ойлау әрекеттерін дамыту;
-
эксперт рөлінде шығуды қалыптастыру.
Лекцияға мазмұндық, әдістемелік, әрекет-қылықтық сипаттағы белгілі бір көлемдегі қателіктер енгізіледі.
Студенттердің бұндағы міндеті лекция бойында қателіктерді тауып, бекітіп лекция аяғында жауап беру. Қателіктерді талдауға 10-15 минут беріледі.
Пресс-конференция лекциясы. Оқытушы студенттерді берілген тақырып бойынша жазбаша сұрақтар қоюды өтінеді.
2-3 минут ішінде студенттер қажетті сұрақтарды формулировкалап оқытушыға өткізеді, ол 3-5 минут ішінде бұл сұрақьтарды топтастырып, лекцияны бастайды.
Психология курсында семинарларды ұйымдастыру.
«Семинар» сөзі латынның «seminarium» - екпе жер дегенді білдіредң.
Қазіргі күндегі ЖОО-нда семинар тәжірибелік сабақтардың негізгі түрінің бірі болып, студенттердің ғылыми ойлау міндетін дамытушы құрал ретінде саналады. Семинарларда келесі педагогикалық міндеттер шешіледі (А.М. Матюшкин бойынша):
-
кәсіби ойлаудың дамуы;
-
танымдық мотивация;
-
оқу жағдайындағы білімдерді кәсіби пайдалану;
-
білімдерді қайталау мен бекіту;педагогикалық қарым-қатынас.
Семинар – бұл студенттермен тікелей байланыс, сенімді қарым-қатынастардың орнауы мен өнімді педагогикалық қарым-қатынас.
Студенттерді бағалай сипатындағы жауаптарға, рефераттарды тыңдауға, дискуссияларға бағдарлау керек.
Семинар сабақтарын ұйымдастыруда біріккен әрекет принципі жүзеге асады. Білімдерді меңгерудің принципі тапсырманың шешуі индивидуалды түрде емес, ұжымдық формада жүзеге асқанда неғұрлым нәтижелі болады.
Семинарға дайындық келесідей жоспарланады:
-
тақырыпты таңдау, міндеттерді анықтау;
-
қосымша әрекеттерді іздестіру;
-
талқылауға арналған сұрақтарды даярлау;
-
жауап беруге арналған тапсырмалар мен тақырыптарды бөліп беру;
-
алдын ала жұмыстар мен кеңес берудің ұйымдастырылуы;
-
жауапты бағалау критерийлерін анықтау;
-
өткізудің әдіс-тәсілдерін таңдау;
-
көрнекілік құралдарын таңдау;
-
семинарды өткізу жоспарын құрастыру.
Семинар сабақтарының құрылымы түрлі болуы мүмкін, ол талқылайтын сұрақтардың дидактикалық тапсырмалардың, студенттердің өзбетті жұмысқа даярлану деңгейіне тәуелді болады:
-
оқытушының кіріспе сөзөі: міндеттерді алға қою, проблеманы алға қою, семинарды өткізу жоспарымен таныстыру;
-
студенттердің жауабын тыңдау;
-
талқылау кезінде семинар сұрақтарына мән беру;
-
қорытындыларды шығару.
«Эмоциялар және жеке тұлға» атты семинар сабағы.
Әдебиеттер:
-
Додонов Б.И. В мире эмоций.Киев, 1987.
-
Немов Р.С. Психология. М., 1994.
-
Петровский А.В. Общая психология. М., 1990.
Семинар мақсаты: оқушылардың адамға және адамның өмірлік қызметіне әсер ететін эмоция механизмдері туралы білімдерін жүйеге келтіру.
Семинарға даярлық.
Семинарға екі апта бүрын оқушылар үш топқа бөлінеді.
Семинарды өткізу құрылымын келесі сызба түрінде көрсетуге болады:
Оқытушының кіріспе сөзі – топтық жұмыс – 1-топ оқушының жауабы – 2-топ рецензиясы – 3-топ рецензиясы – 2-топ жауабы – 3-топ рецензиясы – 1-топ рецензиясы – 3-топ жауабы – 1-топ рецензиясы – 2-топ рецензиясы – топтық жұмыс бағасы – қорытынды.
«Эмоциялар және жеке тұлға» семинарына сұрақтар:
-
эмоциялар дегеніміз не? олардың физиологиялық механизмдері қандай? Эмоциялардың адам өмірлік қызметіне әсері қандай?
-
сезімдерді сезінудің формалары қандай? махаббат сезімдердің қандай категориясына жатады?
-
Өзіндік сана мен өзіндік танымдағы эмоциялардың рөлі қандай? эмоциялар мен адами дербестіктің арасындағы байлпаныс қандай?
-
Эмоциялар көркемөнер саласында қалайша көрініс табады?
Семинар сабағы психологияны оқыту кезінде жаңа білімдерді алу сабағы ретінде кең қолданылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |