Психология пәні бойынша тәжірибелік (лабораториялық) сабақтарды ұйымдастыру.
Лабораториялық сабақ - оқу-зерттеу қызметі кезіндегі студенттердің теориялық-әдістемелік білімдері мен тәжірибелік ептіліктерін қосрлайтын оқытуды ұйымдастырудың формасы.
Лабораториялық жұмыстың мазмұнына:
-
Нормативті құжаттармен таныстыру;
-
Психологиялық – педагогикалық жағдайларға талдау беру мен оларды шешу;
-
Ақыл-ойдың дербес және топтық көрсеткіштерін зерттеу;
-
Ес, ойлау, қабылдау, қиялдың дербес қасиеттерін шығару;
-
Жеке тұлғаның дербес ерекшеліктерін шығару;
-
Диагностикалық әдістемелерді зерттеу.
Лабораториялық жұмыстардың нәтижелілігі студенттердің бірікке жұмысында жатыр. Ал оның нақты бағдары оқытушының әрекетіне байланысты болады. Лабораториялық жұмыста тапсырмалардың дұрыс құрылып анықталуы өте маңызды, себебі ол берілген өзбетті жұмысқа әкеліп, студенттердің ойлау әрекеттерін белсендендіреді және тәжірибелік жұмыс әдістерімен қаруландырады.
Студенттердің бұндай жұмысты өзбетті орындаулары үшін инструктивті карталарды пайдалануға болады. Онда келесі бөлімдер алға шығарылады:
-
тақырыбы;
-
жұмыстың мақсаты;
-
құрылғылар;
-
қайталауға арналған сұрақтар;
-
жұмыс барысы;
-
қорытындылар;
-
алынған мәліметтерді топпен талқылап, оларды график, сызба, кесте, диаграммалар түрінде бекіту.
Педагогикалық басшылыққа ерекше назар аудару қажет. Оқытудың алғашқы сатыларында жұмысты орындауға арналған танымдық тапсырмалардың нақты және дәл түсіндірілуі үлкен маңызға ие, себебі бұл үрдісте студенттер тапсырмалардың мәнділігін, оны орындаудың бірізділігін ойластырады.
Тапсырмаларды орындау кезінде көптеген студенттерге көмек, әрекеттерінің коррекциясы, аралық нәтижелерді тексеру қажет болады.
Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру.
Өздік жұмыс – студенттердің жоспарланған жұмысы, ол оқытушының әдістемелік басшылығымен, алайда оның тікелей қатысуынсыз жүреді. Өздік жұмыс аудиториялықпен қатар оқу үрдісінің формаларының бірі болып, оның маңызды бөлігі болып табылады. Оның табысты және нәтижелі орындалуы үшін оқытушы жағынан жоспарлау және басқару қажет.
Жоғары мектеп оқытушысы студенттерді танымдық әрекеттерін тек қана ұйымдастырады. Студенттер танымды өздері жүзеге асырады. Онымен болмай, өздік жұмыс тәрбиелік маңызға ие, оның формалары түрліше: лекцияларға, семнарларға, лабораториялық жұмыстарға, зачеттерге, емтихандарға даярлық, рефераттарды, курстық жұмыстарды, дипломдық жобаларды орындау.
Өздік жұмыс білімдерді тереңдетіп, кеңейтеді, танымдық әрекетке қызығушылық тудырады, танымдық қабілеттерді қалыптастырып дамытады. ЖОО-ғы сабақтардың барлық тұрлері өздік жұмыстардың түрлі формаларын ұйғарады.
Өздік жұмысты орындаудың нәтижелілігі тірек болатын дидактикалық материалдарды пайдалануға байланысты болады, ал ол кафедраның жұмысына байланысты:
-
өздік жұмыстарға арналған тапсырмалар жүйесі;
-
рефераттар мен докладтар тақырыптары;
-
лабораториялық жұмысты орфндауға әдістемелік көрсетілімдер; курстық және дипломдық жұмыстардың тематикасы;
-
міндетті және қосымша әдістердің тізімі;
Өздік жүмысты өткізуге қажетті негізгі ұсыныстар:
-
аудиториялық жұмысты өткізу кезінде барлық студенттердің өздік жұмыс минимумын міндетті түрде орындауын қамтамасыз ету, ал озат студенттер үшін күрделенген тапсырмалар беру; педагогикалық қарым-қатынасты қамтамасыз ететін және үнемі басқаруды қалыпқа келтіретін оқытушының кеңесі қажет;
-
өздік жұмыстарды орындауға байланысты нақты әдістемелік ережелер, мерзімдерді және тексеру мен өзін-өзі тексерудің графиктерін орнату;
-
семестрдің басында «кіріспе диагностиканы» өткізу мақсатталған, бұл білімдердегі олқылықтардың болдырмауын көздейді.
-
өздік жұмысқа арнаулы тапсырмалар екі бөлімнен тұруы мүмкін: міндетті бөлім мен факультативті бөлім, ақырғылары анағұрлым күшті студенттер үшін тапсырылып, қорытынды тексеру кезінде есепке алынады.
-
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарында қатысуы;
Өздік жұмыстар әрекеттік сипатта жүреді, сондықтан оның нәтижелі орындалуын қамтамасыз ететін шарттарды бөліп шығаруға болады:
-
Оқу тапсырмаларының мотивацияланғандығы;
-
танымдық тапсырмалардың нақты берілуі;
-
студенттердің жұмыстарды орындауларының алгоритмі;
-
есеп жасаудың формаларын және оны өткізудің мерзімдерін анықтау;
-
оқытушының кеңес беру көмегі;
-
баға беру компоненті;
-
тексерудің түрлері мен формалары (бақылау жұмысы, тест, семнар, коллоквиум).
Психологияны оқыту процесіндегі басқару жұмысын ұйымдастыру
Жоғары мектептегі педагогикалық басқару студенттердің оқуына ықпал етіп, олардың әрекет-қылықтарын реттейді. Басқару аумағына келсек? Үш негізгі функцияларды бөліп қарастырады: диагностикалық, оқытушылық, тәрбиелеуші.
Диагностикалық қызмет білімдер мен ептіліктер, дағдылар деңгейін аңғарып бағалауға мүмкіндік береді. Оқытушы қызмет оқу материалын меңгеруге байланысты жұмысты күшейтуге, ал тәрбиелеуші қызмет студенттердің іс-әрекеттерін тәртіпке салады және бағыттайды, пәнге шығармашылық қатынасты қалыптастырады. Психологияны оқу кезінде педагогикалық басқарудың түрлі формалары қолданылады (экзамен, зачет, ауызша сұрақ, жазбаша бақылау жұмысы, реферат, коллоквиум, курстық жұмыс, күнделіктер мен бақылаулар).
Ауызша сауалнамаларда тек білімдер ғана бақыланбай, сонымен қатар сөйлеу мәнері шыңдалып, түсініктер сөздігі байытылады, педагогикалық қарым-қатынас дамытылады. Жазбаша жұмыстар материалды меңгеру деңгейін құжаттар арқылы орнатуға атсалысады, алайда оқытушы үшін улкен уақыт бөлуді талап етеді. Емтихандар проблема бойынша жүйелі білімдер алуға көмек береді, бірақ студент психикасы үшін қосымша жүктеме болып табылады. Курстық және дипломдық жұмыстар болашақ маманның шығармашыл тұлға қалыптасуына атсалысады. Бақылаудың түрлі формаларын сауатты түрде қолдану – психология оқытушысының шеберлігінің көрсеткіші.
Ақырғы онжылдықта көптеген ЖОО-нда білімдерді бақылаудың түрлі жүйелері мен нормалары жасап шығарылып енгізілген болатын, алайда әлі де бесбаллдық шкала басым болып табылады да, семестрдің аяғындағы емтихан шешуші рольді атқарады.
Студенттерді бағалау дегеніміз – олардың объективті білімдері мен ептіліктерін бейнелейтін белгілі бір көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Баға студенттің білімдер, ептіліктер мен дағдыларды меңгерудің деңгейң мен сапасын есепке алады. Психология пәні бойынша білім көлемі дегеніміз – бұл осы білімнің негізінде жатқан бастапқы түсініктер, ойлар мен теориялар тізімі.
Бастапқы теориялық білімдерді меңгеру студенттерде мақсатталған әрекеттерді қалыптастырады. Бұның бварлығы білімдерді меңгерудің ойлау күшінің белгілі бір деңгейін қамтамасыз ететін белгілі бір деңгейін қалыптастырады.
Онымен болмай, бағалау әрекеті білімнің тек қана көлемі, деңгейі мен сапасын ғана бейнелеп қана қоймайды, сонфмен қатар оның қызметтері алуан трүрлі. Бағалау әрекеті арқылы оқудың жағымды мотивтері қалыптасады. Баға алудың негізінде адекватты өзін-өзі бағалау мен өзінің оқу үлгеріміне сын арқылы ұарау қалыптасады.
Педагогикалық баға өзіне бағаны (баллды) қосады, яғни оқу үлгерімін бағалаудың көрінісі мен фиксациясының символикалық формасы. Ао бағалық ойлау – оқу нәтижелерінің қысқаша түрдегі аннотациясын, олардың жағымды сәттері мен олқылықтарын қосады.
Бағалауды ба,ғамен көп кезде шатастырады. Психологиялық тұрғыдан бұл дұрыс емес. Бағалау тек материалды меңгшерудің фактісін ғана анықтамай, оны меңгермеудің де себептерін анықтайды. Бағалау екі мағынада болады: жағымды және жағымсыз. Баға болса бірнеше рангілік мағынаға ие – 1-ден 5-ке дейін. Бағада студенттің қабілеттері көрінеді, сонымен қатар ол кездейсоқтықтың және студентке объективті емес көзқарастың нәтижесінде де қойылады.
«5» (өте жақсы) бағасы толық дұрыс жауап бергенде қойылады. Толық дегеніміз – теориялық дұрыс және логикалық тұрғыдан дәлелденген жауап, бұнда студент өзіне танымал білімдерді толық жіне терең пайдаланады.
«4» (жақсы) бағасы – жақсы үлгерім көрсеткіші. Оны студент теориялық материалды түсінгенде, алайда кейбір мәнді емес олқылықтарды жасағанда қояды.
«3» (қанағаттанарлық) бағасы – қанағаттанарлық үлгерімнің көрсеткіші. Білімдер фрагменттік сипатта болады, ал студент оларды үлгі бойынша ғана қолдана алады.
«2» (қанағаттанарлықсыз) бағасы – дұрыс емес жауап үшін, материалдың негізгі жағдайларын түсінбеу кезінде қойылады.
«1» (өте жаман) бағасы жауап бермеген студентке қойылады.
Бағалау мен басқарудың негізгі талаптарының біріне олардың объективті болуы жатады. Объективті емес бағаны алдын алу үшін оны аргументтеу керек, яғни жауапты қысқаша түрде сипаттау қажет.
Студенттерді бағалау эпизодикалық түрде емес, жүйелі және үнемі өтуі өте маңызды. Басқарудың жүйелілігі студентердің еңбек ету атмосферасын тудырып, ұйымдастыратын маңызды психлогоиялық фактор болып табылады.
Оқу үрдісінің түрлі кезеңдерінде студенттердің білімдері, ептіліктері мен дағдыларын бағалаудың алуан түрлері қолданылады.
Алдын ала бағалау. Кейбір оқытушылар алдын ала тексеру өткізеді. Ол негізінен жаңа тақырыпты өтудің алдынада не жыл басында диагностикалық мақсатпен өткізіледі. Оның мақсаты – студенттердің жалпы деңгейімен танысу.
Алынған нәтижелердің негізінде оқытушы қажет болған жағдайда материалды қайталау (тұсіндіру) өткізіп, оқу-танымдық әоекетті ары қарайғы ұйымдастыруда бұл нәтижелерді есепке алады.
Оқу барысынлдағы бағалау күделікті оқу барысында жүзеге асырылады. Оның басты мақсаты – студенттердегі бар білім деңгейі туралы және дәрістер мен семинардағы оқу-тәрбие жұмысының сапасы туралы объективті мәлімет алу. Бақылау кезіндегі алынған ақпарат студенттердің оқу материалын қалай меңгеретітін, олардың ептіліктері мен дағдылары қалай өалыптасатынын оқытушы өз жұмысында пайдалнады.
Кезеңдік бағалау. Бір емес, бірнеше сабақта меңгерілген білімдер қоры кезеңдік тексеру кезінде табысты түрдегі нәтижелер көрсетеді.
Қорытынды бағалау. Бұндай тексеру түрі шешуші деп аталады. Оның мақсаты – студенттер білімнің жүйесі мен құрылымын анықтау. Қорытынды бағалаудың ерекше формасы – зачеттер мен емтиханждар.
Оқытушы ЖОО-ғы педагогикалық үрдістің негізгі фигурасы ретінде
Психология оқытушысының тұлғалық және кәсіптік деңгейі
Педагогикалық шеберліктің негізі терең білім алу процесінде және сабаққа практикалық дайындалу кезінде қаланады.
Педагогикалық шеберліктің негізгі құрылымы: оқыту тапсырмаларды, студенттерді тәрбиелеуді, мақсаттарды анық түсіну;
Ойлар мен әрекеттердің тұтастығы;
Жоғарғы жеке жауапкершілік;
Жүргізілетін сабақтардың сапасын жоғарлату бойынша үнемі жұмыс жасау;
Оқытатын пәнді жетік білу;
Педагогика және психология бойынша білімдерді меңгеру;
ЖОО-да оқыту мен тәрбиелеу принциптері бойынша әрекет ету;
Оқыту материалдарын қызықты және ұғынықты түсіндіре алу, көрнекті оқыту құралдарын және техникалық оқыту құралдарын рационалды қолдану;
Педагогикалық такт және сабақты жүргізу бойынша талаптарды міндетті түрде сақтау;
Қылық-әрекеттің жалпы мәдениетінің жоғары болуы;
өткізілген сабақты самокритикалық және терең анализдеу икемі, кемшіліктер мен қателердің себептерін анықтау,бұдан анализді және дұрыс қорытынды жасау.
Мұғалімнің кәсіби компитенттілігінің шеберлігінің элементтері оның теориялық және практикалық дайындығының тұтастылығы ретінде көрсетілуі мүмкін. Психологиялық икем мұнда төрт топқа біріктірілген.
-
Нақты оқыту мен тәрбиелеу тапсырмаларында объективті әлеуеметтену процесінің мазмұнын «аударумен» байланысты психологиялық міндеттерді қоя алу: жаңа білімдерді белсенді меңгеруге олардың дайындық деңгейін анықтау мақсатымен байланысты тұлғаны және коллективті зерттеу, проектілеу және психологиялық әсер ету көріністерінің негізінде коллективті және бөлек мұшелерін дамыту; білім беру, тәрбиелеу және дамытушы тапсырмалар комплекстерін ерекшелеу, оларды нақтылау жәнедоминантты тапсырмаларды анықтау.
-
Психологиялық өзара әрекет етуді бағдарлау иекемі логикалық аяқталған психологиялық жүйені құруға және қозғалысқа келтіруге мүмкіндік береді: білім беру - тәрбиелеу және дамытушы тапсырмаларды комплексті жоспарлау; білім беру процессінің мазмұнды негізделген тандау жасау; оны ұйымдастыру формаларын, әдістерін және құралдарын тиімдісін таңдау.
-
Психологиялық әрекеттерді орындау қабілеті, тәрбиелеу және оқытудың компоненттер мен факторлардың арасындағы өзара байланыстарды ерекшелеуді және орнатуды болжайды, оларды іске қосу: керекті жағдайларды жасау (материялды, моральді-психологиялық, ұйымдастырушылық, гигиеналық және т.б.), білім беру процессін жүзеге асыру; студенттіпсихологиялық процесстің объектісінен субъектісіне айналдыратын іс-әрекеттерін дамыту, бірігіп әрекет етуді ұйымдастыру және дамыту; вузды қоршаған ортамен байланысты қамтамасыз ету, сыртқы бағдарланбайтын әсерлерді басқару.
-
Психологиялық тапсырмалардың шешімдерінің процессін және нәтижесін зерттеу қабілеті психологиялық іс-әрекеттің қорытындысын есептеуді, бағалауды талап етеді: өзіндік анализ және психологиялық процестің жүруін және психологтың іс-әрекетін анализдеу; психологиялық тапсырмалардың доминантты және бағындырылған жаңа комплекстерін анаықтау.
Психологтың кәсіби компитенттілігін психологиялық мәдениет мазмұны кіреді, оның психологиялық шеберліктің орнығуы мен дамуы шарт. Психологтың шеберлігі, оның психологиялық мәдениеті психологиялық іс-әрекетінің жүзеге асуын әлі кепілдік бола алмайды. Шынайы процесте оның шеберлігі жалпы мәдениетті және әлеуеметтікнормалармен көрінуімен психологтың тұлғасы көрніс табады.
Психология мұғалімінің практикалық дайындығы оның кәсіби компитенттілік құрылымында сыртқы(заттық) қабілеттерінен көрініс табады - психологиялық әрекет ету қабілеттерінде. Оған ұйымдастырушылық және коммуникативті қабілеттер.
Мұғалімнің ұйымдастырушылық іс-әрекеті оқушыларды әр түлі жұмыстар мен коллектив жұмыстарын ұйымдастыруға қосуды қамтамасыз етеді.
Ақпараттық икем. Көбінесе оларды оқыту ақпаратымен тікелей байланыстырады, сонымен қатар олар оны алу тісілдерінде орындары бар. Бұл басып шығару мен компьютерлік қайнар көздерімен жұмыс істеу ебі мен икемдері, оларды дидактикалық әсерлеу қабілеттері, яғни интерпритациялау жәнеақппаратты оқыту мен тәрбиелеу тапсырмаларына икемдеу.
Оқушылармен тікелей қарым-қатынас процессінде ақппараттық қабілетер оқу материялдарын анық және нақты жеткізу қабілеттерінен, пән спецификасынан, оқушылардың дайындық деңгейінен, олардың өмірлік тәжірибесінен және жасынан көрінеді; логикалық дұрыс құру және нақты әңгімені, түсіндірмені, қиын мәселелерді жеткізу: материалды мазмұндауда индуктивті және дедуктивті жолдарын үйлесімді қолдану: сұрақтарды түсінікті, қысқа, нақты, және екпінді етіп жеткізу: техникалық, электронды-есептеуіш техникаларды және көрнекілік құралдарды қолдану: ойды графикалар, диаграмма, схемалар, суреттер арқылы көрсетіп жеткізу; оқушылардың жаңа материалдарды әртүрлі әдістерді қолданумен меңгеру деңгейін және сиппатын тез диагностикалау; керек болған жағдайда жоспарды қайта құру және материалдарды мазмұндау құрылымы.
Дамытушы икем. Мұндай икемдер жеке оқушылардың және тұтастай топтың «жақын арадағы дамуды» (Л. С. Выготский) анықтауды меңзейді; тәрбиеленушілердің танымдық процесстерін сезімдерін және ерігін дамыту үшін қиын жағдайларды және басқада жағдайларды жасау; танымдық өз бетімен жұмыс істеу және шығармашылық ойлауды, логикалық және функционалды қарым-қатынас орнату қажеттіліктерді стимулдау; салыстыруды, өз бетінше қорытындыға келуді және меңгерген білімдерді қолдануды талап ететін сұрақтарды құру және қою; индивидуалы ерекшелктердің дамуына жағдай жасау, осы мақсатта оқушыларға индивидуалды тәсілдерді жүзеге асыру.
Бағдарланған икем. Олар тәрбиеленушілердің моральді-құнды бағдарларына және ғылыми дүние танымына бағытталған.
Психология мұғалімінің коммуникативті икемі құрылымды былай көрсетуге болады - перциптивті икемдер тобының өзара байланысқан, өзіндік қатынас жасау және психологиялық техника икемдері.
Өзінің қарым-қатынас жасау икемдері. Болатын қатынасты модельдеу этапында психолог ең бірінші өзінің есіне және қиялына сүйенеді. Ол топпен және бөлек мүшелерімен алдында болған қарым-қатынастың ерекшеліктерін ойша қалпына келтіріп көру керек, өзін олардың орындарына қойып көру керек, өзін олармен салыстыру керек, олардың көздерімен әлемде болып жатқанға қарау.
Бұл кезеңде сонымен қатар топпен психологиялық контакт орнату икемі керек,бұл оқушыларға ақппаратты беру және олардың қабылдауына көмектеседі; бірігіп шығармашылық әрекет етуді, коллективті ізденісті жасау; тәрбиеленушілерде психологпен қатынасқа және оның беретін пәніне қызығушылықты, бағдарлануды тудыру керек.
Психологиялық процесте қатынасты басқару педагогтың зейінін бөліну және оның тұрақтылығын ұстап тұру икемдерін меңгеруді меңзейді; топпен және бөлек студенттермен қарым-қатынас бойынша тиімді қылық-әрекет,көңіл аударту тәсілдерін таңдау; тәрбиеленушілердің істерін анализдеу, олар басшылыққа алған мотивтерін көру, әртүрлі жағдайдағы олардың қылық-әрекеттерін анықтау; студенттердің эмоционалды уайымдарының тәжірибесін жасау, топта жайлы атмосфераны қамтамасыз ету; қатынаста инициативаны басқару, ол үшін бай арсеналды құралдарды қолдану, бұл өзара әрекеттің эффективтілігін жоғарлатады.
Қатынас процесінде кері байланысты орнатуға эмпатиялық процестер көмектеседі, ол педагог пен тәрбиеленушілердің өзара әсер ету кезінде пайда болады. Эмоционалды кері байланыс оқушылардың топтың жалпы психологиялық жағдайын түсінудегі қылық-әрекет икемі арқылы жүзеге асады; оқушылардың эмоционалды жағдайының өзгеру сәттерін сезу, олардың жұмыс істеуге дайындығын мен тілектерін, жалпы көңіл-күйлерін: ортақ жұмыстан бөлек оқушылардың бөлінуін қазіргі күнге сай көру.
Коммуникативті әрекеттің эффектілігін жоғарлататын құралдарының бірі психологиялық техника болып табылады, оған икем мен еп кіреді, олар бөлек оқушыларды да, толық коллективті де белсенділігін стимулдау үшін керек: тәрбиеленушәлермен қатынаста дұрыс стильді және тонды таңдау икемі, олардың зейіндерін, іс-әрекет тмпін басқару, оқушылардың қылықтарына өзінің көзқарасын көрсете алу ептері. Басқа сөзбен айтқанда, бұл сезімдерді «тапсырыспен» сияқты көрсету икемдері, бұл психологиялық ақылға сиымды болуы керек.
Психология пәні оқытушысының өзіндік жұмысы мен өзіндік білім алуының әдістемесі
Педагогикалық еңбек - бұл шығармашылық сипаттағы жоғарғы квалификациялы ақыл-ой әрекетінің ерекше түрі, қысымның жоғарғы деңгейімен ерекшеленеді. ЖОО-ның мұғалім жұмысы - бұл студентті оқыту, тәрбиелеу, дамыту мақсаттарына бағытталған саналы іс-әрекет; оның студентте кәсіби білімнің қалыптасуында, өмірлік позицияны белсенді тәрбиелеуде басты роль болып табылады.кез келген шығармашылық түрлеріндегідей мұғалімдік жұмысында өзіндік ізденістерінде жасалатын нормативті және эвристикалық әрекеттер үйлеседі, әсіресе бұл психолог мұғаліміне тән.
Кәсіби шеберлікті меңгеру үшін мұғалімнің өзіндік жұмысы болуы керек, оған: әр оқу сабағына жүйелік дайындалу; жаңа оқу әдебиетімен үнемі жұмыс жасау, олардан практикалық тексеру мен қолдану талап ететіндерін алып көру; әріптестердің тәжірибесін зертеу және тиімділерін, жақсыларын, шынайы керектігін қолдану; өзінің еңбегінде стериотиптерден бас тарту; индивидуалды тәсілдерді жасау (дауыс ырғағын қою, сөйлеу техникасы, граматикалық дұрыстылық, дикция, дыбыстың интонация күші, және т.б.); дене және психологиялық жағдайын өзі реттей алуы.мұғалімдік жұмыстың сәттілігі ең алдымен мұғалімнің кәсіби дайындық пен оның дүние таным деңгейімен анықталады. Тәжірибені жинаумен қатар тиімді жұмыс тәсілдері құрылады, шеберлік келеді, олар кез келген студенттік аудиторияға тез бейімделуге көмектеседі, жұмыста бір жеңілдік пайда болады.
Әр мұғалім өз бетімен меңгеретін келесі этаптарды ерекше көрсетеді:
Мұғалімнің өзінің мамандығына бейімделу этапы: мұғалімнің алғашқы нормаларды, менталитеттерді, керекті тәсілдерді, техникаларды, технологияларды меңгеруі.
Мамандықтағы мұғалімнің өзін актуализациялау этапы: кәсіби нормаларды, өзінің индивидуалды ерекшеліктерінді, мамандықтың құралдары арқылы өзін дамытуды,өзінің позитивті қасиеттерін, индивидуалды стилін бекітудегі, негативті басуға мақсатталған және саналы күшейтуді орындаудағы мұғалімнің өзінің мүмкіндіктерін түсіну.
Мұғалімнің шеберлік деңгейіндегі өзінің мамандығын еркін қолдану этапы, мұғалімнің мамандықпен үйлесімділігі: жоғарғы стандарттарды меңгеру, оның алдында жақсы дайындалған жасағандарды, үлгілерді әдістемелерді жақсы деңгейде қайталауы.
Шығармашылық деңгейдегі оқытушының өз мамандығын еркін басқару кезеңі: оқытушы өзінің жеке тұлғалық табысын, авторлық жұмыстарды енгізу, өзінің жеке еңбегінде жетілу арқылы өз мамандығының тәжірибесін байытуы.
Өзіндік білім беру процессінде оқытушының жеке психикалық ерекшеліктеріне сай қарым-қатынаста және кәсіби іс-әрекетте жеке тұлғалық стилі қалыптасуы тиіс. Өзімен жұмыс істей бастағаннан кейін, өзінің кәсіби маңызды сапаларын көрсетіп, дамытуы керек. Оқытушының маңызды кәсіби сапасы – оның әрекет – қылығының тұрақтылығын қамтамасыздандыратын өз-өзіне деген сенімділік. Әрине, жас оқытушы бұл сапаға толығымен ие бола алмайды. Өз-өзіне деген сенімділіктің жетіспеуі көбінесе жете білушілік деңгейінің төменділігінен, қорқыныштан және өз ісін білудегі әлсіздіктен көрінеді. Бұны жою үшін, ең алдымен өзіндік өзгеріске бағдар қойып, жетіспеушілікті алдын-алу тәсілдерін іздестіру қажет. Мысалы; өзімізге мынандай сұрақты қою арқылы: «Менің идеал оқытушым менің орнымда өзін қалай сезінер еді?» - оқытушы ролге еніп, қиялдағы әрекет – қылық бейнесі бойынша орындайды. Сонымен қатар, кейбір авторлар оқытушының іс-әрекет эффективтілігін жоғарлату үшін, оқытушыны өзіндік жұмысының келесі тапсырмаларын бөліп қарастырады:
Кәсіби және мәдени деңгейдің жоғарлауы:
-
оқытылатын оқу дисциплиналарының, соның ішінде психологияның негізіндегі білімнің жаңаруы және толық жетілуі;
-
педагогтер – новаторлар және шығармашылық іспен айналысатын оқытушылар идеясының негізіндегі педагогикалық және әдістемелік шеберлігінің жетілуі;
-
гуманизация, демократизация және жариялық принциптарындағы студенттермен өзара әрекеттестік стилі және әдістердің жетілуі;
-
өз іс-әрекетінің өзіндік анализ және білім процессінің ғылыми анализ дағдыларын және білімдерін қалыптастыру;
Сонымен, оқытушы іс-әрекетінің ғылыми-объективті, жетілудің әдістемелік әр түрлі нұсқаларын зерттеу мынандай қорытынды жасауға көмектеседі, бұл тапсырманы шешу үшін тиімді механизм болып үздіксіз, жеке, дербес, кәсіби өзіндік даму және өзіндік білім беру. Психология маманы жаңа бағдарларды қарапайым әдістемелік нұсқаулар ретінде қабылдай алмайды, ол өз еркімен «оларға өзі баруы» керек.
Педагогикалық училищидегі психологияны оқытудағы әдістеме. Оқу – бағдарламалық құжаттамаларды талдау және зерттеу.
Оқытушының жұмыс істеуге дайындығы оқу–программалық документациясының анализінен және зерттеуінен басталады. (оқу жоспарынан және оқыту программасынан)
Ең біріншіден, оқу жоспарының анализі негізінде мамандарды дайындау жүйесіндегі оқу дисциплиналардың орнын орнатады, яғни оның көлемін, зерттеу мөлшерін және бір-бірімен шектес оқу пәндерін. Бұл жерде ең маңызды нәрсе бір-бірімен шектес пәндерді зерттеудегі мөлшерді анықтап алу қажет, ол олармен байланыс мінезін ұсынуға мүкіндік береді: болып өткен, жалғаспалы немесе келесі. Оқу материалы қайталанбауы үшін, ең біріншіден шектес пәндер бойынша оқу програмасының мазмұнымен танысуымыз керек.
Оқу жоспары пәнді зерттеудегі ұйымдастыру жайында жалпы көрініс береді, себебі бұнда оқу процессіндегі ұйымдастыру формалары көрсетіледі (оқу пәндерінің түрлері), сонымен қатар лабораторлы, практикалық жұмыстарға, курстық жобалауға жұмсалған сағаттар мөлшері, оқу курсының аяқталу формалары (зачет, емтихан, курстық жоба немесе жұмыс), міндетті түрде рубежді тексерулер (бақылау жұмыстары, зачеттер, семестрлік емтихандар).
Дайындықтың маңызды этапы – пән бойынша оқу программасының анализі және зерттеуі. Ең біріншіден, оқу материалының логикасымен, құрылымымен танысу керек, оқу пәнінің тапсырмалары мен дидактикалық мақсаттарын орнату қажет. Егер пограммада оқу пәнін зерттеу нәтижесінде студенттің не біледі және не білуі керек жайында көрсетілмесе, онда оқытушы оны өздігінен құрастырады. Ол үшін әрбір тақырыптың маңыздысын бөліп қарастырады, әрбір оқу элементінің маңыздылығын бағалайды. Оқытушы программада оқу элементін меңгеру деңгейін шартты белгілермен белгілейді.
Кәсіби білімдер және дағдылар қалыптасқан шеңбер көбінесе практикалық сабақтардың мазмұнында көрсетіледі, кейде – программаға деген түсіндірме хатында. Сонымен бірге, оқытушы оқу материалының мазмұнын болашақ маманының кәсіби іс-әрекетінің мазмұнымен байланыстыра отырып, тапсырмаларды, жаттығуларды, есептерді шешу процессінде қалыптаса алатын дағдылар және басқа да білімдерді анықтайды.
Оқу программаларының анализін дамыту және тәрбиелеу тапсырмаларының орындалуы үшін оқу материалының мүмкіндіктерінің көрінуін болжайды. Программа анлизі шығармашылық ойларды дамыту үшін оқытушыға материалды белгілеуге, студенттердегі дағдылар мен білімдердің қалыптасуына, танымдық қабілеттерді және қызығушылықтарды дамыту үшін оқу пәнінің мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Әр түрлі тәрбиелік, білімді тапсырмаларды дамытуын шешу үшін, оқу материалының мүмкіндіктерінің анализі оқытушыға сабақ үшін материалды, оқыту әдістемелерін таңдауда еркін хабардар болуға көмектеседі.
Оқыту мазмұнын жаңартып және толықтырып отыру қажет, сондықтан да оқу материалын таңдау – бұл педагогтың күнделікті уайымы. Материалмен еркін өолдану үшін, оны жүйелеу керек. Қызықты әңгімелер, экономикалық көрсеткіштер, статистикалық мәлім. Газет материалдарын, статистикалық мәлімдерді өз уақытында жаңартып отыру тиіс. Оқу материалын таңдау нәтижесінде оқытушы картотекаларды жасайды.
Календарлы – тематикалық жоспардың құрастырылуы.
Алдын-ала программаланған оқу сабақтары бойынша оқу материалдарын тарату үшін, яғни әр бөлімдегі оқу материалдарын зерттеудегі уақытты анықтау үшін календарлы – тематикалық жоспар жасалынады.
Ол жаңа оқу программалары нығайтылғаннан кейін өңдейді. Бұл кезең 5-8 жылды қамтиды. Әрине, бұған нақты өзгерулер енуі мумкін.
Календарлы – тематикалық жоспарды әр жыл сайын пәндік комиссия қарастырады және толығымен нығайтады немесе әрекеттегі өзгерістерді нығайтады.
Календарлы – тематикалық жоспарларды нығайтып, қайта қарауда келесі сұрақтарды қарастырады.
А) оқу пәнімен байланысқан ғылым негізінде шешілетін жаңа проблемалар, оқу пәніндегі мамандарды дайындау үшін олардың маңыздылығы.
Б) мамандарды дайындау мақсатымен байланысты білімге деген жаңа талаптар. Кәсіби дайындықтарды жақсарту мүмкіндіктері және сабақтардың жеке элементтерінің сапасын жоғарылату.
Кейде оқытушыларда оқу пәндерінің түрлерін жоспарлауда қиындықтар туады. Педагогикалық училищилер жоспарларында оқу пәндерінің келесі түрлерін көрсетеді: дәріс, сабақ, семинар, практикалық сабақ, лабораторлы жұмыс және т.б. Сонымен қатар календарлы – тематикалық жоспарда келесі сабақ типтерін бөлуге болады: жаңа оқу материалын зерттеу сабақтары, қиыстырылған бақылау жұмыстары.
Календарлы – тематикалық жоспарды өңдеуде біз оның ең бірінші мазмұнына, көлеміне және үй тапсырмасына ерекше зейінімізді аудару қажет.
Оқытушының әдістемелік жұмысы.
Педагогикалық училищилердегі оқытушының педагогикалық іс-әрекеті өте ауыр, көп еңбекті және көп қырлы болып келеді. Оқытушы еңбегінде жай қайталанатын элементтер жоқ: білім аймағы жиі дамып отырады; студенттердің контингенті өзгереді, педагогикалық ғылым байытылады.
Мұның барлығы оқу үрдісінде студенттермен тиімді әріптестік жолмен, оқыту тәсілдермен, формасымен және неғұрлым маңызды әдістермен әркездік ізденісті талап етеді.
Оқытушының педагогикалық тәжірибесінің негізгі бөлімі оның ғылыми-педагогикалық жұмысы болып табылады, яғни жиналған тәжірибемен анализді болжамдайды. Әдістемелік жұмыстар педагогикалық мекемелердегі оқытушының міндеттерінің бірі болып табылады, және арнайы пәндерді беру әдістерін жүзеге асыруға бағытталынған.
Әдістемелік жұмыстардыңнәтижелерін педагогикалық жиындарда, ғылыми-әдістемелік конференцияларда, педагогикалық оқуларда, статьялардың периодтық басылымдарында, әдістемелік жұмыстардан көруге болады. Оқытушының әдістемелік жұмыстарының нәтижесі болып пән бойынша тапсырмалар мен есептер комплексін шығару, сондай-ақ оқу үрдісінде қолданатын дидактикалық материалдарын қолдану болып табылады.
Әдістемелік жұмыстар пәндік (циклдық) комиссия көлемінде ұйымдастырылады. Оның маңызды сәті әдістемелік жұмыстың мазмұнын таңдау, яғни нақты оқу пәніне бағытталуы керек.
Төменде оқу мен анализдің кейбір мәселелері келтірілген:
-
Мамандардың кәсіптік әрекеттерінің анализі (нақты мамандық бойынша), орындауға қажетті негізгі еңбек функциялары мен кәсіптік дағдылардың көрінуі
-
Оқу үрдісіндегі маманның кәсіптік әрекетін моделдеу, маманның кәсіптік дайындығының моделі: қажетті дағдыларды меңгеру үшін тапсырмалар комплексін жасау, оқыту мазмұны мен олардың орнын анықтау, оқу бағдарламасына түзетулер енгізу.
-
Педагогикалық білімнің дамуы (нақты мамандықта қолданылады).
-
Студенттердің ойлау белсенділігінің дамуын қамтамасыз ететін оқыту әдістерімен формаларын жүзеге асыру(студенттердің өздік жұмыстарының формалары мен әдістері).
-
Оқыту және кәсіптік практикалық дағдыны меңгеруді қамтамасыз ететін оқыту әдістері мен формаларын жүзеге асыру (практикалық оқытудың әдістері мен формалары).
-
Оқытудың индивидуализация(жеке) жолы: жеке тапсырмалар мен жұмыстар, ұжымдық формадағы жұмыстардың жеке тапсырмалары, оқытудың жеке оқыту жоспары.
-
Дидактикалық материалдарды жасау(оқытылатын программалардың программаланған оқытулары, тапсырмалар комплексі және анализ үшін педагогикалық ситуацияларды жазу) және оқытудың басқа тәсілдері (оқытудың экрандық-дыбыстық тәсілдері үшін фон материалдары).
Мұнда тек қана кейбір актуалды бағыттар аталып өтті, яғни әдістемелік жұмыстар ұйымдастырылуы мүмкін. Әрине, әрбір мұндай бағыттар бір мұғалімге өте ауыр, күрделі. Әдетте заттық(циклдық) комиссия мұндай бағыттың біреуін ғана таңдайды, оны нақтылап және анықтап, осылайша, осы жұмысқа әрбір оқытушының еңбегі енеді. Кейде тақырыптар бір жылға ғана алынбайды, бұл оқытушыға мазмұнын жасауға, студенттермен практикалық жұмыста оқыту әдістерін немесе формаларын жасауда мүмкіндік береді, осылайша, оларды жүзеге асырап және оларға сәйкесінше баға береді.
Нақты тақырыпты таңдау оқытушының педагогикалық тәжірибесіне байланысты болады. Тәжірибелі педагог өз жұмысы мен әріптестерінің жұмысына анализ жасай алады. Ол өз бетімен, творчествалық түрде оқытудың жаңа әдістерін шыңғара алуға мүмкіндіктері болады.
Бастаушы оқытушыға курстың жеке тақырыптары ұсынылады, тақырыптары ұсынылады, тақырыппен терең жұмыс жас маманға курстың негізгі мазмұнын оқуға мүмкіндік береді, оқу сабақтарын жүргізудің түрлі нұсқауларын тақырып бойынша құрастыруға, тапсырмалардың түрлі формаларын жасауда көп жітістіктерге жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |